дөңгелек үстел, сайыс, пресс-конференция, дискурс, саяхат сабақтарын ұйымдастыру;
оқу пәніне сәйкес баяндамалар мен хабарламаларды талқылау;
жоспарға сәйкес оқу пәніне қатысты нақты сұрақтарды талдау.
Практикалық сабақтарды өткізу мен ұйымдастыруға қатысты талаптар
Практикалық (машықтану) сабақтары оқу пәнінің жұмыс жоспарына сәйкес ұйымдастырылып жүргізіледі;
Практикалық (машықтану) сабақтары магистранттардың академиялық тобына арналып өткізіледі;
Практикалық (машықтану) сабақтары әдістемелік нұсқаулықтармен қажетті оқу және хабарлама-анықтамалық әдебиеттермен, бағдарламалармен қамтылуы керек;
Магистранттың практикалық (машықтану) сабақтарының қорытындысы рейтингілік жүйеге сәйкес бағалануы тиіс.
Тәжірибелік және семинар сабақтарын өткізу тәртібі
сабақтың тақырыбы мен мазмұны пәнге арналған жұмыс оқу бағдарламасына сәйкес келуі тиіс;
магистранттың білімін бақылау жүйелі түрде іске асырылуы керек;
семестрде магистранттардың білімі екі рет рейтингтік жүйеде тексерілуі қажет.
Оқытушының құқығы мен жауапкершілігі және міндеті
оқытушы тәжірибелік және семинар сабақтарының осы әдістемелік нұсқаулық талаптарына сәйкес, әрі сабақты өткізу әдістемесінің нормативті құжаттар мазмұнына орай өтуі мен ұйымдастыруына жауапты;
оқытушы магистранттың білімін шындыққа сәйкес бағалауға жауапты;
оқытушы оқу үрдісіндегі жоғары сапаны қамтамасыз ететін сабақ өткізу әдіс-тәсілдерін таңдауға, тәжірибелік және семинар сабақтардың мазмұнын анықтауға құқылы.