Б а л а ш т ү с І п қ а л и е в дерматовенерология ОҚулық


Дерматозбен науқастарды емдеудегі қалыптасқан физикалық



Pdf көрінісі
бет62/386
Дата26.12.2023
өлшемі7,25 Mb.
#144082
түріОқулық
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   386
 
Дерматозбен науқастарды емдеудегі қалыптасқан физикалық
факторлар 
Электроем.
Дерматология тәжірибесінде тұрақты және 
ауыспалы ток қолданылады. Тұрақты токқа гальваникалық пен 
диадинамикалық ток жатса, ауыспалыға – диатермиялық пен УВЧ 
жатады.
Гальваникалық токты (гальванизация) 
дерматологияда тері 
арқылы 
дәрілік 
заттарды 
енгізу 
(электрофорез, 
ионогальванизация) үшін не тіндерді тұрақты токпен қатты 
қыздырылған платина таяқшамен күйдіру (электролиз) үшін 
қолданады. 

Электрофорез 
ағзаға түрлі иондарды енгізуді қамтамасыз 
етеді: металдар, алкалоидтар, органикалық аниондар мен 
катиондар, металлоидтар, қышқылды радикалдар, т.б. 
Дерматологиялық тәжірибеде электрофорез үшін жиі 0,5-2%-қ 
кальций хлориді ерітіндісі (қышу және қабыну реакциясымен 
сипатталатын аллергиялық дерматозда), сүйелді емдеуге қажет 2-
3%-қ магний сульфаты ерітіндісі (күкіртқышқылды магнезий), 1-
3%-қ ихтиолдың сулы ерітіндісі (созылмалы инфильтраттардың 
тез сіңірілуі үшін), фурункулез емінде қолданылатын 1%-қ мыс 
сульфаты ерітіндісі (күкіртқышқылды мыс), 1-2%-қ мырыш 
сульфаты ерітіндісі (тұрпайы безеу, фурункулез, стафилококты 
сикоз, ұзақ жазылып болмайтын жаралық беткейлерде 
қолданылады.) 
Диадинамикалық ток (Бернар тоғы) 
тұрақты токқа 
жатқызылады. Бұл төмен жиіліктегі түзетілген синусоидальді ток. 
Бұл токты генерализациялайтын аппарат “диадинамик” деп 
аталады. Дерматологияда Бернар тоғы негізінен қышуға және 
ауырсынуға 
қарсы 
рефлекторлы 
әсер 
ету 
мақсатында 
қолданылады. Сонымен қатар, диатермиялық ток дерматологияда 
белокты ыдырату нәтижесінде тінді бұзатын диатермокоагуляция 


ретінде де кеңінен қолданылады. Бұл үшін зақымдалған беткейге 
ғана әсер ететіндей кішкентай (ине, шарик, ілмек, т.б түрінде) 
белсенді электроды болуы керек. Диатермокоагуляцияны сүйел, 
папиллома, 
дерматофиброма, 
тамырлық 
невустар, 
қал, 
телеангиоэктазияны, белгіні (татуировка) жою, безеулік бөртпені 
емдеу, т.б. мақсатында пайдаланады. Диатермокоагуляцияны 
сондай-ақ гипертрихозда шаштардан тазарту үшін де қолданады. 
Ультражоғарыжиілікті ток (УВЧ)
– электромагнитті өріс 
қалыптастыратын 10 000-нан 300 000-ға, тіпті одан да жоғары 
герц жиіліктегі ауыспалы ток. Ультрақысқа толқындардың (УКВ) 
генераторы болып табылатын аппаратура да диатермиялыққа 
ұқсас болып келеді. Электродтар ретінде түрлі пішін мен 
көлемдегі металл пластинкалар қолданылады. Электродтар 
теріден неғұрлым алыс орналасса, УВЧ әсері соғұрлым тереңірек 
болады. Бірақ, дерматологиялық тәжірибеде теріге әсер ету 
қажеттілігі туса (фолликулит, фурункул, карбункул, кішігірім 
абсцесстер, т.б.), электродты пластинканы терінің зақымдалған 
бөлігіне жақын қояды. Сеанс ұзақтығы 5-10 минут. 
КВЧ
– шектен тыс жоғары диапазондағы электромагнитті 
толқынмен әсер ету. Миллиметрлік толқындардың емдік әсерінің 
негізгі механизмі ағзаның арнамалы емес резистенттілігін көтеру. 
Атопиялық дерматит, дискоидты қызыл жегі, безеулік бөртпе 
және т.б. емдеуде оң емдік нәтиже берген. КВЧ-терапия 
иммундық статусты қалыптастырады. 
Рентген мен Букки сәулелерімен емдеу 
көмегіне қазіргі күні 
сирек жүгінеді. Тәжірибе барысында рентген сәулесінің түрлі 
асқынулар беретіні байқалған (рентгендік дерматит, тері 
атрофиясы, жараға, кейде тіпті қатерлі ісікке айналуы). Мұның 
барлығы рентген сәулесінің дерматологияда қолданылуына шек 
қойды. 
Жиі теріні зақымдау әсері айтарлықтай төмен шекаралық 
сәулелер (Букки сәулелері) қолданылады. Букки сәулелері
теріден көтеріңкі безеу, нейродермиттердің шектеулі түрлерінде 
(Видальдің созылмалы теміреткісі), созылмалы экзема, келоидты 
тыртық, т.б. кезінде тағайындалады. Сирақтың созылмалы 
трофикалық жарасын, васкулиттерді емдеуде лазер қолданылады. 


Ультрадыбысты терапия. 
Ультрадыбыс механикалық, 
термиялық және физико-химиялық әсер етеді. Тікелей (теріге, 
бұлшықетке, буынға) және жанама (жұлын түбіршектері, 
симпатикалық бағанға, бөлек нервтерге және т.б.) әсер ететін 
түрлері 
болады. 
Дерматологияда 
тікелей 
жергілікті 
дыбыстандыру гидраденит, жергілікті тері қышынуында, 
шектелген нейродермите, шектелген склеродермияда, псориаздық 
артропатияда, трофикалық жараларда жүргізіледі. Сегментарлы 
жанама дыбыстандыру созылмалы қайталамалы есекжемде, 
әмбебап тері қышуында, диффузды нейродермитте, жайылмалы 
склеродермияда қолданылады. Ультрадыбыс көмегімен дәрілік 
заттарды (А витамині, гидрокортизонды эмульсия, т.б.) енгізу 
фонофорез деген атқа ие, ол алақан-табандық псориазда, 
нейродермиттің шектелген түрлерінде және жергілікті экземаның 
жедел емес сатысында сәтті қолданыс алуда. 
Фотохимиотерапия (ПУВА-терапия). 
Атауы “псораленнің” 
бірінші әрпінен және ұзынтолқынды ультракүлгін сәулені 
білдіретін УВА-дан құралған. Ем барысында ұзынтолқынды 
ультракүлгін А-сәулесімен (толқын ұзындығы 315-400 нм) 
сәулелендіруден 2 сағат бұрын науқасқа пувален, метоксален, 
ламадин, т.б. сияқты фотосенсибилизаторларды пайдаланады. 
Сәулелендіруді аптасына 4 рет жүргізеді, дозасын жәймендеп 
көтеріп 
отырады. 
Сондай-ақ 
фотосенсибилизаторларды 
қолдануды қажет етпейтін селективті фототерапияны (СФТ) 
(жиілігі 280-315 нм B-сәуле) да қолданады. 
Басқа да физиотерапиялық әдістерден сүйел, тері ісігінің 
электро- 
және 
диатермокоагуляциясын, 
криотерапия, 
электрофорез, фонофорез, магнитті өріс, криодеструкцияны атап 
өтуге болады. Массаж түріндегі криотерапия қабынуға қарсы әсер 
етеді. 
Дерматоздары бар науқастрады емдеуде шипажайлық 
факторларда маңызыд орын алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   386




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет