Б а л а ш т ү с І п қ а л и е в дерматовенерология ОҚулық



Pdf көрінісі
бет246/386
Дата26.12.2023
өлшемі7,25 Mb.
#144082
түріОқулық
1   ...   242   243   244   245   246   247   248   249   ...   386
 
 
 
 
 
 
128-сурет. Эксфолиативті хейлит


Крокердің эксфолиативті хейлиті ұқсас. Оның себебі болып ерінді 
жалап немесе тістеу әдеті жатады. 
Емі
 
осы аурудың негізінде жатқан этиологиялық факторға 
байланысты. 
Ортопедиялық 
ем 
жүргізіледі. 
Организмде 
дәрумендік және микроэлементтік тепе-теңдікті қалыптастыру 
керек. Протеолитикалық ферменттер, глюкокортикоидты жақпа 
майлар, антисептиктер, аппликациялық ауырсынуды басу, еріндер 
блокадасы қолданылады. Экссудациялық түрінде емдік тиімділік 
Букки 
сәулелерімен 
немесе 
инерефлесотерапиямен 
транквилизаторларды (диазепам-седуксен және басқаларды) 
немесе ß-адреноблокаторларды (пропранолол-обзидан және 
басқаларды) қосарлап қолданғаннан кейін байқалады. Сыртына 
2% бор қышқылының ертіндісімен ылғалдандырғыш қолдану 
ұсынылады.
Хейлиттің 
құрғақ 
түрлерінде 
антидерессанттар 
(амитриптилин), 
кортикостероидты 
жақпамайдың 
ультрафонофорезін қолданған тиімді.
Гландулярлы хейлит
 

Гипертрофияланған сілекей 
бездерінің созылмалы қабынуынан болатын еріннің ауруы. 
Сілекей бездерінің түтіктері туа біткен гетеротопияға байланысты 
Клейн зонасына ашылады. 
Оның екі формасын ажыратады. Біріншілік хейлит еріннің 
басқа ауруларымен байланысты, әйелдерге қарағанда 40 жастан 
асқан ер адамдарда 2 есе жиі кездеседі. 
Біріншілік хейлиттің клиникалық көрінісіне көбіне төменгі 
ерінде орналасып, кішкене тамшы түрінде сілекей бөлетін (таңғы 
шық белгісі) қызыл нүктелер жатады. Еріннің ұдайы сілекеймен 
сулануы оның мацерациялануына, ал сілекейдің булануы-еріннің 
құрғап, 
жарылып 
эрозиялар 
мен 
қатерлі 
ісік 
алды 
трансформацияларға әкеледі. 
Екіншілік 
гландулярлы 
хейлит 
сілекей 
бездерінің 
гетеротопиясы жоқ адамдарда лейкоплакияның, қызыл жалпақ 
теміреткінің, қызылжегінің және басқа да дерматоздардың 
көрінісі ретінде дамиды. 
Емі.
Еріндер кілегей қабатының қоздырғышы ретінде және 
ауыз қуысының жалпы инфицирленуін төмендету үшін 


инфекцияланған тіс жабындыларын алып тастаған дұрыс.
Төменгі еріннің жарақаттаушы факторын жою. Жарақаттардың 
және гальваноздың себептері ретінде тіс қатарының мүкістіктерін 
қалыптастыру; тістүйістің биіктігін қалыптастыру. Шаш тәрізді 
электродпен сілекей бездерінің электрокоагуляциясы жүргізіледі.
Бұндай жағдайда міндетті түрде емдеу керек, себебі безден 
тұрақты ағып тұрған сілекей созылмалы қабынудығң, 
лейкоплакияның және тіптен рактың дамуына әкелуі мүмкін.
Гипертрофияланған сілекей бездері көп болса оталық жолмен 
кесіп алып тастаған жөн.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   242   243   244   245   246   247   248   249   ...   386




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет