Б а л а ш т ү с І п қ а л и е в дерматовенерология ОҚулық


Синтетикалық малярияға қарсы препараттар



Pdf көрінісі
бет58/386
Дата26.12.2023
өлшемі7,25 Mb.
#144082
түріОқулық
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   386
Синтетикалық малярияға қарсы препараттар
, яғни 
хинолин қатарының препараттары, оның ішінде хингамин 
(делагил, резохин, хлорохин) және гидроксихлорохин (плаквенил) 
түрлі тері ауруларында көп қолданылады.
Олардың емдік әсері күн сәулесіне терінің сезімталдығын 
азайтуға және бүйрек үсті безімен кортикостероидтардың 
өндірілуін ынталандыруна бағытталған. Соған қарағанда, 
олардың қабынуға қарсы және гипосенсибилизациялық қасиеті 
осыған байланысты болады. Бұл препараттарды жүйелі қызыл 
жегі, артропатиялық псориаз, жалпақ қызыл теміреткі және т.б. 
ауыратын науқастарға тағайындайды. 
Антимикозды препараттар
көбіне 
Candida 
тобының 
саңырауқұлақтарына (миконазол, кетоконазол, флуконазол, 
нистатин, леворин), дерматофиттерге (гризеофульвин, толнафтат, 
толциклат, оксиконазол), саңырауқұлақтардың клеткалық қабығы 
мен құрылымына, нуклеин қышқылының түзілуіне (амфотерицин 
В, натамицин, тербинафин, нафтидин, аморолфин), саңырауқұлақ 
клеткасының ішіндегі трансмембраналық зат алмасу процессіне 
(батрафен) және т.б. әсер етеді. 
Бірқатар дерматоздардың (псориаз, пемфигус, васкулиттер) 
емінде қолданылатын биологиялық белсенді препараттардың 
ішінен гепарин; дәнекер тінінде гиалурон қышқылының 
көбеюімен жүретін дерматоздарда лидаза қолданылады. 
Иммунды ем.
Патогенезінде иммунды жүйе қызметінің 
бұзылысы орын алатын дерматоздардың емінде құрамына 
иммунитетті белсендіру мен иммунды процестерді тежеу кіретін 


иммунокоррекцияның алар орны ерекше. Тимусарнамалы 
препараттармен (тималин, тимозин, тактивин, т.б.) қатар 
химиялық иммуномодуляторлар (левамизол, изопринозин), 
ликопидтер 
(бактериялардың 
клеткалық 
қабырғасының 
құрылымдық компоненті) кең қолданысқа ие. 
Гуморальдық иммунды жетіспеушілік белгілерімен көрінетін 
ауыр бактериальдық және вирустық инфекцияларда гамма-
глобулиндер (нативті плазма, адамның гамма-глобулині, 
антистафилококкты гамма-глобулин және т.б.) тағайындалады. 
Лимфокиндер мен басқа цитокиндер гибридомды техника, 
гендік инженерия нәтижесінде иммуномодуляторлар ретінде 
қолданылады. Интерферондар (α, β, γ) клеткалардың өсуі мен 
көбеюін реттеуші цитокиндерге жатады. Олар ағзаны вирус 
жұғуынан қорғап, қатерлі клеткалардың өсімін тежейді. Олардың 
вирусқа қарсы әсері вирустық РНК мен клеткадағы белоктардың 
түзілуін 
бұзуымен 
байланысты. 
Клетка 
мембранасының 
құрылымының 
өзгерісі 
бөгде 
генетикалық 
мәліметті 
деградациялап, бактерия мен саңырауқұлақтарды өсуіне кедергі 
келтіреді. Рекомбинантты интерферондар қолданысына көрсеткіш 
болып ЖИТС, хламидиоз және басқа да жыныстық жолмен 
берілетін аурулар, вирусты аурулар, Капоши саркомасы, 
микоздар саналады.
Иммуносупрессивті ем аутоиммунды дерматоздар (қызыл 
жегі, күлдіреуік), сондай-ақ псориаз бен басқа да дерматоздарда 
қолданылады. 
Цитостатиктерді 
(метотрексат, 
азатиоприн, 
меркаптопурин, циклофосфан) глюкокортикоидтармен қоса 
тағайындайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   386




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет