Б а л а ш т ү с І п қ а л и е в дерматовенерология ОҚулық


Дерматологиядағы дәрілік заттарды сыртқа қолданудың



Pdf көрінісі
бет60/386
Дата26.12.2023
өлшемі7,25 Mb.
#144082
түріОқулық
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   386
 
Дерматологиядағы дәрілік заттарды сыртқа қолданудың 
негізгі әдістері 
Опалар 
зақымдалған теріге жұқалап тегіс себілетін ұнтақ 
тәрізді 
заттан 
тұрады. 
Опалар 
теріні 
құрғатады, 
майсыздандырады (гигроскопиялық қасиетіне байланысты), жылу 
беруді күшейтеді, теріні салқындатады, терінің беткей қан 
тамырларын тарылтады. Бұл қызару, ісіну (әсіресе тері 
қатпарларында), қызыну мен қышыну сезімін басады. Бірақ 
суланған зақымдану ошақтарына опаларды жағуға болмайды, 
себебі ол экссудатпен қосылып қабыну процесін одан әрі 
күшейтіп, теріні тітіркендіретін қабық түзеді. Опаларды қатты 
терлегенге, майлануға қарсы қолданады. 
Опа құрамына минерал немесе өсімдіктерден жасалған 
ұнтақтар кіреді. Минералды опаның құрамында магний силикаты 
– тальк (
Talcum
), мырыш тотығы 
(Zincum oxydatum
), ал 
өсімдіктерден – бидай крахмалы 
(Amylum tritici
) болады. Крахмал 
ашуы мүмкін, сондықтан оны қатты терлегенде, әсіресе тері 
қатпарларына жағуға болмайды. Кейбір ұнтақ түріндегі дәрілік 
заттар жаралар мен эрозияларды емдеу үшін опаның құрамына 
енгізіледі. 
Дерматологияда судағы және спирттелген ерітінділер көбінесе 
қабынуға қарсы, тұтқырландыратын, дезинфекциялық заттар 
ретінде қолданылады. 4-6 қабатты дәкені немесе жұмсақ матаны 
салқындатылған 
емдік 
ерітіндіге 
малып 
алып, 
терінің 
зақымдалған жеріне басады. Әр 5-15 минут сайын (дәкенің 
жылынуына және кебуіне қарай) 1-1,5 сағат көлемінде қайтадан 
сулап салып тұрады. Осы процедураны күніне бірнеше рет 
қайталайды. Көбінесе ерітінді ретінде 1-2%-қ танин, 0,25-0,5%-қ 
күміс нитраты (ляпис), 2-3%-қ бор қышқылы, 0,25-0,3%-қ мырыш 
суы 
(Aqua plumbi)
ерітінділері қолданылады. Бор қышқылын 
ерітіндінінің токсикалық әсеріне байланысты аса сақтықпен 
қолдану қажет.


Егер жедел ағымды қабыну ошағында іріңді инфекция болса, 
дезинфекциялық ерітінді қолданады: 0,1%-қ лактат этакридині 
(риванол), фурацилин ерітіндісі (1:5000), калий перманганаты 
(0,05%), резорцин (1-2%). 
Ылғалды-кебетін 
таңғыш
ерітіндідегідей 
принциппен 
дайындайды, бірақ дәке қалыңдығы 8-12 қабат және таңғышты 
сирек (½-1сағат не одан да ұзақ) ауыстырып тұрады. Үстінен 
жұқалап гигроскопиялық мақтамен жауып, бинтпен таңады. Бұл 
таңулар судың ақырын буға айналып ұшып кетіп, теріні 
салқындатуы арқылы жедел қабыну белгілерін басады. 
Жақпаларды анилин бояуларының сулық және спирттік 
ерітінділерімен (мысалы, бриллиант көгі), ментолдың тұзды-
спиртті ерітінділерімен (1-2%), күміс нитраты (2-10%), 
фукорцинмен жасайды.
Қоймалжыңдар (болтушки) сулы және майлы түрі болады. 
Бұлар да ұнтақтар, бірақ су мен глицеринге шыланған, сондықтан 
да теріде ұзақ уақыт сақталады. Су буланып ұшып кеткен соң 
ұнтақ зат бірқалыпты жұқа қабат түзеді және глицериннің 
септігімен бірнеше сағат бойы теріде сақталады. Осылайша 
қоймалжыңдар да ерітінділер сияқты қабынуға қарсы және 
кептіретін әсерге ие.
Ұнтақ тәрізді зат ретінде мырыш тотығы, тальк, ақ батпақ, 
крахмалды пайдаланады. Суда ерітілген қоспалар опа сияқты 
қабынуға қарсы және күйдіру мен қышынуды басатын әсері бар. 
Сулы-спиртті қоймалжыңдардың құрамында 96%-қ этил 
спирті болады. 
Майлы қоймалжың ұнтақ тәрізді заттан және сұйық май 
негізінен (күнбағыс, өрік не вазелин майы) тұрады. Көп жағдайда 
құрамы 30% мырыш тотығы мен 70% өсімдік майынан тұратын 
“мырыш майы” қолданылады. Май қоспалары теріні жұмсартып, 
тартылу, қысылу сезімін азайтып, сондай-ақ қабық пен 
қабыршақтың жазылуына көмектеседі. 
Қоймалжыңдарға мырыш, ихтиол, қара май, ментол, т.б. 
қосуға болады. Сулы және майлы қоймалжыңдарды шайқап, 
мақта үзігімен тез кеуіп кететін зақымданған (жедел қабынған 


эритемасы бар және ісінген жерге) терінің бетіне жағады. Оларды 
бастың шашты бөлігіне жағуға болмайды.
Қоймалжыңдарды зақымдалған аймағы құрғап қалған жедел, 
жеделдеу және асқынған тері қабынуларында (дерматит, экзема, 
т.б.) қолданады. Қоймалжыңдардың артықшылығы олардың 
бетіне таңғыш салудың қажетсздігінде. 
Паста 
индифференттік ұнтақтар (мырыш тотығы, тальк, 
крахмал, т.б.) мен майлы негіздің (ланолин, вазелин, т.б.) ара 
қатынасы тепе-тең қоспасы.
Пасталар, қоймалжыңдарға қарағанда, тереңірек әсер етеді, 
бірақ, жақпамайларға қарағанда, белсенділігі азырақ болады. 
Олар 
қабынуға 
қарсы 
және 
құрғататын 
әсерге 
ие. 
Консистенциясы қою болғандықтан, үстіне таңғыш салмаса да 
болады. Бастың шашты бөлігіне қолдануға болмайды. Пастаны 
теріге күніне 1-2 рет жағып, 3 күнде 1 рет өсімдік майына 
батырылған мақтамен сүртіп тастайды. 
Ұнтақтың мөлшерін азайта отырып, жұмсақ паста дайындауға 
болады. Көрсеткіштер бойынша пастаға нафталин, ихтиол, күкірт 
препараттары, қара май, т.б. қосуға болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   386




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет