Әліппе әдіс тәсілдер



Дата23.09.2023
өлшемі225,5 Kb.
#109959
Байланысты:
Әліппе әдіс тәсілдер


Әліппе әдіс тәсілдер
Білім негізі бастауышта екенін ескерсек, дәл осы кезеңде бүлдіршіндердің оқуға дағдысы қалыптасып, өмірлік ұстанымдары жүзеге асырылады. Сол себепті ұстаздарға жүктелетін міндеттің жүгі ауыр. Әсіресе, «Әліппе» оқулығы мектеп табалдырығын жүрексіне аттаған бүлдіршіндердің қолына тиетін ең алғашқы кітабы – білімнің бастауышы, мөлдір бұлағы. Қаншама жылдар бойы оқушылардың жан азығына айналған, өзіндік ерекшелігі басым, бағасы биік құнды қазына.
Әліппенің кіріспесі түрлі-түсті суреттермен сөйлем құрастыру, мағынаны тануға бағытталған. Мұның өзіндік сыры да жоқ емес. Кіші жастағы балалар бояуы басым бейнелерді жақсы көреді. Сол себепті сабақ барысында бірінші сынып оқушылары үшін суреттерді жиі пайдалану өзінің оң нәтижесін беретіні анық.
Әліппені оқыту барысында әріптердің орналасу барысы да арнайы ережеге сүйеніп жазылған. Ол сөз құрастыруға, әріптерді біріктіруге бағытталған. Мәселен, «А» әріпімен алғаш танысқан соң балалар бірден «Т» әріпін меңгеруге кіріседі. Бұл «ата», «ат» деген секілді сөздерді құрастыру үшін ойластырылған. Әліппені оқыту барысында тек жекелей дыбыстарды оқу, жазу жағын ғана ескермей, бірден осылай бірнеше әріптерді біріктіруге үйретіп, жазуға, оқуға дағдыландыру қажет. Әр әріпті өткен сайын оны арнайы жазу дәптеріне көшіру, таңбасын белгілеу, оқу тәрізді элементтер біріктіріліп, уақыт өте келе күрделене түседі. Бастапқыда балалар қалам ұстау барысында қиындықтарға тап болатыны жасырын емес. Сол үшін әріптен бөлек белгілерді бейнелеу, сызық, таңба тәрізді жазуды қосымша тапсырма ретінде ұсынған жөн.
Жалпы, әр сабақ жаңа әріптерді меңгерумен одан әрі өрбіп, уақыт өте келе дыбыстарды ажырату, буынға бөлу, тыныс белгісін қою тәрізді қосымша ережелермен толығады. Осы орайда, педагог оқушыларды жалықтырып алмайтын жағдайларды ескеріп, түрлі әдіс-тәсілдерге мән берген жөн. Бірінші сынып оқушылары оқу жүйесіне жылдам бой үйрету үшін ұстаздың біліктілігі аса үлкен мәнге ие. Бірден ұқыптылыққа, тиянақтылыққа және жоғары талап қоя отыра білімді еркін меңгеруге ықпал ету керек. Оған қоса, әліппе оқулығының әр тарауын кешіктірмей, мерзімінде меңгерту, тапсырмаларды дер кезінде ұсыну, тексеріс уақытын кешіктірмеу тәрізді сәттерді үнемі басшылыққа алған жөн.
Жалпы, әліппе оқулығын меңгеру барысында қолданылатын әдіс-тәсілдер үлкен мәнге ие. Бас кезінде бойға сіңген дағды, уақыт өте келе өзінің өзектілігін байқататыны анық. Сол себепті, бірінші сынып оқушыларын білімге баулу барысында мүлт кетпеген абзал. Мысалға алатын болсақ әліппе кітабындағы 95-96-беттеріндегі тапсырманы «Сәйкестендіру» әдісімен сабақты тиімді де ұтымды өткізуге болады.
«Әліппе» білім әлеміне жол ашатын, бүлдіршіндердің таным көкжиегін кеңейтіп, әріптерді тануға мүмкіндік беретін, алғашқы дағдыларды қалыптастыратын құнды қазына. Сол себепті, әліппе оқулығын жан-жақты меңгерту жүйелі жүргізілуі шарт. Білімді ұрпағымыз көп болсын!



Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет