Б а л а ш т ү с І п қ а л и е в дерматовенерология ОҚулық



Pdf көрінісі
бет265/386
Дата26.12.2023
өлшемі7,25 Mb.
#144082
түріОқулық
1   ...   261   262   263   264   265   266   267   268   ...   386
137-сурет. Үшкірұшты 
кондилома 


Иммунотапшылықтың өршу салдарынан кондиломалар көбейіп 
жайылған конгломераттар түзеді.
Герпестің 6-шы типті вирусы АИВ-инфицирленгендердің 90% 
анықталады, оларда 
созылмалы шаршағыштық синдромы
мен 
жиі токсикодермия диагнозымен өтетін, арнайы белгілері жоқ 
папулезді бөртпелер түрінде болатын 
кенеттен пайда болған 
экзантема
болады. 
Контагиозды моллюск
, оның этиологиялық факторы болып 
посквирустың 2 типі табылады, ортасында кіндік тәрізді кірігуі 
бар, мөлшері 1 мм-ден 1 см-ге дейінгі қалыпты тері түсті 
жартылай дөңгелек пішінді жиі жылтыр тығыз түйіндер түрінде 
көрінеді. АИВ-инфицияланғандарда жүздеген элементтер болады, 
олар ірі көлемге дейін үлкейеді және жиі бетті зақымдайды.
Жәй (вульгарлы) сүйелдер
(адам папилломасы вирусымен 
шақырылады

түріндегі 
шектелген 
қатерсіз 
эпидермис 
гиперплазиясы диагностикада қиындық келтірмейді. Жайылуы 
мен ауырлығы иммунотапшылық дәрежесіне байланысты.
Тамыр тіндерінің мезенхимальді 
ісіктері тобына жататын 
Капоши 
саркомасы
АИВ-инфекцияның 
патогномиялық 
клиникалық 
көріністеріне жатады. Эпидемиялық 
және 
спорадиялық 
Капоши 
саркомасының классикалық терілік 
көріністеріне 
дақтар, 
түйіндер, 
қатпарлар мен ісік тәрізді түзілістер 
жатады. 
Дақты 
элементтер 
спорадиялық Капоши саркомасына 
қарағанда үлкен ауданды алып 
жатады. Диаметрі 1-2 см немесе 
одан да көп болатын, эластикалық 
консистенциялы немесе тығыз жартылай дөңгелек пішінді 
түйінше мен түйіндер дермада орналасып, гиподерманы да 
қамтиды. Жаңа элементтер қою-қып-қызыл немесе қызыл-күлгін, 
ескі элементтердің түсі қызғылт-қоңырға жақын 
(138-сурет)
.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   261   262   263   264   265   266   267   268   ...   386




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет