Б. Б. Жахина «Жоғары мектеп әдістемесі»



бет9/30
Дата10.02.2023
өлшемі0,85 Mb.
#66910
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   30
Байланысты:
zhogar mektep adistemesi

ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ

Оқу нысаны: күндізгі


Көкшетау 2019 ж.

Әдістемелік нұсқау Жоғары мектеп әдістемесі пәнінің оқу жоспары мен бағдарламасының талаптарына сәйкес құрылған және ОБСӨЖ талаптарын орындауға барлық қажетті мәліметтерді қамтиды.




Қазақ филологиясы кафедрасының отырысында бекітілген
«28» тамыз 2019 ж. /№ 1 хаттама/

Кафедра меңгерушісі ______________________ О.А.Жумагулова


(қолы) (аты-жөні, тегі)
Филология және педагогика факультетінің оқу-әдістемелік комиссиясымен мақұлданған
«29» тамыз 2019 ж. /№ 1хаттама/

ОӘК төрағасы ______________________ А.К.Курманова


(қолы) (аты-жөні, тегі)


Магистранттың оқытушымен өзіндік жұмысы (МОӨЖ) – кредиттік жүйедегі оқытудың бір формасы. Ол дәрісханада өтеді. МОӨЖ екі функцияны атқарады:


1. Кеңес беру функциясы:
• Оқу жұмыс жоспарына енетін пән бойынша магистранттың өзіндік жұмысын орындауға педагогикалық мақсатта көмек көрсету. Оқу материалын меңгеруде магистрантқа жұмыс әдістерін таңдауға көмектеседі. Оқу материалын бекіту тапсырмаларын орындау мүмкіндігі бар.
• Оқу материалын тереңірек түсінуге ықпал етеді. Талап бойынша, магистранттар алдын-ала дайындалатын нақты тақырыппен өтеді.
• магистранттың өзін қызықтыратын ғылыми жұмыспен терең айналысуына ықпал етеді.
2. Бақылау функциясы:
• Магистранттардың білімін күнделікті тексеру. Осы сабақта магистрант бағдарлама бойынша бақылау жұмыстарын, ОБМӨЖ тапсырмаларын тапсырады.
• Неғұрлым жоғары балл алу үшін нақты мүмкіндік туады.
Кейбір магистранттар өздігінен білім алуға әлі машықтанбаған. Біреулері көмек сұрамайды, екіншілері өздерінің оқудағы кемшілігінің себебін білмейді, үшіншілері өздерінің жұмыстағы кемшіліктерін көрмейді. Тек оқытушының басшылығымен, оқытушымен бірлесіп қана туындаған қиындықтан шығатын жолды табуға болады.
МОӨЖ сабақ кестесіндегі уақытқа сәйкес, көрсетілген дәрісханада өтеді. Алайда ол өздігінен жақсы жұмыс істей алатын магистранттар үшін міндетті емес. Сондықтан оқытушының міндеті магистранттардың оқудағы жетістігінің мониторингін жүргізіп, олардың бәрі де оқу курсын толық игеріп, емтиханды табысты тапсыруын қадағалау. Сол үшін де МОӨЖ жүргізіледі.
МОӨЖ жүргізудің формалары әр түрлі. Сұрақ-жауап формасы: бір немесе бірнеше магистранттар сұрақ қойып, оқытушы оларға жауап береді. Немесе қойылған сұраққа байланысты оқытушының магистранттармен әңгімелесуі түрінде өтеді. Алайда магистранттың оқуын тексеруге бағытталған оқытудың белсенді әдістері - МОӨЖ өткізудің негізгі формасы болып табылады. МОӨЖ әрбір сабағы жоспарланып, сабақтың әр элементі алдын-ала ойластырылғаны жөн.
МОӨЖ әр сабағына қажетті көрнекі құралдар дайындалады (кейстер, рольдік ойындар, тестілер, кроссвордтар, т.б.). Олар кезінде лекцияда көрсетуге мүмкін болмаған материалдар және кейбір сұрақтарды кеңітіп тереңдетеді, ұсынылған жағдаяттарды талдауға, қойылған міндеттерді шешуге, шешім қабылдауға көмектеседі.
Оқытушыда МОӨЖ тиімді өткізуге қажетті әдістемелік материалдар, әдебиеттер жеткілікті болуы керек.
Магистранттың өзіндік жұмысына назар аударуды бірізді күшейту арқылы әдіснамалық қолдау көрсету.
Ақпараттық және оқу-әдістемелік қамтамасыз ету студенттердің өзіндік жұмысына назар аударуды бірізді күшейту арқылы іске асады.
Магистранттың өзіндік жұмысы тапсырмаларды тәжірибе жүзінде орындай білу шеберліктері мен дағдыларын қалыптастыруға, логикалық ойлауын дамытуға, шығармашылық белсенділігін, меңгірілген оқу материалын талдауға, танымдық қабілетін арттыруға бағытталады.
Магистранттың өзіндік жұмысын ұйымдастыру оқу әдістемелік әдебиеттер және нұсқаулықтармен қамтамасыз етіліп, белгілі бір тақырыптар(оның ішінде өз бетімен оқытуға арналған) бойынша жүзеге асады және тест, бақылау жұмыстары, коллоквиум, реферат, шығарма, есеп және т.б. бақылау түрлері арқылы тексеріледі.
Өзіндік жұмыс екі түрге бөлінеді – оқытушының жетекшілігімен орындалатын өзіндік жұмыс (МОӨЖ) және магистранттың толығымен өз бетімен орындайтын өзіндік жұмысы(МӨЖ).
Оқытушының жетекшілігімен орындайтын өзіндік жұмыс (МОӨЖ) – жалпы оқу кестесіне кірмейтін, жеке график бойынша студенттің оқытушымен байланыста аудиториядан тыс орындайтын жұмыс түрі болып табылады.
МОӨЖ және МӨЖ ара қатысын ЖОО өзіндік жұмыстың жалпы көлемінде өз бетімен анықтайды.
МОӨЖ барысында оқу бағдарламасының күрделі сұрақтары, үй тапсырмасын орындау, семестрлік тексеру жұмысы, СӨЖ-ның тапсырма түрлері бойынша консультация жүргізіледі.
ЖОО-да кестеге сәйкес оқу сабақтарын толық өткізетін және магистранттардың өзіндік жұмыстарын ұйымдастыратын соңғы үлгідегі компьютерлік сыныптар, интерактивті тақталары болуы тиіс.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет