№1 Лекция тақырыбы: Тәрбие үдерісі- тұтас педагогикалық үдерістің құрамды бөлігі Лекция жоспары: Тәрбие түсінігі, оның бүгінгі қоғамдағы мәні мен мақсаты. Тәрбие үдерісі- тұтас педагогикалық үдерістің құрамдас бөлігі ретінде. Тәрбие үдерісін тімді іске асырудың қызметтері. Тәрбие үдерісін іске асырудағы тиімді әдістер, оларға сипаттама. Қазіргі мектеп жағдайында тәрбие процесінің бағыттары.
Лекцияның мақсаты мен міндеттері:Тәрбие үдерісі - тұтас педагогикалық үдерістің құрамды бөлігі екендігін таныстыру. Тәрбие үдерісінің, оқыту үдерісінің ерекшеліктері мен тұтас бірлігін түсіну. Бүгінгі таңдағы оқу процесіндегі педагогикалық үдерістің ерекшеліктерін, мәні мен мақсаттарын таныстыру, оқу процесінде іске асыра білуге үйрету.
Лекция мазмұны: Тәрбие - арнайы ұйымдастырылған және сапалы, мақсатты жүргізілетін педагогикалық қызмет. Тәрбие деп қалыптасушы жеке адамның қоғамдық тәжірибенің бүтін жиынтығын: білім, ептілік, дағды, шығармашылық іс- тәсілдерін, әлеуметтік, адамгершілік және эстетикалық қатынастарды игеру үшін бағытталған белсенді іс-әрекетті қолдап, қуаттаушы әрі ұйымдастырушы, бағдарлы, әрі сапалы орындалатын педагогикалық процесті айтамыз.
Адам өзіне ықпал етуші объективті және субьективті әсерлердің нәтижесінде өмірде өмір бойы қалыптасады. Бірақ педагогикалық жүйелер (мектепке дейінгі, мектепке, мектептен соңғы) жеке адамның қалыптасу деңгейі мен сапаларын нақты көрсететін өзінің уақыттық шектеріне ие болғандықтан, әр саты аяғындағы тәрбиелік нәтижелер жөнінде сөз қозғауы мүмкін.
Өсіп келе жатқан ұрпақты тәрбиелеу мақсаты – кең әлеумет пен ғылымның араласуымен тек мемлекет белгілейтін педагогикалық саясаттың басты құрылым бірлігі. Жарияланатын тәрбиелік мақсаттардың эканомикалық, құқықтың және ұйымдастыру шарттарын қамтамасыз ету мемлекеттің міндеті. Былайша айтқанда, құқық негізінде бекіген тәрбие мақсатының іске асуы қоғамның бар мүмкіндіктері бағытталуы қажет, әлбетте, бұған да тиісті бақылау қажет.
Тәрбие мақсатының мазмұны неде, ол қалай айқындалады?
Өсіп келе жатқан ұрпақты тәрбиелеу мақсатының мазмұны қоғамның өркениеттілігіне (цивиллизованность), оның демократикалық сипатына, экономикалық мүмкіндігіне, педагогикалық жүйелер дамуын болжайтын және нақты жағдайларды үйлестіріп отыратын мекемелеріне байланысты.
Мақсаттың өзгермелі қозғалысы педагогикалық процесте өте айқын көрінеді. Себебі, баланың сыныптан сыныпқа қарай, жастан жасқа дамып өзгеруі қас қағымдай, сондықтан өсіп келе жатқан жеке адамның әлеуметтік-психологиялық жаңа құралымдары бір мақсаттың ысырылып, орнына екіншісінің қойылуы табиғи талаптар дамуының нәтижесі болып есептеледі.
Мақсаттың қозғалмалы және ауыспалылығы оның ешқашан шектелмейтінін көрсетеді. Мақсатты, көркемдеп, айтсақ, жақындаған сайын, алыстай түсетін жұлдызбен теңестірген жөн. Мақсаттың бітуі – рухани не заттай жойылуы деген сөз. Мақсат өзін белгілейтін субъект – адаммен бірге дамып отырады, себебі ол сол субъектіде жасалады, сондықтан да субъектінің өрлеуімен мақсат та жоғарыла бастайды. Өссем деген кәсіптерге тән қасиет: көңіл толмау, күйзелу, алас ұру; ал тоқтаған кәсіп иесі – мәңгі талшықтағы өлі жан. Міне дамудың бір көрінісі.
Жеткізбес – мақсат-мақсат болып қала беру үшін, оған жетем дегенді шарш атып, шалдықтырмас үшін, шексіз мақсатқа жетудің қиындығынан адам бас тартып, бос арманшылардың қатары толыспас үшін, жалпы сипатқа ие болуы керек сонда ғана ол ілгерілген сайын ұлғайтып, іс-әркетке бағыт бағдар бола алады. Қарапайым мысал, бір кісі кіріп, жасасам болар дегендей, баспана жоспарлап, бастады. Бірақ көпті көрген бір көршісі келіп: «Бөлмелеріңді былай жаса» - деп ақыл берді: мақсат туды – бөлме өзгерді, екінші тұрып «Айна, есіктеріңді олай ет» - деп ақыл айтты. Мақсат өзгерді – айна есіктер көрік алды. Үшіншісі келіп: «Шатырыңды сен олай қылма, былай қыл» - деп және бір кеңес қосты: сәнді шатыр шықты. Ақыр аяғында кісінің жалпы мақсаты – баспана да бітті, бірақ әншейін баспана емес, көзтойдырар үй болды. Үй салушының мақсатқа орай жоспары мен әдісі негізінен сақталды, бірақ ол жасаған өнім бастапқа күтілген нәтижеден айрықша болып шықты, оның себебі – мақсаттың жалпы сипатындағы шығармашылық еркіндіктің болуынан туындады. Іскер мақсат аймағында әрекет етті, бірақ осы аймақ тар болғанда оның шеберлікке жетуі күмәнді болар еді.
Сонымен, мақсат – өз қызметін атқару үшін жалпы сипатқа ие болуы тиіс. Сонда ғана тәрбие мақсатының жалпы тәрбие процесіне байланысты орны нақты көрінеді: мақсат – бастау көзі, педагогтың кәсіби қызметінің бірінші элементі. Схема түрінде бұл бұлайша сипатталады.