ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІНІҢ ТАРИХИ ҚАЛЫПТАСУ ЖӘНЕ ДАМУ ЖОЛДАРЫ
Байтұрсынұлы Ахмет – алғашқы әліппе, оқулық, тіл құралдарын жазған педагог ғалым, қазақ тілінің оқыту әдістемесін негіздеген, әдістеме ғылымының көш басшысы, қазақша сауаттандыратын әліппені – «Оқу құралын » жазған, «Баяншы», «әліппе астары», «Нұсқаушы», «Тіл жұмсар» әдістемелік еңбектері мен «Бастауыш мектеп», «Жалқылау », « Қай әдіс жақсы», «Дыбыстарды жіктеу» атты мақалалар жазған. Сауат ашу құралы ретінде жазылған « Оқу құралынан » бастап, « Әліп-би» мен « Тіл құралда» қазақ тіл білімінің басты әрі негізгі терминдерін жасады.
Басымов Қажым - мәдениет қайраткері, қажырлы педагог, профессор қазақ мектептері мен институттарын өркендетушілердің бірі. Оқыту әдістеріне байланысты «Грамматика оқыту жөнінде », « Емле сөздігінде негізгі тиянақ керек», « Қысқарған сөздерді дұрыс жаза білейік », «Түрлі-түсті сөздерді » деген мақалалары бар.
Бегалиев Ғали - әдістеме ғылымына өзіндік үлес қосқан ғалым.
«Бастауыш мектептегі қазақ тілінің методикасы »(1940), «Әріп, дыбыс,буын», «Бастауыш мектепке бірнеше класты бір уақытта оқыту туралы»(1950), «Грамматика таблицалаларына нұсқау.» «Қазақ мктептерінің 4 класы үшін мұғалімдерге көмекші құрал» (1959) сияқты әдістемелік еңбектері бар.
Жұмабаев Мағжан – педагог, әдіскер ғалым. «Педагогика», (1922), «Ана тілі», (1923), «Бастауыш мектепте ана тілін оқыту методикасы»(1925), «сауатты бол»(1926), «Ересек шала-сауаттылар программасы»(1926) сияқты еңбектері мен оқу ағарту мәселелеріне арналған мақалалары бар.
Жиенбаев Сейіл – қазақ тілін оқытудың әдістемесі пәнінің арнайы сала ретінде қалыптасуына үлес қосқан ғалым. « Бастауыш мектептегі қазақ тілінің әдісі», «Үлкендерге хат таныту методикасы», «Үлкендерге ана тілін оқыту методикасы», «Бастауыш мектепте кітап оқыту методикасы»,«Қазақ тілінің методикасы», «Грамматикалық таблицалар» т.б. сияқты еңбекер жазған.
Достарыңызбен бөлісу: |