Б а л а ш т ү с І п қ а л и е в дерматовенерология ОҚулық


АИВ-инфекциясының сатылары



Pdf көрінісі
бет262/386
Дата26.12.2023
өлшемі7,25 Mb.
#144082
түріОқулық
1   ...   258   259   260   261   262   263   264   265   ...   386
АИВ-инфекциясының сатылары. 
1. Жұққан уақыттан бастап серопозитивтілігі пайда 
болғанға дейін.
Жұғу ешқандай клиникалық белгілер бермейді. 
1 ден 6 аптаға дейін созылатын жасырын кезеңнен кейін қысқа 
уақытқа дене қызуының көтерілуі, буын мен бұлшықеттегі 
ауырсыну, бас ауыруы, лимфатикалық түйіндердің ұлғаюы, 
астения 
болуы 
мүмкін. 
Терілік 
көріністер 
АИВ-
инфекцияланғандардың тек 10-50%-ында, негізінен денесіне
дақты немесе дақты-папулезді бөртпелер түрінде шығады. Көбіне 
олар қышымайды және 6-8 күнде өздігінен кетеді. Ауыз 
қуысында афтозды бөртпелер, фарингиттер, жыныс мүшелерінде 
жаралар болуы мүмкін. CD4 лимфоциттерінің саны 1 мм
3
-те 500-
ден асады. 
2. 
АИВ-инфекциясының 
тасымалдаушыларының 
белгілерсіз стадиясы.
Вирус енуіне қарсы жедел реакциядан соң 
кейде бірнеше жылға созылатын белгілерсіз кезеңі басталады. 


АИВ-инфекцияланғандар еңбекке жарамды және денсаулығы еш 
сыр бермейді, бірақ оларда банальді инфекциялар, негізінен тері 
инфекциялары, жиі кездеседі. CD4-тің 1 мм
3
-де 400-ден азаюы 
аурудың тез дамуы жайлы мағұлымат береді.
3. АИТС-ның клиникалық көріністері сатысы.
АИВ 
жұқтыру мен АИТС дамуы үшін шамамен 8 жыл (1 ден 18 жылға 
дейін) қажет. 
Жалпы белгілерімен қоса, терілік көріністер анағұрлым айқын 
көрінеді 
және 
АИВ-инфекцияның 
диагностикалық 
және 
прогностикалық маркері ретінде орын алуы мүмкін. 
CD4 лимфоциттері бұл стадиядағы науқастарда 1 мм
3
-та 400-
ден аз. 
ЖИТС-ның жалпы клиникалық көріністері: бұрынғыдан дене 
салмағының 10% төмендеуі, 1 айдан аса іш өтуі, жоғары тыныс 
жолдарының қайталамалы инфекциялары, өкпе туберкулезі, 
банальді инфекциялардың ерекше өтуі, оппортунистикалық 
инфекциялар: 
пневмоцистті 
пневмония, 
церебральді 
токсоплазмоз, әртүрлі этиологиялы энцефалиттер, сальмонеллезді 
септицемия, цитомегаловирусты инфекция. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   258   259   260   261   262   263   264   265   ...   386




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет