Эктима
–
жиі балтырда, әдетте, иммуножетіспеушілік,
лимфо-қанайналымы бұзылуы байқалатын адамдарда байқалады
(23-, 24-сурет).
Пустулезді және ойық жаралы
сатыларын ажыратады.
Процесс теріде терең орналасқан, бетінде лай, серозды-іріңді
сұйықтықты пустула пайда болатын,
ауырсынатын жедел
қабынулы түйіннің пайда болуынан басталады. Пустула, іріңді
инфильтрат салдырынан тереңге және перифериясына қарай
ұлғаяды да, сұр-қоңыр қабыршақтанып, кебеді. Қабыршақ
түскенде, түбі
іріңді жабындымен жабылған, терең ойық жара
пайда болады. Жараның қыры жұмсақ, қабынулы, терінің бетінен
шығып тұрады. Жағымды ағымында қабыршақ астында
грануляция және тыртықтану байқалады. Ауру 1 айға дейін
созылады.
Тілме.
Бұған тері мен теріасты
шел майының шектелген
аймағының жедел стрептококкты (жиі
S. Pyogenes
, сиректеу –
стрептококктың В, С, Д топтары), жалпы көріністермен
(дәмкәстік, дірілдеу, дене қызуының көтерілуі) қосарланатын,
зақымдалуы тән.
Терінің
зақымдалған аймағы ісінген, тері айқын қызыл түсті,
гиперемия шекарасы айқын, жиі «алау тілі» түрінде болады.
Басқанда гиперемия жоқ болып кетеді. Науқастар зақымдалу
ошағында кернеу мен ауырсынуды сезеді. Пальпациялағанда
лимфа түйіндері ұлғайған және ауырсынатын болуы мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: