Б а л а ш т ү с І п қ а л и е в дерматовенерология ОҚулық


Патогенезі. Пиодермиялардың патогенезін микро- және  макроорганизмнің әрекеттесу тұрғысынан қарастырған жөн. Микроорганизмдер



Pdf көрінісі
бет64/386
Дата26.12.2023
өлшемі7,25 Mb.
#144082
түріОқулық
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   386
Патогенезі.
Пиодермиялардың патогенезін микро- және 
макроорганизмнің әрекеттесу тұрғысынан қарастырған жөн.
Микроорганизмдер. 
Көп 
жағдайда 
пиодермиялар, 
сапрофиттейтін кокктардың (шаш фолликулуларында, май және 
тер бездерінде, тері қыртыстарында, табиғи тесіктер аймағында 
орналасқан) патогенділерге трансформациялану салдарынан 
дамиды, бұл көп жағдайда қатынастықғының жоқ екенін 
көрсетеді.
Патогенді 
стафилококктар, 
эпидермистің 
қабаттарын 
ажыратып, 
коагуляция, 
гемолиз 
және 
терінің 
барлық 
қабаттарының өліеттенуін шақыратын, бірнеше токсиндер мен 
ферменттер түзеді. 
Терінің, мүйізді қабатының бүтінідігімен, терінің бетінің 
қышқыл ортасымен, эпидермистің беткей қабатының тұрақты 
түлеуімен қамтамасыз етілетін, іріңді кокктарға табиғи 
резистенттілігі бар, ол оны патогенді микробтардың енуінен 
қорғайды.
Қоршаған орта.
 
Терінің мацерациясына, әсіресе ластанғанда, 
микрожарақаттарға (егу, кесілу, қажалу) әкелетін, жоғары және 
төмен температура, жоғары ылғалдылық, құрғау және мүйізді 
қабаттың жұқаруы пиодермияның дамуына бейімдейді.
Макроорганизмнің жағдайы пиодермияның пайда болуында 
үлкен роль атқарады. Тиімсіз тамақтану, гиповитаминоз, 
алкогализм, эндокринопатиялар (семіру, қант диабеті және 
басқалар), созылмалы инфекциялық аурулар (тонзиллит, кариес, 
урогенитальды жолдың инфекциясы және басқалар) организмнің
жалпы және жергілікті резистенттілігін төмендетеді. 
Терінің 
бактериальды 
инфекциясының 
дамуында 
иммунологиялық реактивтіліктің, әсіресе иммуниеттің Т-
клеткалық жүйесінің, ерекше маңызы бар.
Туа болған немесе пайда болған иммундық зәрулік (АИТ-
инфекциясы, глюкокортикоидтар, цитостатиктер қабылдау және 
басқалар) – пиодермияның дамуында маңызды фактор болып 
келеді. 
 
Жіктелісі.
Этиологиялық факторына байланысты барлық 
іріңді аурулар стафилококкты, стрептококкты және аралас болып 


бөлінеді. Процестің таралу тереңдігіне қарай беткей және терең, 
ал ағымына қарай – жедел және созылмалы деп жіктеледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   386




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет