Б. Б. Городовик атындағЫ Қалмму тіл кемістігі және оның себебтері



Дата29.10.2022
өлшемі144,92 Kb.
#46085

Б.Б.ГОРОДОВИК АТЫНДАҒЫ ҚАЛММУ
ТІЛ КЕМІСТІГІ ЖӘНЕ ОНЫҢ СЕБЕБТЕРІ
ХАМИДУЛЛИНА.У.С

Сөйлеу - бұл тыңдаушыға мағынаны білдіретін белгілі бір дыбыстарды шығару процесі. Сөйлеудің бұзылуы адамның сөз тудыратын дыбыстар шығаруына әсер ететін кез-келген жағдайды білдіреді.Сөйлеу - бұл адамдардың өз ойларын, сезімдері мен идеяларын басқалармен байланыстырудың негізгі тәсілдерінің бірі. Сөйлеу әрекеті бастың, мойынның, кеуде мен іштің денесін қоса, көптеген дене мүшелерін нақты үйлестіруді қажет етеді. Біз сондай-ақ сөйлеу тілінің бұзылуының белгілерін, себептерін, диагностикасын және емін қарастырамыз.


Сөйлеудің бұзылуы адамның басқа адамдармен сөйлесуіне мүмкіндік беретін дыбыстарды қалыптастыру қабілетіне әсер етеді. Олар тілдің бұзылуымен бірдей емес.Сөйлеу бұзылыстары адамдарға дұрыс сөйлеу дыбыстарын қалыптастыруға жол бермейді, ал тілдік бұзылыстар адамның сөздерді үйренуіне немесе басқалардың оларға не айтатынын түсінуіне әсер етеді.Алайда сөйлеу тілінің де, тілдің бұзылуы да адамның өз ойын және сезімін басқаларға білдіруін қиындата алады.
Сөйлеу тілінің бұзылу себептеріне мыналар жатады:
инсульт немесе бас жарақаты салдарынан мидың зақымдануы
бұлшықет әлсіздігі
зақымдалған дауыс сымдары
деградациялық ауру, мысалы Хантингтон ауруы, Паркинсон ауруы немесе бүйірлік амиотрофиялық склероз
деменция
аузына немесе тамағына әсер ететін қатерлі ісік
аутизм
Даун синдромы
есту қабілетінің төмендеуі
Сөйлеудің бұзылуы адамның сөз тудыратын дыбыстар шығаруға әсер етеді. Олар тілдік бұзылулармен бірдей емес, бұл адамдарға сөз үйренуді немесе басқалардың оларға не айтып жатқанын түсінуді қиындатады.Сөйлеу бұзылыстарының түрлеріне кекештену, апраксия және дизартрия жатады. Сөйлеу тілінің бұзылуының көптеген себептері болуы мүмкін, соның ішінде бұлшықет әлсіздігі, ми жарақаттары, дегенеративті аурулар, аутизм және есту қабілетінің төмендеуі.
Қазіргі уақытта статистикалық көрсеткіштерге жүгінсек,сөйлеу тіл кемістігі бар балалар саны мен логопедиялық көмекті қажет ететін балалардың пайызы жылдан жылға өсуде.Сондықтан, сөйлеу тіл бұзылымдарын диагностикалау және түзету аса маңызды, өзекті мәселе. Сөйлеу тілінде бұзылымы бар балалармен емдеу және түзету жұмыстарын неғұрлым ертерек бастаса, соғұрлым жетістіктері сәтті болады. Жиі кездесетін күрделі сөйлеу тіл кемістігін түзету үшін арнайы мамандардың кешенді көмектері қажет.Алалия, афазия, дизартрия, дислексия, дисграфия, тұтығу сияқты сөйлеу тіл кемістіктерін тексеруде этиопатогенетикалық, клиникалық, нейропсихологиялық және лингвистикалық белгілерге көңіл бөлген жөн. Сол себепті сөйлеу тіл кемістіктері бар балалар дәрігерлерге көрінуі керек. Бірақ көптеген ата-аналар балаларын дәрігерлердің тексеруінен өткізбейді. Себебі олар негізгі мәселені сөйлеу тілінде ғана көреді.Кейбір ата-аналар: «Не себепті менің балам сөйлемейді?» деген сұрақтарды жиі қояды. Мысалы, жақында Қытай Халық Республикасынан келген ата-ана «Дауна ауруы» деген диагнозы бар қызының қашан сөйлеп кететінін сұрайды. Мұндай сұрақтарға аурудың себептерін толық түсіндіре алатын дәріер жауап беруі тиіс. Сонда ананың өз баласының потенциялды (ықтимал, болуы мүмкін) мүмкіншіліктері туралы шынайы ұғымдары қалыптасады. Көптеген ата-аналар бірінші дәрігердің толық тексеруінен өтіп, дәрі-дәрмекпен емделгені жөн екенін түсінбейді.Неге күрделі сөйлеу тіл кемістіктерін түзету үшін ең алдымен дәрігердің көмегі керек? Осы сұраққа жауап беру үшін невролог врач Л.О.Бадалянның топтастыруына зер салайық.Л.О.Бадалян (1986, 2000) сөйлеу тіл бұзылымдарының пайда болу себептеріне байланысты топтастыруды ұсынады:
1. Орталық жүйке жүйесінің органикалық зақымдануына байланысты сөйлеу тілінің бұзылымдары.
Сөйлеу тіл жүйесінің зақымдану деңгейіне байланысты олар келесі түрге бөлінеді: афазия, алалия, дизартрия
2. Орталық жүйке жүйесінің функциялық өзгерістерімен байланысты сөйлеу тілінің бұзылымдары:
1)тұтығу
2)мутизм және сурдомутизм
3. артикуляциялық аппаратының құрылысындағы кемістікке байланысты сөйлеу тілінің бұзылымдары (механикалық дислалия, ринолалия).
4. Шығу тегі әр түрлі (генезис) сөйлеу тілінің кешеуілденуі (уақыты жетпей туған, тәннің әлсіреуі, педагогикалық қараусыз қалушылық).Орталық жүйке жүйесіндегі әртүрлі зақымданудан пайда болған күрделі тіл кемістіктерін жалғыз логопед маманы түзете ала ма? Ауырып тұрған кезде ересек адамның жұмысқа деген ынтасы, қабілеті қандай болмақ? Ал ауруы бар бірақ емделмеген бала туралы не айтуға болады? Ондай бала логопедтің нұсқауларын түсінбейді, дұрыс орындамайды. Осылайша түзету жұмысына көптеген қиыншылықтар туғызады. Мысалы, бір ғана дыбысты қою кезеңіне тоқталып кетсек: «тілдің екі бүйір шетін жоғарғы азу тістерге жапсыр» т.б. осындай нұсқауларды орындау балаға қандай қиын болады.Кейінірек ата-аналар «Логопедке бардық бірақ ешқандай өзгеріс жоқ» деуі мүмкін. Осылайшы, бірнеше логопедке барып, бала үшін алтыннан қымбат уақытын жоғалтып алады.Кейбір дәрілер сөйлеу тілімен бірге танымдық үдерісерді де дамытады. Бұл логопедтің тапсырмаларын түсініп, орындауға өте қажетті қабілеттер.Қорыта айтқанда ең өкініштісі бос жіберіп алған уақыт. Себебі психологтар туғанынан 3 жасқа дейінгі кезеңді бала өміріндегі ең сезімтал кезең деп санайды. 3 жасқа дейінгі кезең – сөйлеу тілінің дамуына да ең қолайлы жас. Себебі осы уақытта ми қыртысындағы сөйлеу тіл аймақтарының анатомиялық жетілуі жалпы аяқталады. Осы кезеңде тіл кемістіктерін түзету неғұрлым жеңіл болады.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет