Қазақ тілі методикасы ғылымы. Методиканың зерттеу объектісі, мақсаты мен міндеттері.
1. Қазақ тілін оқыту методикасы ғылымы болашақ мұғалімге оқушыға қазақ тілінен теориялық білім мен практикалық дағды іскерлікті қалыптастыруды үйрететін пән.
Немесе қазақ тілін оқыту методикасы ғылымы қазақ тілінің ғылыми жүйесімен ішкі заңдылықтарын оқушыға творчестовалық тұрғыдан үйрететін дербес әдістері бар пән.
Методика гректің «metodikos» сөзі. Мағынасы белгілі- бір пәнді оқыту жөніндегі педагогика ғылымының саласы.
Қазақ тілін оқыту методикасы ғылымы қазіргі лингвистика, қазіргі методика, педагогика, психология ғылымдарының жаңалықтарына негізделеді. Алдыңғы қатарлы бай методикалық мұраларды басшылыққа алады. Үкіметтің білім беру заңы, қаулы- қарарларына негізделеді.
Сонда қазақ тілін оқыту методикасы дегеніміз- қазақ тілін оқытудың тәжірбиелерінің қорытындыларына негізделген оқыту әдістерінің жиынтығы жайындағы ғылым.
Бірақ қазақ тілін оқыту методикасы тілдің әртүрлі заңдылықтарымен белгілерін ғана оқытатын жиынтығы емес.
Ол туған тілдің тілдік қасиетін оның өзіне тән ерекшелігін ( үндестік заңы, әріптердің жазылу орны, жалғаулардың орын тәртібі, сөйлем мүшелерінің тәртібі т.т) танытатын, соған сай оқушылардың ой- өрісін дамытатын қазақ әдеби тілінің нормасына сай ойын дұрыс, сауатты жеткізудің тиімді жолдарын үйрететін пән.
Қазақ тілін оқыту методикасы ғылымы төмендегідей мәселелерді жүзеге асыру міндеттерін жөн санайды:
Мектепте пән ретінде өтетін қазақ тілінің әлеуметтік маңызына сай болашақ мұғалімнің азаматтық борышын қалыптастыру.
Болашақ мұғалімді қазақ тілінің методикаларынан берілетін теориялық біліммен қаруландырып, олардың бойына оқушыларға бағдарламалық материалды меңгерте алатындай, оқушының білім дәрежесін, творчестовалық жетістігін жетілдіре алатындай іскерлік қалыптастыру керек.
Орта мектептерде өтілетін тілдік материалдың көлемін белгілеп, соған арналған типтік бағдарламаларды пайдаланудың тиімді жолдарын үйрету;
Мысалы,
а) Тілдік тақырыптармен оған бөлінген сағат санының сәйкессіздігін ретке келтіру;
ә) Ол үшін берілген тілдік тақырыптың ішкі заңдылығын ашатындай жүйелер енгізу;
4. Болашақ мұғалімді оқушыларға қазақ тілінен білім беру жүйесінде қолданылатын, әдіс- тәсілдерді зерттеп, жүйеге келтіруді үйрету;
Мысалы,
а) Тілдік тақырыптың теориялық мазмұнын ашатындай әдіс- тәсілді ұтымды таңдай алатындай;
ә) Сыныптың атмосферасына сай, сауатты жұмыстана алатындай;
5. Болашақ мұғалімді қазақ тілінен ұйымдастырылатын сабақ түрлерімен, оның құрлымымен таныстырып, оны ұйымдастырудың жолдарын үйрету.
6. Болашақ мұғалімді оқулық басқа да оқу құралдарын сауатты, тиімді пайдаланудың жолдарын үйрету.
7. Болашақ мұғалімді ғылыми- методикалық еңбектермен өз бетінше оқып ізденуге үйрету.
2. Басқа ғылымдар саласы сияқты қазақ тілін оқытудң да қалыптасып даму тарихы бар.
Оның алғашқы негізін салушы- Ыбырай Алтынсарин. Ол қазақ тілін оқытудың жолдарын көрсетіп, оқушы тілін дамытуда фольклордың орны зор екендігін анықтады. Өзінің хрестоматиясында оқушының сөйлеу тілін қалыптастыратындай, жеңіл шығармаларын береді.
Қазақ тілін оқыту методикасы ғылымының ғылым ретінде қалыптасыуына зор үлес қосқан ғалым- Ахмет Байтұрсынов. Ғалым әдістер теориясы жөнінде үлкен мәселе қозғайды. « Тіл құрал » атты еңбегінде бірнеше әдіске анықтама береді. Әрі әдісті түрлендіріп отырудың маңызына тоқталады. Ол Лев Толстойдың сөзімен: « әдістің жаманы жоқ, бәрі жақсы, ең жаманы бір әдісті болу және өздігінен әдіс ойлап таба алмау » дегенді айтады.
Негізінен, 1935 жылға дейін қазақ тілін оқыту методикасы бойынша ірі монографиялық зерттеу еңбектері болған жоқ. Аталған жылы « Бастауыш мектепте қазақ тілін оқыту » деген жинақ басылып шықты.
Осы кезеңде қазақ тілін оқыту методикасын жан-жақты, әрі терең зерттеген ғалым- Сейіл Жиенбаев. Ғалымның « Грамматика талдауыш»,
« Үлкендерге хат танытудың методикасы », « Әліппеге әдіс жөнінен жетекші», « Мектепте хат танытудың методикасы » т.б. еңбектері жарық көрді. Ғалым С. Жиенбаев метод жөнінде былай дейді: « мұғалім сабақты біреудің көрсетіп бергенінен айнытпай беруге міндетті емес, өз білгенінше түрлі әдіс қолдануға ерікті. Методика дәрігердің рецепт те емес, әкімшіліктің нұсқауы да емес, ол педагогикалық кеңес, жол-жоба ».
3. а) Біріншіден, қазақ тілін оқыту методикасы ғылымы тіл білімімен байланысты. Себебі, мектепте оқытылатын қазақ тілі пәні оған енген тілдік материалдың барлығы (лексикалық, морфологиялық, синтаксистік, пунктуациялық т.т.) қайсысы болмасын қазақ тілін оқыту методикасының әдіс- тәсілінсіз меңгертілмейді.
Сондықтан да қазақ тілі негізгі теориялық пән ретінде танылса, қазақ тілін оқыту методикасы оны оқытудың әдіс- тәсілдерін айқындайтын пән.
Әрі әр сыныптың сол сыныпта оқытылатын тілдік материалдың өзіндік ерекшелігіне сай жүйелі, мазмұнды меңгертудің ең тиімді әдіс- тәсілдері сараланып алынады.
Ғалым Ю. К. Бабанский атап көрсеткендей, оқытудың ең тиімді (оптимальды ) әдіс- тәсілдері таңдалып алынады.
Қорыта келгенде, қазақ тіл білімімен оны оқыту методикасының мақсат- міндеттері бөлек пәндер болғанымен, бір- бірінен бөіп алуға болмайтын, бір- біріне тең, бірін- бірі айқындап, бірін- бірі толықтырып, жүйеге келтіріп отыратын ғылыми пән.
ә) Екіншіден, қазақ тілін оқыту методикасы педагогика ғылымымен байланысты. Себебі, қазақ тілін оқытуда қолданылатын әдіс- тәсілдер, методикалық принциптер педагогика ғылымының білім беру жөніндегі барлық теориясына, оның дидактика бөліміне негізделеді. Ал, дидактика- барлық ғылымды оқыту жолындағы әдістер теориясының жиынтығы және педагогика ғылымының оқу әдістері жөніндегі бөлімі.
б) Қазақ тілін оқыту методикасы ғылымы психологиямен де тығыз байланысты.
Біріншіден, жеке пәннің методикалық ерекшелігін нақтылап түсіндіруде маңызы зор.
Ол тілдік ережелерді оқушылардың қалай меңгергенін, оны өмірде қалай жүзеге асырғандығын зерттеп, қазақ тілін оқыту методикасының дамуына ықпал жасайды.
Мысалы,
Тақырыптың атына сай теориялық мағынасын айқындау:
Тақырыптың осы ерекшелігіне сай түсіндірудің жолын үйрету:
Оқушының үнемі жіберіп отыратын теориялық қатесін айқындап, оны түзетудің жолын үйрету;
Оқу жоспары ( қазір білім берудің мемлекеттік стандарты)
жасалған уақытта қазақ тілінің типтік бағдарламасын, оқулықтарды, оқу материалдарын іріктеуде, тіпті, күнделікті сабаққа дидактикалық материал жинақтауда оқушының жас және психологиялық ерекшелігінің ескеріліп отыруына ықпал жасайды.
Мысалы,
5- сыныптың оқушысының жас және психологиялық ерекшелігіне сай тақырыптардың берілуіне;
Оқушылардың ойлау, ойлай алу, ой қорыту дағдыларын қалыптастыру мақсатында сабақтың мазмұнына сай әдіс- тәсілдердің дұрыс таңдалуына ықпал жасайды.
Сынып атмосферасына сай әдіс- тәсілдерді таңдап алу ( тыныш, шулап отыру);
Оқушының жеке тілдік тақырыпты қабылдай алуына қарай әдіс- тәсілдерді таңдап алуды реттейді;
Екіншіден, психология ғылымы пән мұғалімнің психологиялық тұрғыдан дайындығына да ықпал жасайды.
Мысалы,
Қазақ тілін оқытуда пән мұғалімі мынадай психологиялық ерекшеліктерді меңгеруге тиіс:
Сөйлеу білу процесіндегі ерекшелік, яғни пән мұғалімі дұрыс, сауатты, түсінікті сөйлей білуі тиіс;
Оқушыға жанарыңмен тіл қатыу, дауыс ырғағымен тіл қатыу, желкемен сезіну т.т. қалыптастыруы тиіс;
Жеке оқушының қазақ тілін меңгерудегі қабілетін ескере білуге ықпал жасайды.
Пән мұғалімнің өз пәнінің ерекшелігіне сай сабақ процесін дұрыс жасауға ұйымдастыруға ықпал жасайды.
Психолог ғалым А. К. Маркова мақаласында оқушылардың теориялық материалды меңгере алуы, сабақтың әрі қызықты,әрі дұрыс ұйымдастырылуына байланысты дегенді айтады. Сабақ психология тұрғысынан неғұрлым әсерлі болса,оқушы оны соғұрлым дұрыс түсінеді. Бұл әрине мұғалімнің теориялық біліміне және шеберлігіне қатысты дүние.
Ғалым осыған орай сабақтың психологиялық тұрғыдан құрылуының үш шартын көрсетеді:
Сабақтың педагогикалық тұрғыдан сауатты болуы, оған қатысты мәселелер:
а) Мұғалімнің өзін- өзі ұстауы;
ә) Оқушымен арасындағы қатынас т.т;
2) Сабақтың теориялық жағынан сауатты болуы:
а) Мұғалім күнделекті сабақ теориялық тұрғыдан жан- жақты дайындалуы керек;
ә) Өз пәніне қатысты ғылыми жаңалықты білуі тиіс т.т;
3) Сабақтың методикалық жағынан сауатты болуы:
а) Тілдік тақырыптың мазмұнына сай әдіс- тәсілдерді таңдай алуы;
ә) Тілдік тақырыптың мазмұнын ашатындай дидактикалық материалдарды алу;