Б. Б. Жахина «Жоғары мектеп әдістемесі»


-дәріс Қазақ тілін оқыту принциптері



бет17/30
Дата10.02.2023
өлшемі0,85 Mb.
#66910
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   30
4-дәріс
Қазақ тілін оқыту принциптері.

Дидактика – барлық ғылымдар жүйесін оқытуда қолданылатын әдістердің жиынтығы. Осы тұрғыдан келгенде де методика педагогикамен тығыз байланысты. Сондықтан да, қазақ тілін оқыту методикасы мен оның принциптері педагогика ғылымының барлық теорияларына, оның ішінде дидактикаға негізделеді.


Ғалымдар Д.Әлімжанов, Ы. Мамановтың «Қазақ тілін оқыту методикасы» деген еңбектерінде оқытудың мынадай принциптері беріледі:
I. Саналы білім беру және оқушының белсенділігін арттыру принципі. Бұл принцип бойынша оқушыларға саналы білім берумен қатар пәнге деген қызығушылығын, белсенділігін арттыру мақсат етіліп қойылады. Оқушы аталған принцип негізінде үйретілген тілдік материалдарды құрғақ жаттамай, терең түсініп саналы меңгеруі мақсат етіледі. Ғалым Р.Сыздықова: «Оқушы зат есімдердің, антоним, синонимдердің ережесін жаттап айтады, бірақ ол тақырыптың өмірдегі қажеттілігін түсінбейді» - дегенді айтады. Сонымен қатар, ғалым пән мұғалімдерінің де көп жағдайда ережені құрғақ жаттататынын атап көрсетеді.
М.Балақаев болса, оқушы грамматикалық тұлға-ережелерді құрғақ жаттамай , табиғатын түсіне білу керек екендігін көрсетеді.
Аталған принциптер бойынша мынадай жұмыстар жасалады.
1. Тілдік қағида, ережелерді өз бетімен түсініп, өз сөздерін айтып беруге дағдыландырылады;
2. Тілден алынған теориялық білімдерін іс жүзінде қолдана білуге дағдыландырылады;
3. Оқушының туған тіліне, оқуға, үйренуге деген ынтасы, қызығушылығы арттырылады.
Аталған принциптерді сабақтың барлық кезеңінде басшылыққа алуға болады. Бұл принцип «Қазақ тілін оқыту методикасы» деген еңбекте оқытудың саналылық принциптері деп беріледі.
II. Теория мен практиканы байланыстыратын оқыту принциптері. Бұл принципті басшылыққа ала отырып пән мұғалімдері оқушының алған теориялық білімін практика жүзінде қолдана алуға үйретеді. Ол үшін белгіленген тілдік тақырыпты оқытудың ең тиімді жолын таңдап алады. Мысалы, белгілі бір тілдік тақырыпты өткен соң сол тақырыптың негізінде сөйлеуге, дұрыс жазуға дағдыландыру.
а) Бесінші сыныпта «синоним» тақырыптарын өткен соң синонимдік қатарды беріп, мағыналық ерекшелігін айқындату;
ә) Синонимдік қатардағы қай сөздің актив қолданылатындығын анықтату, т.с.с. Немесе, антонимдерді, міндетті түрде, жұбымен қолданылатындығына әрі мағыналық ерекшелігін танытуға дағдыландыру.
Аталған принципті ғалым Б.Құлмағамбетова оқытудың теория және практикасын өмірімен байланыстыру принципі деп береді.
III

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет