Б а л а ш т ү с І п қ а л и е в дерматовенерология ОҚулық



Pdf көрінісі
бет247/386
Дата26.12.2023
өлшемі7,25 Mb.
#144082
түріОқулық
1   ...   243   244   245   246   247   248   249   250   ...   386
Инфекциялық хейлиттер
.
Инфекцияның жұғуы (негізінен 
кокктық) 
жай 
хейлитті 
іріңді 
хейлитке 
айналдырады.
Инфекциялық хейлиттер оларды шақырған себептеріне сәйкес 
вирусты, бактериальды, 
және
 микотикалық
болып бөлінеді. 
Вирусты хейлиттердің
этиологиялық факторына жай 
герпестің вирусы (негізінен 1-ші типті) жатады, жиі кездеседі. 
Ерінде топтасқан көпіршіктер пайда болады, оларды ашқаннан 
кейін артынан қабыршақтанып кететін эрозиялар қалады. Онымен 
қоса стоматит пен шеткі лимфа түйіндерінің ұлғаюы байқалады. 
Емін
клиникалық көріністері пайда болған алғашқы 
сағаттарда бастау қажет. Көбіне ацикловир жақпамайын 
жергілікті қолдану жақсы емдік әсер береді. Ауыр жағдайда әр 5 
сағат сайын 5 мг/кг өлшемімен ацикловирді ішкізеді. Жай 
герпестің вирусы ағзада жасырын түрде кездесетіндіктен 
науқасты аурудың иммунитеті төмендеген кезкелген жағдайда 
(бастан өткізген ауруы, шамадан тыс инсоляция т.б.) өршуі 
мүмкін екенін ескерткен жөн. Инсоляцияның алдында 
фотоқорғаныш заттарды жергілікті қолдану аурудың өршуін 
болдырмайды (
Raborn G.W. et al.,
1998).
Бактериальды хейлиттер
жиі стрептококктармен немесе 
стафилококктармен шақырылады. Ерінде, ауыз бұрышында 
қабыршақтар пайда болады, оларды алып тастағанда эрозиялар 
қалады. Бактериальды хейлит импетиго болып табылады және 
сәйкес емделеді. 
Микотикалық (кандидозды) хейлит
еріннің ісінуі мен 
эритемасымен, жиі ауыратын жарықшақтармен өтеді, тамақ ішуге 


кедергі жасайды. Ауруда сонымен қатар стоматит пайда болады. 
Егер процесс созылмалы, торпидті, емге көнбесе, онда науқасты 
иммунодефицитке, әсіресе АҚТҚ-ға тексеру қажет. 
Емі 
этиологиясына байланысты жүргізіледі. Кандидозды 
хейлитте ішкізуге флуконазол, сытрқа – антифугальды заттар 
(клотримазол жақпамай немесе 1% ертінді түрінде және басқалар) 
тағайындайды. 
Стрептостафилококкты 
хейлитте 
антибактериальдық ем (ішкізуге және сыртына кең әсерлі 
антибиотиктер) жүргізіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   243   244   245   246   247   248   249   250   ...   386




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет