Б а л а ш т ү с І п қ а л и е в дерматовенерология ОҚулық



Pdf көрінісі
бет59/386
Дата26.12.2023
өлшемі7,25 Mb.
#144082
түріОқулық
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   386
Емдік тамақтандыру
– көптеген дерматоздарға әсер ететін 
маңызды фактор. Бұл әсіресе, этиологиялық факторы тағамдық 
затпен байланысты аллергодерматоздарға қатысты. Тағамдық 
рационнан сол тағамды алып тастау аурудан айығуға не ауру 
симптомдарын 
бәсеңдетуге 
әкеледі. 
Сонымен 
қатар, 
аллергодерматозы бар науқастардың рационынан көмірсу, 
цитрус, жаңғақ, бал, концентраттар, кофе, асылған тұзды алып 
тастау керек. Спирттік ішімдктер, ащы тағамдарды қолдануға 
тиым 
салынады. 
Герпетиформды 
Дюринг 
дерматитімен 


ауыратындарға глютені бар тағамдар, псориазбен ауыратындарға 
жануар майын, ксантомамен ауыратындарға жануар майын, 
соның ішінде сары май, қаймақ, сүт қолдануға болмайды.
Дерматологиялық ауруларды жалпы емдеу қағидалары

• тиімді диагностика – тиімді ем негізі; 
жедел ағымды, әсіресе созылмалы дерматоздардың тиімді емі 
тек қана науқасты жанжақты тесергенде ғана (этиологиялық 
және патологиялық) мүмкін болады; 
• ем науқастың жасын, анықталған висцеральды патологияларды, 
препараттарды 
көтере 
алу 
мүмкіндігін, 
сатысын, 
дерматоздардың түрін ескеретін, жекеленген болуы қажет; 
• тағайындалатын ем кешенді, мақсатты бағытталған, барлық 
қолданылатын дәрілердің фармакодинамикасын есепке алатын 
болуы керек; 
• емнің жемістілігі науқасқа қажетті режим (қоршаған ортаны 
тазалау, атап айтсақ аллергендерді жою, тиімді тамақтандыру 
және басқалар) қалыптастырумен қамтамасыз етіледі. 
• көп жағдайларда жалпы ем сыртқы еммен қосарланып 
жүргізілуі керек. Соңғысы да, рефлекторлы және резорбтивті, 
жалпы әсер етеді.
Ж
ЕРГІЛІКТІ ЕМ
 
 
Жергілікті ем жалпы ем сияқты әрқашан индивидуальді 
қарым-қатынасты қажет етеді. Жергілікті емнің сәтті өтуі 
дерматозды ағымын (жедел, жеделдеу, созылмалы), процесс 
сатысын (өршу, стационарлы, кері дамушы), зақымдалу орны мен 
тереңдігін 
дұрыс 
бағалауға, 
тағайындалмақшы 
дәрінің 
фармакологиялық 
қасиеті, 
көрсеткіштері 
мен 
қарсы 
көрсеткіштерін, концентрациясы мен дәрілік түріне байланысты. 
Бұған жергілікті емі түрі, сатысы мен орнына және басқа да 
факторларға тікелей байланысты экземаны мысалға келтіруге 
болады. Жергілікті ем әр науқасқа жеке жүргізіліп, әрдайым 
бақылауда болуы керек. Себебі, жиі препараттарды ауыстыру 
(оларды көтере алмаушылықта немесе оған дағдылану 
дамығанда) немесе мөлшерін өзгерту қажеттілігі туындайды. 
Бірқатар тері ауруларында қолданылатын жергілікті емнің негізгі 


ережелерінің бірі – бастапқыда әлсіз концентрациялы дәрілік 
заттан бастап, бірте-бірте көтеріп, белсенді әсер ететін препаратқа 
көшу. Десек те, бірден белсенді әсер ететін жергілікті емді қажет 
ететін тері аурулары бар, мысалы, кейбір инфекциялық 
дерматоздар (трихомикоздар, қотыр, т.б.). 
Қабынудың жедел және жеделдеу сатысында негізінен дәрілік 
заттардың беткей әсер ететін (ерітінді, қоймалжыңдар, опа, паста)
түрлерін қолдану керек. Созылмалы және терең процесстер 
жағдайында тереңірек енетін дәрілік түрлері (май, компресс және 
т.б.) қолданылуы қажет. Алайда қабыну процессінің жедел 
сатысында глюкокортикоидты майлар қолданыла береді. 
Жалпы ереже: неғұрлым қабыну процесі жедел болған сайын, 
соғұрлым қабынуға қарсы әрілік заттар мен олардың дәрілік түрі 
де беткей әсер етуі керек. Ерітінді, опа, қоймалжыңдар пастаға 
қарағанда беткейірек, ал паста майлар мен компреске қарағанда 
беткейірек 
әсер 
етеді. 
Дәрілік 
заттың 
құрамындағы 
концентрациясын білу де маңызды. Әсер ету тереңдігін 
жоғарылау ретімен былай орналастыруға болады: опа, ерітінді, 
қоймалжың, паста, май, компресс, желім, бұластыр, лак. 
Кейбір жағдайларда жергілікті ем тек бір мақсатта ғана 
қолданылуы мүмкін: мысалы, терінің беткей саңырауқұлақтық 
және паразитарлық зақымдануларында дезинфекциялық заттарды 
тағайындау. 
Сыртқа қолданатын дәрілік затты зақымдалған теріге жақпас 
бұрын сол ошақты ірің, қабыршақ, қабық, көпіршік жарылуы 
қалдығынан тазартып алуымыз керек. Алайда қабыршақ, қабық, 
майдың қалдықтарын күшпен жұлып алуға болмайды. Мұндай 
бөліктеріне қалың қылып кунбағыс немесе басқа да өсімдік 
майын жағып, 15-20 минуттан кейін ошақты қайта өңдейді немесе 
ұзақ уақытқа майлы таңғыш саламыз. Ластанған жаралар мен 
эрозияларды 3%-дық сутегі тотығы ерітіндісімен өңдейді. 
Пиодермия мен басқа да инфекциялық дерматоздарда ошақтың 
айналасындағы теріні камфорлы, 2%-қ салицил немесе 2%-қ бор 
спиртімен сүртеді. 
Кейбір дәрілік заттар жанаспалы аллергиялық дерматиттің 
себебі болуы мүмкін, мысалы, антибиотиктер, йод тұндырмасы, 


қара май және т.б. Өте сирек жағдайда көп жылдар бойы қара май 
жағылған теріде ісік туындауы да мүмкін. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   386




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет