Б. Б. Мамраев- филология ғылымдарының докторы, профессор


Пайдаланылған әдебиеттер тізімі



Pdf көрінісі
бет18/27
Дата12.03.2017
өлшемі9,7 Mb.
#8960
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   27

 
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:  
1. Әнуарбек Қосанов. «Бедел биігінде». Алматы. – 1994 
2. «Егемен Қазақстан». - 2005. - 8ақпан 
3. «Атырау». - 2008. – 13 желтоқсан 
4. Көшеков О. Ер қадірі еңбекте (Ғұмырнамалық жазбалар). Алматы. -1998. 
 
Резюме 
В  статье  дается  характеристика  общественной  и  государственной  деятельности  видного 
деятеля  О.Кушекова  в  период  существования  Советского  государства,  а  также  о  его  вкладе  в 
развитие страны и республики. 
Summary 
In  article  is  given  the  characteristic  of  public  and  state  activity  of  tne  outstanding  figure  of 
O.Kushekov in existence of the Soviet state.  
 
 
АТЫРАУ АЙМАҒЫНДАҒЫ ТУРИСТІК-ӨЛКЕТАНУ ІС-ӘРЕКЕТТЕРІ АРҚЫЛЫ ЖОҒАРЫ 
 СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫН ЕЛЖАНДЫЛЫҚҚА ТӘРБИЕЛЕУ 
 
Е.С.Кабиев
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің магистранты 
 
Бүгінгі  таңда  көп  ұлтты Қазақстан  халқының  болашағын  қамтамасыз  ету  үшін жеткіншек жас 
ұрпақтарды  мемлекеттік  рәміздер  мен  «Мәдени  мұра»  нысандарына,  жалпы  ұлттық  құндылықтарды  
құрметтеп, қастерлеуге бағдарланған патриоттық тәрбие беру өзекті мәселеге айналуда. Бұл жөнінде 
еліміздің  президенті  Н.Ә.Назарбаев:  «Қазақстан-2030»  атты  Қазақстан  халқына  жолдауында 
«Оқушыларды  қазақстандық  патриотизм  мен  шығармашылық  жағынан  дамыған  жеке  тұлға  ретінде 
тәрбиелеу аса қажет», - деп атап көрсетті.  
Біздің  зерттеу  тақырыбымыздың  нысанасы  белгілі  бір  территорияда  өмір  сүрген  қазақ 
халқының  ұлы  тұлғаларының  есімдері  мен  байланысты  болған  оқиғалар  жайлы  деректер  жинау, 
тарихи  ескерткіштер  мен  мемориалдық  орындардың  өлкетану  мұражайларындағы  экспонаттардың, 
кесенелердің,  мұрағаттардың  бүгінгі  таңдағы  мектеп  оқушыларын  «қазақстандық  патриотизмге» 
тәрбиелеудегі мүмкіндіктерін ғылыми-педагогикалық мазмұндық тұрғыда сипаттап ашып көрсету. Яғни 
адамзаттың  көне  заманнан  күні  бүгінге  дейінгі  дамуы  жолындағы  түрлі  саладағы  аса  маңызды 

111 
 
жетістіктерінің  ерекше,  қайталанбас  заттық-рухани  үлгі-нұсқаларын;  адам  өміріндегі  оқиғаларды, 
белгілі  бір  елдің,  халықтың  басынан  кешкен  тарихи  кезеңін  еске  түсіретін  құндылықтарды,  қастерлі 
мұраларды  ескерткіштер  деп  атау  қалыптасқан.  Оларды  шартты  түрде  ауыз  әдебиеті  ескерткіштері, 
жазба  ескерткіштері,  өнер  ескерткіштері,  сәулет  ескерткіштері,  археологиялық  ескерткіштері,  ұлттық 
дәстүрлі қолөнер ескерткіштері, діни ескерткіштері деп те түрліше жіктеуге болады.  
Ал,  оқушылармен  жүргізілетін  мектептен  тыс  тәрбие  жұмысының  жүйесі  оларға  тәрбие  беру 
және  жан-жақты  дамыту  мақсатында  мектептің,    педагогтардың,  оқушылар  ұжымының,  ата-аналар 
белсенділерінің  мүмкіндіктерін  барынша  толық  пайдаланудан  құрылады  және  екі  негізгі  міндетті 
шешумен анықталады.  
а)  сабақтан  тыс  тәрбие  жұмысының  барлық  негізгі  түрлері  мен  бағыттарын,  бірінші  кезекте 
қоғамдық-саяси  қызмет  пен  қоғамдық  пайдалы  еңбекті,  дене  шынықтыру  мен  спортты,  алуан  түрлі 
көркемдік қызметті, туристік-өлкетануды дамыту; 
б)  оқушылардың жеке  мүдделері  мен  бейімділіктерін  барынша  қанағаттандыруды  қамтамасыз 
ету  үшін  сыныптан  тыс  алуан  түрлі  жұмысқа  барлық  жастағы  оқушыларды  тарту.  Сыныптан  тыс 
тәрбие жұмысы жүйесін жасау – бүкіл педагогикалық ұжымның ісі. 
Сыныптан  тыс  жұмысқа  қойылатын  негізгі  талап  –  оқушылардың  жан-жақты  дамуына 
көмектесу.  Балалар  үйірмелері,  секциялары,  әр  түрлі  қоғамдары  мен  басқа  да  өз  бетімен  жұмыс 
істейтін шығармашылық бірлестіктері жүйесі олардың пайдалы және қызғылықты істерді кең молынан 
таңдап  алуға  мүмкіндік  беруге  тиіс.  Сыныптан  тыс  жұмыс  процесінде  жекелеген  балалар  мен 
жеткіншектер үшін белгілі бір сабақтарды таңдап алу ерікті іс болып табылатындықтан, мұндай жұмыс 
жүйесінің  болуы  әрбір  мектеп  үшін  міндетті.  Сыныптан  тыс  жұмыс  жүйесі  мектеп  оқушыларының 
шығармашылық  қабілеттерін,  қоғамдық  белсенділігін  көрсететін  ортасы  бола  отырып,  оқушылар 
ұжымдарының  қалыптасуына  және  топтасуына,  оқушыларды  саналы  тәртіп,  жауапкершілік,  өз 
мектебіне, бүкіл ұжымға пайдалы болуға ұмтылу рухында тәрбиелеуге мүмкіндік береді. 
Мектептен тыс уақыттардағы тәжірибелік туристік-өлкетану іс-әрекеттерді зерттеу процесінде 
(анкета  жүргізу,  жекелей  әңгімелесу,  бақылау,  эксперттік  бағалау)  сыныптан  тыс  тәрбие 
жұмыстарының  практикасы  көрініс  алған  мемлекеттік,  аймақтық,  облыстық  және  т.б.  құжаттармен, 
бағдарламалармен, ғылыми әдебиеттермен танысу қажет. 
Мектеп  оқушыларының  сыныптан  тыс  уақыттағы  патриоттық  тәрбиесінің  әртүрлі  бағыттары 
қызықтырды:  туристік  -  өлкетану  іс-әрекеті  сыныптан  тыс  уақытта  қай  жерде,  қалай,  қандай 
жағдайда, дәрежеде ұйымдастырылады. Сондықтан осы зерттеудің басында оның мақсат, міндеттеріне 
қатысты бір топ маңызды мәселелер анықталады: 
1.  Жалпы  білім  беретін  мектептерде  туристік  -  өлкетану  жұмыстарын  ұйымдастыру  туралы 
мемлекеттік бағдарламалардың мазмұны мен жүйелілігі қандай? 
2.  Мектепте  туристік-өлкетану  және  экскурсиялық  жұмыстарды  ұйымдастыру  мәселелері 
қандай жолға қойылған? 
3.  Мектепте  туристік-өлкетану  жұмыстарын  ұйымдастырумен  айналысатын  субъектілердің 
мақсат міндеттерінің мазмұндық сипаты қандай? 
4.  Сыныптан  тыс  уақыттарда  тәрбие  беру  мақсатында  туристік-өлкетану  жұмыстарын 
ұйымдастырудың формалары, олардың мақсат міндеттері қандай 
5. 
Аймақтық, 
облыстық, 
қалалық 
туристік-өлкетану 
жұмыстарының 
тәжірибелік 
мүмкіндіктерінің деңгейі қандай? 
  Осы  аталған  мәселелерді  анықтау  арқылы  республика  көлемінде  тәжірибеде  басшылыққа 
алынған  бағдарламаларды,  ережелерді,  ғылыми  әдебиеттер  мен  басылымдарға  талдау  жасау  қажет. 
Бүгінгі  таңда  Республикамыздың  барлық  жалпы  білім  беретін  орта  мектептерінде  Республикалық 
«Атамекен» туристік-өлкетану экспедициясының жұмыстары мына төмендегідей міндетті түрдегі ереже 
бойынша  жүзеге  асырылады.  Зерттеуде  осы  ереженің  қағидалары  басшылыққа  алынады.  Олар: 
ұлттық және жалпы адамзаттық игіліктер негізінде оқушылар тұлғасын туристік - өлкетану құралдары 
арқылы қалыптастыру және дамыту; туған өлкенің тарихын, экономикасын, мәдениетін, салт –дәстүрі 
мен әдеп-ғұрпын зерттеу; Қазақстанның атақты адамдарының өмірі мен қызметін зерттеу, мемлекеттік 
айшықтарды:  республиканың  әнұранын,  жалауын,  елтаңбасын  қастерлей  білуге  тәрбиелеу; 
оқушыларға экологиялық тәрбие беруді жүзеге асыру. 
Туристік-өлкетану  іс-әрекеттері  арқылы  мектеп  оқушыларының  қазақстандық  патриотизмін 
қалыптастырудың  моделін  былайша  құрастыруға  болады  (1-  сурет)  және  оның  компонентерін, 
өлшемдері мен көрсеткіштерін анықтау (1 - кесте).  
Осы модельдің негізінде оқушылардың туристік-өлкетану іс-әрекеттерінің барысында (туристік-
өлкетану  жарыстары,  туристік-өлкетану  экспедициялары  т.б.  түрлері)  қазақстандық  патриотизмінің 
қалыптасуы деңгейлерін анықтауға болады (жоғары, жеткілікті, орта, төмен). 
Жоғары  деңгей:  мектеп  оқушылары  туристік-өлкетану  іс-әрекеттерінің  қазақстандық 
патриотизмді  қалыптастырудағы  әлеуметтік  мәнін  өте  жақсы  түсінеді,  оларға  деген  қызығушылығы 

112 
 
тұрақты, туристік-өлкетану іс-әрекеттері барысында танылатын патриоттық сипаттағы туристік өлкенің 
мәдени  мұра  нысандарының  мазмұнын,  тарихи  даму  жолын,  өзіндік  ерекшелігін  өте  жақсы  біледі; 
әсерлі  көңіл-күй  сезімдерімен  қабылдайды,  туристік-өлкетану  нысандарының  қазақстандық 
патриотизмді  қалыптастырушы  бағыттарын  еркін  мазмұндайды,  оларға  талдау  беруде  өзінің 
көзқарасын,  пікірін  дәлелді  қорғайды,  нақты  деректі  мысалдар  келтіре  отырып  көпшілік  ортада 
сенімді, белсенді, іскерлікпен, патриоттық сезіммен айтып жеткізе алады. 
Жеткілікті  деңгей:  мектеп  оқушылары  туристік-өлкетану  іс-әрекеттерінің  қазақстандық 
патриоттық  бағытын,  әлеуметтік  мәнін  жақсы  түсінеді,  оған  қызығушылық  танытады;  туристік-
өлкетану іс-әрекеттер барысында танылатын патриоттық сипаттағы мәдени мұра нысандарының мәні 
мен мазмұнын  түсінеді, эмоционалдық       көңіл-күймен       қабылдайтын       тарихи           даму     жолын,    
өзіндік  ерекшеліктерін  жақсы  біледі;  жергілікті  туристік-өлкетану  нысандарының  қазақстаныдық 
патриотизмді қалыптастырушы бағыттарына мазмұндық түрде сипаттама береді, оған талдау жасауда 
өзінің пікірін толық сенімді түрде қорғай  
  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Мақсаты 
Туристік-өлкетану іс-әрекеттері арқылы мектеп оқушыларын қазақстандық патриотизмге 
Міндеттері 
Туристік-өлкетану іс-әрекеттері арқылы мектеп оқушыларын қазақстандық патриотизмге 
тәрбиелеудің педагогикалық шарттар жүйесін құрастыру 
Эмоционалдық 
мотивациялық 
компоненті бойынша 
Мазмұндық 
компоненті 
бойынша 
Іс-әрекеттік 
компоненті бойынша 
Өз өлкесінің 
қазақстандық 
патриотизмді 
қалыптастыру 
мазмұндағы мәдени 
мұраларына 
эмоционалдық 
танымдық 
қызығушылығын 
қалыптастыру 
өзінің 
тұрғылықты 
аймағындағы 
(ауылы, 
қаласы) 
қазақстандық 
патриотизмді 
қалыптастыру 
сипаттағы 
мәдени 
мұралар 
туралы 
білімдерін 
қалыптастыру 
өзінің 
тұрғылықты 
аймағындағы 
туристік-
өлкетану  нысандарындағы 
қазақстандық  патриотизмді 
қалыптастыру 
сипаттағы 
мұралар  туралы  білімдерін        
тәрбиелік 
іс-шараларда 
көрсете  білуін,  өзгелерге
 
таныстыра білуін дамыту.
 
Принциптері 
жүйелілік, кешендік, тұлғалық іс-әрекеттік көзқарас; оқушылардың жас және дара ерекшелігін 
ескеру принципі; оқу-тәрбие процесіндегі сабақтастық принципі; «табиғат-адам-қоғам» 
жүйесіндегі өзара белсенді әрекеттестік принципі 
 
Танымдық 
компоненті
 
бойынша 
өз  өлкесінің  төл 
мәдениетіндегі 
мәдени 
мұра 
нысандары, 
ана 
тілі 
мен 
туған 
жері туралы  білім 
беру 

113 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
1-сурет- Патриоттық мазмұндағы туристік-өлкетану іс-әрекеттері арқылы мектеп 
оқушыларының қазақстандық патриотизмінің қалыптасуы моделі 
 
1-кесте-  Патриоттық  мазмұндағы  туристік-өлкетану  нысандары  арқылы  мектеп  оқушыларының 
қазақстандық патриотизмін қалыптастырудың компоненттері, өлшемдері және көрсеткіштері 
 
 
Компоненттері 
Өлшемдері 
Көрсеткіштері 
Эмоционалдық- 
-мотивациялық 
 
 
 
Қазақстандық 
патриотизмді 
қалыптастыру 
мазмұндағы  туристік-
өлкетану 
нысандарының 
қажеттілігін  жағымды 
эмоционалдық  
сезіммен 
түсінуге 
ынтасының болуы. 
 
 
-  өздерінің  туып  өскен  географиялық  аймағындағы 
қазақстандық патриотизді қалыптастыру мазмұндағы 
нысандарды менгеру талпынысы; 

қазақстандық 
патриотизмді 
қалыптастыру 
мазмұндағы 
туристік- 
өлкетану 
нысандарын 
эмоционалдық сезіммен қажетсінуі; 

патриоттық 
мазмұндағы 
туристік- 
өлкетану 
нысандарының 
қазақстандық 
патриотизмді 
қалыптастырудағы рухани-әлеуметтік мәнін түсінуі; 
-  туристік-өлкетану  нысандарындағы  қазақстандық 
патриотизмді  қалыптастыру  мазмұндағы  тарихи-
мәдени    мұраларға  қызығушылығы  және  оларға 
азаматтық көзқарасы; 
-туристік-өлкетану 
нысандарының 
ұлттық 
құндылықтар 
екендігін 
патриоттық 
сезіммен 
қабылдауы. 
Танымдық 
 
 
 
Қазақстандық 
патриотизмді 
қалыптастыру  
мазмұндағы  туристік-
өлкетану 
нысандарына 
танымдық  
іс-әрекетінің 
белсенділігі 
-  өз  өлкесіндегі  туристік-өлкетану  нысандарының 
арасынан  патриоттық  мазмұндағы  тарихи-мәдени 
мұраларды тани білуі; 

қазақстандық 
патриотизмді 
қалыптастыру 
мазмұндағы  нысандарға(отан,  ұлттық  экономика, 
көпұлтты қазақстан  халықтары мен қазақ халқының 
тілі.діні,әдеп-ғұрпы.еліміздің 
рәміздірі) 
шынайы 
дүниетанымдық көзқарасының қалыптасуы. 
 
Педагогикалық шарттары 
Мектеп  оқушыларының  туристік-өлкетану  іс-әрекеттерін  жүйелі  түрде,  ұйымдастыру;  туристік-
өлкетану  бағытындағы  Республикалық  «Атамекен»  бағдарламасы;  мектеп  оқушыларының 
«қазақстандық  патриотизмін»  қалыптастыруға  арналған  үйірме  жұмыстарының  бағдарламасы 
мен әдістемесі; мектептен тыс туристік-өлкетану іс-әрекеттерін ұйымдастыратын мұғалімдер мен 
туризм нұсқаушыларына арналған әдістемелік нұсқаулар. 
Нәтижесі 
Өзінін  туған  жеріндегі  –  қазақстандық  патриотизмді  қалыптастырудағы  мазмұндық  сипаты  бар 
тарихи-мәдени  мұраларға  эмоционалдық  танымдық  қызығушылығы  қалыптасқан,  оларды 
жалпыадамзаттық құндылықтар ретінде құрметтеп, сақтап, күте білетін, өзгелерге қазақстандық 
патриоттық сезіммен таныстыра білетін  патриот тұлға қалыптасады. 

114 
 
Компоненттері 
Өлшемдері 
Көрсеткіштері 
Мазмұндық 
 
 
 
 
 
 
Қазақстандық 
патриотизмді 
қалыптастырудағы 
Туристік-өлкетану 
нысандары 
туралы 
білімінің 
толықтығы 
және мазмұндылығы  
 
 
 
-  туристік-өлкетану  нысандарының  қазақстандық  
патриотизмді  қалыптастырудағы  мүмкіндіктерін  білуі 
және түсінуі; 

патриоттық 
сипаттағы 
туристік- 
өлкетану 
нысандарының атқаратын қызметін білуі; 

қазақстандық 
патриотизмді 
қалыптастыру 
мазмұндағы 
туристік- 
өлкетану 
нысандарының 
тарихи даму жолын білуі; 
-  туристік-өлкетану  нысандарындағы  қазақстандық 
патриотизмді  қалыптастырудағы  мазмұндық  сипаты 
бар 
 
тарихи-мәдени 
мұралардың 
өзіндік 
ерекшеліктерін түсіне білуі. 
Іс-әрекеттік 
Өзінің 
білімін 
тәжірибеде 
пайдалана  білуі  және 
көрсетуі . 
-  туристік-өлкетану  нысандарының  қазақстандық  
патриоттық мазмұнына талдау жасай білуі; 
-  туристік-өлкетану  нысандарындағы  қазақстандық 
патриотизмді  қалыптастырудағы  мазмұндық  сипаты 
бар мұраларды үлгі тұтуы; 
-  патриоттық  мазмұндық  сипаты  бар  туристік- 
өлкетану  нысандарын  өзінің  таныстарына,  қарым-
қатынас орнататын басқа адамдарға көрсетіп оларға 
сипаттама бере  білуі; 
-  патриоттық  мазмұндық  сипаты  бар  туристік- 
өлкетану  нысандарына  сипаттама  бергенде  өзінің 
қазақстандық патриоттық көзқарасын көрсете білуі; 
-  туристік-өлкетану  нысандарындағы  қазақстандық 
патриотизмді 
қалыптастырудағы 
мазмұндық 
көріністерді  деректі  мысалдар  келтіре  отырып 
әңгімелей білуі. 
 
алады, көпшіліктің  алдында қазақстандық патриотизмді қалыптастыру мазмұндағы туристік-өлкетану 
нысандары  ретінде  танымдық  мәдени  мұраларға  өзіндік  патриоттық  сезіммен  қамқорлық  жасап 
сақтауға даярлығына сенімді екендігін білдіреді. 
Орта  деңгей:  мектеп  оқушыларының  туристік-өлкетану  іс-әрекеттері  барысында  танылатын 
туристік-өлкетану  нысандарының  қазақстандық  патриотизмді  қалыптастырудағы  әлеуметтік  мәнінен 
түсінігі жеткіліксіз, түсінеді  бірақ  қызығушылығы тұрақты  емес,  туристік-өлкетану  нысандары  ретінде 
танылатын  мәдени  мұралардың  патриоттық  сипатынан  түсінігі  аз,  эмоционалдық  тұрғыда 
қабылдамайды;  туристік-өлкетану  нысандарының  қазақстандық  патриотизмді  қалыптастырушы 
бағыттарына  мазмұндық  сипаттама  беруде  қиналады,  оларға  талдау  жасауда  өзінің  көзқарасын 
мұғалімнің,   туризм  нұсқаушысының  көмегімен  айтады.   
Төмен деңгей: мектеп оқушыларының туристік-өлкетану іс-әрекеттері барысында танылатын 
туристік-өлкетану  нысандарының  қазақстандық  патриотизмді  қалыптастырудағы  әлеуметтік  мәнін 
түсінбейді,  қызығушылық  танытпайды,  қабылдамайды,  қазақстандық  патриотизмді  қалыптастыру 
мазмұндағы  туристік-өлкетанудағы  мәдени  мұра  нысандарынан  түсінігі  жоқ,  тарихи  даму  жолын, 
өзіндік  ерекшелігін  білмейді;  туристік-өлкетану  нысандарының  патриоттық  бағытына  мазмұндық 
сипаттама бере алмайды және талдау беруде өзінің көзқарасын дәлелдей алмайды.  
Бұл  модель  мектеп  оқушыларының  патриоттық    сезімдерінің  қалыптасу  деңгейін  зерттеп 
білуге
,   принциптер жүйесін   (жүйелілік,    кешендік,     тұлғалық іс-әрекеттік    принципі,  оқушылардың  
жас  және  дара  ерекшеліктерін  ескеру  принципі;    оқу-тәрбие    үрдісінің  мақсаттары  мен  мазмұны, 
формалары    мен әдістерінің бірізділік  принципі)  анықтауға және 
педагогикалық шарттарды (Мектеп 
оқушыларының  туристік  өлкетану  іс-әрекеттерін  жүйелі  түрде  ұйымдастыру;  туристік-өлкетану 
бағытындағы  Республикалық  «Атамекен»  бағдарламасы;  мектеп  оқушыларының  қазақстандық 
патриотизмін қалыптастыруға арналған үйірме жұмыстарының бағдарламасы; мектептен тыс туристік-
өлкетану  іс-әрекеттерін  ұйымдастыратын  мұғалімдер  мен  туризм  нұсқаушыларына  арналған 
әдістемелік нұсқаулар) айқындауға мүмкіндік  береді. 
 
 
 

115 
 
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 
1.  Оқушыларды өлкетану материалдары арқылы елжандылыққа тәрбиелеу // Білім – образование. – 
2005. – № 4 (22). – 42–44 бб. 
2.  Елжанды  ұрпақты  тәрбиелеудегі  ауыл  мектебіндегі  өлкетану кешінің  тәлімдік  маңызы  //  Білім 
берудегі менеджмент. – 2006. – № 4. – 191–196 бб. 
3.    Оқушылардың  туристік  өлкетану  іс-әрекеттерінде  отансүйгіштік  сезімдерін  дамыту    //  Абай 
атындағы ҚҰПУ. Хабаршы. «Педагогика ғылымдары» сериясы. №2 (10). -Алматы,   2005. – Б. 
75-78. 
4.    Туристік іс-әрекетті ұйымдастыруда оқушыларға патриоттық тәрбие беру. //Оқытушылардың 
жыл  сайынғы  үшінші  ғылыми-әдістемелік  конференциясының  материалдары.  –  Семей.  Семей 
мемлекеттік педагогикалық институты, 2007.  – Б. 176-177. 
5.    12  жылдық  мектептегі  туристік  өлкетану  іс-әрекеті  //Абай    атындағы  ҚазҰПУ. 
Хабаршы. «Педагогика  ғылымдары сериясы». №3 (15).- Алматы, 2007. – Б. 101-104.   
 
Резюме 
Научно-теоретическое  обоснование  и  разработка  методики  воспитания  казахстанского 
патриотизма  учащихся  школ  посредством  туристско-краеведческой  деятельности  и  выявление 
реализации ее педагогических условий  на практике.  
 
Summary 
Theoretical motivation and development of the methods of the upbringing of kazakhstanic patriotism 
of  studying  schools  by  means  of  regional-tourist  activity,  revealing  of  pedagogical  conditions  and  its 
realization in practice.  
 
 
ШЕРХАН МҰРТАЗА ПОВЕСТТЕРІНІҢ ТАҚЫРЫПТЫҚ-ИДЕЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 
 
Р.А.Сихимбеков, 
Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінің магистранты 
 
Повесть – эпикалық проза жанрының бір түрі. Повесть туралы түсінік әдебиет тарихында жиі 
өзгеріп,  оны  романның  құрамдас  бөлігі  ретінде  тану  біраз  уақыт  орын  алды.  Еуропа  әдебиетінде 
повестті новелла деп  те  атай  береді.  В.Г.  Белинский  повестті  «романның  шашыраңқы  бөліктері» 
немесе  «романның  бір  тарауы»  деп  атаса,  бір  кездерде  оған  романмен  байланыстыра  түсінік  беру 
дағдыға айналды. [1. 1-2] 
Қазір проза жанрының жан-жақты дамыған тұсында повесть туралы біршама тұрақталған ұғым 
қалыптасты.  Повесть  әңгіме  мен  романның  аралығындағы  прозалық  жанрға  жатады.  Көлемі  мен 
мазмұны  тұрғысынан  осылай  бағаланғанымен,  кейде  көлемі  романнан  ауқымды  повестьтер  де 
кездеседі.  Мысалы,  көп  романдардан  көлемді  «Клим  Самгиннің  өмірін»  А.М.  Горький  повесть  деп 
атаған.  Повесттің  көлемі  емес,  көтерген  жүгі  мен  арқау  еткен  мәселесінің  aуқымы  шағын  келіп, 
романнан  кіші жанр  екендігін,  ал  эпизодтары  мен өмір иірімдеріне  бойлай  енуі тарапынан  әңгімеден 
күрделірек  жанр  екенін  дәлелдейді.  Оқиғаны  жан-жақты  суреттеу,  философиялық  түйін  жасау,  қат-
қабат тартыстар сияқты романда кездесетін кең тынысты тәсілдер повестте бола бермейді. Повестке 
оқиға тізбегін баяндау, хроникалық әңгімелеу тәсілі тән. [1. 2-3] 
А.Байтұрсынов  эпикалық  текті  – 
әуезе  деп  алып,  оның  түрлерін  ұлы  әңгіме  (роман),  ұзақ 
әңгіме  (повесть),  ұсақ  әңгіме  (әңгіме)  деп  береді.  Повесть  туралы  «ұлы  әңгімеден  өресі  қысқа,  өрісі 
тарлау  түрі  ұзақ  әңгіме  деп  аталады»  дейді.  Байтұрсынов  осы  негізде  М.Дулатовтың  «Бақытсыз 
Жамалын»  романға  емес,  ұзақ  әңгімеге,  сондай-ақ  М.Әуезовтің  «Оқыған  азамат»  әңгімесін  повесть 
үлгісіне  жақын  келеді  деп  қорытады.  Шерхан  Мұртазаның  «Табылған  теңіз»,  «Бұлтсыз  күнгі 
найзағай», «Белгісіз солдаттың баласы» повесттері үздік көркем туындылар болып табылады. [2. 163] 
Шерхан  Мұртаза  –  көрнекті  суреткер.  Әлбетте,  көрнекті  суреткер  атаулының  бәрі  өзінің 
осындай  ерекшілігімен  ғана  ұдайы  сирек  құбылыстар  қатарына  жатады.  Ол  –  осынысымен  ғана 
жұмбақ,  ол  –  осынысымен  ғана  тым  қарапайым  көрінеді.  Шерхан  Мұртаза  көпшілікті  бірден  елең 
еткізген  «Табылған  теңіз»,  «Бұлтсыз  найзағай»,  «Белгісіз  солдаттың  баласы»,  «Мылтықсыз  майдан» 
тәрізді  өмірдің  өзіндей  таным  тынысымен,  анкеталық  мінездемелерінен  гөрі,  өмірдің  өзі  толтырған 
өмірбаяндары бар жас кейіпкерлерімен – күрескер замандастарымен келеді. [3. 998] 
Алғашқы қадамын батыл, сәтті бастаған жазушы көпшілік оқырманға «Табылған теңіз» (1964) 
атты тырнақалды повесін ұсынды. Бұған дейін очерк, әңгіме сынды шағын жанрмен қаламын ұштаған 
жазушы  эпикалық  көлемді  жанрдың  орташа  түрін  еркін  игергенін  байқатады.  Шығармада  үш-ақ 
кейіпкер бар. Оның бірі – автор, екіншісі – Орал, үшіншісі – Виктор. Авторлық баяндаумен басталған 

116 
 
повесть  оның  ескі  танысымен  кездесуінен  кейін  негізгі  оқиғаға  ауысады.  Автор  композицияның 
жинақылығын сақтай отырып, оқиға желісін дамытады. 
Шығарманын  негізгі  кейіпкері  Орал  –  40  жылдары  дүниеге  келіп,  әкеден  өлідей,  шешеден 
тірідей  айрылған  жетім жігіт.  Оның  әке  орнына  әке,  шеше орнына  шеше  болып  бауырына басқан  ең 
жақыны,  жанашыры,  сүйенері  –  асыл  әжесі.  «Жақсыдан  қалған  жәдігерім»  деп,  баласынан  қалған 
тұяқты  бауырына  басқан  ананың  алданышы,  сүйеніші,  жұбанышы,  үміт  артар  жалғызы  –  немересі 
Орал.  Бірі  баласын,  енді  бірі  әкесін  бір  көруге  зар  болған  жандардың  сағынышын  автор  –  суреттің 
сарғаюы арқылы астарлап әдемі жеткізген. Тірісінде көре алмаған әкесінің жалғыз суретін баласының 
тұмардай  етіп  жүрек  тұсында  сақтауы,  оны  Алпамыс,  Қобыланды,  Ер  Төстік,  Амангелді  сынды 
батырларға балауы – баланың әкеге деген сүйіспеншілігінің көрінісі болса, «Менде бірге туған аға да, 
іні де жоқ. Тек өзім ойлаймын, ағалы-інілі балалар құшақтасып жатып ұйықтайтын шығар» деп ойлауы 
–  Орал  сынды  әке-шешеден  жалғыз  туған  жандардың  жан  жарасының  психологиялық  бейнелеуін 
танытады. 
Екінші кейіпкердің аты – Виктор. 40 жылы туғандардың атын ырымдап Орал, Виктор (латынша 
«победитель»)  қою  –  сол  тұстағы  халық  арманының  көрінісі.  Повестте  «тың  және  тыңайған  жерді 
игеру  үшін  Ресейден  Қазақстанға  келіп  жатқандар,  жоспарды  артығымен  орындау,  бес  күндікте 
ауыспалы Қызыл ту мен ақшалай сыйлықты жеңіп алу сияқты оқиғалар шынайы суреттелген. [4. 12-
15] 
Араға  жыл  салып  жазған  «Бұлтсыз  күнгі  найзағай»  (1965)  повесі  кезінде  жастар  өмірін, 
махабаттын,  ерлік  ісін  көрсетеді  деп  бағаланған  болатын.  Тың жерді игеру  науқанындағы  жастарды, 
еңбек  адамдарын  суреттеген  бұл  повесттің  айтпағы  арыда,  яғни,  «Бұлтсыз  күнгі  найзағайда».  Бір 
сәттік  көрініспен-ақ  (эпизодпен)  көп  сырды  ашуға  тырысу  –  жанама  кейіпкер  Элеонораның  ісінен, 
сөзінен  көрінеді.  Кезінде  НКВД-де  машинистка-секретарь  болып  істеген  ол  «он  жылға»  дегеннің 
орнына «атуға» деп теріп жібереді. 
«Жүгіріп бастыққа кірдім. 

Кешіре көріңіз, қате кетіпті! – деп қалшылдап тұрмын. 

Қандай қате! – деп атып тұрды. 

Он жылдың орнына ату болып кетіпті! 

Ха-ха! – деп күлді бастық. 
Зәрем зәр түбіне кетті. 

Бикеш, одан қорықпа. Бара берсін! 

Қалайша ... 
- Ештеңе етпейді, бара берсін! Қайта қол қойып жүретін жайым жоқ». [5. 82-83] 
«Белгісіз  солдаттың  баласы»  (1965)  алғаш  «Жұлдыз»  журналында  жарияланып,  1966  жылы 
«Жазушы» баспасынан жеке кітап болып шықты да, орыс тіліне аударылды. Мұндағы негізгі кейіпкер 
Исатай  40  жылдары  дүниеге  келіп,  әке-шешеден  жетім  қалып,  ата-әжесінің  қолында  өседі.  Қай 
уақытта  да  жетімдердің  тағдыры  оңай  болмайтыны  белгілі.  Нариман  әкесінің  кім  екенін  де  білмейді. 
Жазушы әкесін көре алмаған бала жүрегіндегі тебіреністі латыш жігіті Ричардстың белгісіз солдаттың 
қабірінен бір уыс топырақты алып келуімен, оны «тұмардай» сақтаған Исатайдың сол солдат қабіріне 
Қазақстанның  бір  уыс  топырағын  апарып  салғысы  келуімен  шынайы  бейнелеуге  ұмтылады.  Адам 
жүрегін  тебірентер  мұндай  нәзік  сезім  әкесін  бір  көру  арман  болған  сол  ұрпақ  өкілдеріне  тән  болса 
керек. Автор Исатай бейнесін оның өміріне шегініс жасау арқылы ашады. Монологты сәтті пайдалану 
да кейіпкер бейнесін толықтырар әдістің бір түрі [6. 157-159]. 
Алғашқы повестерінде тың және тыңайған жерлерді игеру науқанындағы жастар мен адамдар 
арасындағы  кіршіксіз  сезім  мен  опасыздық,  адалдық  пен  жауыздық,  бақталастық  пен  күншілдік, 
тоғышарлық  пен  қанағатшылдық,  қатыгездік  пен  мейірім  сынды  әр  алуан  сезімдер  арқылы 
адамгершілік мәселесін көтере білген жазушы енді Ұлы Отан соғысы жылдарындағы тыл өмірін қазақ 
әдебиетінде бейнелеуге бет бұрды. 
Шерхан  Мұртазаның  шығармашылығындағы  орны  ерекше  повесттің  бірі  –  «Мылтықсыз 
майдан» (1968). Алғашында «Жұлдыз», кейін «Простор» (1969) журналдарында жарияланған шығарма 
сол  жылы  жеке  кітап  болып  шықты  да,  кейін  орыс,  татар,  молдован  тілдеріне  аударылды.  Бұл 
повестте  жазушы  көркемдік-эстетикалық  бағыттағы  жаңа  ізденістер  тапты.  Тылдағы  бір  ауылдың 
тыныс-тіршілігі  мен  сол  тұстағы  қазақ  ауылдарының  жай-жапсарын  көрсеткен  жазушының  әрбір 
кейіпкері  –  типтік  характер.  Повесттің  жетістігі  –  бүкіл  елдегі  тыл  өмірін  бір  ауыл,  тіпті  бір  отбасы 
төңірегінде  көрсете  білу.  Жазушының  тіл  жағынан  өсіп  қалғандығын  кейіпкер  сөзініен  де  көруге 
болады. 
 
Пайдаланылған әдебиеттер: 
1.  http://kk.wikipedia.org/wiki/  Қазақша википедия – Повесть деген не? 
2.  Байтұрсынұлы А. «Әдебиет танытқыш» Алматы: «Атамұра» 2003  

117 
 
3.  Қазақ әдебиеті тарихы. 9 т. Алматы: «ҚазАқпарат», 2005 
4.  Мұртаза.Ш. Алматы: «Қазығұрт» 2002. Т.4.  
5.  Мұртаза. Ш. Таңдамалы 1-том. Алматы: «Жазушы», 1982  
6.  Мұртаза. Ш. Таңдамалы 2-том. Алматы: «Жазушы», 1982 
 
Резюме  
Эта  статья  написана  в  целях  раскрыть тему и  главную  идею  повестей известного  казахского 
писателя  Ш.  Муртаза.  В  начале  статьи  написано  обьяснение  на  тему  «повесть»,  за  тем  в  статье 
говорится о том как Ш. Муртаза используя своих главных героев описывает истину того времени. 
 
Summary 
This  article  was  written  to  reveal  the  theme  and  main  idea  of  stories  known  Kazakh  writer  S. 
Murtaza. At the beginning of this article was written explanation on the "story", for the same article states 
that both S. Murtaza using their main characters describes the truth of that time.
 
 
 
КРЕДИТТІК ОҚЫТУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ СТУДЕНТТЕРДІҢ ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ӘРЕКЕТІ 
 
Ш.И.Исмуратова, 
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің магистранты 
 
Қазіргі    таңда  кредиттік  оқыту  жүйесі  эксперименттік  режимде  жүргізіліп  жатқан  еліміздің 
жоғары  оқу  орындары  шетел  және  еліміздегі  ЖОО  тәжірибелерін  зерттеп,  оқу  пәндері  мен 
бағдарламалары бойынша кредиттерді анықтағанда мынадай «шарттарын» қолданады: 
1) 
кредиттік жүйені ендіру тәжірибесін зерттеу; 
2) 
басқарушы кадрлар мен профессорлық-оқытушылар кұрамын даярлау; 
3) 
кредиттік жүйеге сай келетін оқу-әдістемелік және техникалық қамтамаларды әзірлеу; 
4) 
2004  жылдың  1  қыркүйегінен  бастап  бакалавриаттың  жекелей  бағыттары  бойынша 
эксперимент түрінде енгізу; 
5) 
кредиттік 
оқыту 
технологиясы 
бойынша 
бакалаврларды 
даярлау 
нәтижесін зерттеу, талдау, қорытындылау және басқа факультеттерде қолдану туралы шешім. 
Жоғары  мектептегі  осы  үдеріс  кезең  бойынша  ғана  емес,  сараланып  та  жасалуда.  Бірінші 
кезекте  кредиттік  жүйеге  еліміздің  ірі  классикалық  университеттері  өтті,  ал  кішігірім  классикалық 
және салалық университеттердің бұрынғы жүйеде дамып немесе біртіндеп өтті. Бұл білім алушыларға 
жергілікті  өнеркәсіп  пен  ауыл  шаруашылығына  маман  даярлайтын  дәстүрлі  оқу  орнына  немесе 
халықаралық  еңбек  нарқында  сұранысқа  ие  болатын  мамандарды  даярлайтын  жоғары  оқу 
орындарына түсуді таңдауға мүмкіндік береді. 
Кредиттік  оқыту  жүйесі  жағдайында  оқу  үдерісін  ұйымдастырудың  негіздері  Н.Асанов, 
Г.К.Ахметова,  К.Уразаева,  А.Атыханов,  М.К.Баймырзаева,  А.А.Құсаинов,  С.А.Заурбеков,  Г.Р.Зинурова, 
С.Б.Идрисова,  Н.Ю.Кифик  еңбектерінде  қарастырылды.  Х.Рахимбектің  еңбектері  кредиттік  жүйені 
ендіруде  шетел  тәжірибесін  ескеру  қажеттігіне  арналды.  Оқу  үдерісі  кредиттік  оқыту  жүйесі 
жағдайында  ұйымдастырылған  еліміздің  басқа  да  ЖОО-ның  ғалымдары  мен  оқытушыларының  осы 
оқыту жүйесіне қатысты семинарлардағы, конференциялардағы жұмыстары арналды. 
Кредиттік  жүйенің  негізі  ережелері,  терминдердің  түсіндірмелерін  айқындап  қана  қоймай, 
бакалавриат  пен  магистратурадағы  мамандықтардың  жалпы  сипаттамалары,  магистранттарды 
дайындаудың  негізгі  міндеттері мен  білім  беру  бағдарламалары,  олардың міндеттері  мен  құқықтары, 
оқу  үдерісін  жоспарлау  және  ұйымдастыру,  аттестациялау,  бақылаудың  түрлері,  бағалау  және 
бағаны есептеу әдістемесі, оқудан шығару, ауысу және т.б. туралы нақты оқу  орнының  мысалында 
келтірілген  бұл  еңбектердің  кредиттік  жүйеге  ауысудың  бастапқы  кезеңінде практикалық  маңызы 
зор болды . 
Біздің еліміздегі ЖОО-да қолданылатын 
кредит - білім алушының және оқытушының оқу жұмыс 
көлемін  өлшейтін  сәйкестендірілген  бірлігі.  Бір  кредит  білім  алушының  семестр  бойына  (15  апта) 
аптадағы аудиториялық жұмысының академиялық бір сағатына тең. Бір аудиториялық сағатқа міндетті 
түрде бакалавриатта 2 сағат, магистратурада - 3 сағат өзіндік жұмыс ілесе жүргізіледі. 
Кредиттік  оқыту  жүйесінің  функциясы  тек  білім  ауқымын  кредиттер  түрінде  есепке  алу  ғана 
емес, ол: 

 
білім 
 
сапасын 
 
қамтамасыз 
 
ету 
құралы, 
 
өйткені 
 
кредит-сағат 

студенттің  оқу  жұмысын  өлшеудің  негізі  бірлігі  ғана  емес,  сондай-ақ,  оның  нақты  білім  беру 
бағдарламасы бойынша оқу жоспарын орындағанының көрсеткіші; 

СӨЖ-ді 
ұйымдастырудың 
құралы, 
себебі 
ол 
студенттерді 
семестр 
бойы 
оқуға 
мәжбүрлейді, 
өз 
бетінше 
жұмыс 
істеуге 
ынталандырады, 
әрі 
курс 

118 
 
бойынша 
жинаған 
бағаның 
60-80 

ағымдық 
және 
аралық 
бақылаудың 
нәтижесінен тұрады; 

студенттердің 
тәртібіне, 
тәрбиесіне 
әсер 
ету 
құралы, 
өйткені 
ол 
студенттерді сабақты босатпауға, СӨЖ-ді уақытында тапсыруға мәжбүрлейді; 

оқыту 
әдістемесін 
бағалаудың 
құралы, 
өйткені 
оқытушының 
оқу 
үдерісінде 
түрлі 
әдістерді, 
өзіндік 
жұмыс 
түрлері 
мен 
формаларын 
тиімді, 
үйлесімді қолдануының нәтижесін көрсетеді: 

сонымен 
бірге 
кредиттік 
оқыту 
жүйесінің 
оқу 
орындарына 
түрлі 
қаржылық,      ұйымдастырушылық,     
технологиялық     
проблемаларды      шешуге 
мүмкіндіктер беретіндігі анықталды. 
Жаһандану  үдерісі  жағдайында  әлемдік  білім  беру  кеңістігіне  қосылу  және  халықаралық  білім 
беру  стандарттарына  жақындау  міндетін  жүзеге  асыру  үшін  еліміздің  білім  беру  жүйесі  кредиттік 
технологияны  енгізумен  қатар,  отандық  алдыңғы  қатардағы  тәжірибелер  мен  дәстүрлерді,  жеке 
тұлғаның  мүддесі  мен  қабілетін  ескере  отырып,  бағдарламалардың  алуан  түрлері  мен  формаларын 
қолдануда. 
Кредиттік  оқыту  жүйесі  жағдайында  болашақ  мамандардың  белсенділігі  мен  дербестілігі 
өзіндік  жұмысты  ұйымдастыру  түрлерімен,  өзіндік  жұмыстар  арқылы    қалыптасатын    танымдық    іс-
әрекет  мазмұнымен  байланысты.  Біз студенттердің аудиториялық сабақтар барысында және одан 
тыс  жүргізілетін  өзіндік      жұмыстарын      танымдық      іс-әрекетті      белсендіру      құралы      ретінде 
қарастырамыз.  Болашақ  мамандардың        оқу  материалдарын  белсенділікпен,  мақсатты  түрде  оқу 
барысында өзін-өзі  басқару  мен өзіндік бақылаудың  әдіс-тәсілдерін игеруін олардың оқу ісіндегі негізгі 
және  жетекші    форма  деп  білеміз.  Біздің  пікірімізше,  кредиттік  оқыту  жүйесінде  ғылыми-зерттеу 
әрекетін  қалыптастыру  -     оқу  үдерісінде      оқытудың  дәстүрлі таңдамалы  әдістері мен инновациялық 
оқыту  технологияларын  тиімді  ұштастыра  отырып,  -  болашақ  мамандардың  білім  деңгейін 
шығармашылық деңгейге жоғарылату. 
Кредиттік  оқыту  жүйесіне  өту  студент  пен  оқытушы  арасында  жаңа  білімді  игеру  барысында, 
сенімді қарым-қатынастың қалыптасуын талап етеді. Оқытушы студент  үшін  тек  ақпарат  көзі  ғана  
емес,  ол  студенттің  қажетті ақпаратты іздеп тауып, саралап іс жүзіне пайдалануға үйретуші маман 
болуы  керек.  Сондықтан  оқытушылардың  оқу  пәніне,  оқу  үдерісін  ұйымдастыруға  деген 
жауапкершілігін арттыруы қажет. 
Бұл жүйе студент қабілеті мен еңбекқорлығына лайық әмбебап жүйе болып табылады. Мұндағы 
басты ерекшелік аудиториялық сабақтар мен студенттердің өздігінен орындайтын жұмысына бөлінген 
сағаттардың  тепе-теңдігінің  салдарынан  студенттердің  өз  бетінше  ізденуге  қарай  ұмтылысының 
арттыратындығында.  Бірақ  бұдан  оқытушы-профессорлардың  міндеті  азаяды  деген  ұғым  тумайды. 
Қайта керісінше бұл жүйе оқытушылардан терең білім-білікті, озық әдістеме мен жауапкершілікті талап 
етеді. Өйткені студенттерді өз бетінше ізденуге жетелеу үшін оларға өзінше тапсырмалар жүйесі мен 
жаттығулар, тест сұрақтарын, жоба өткізу үлгілерін т.б. толып жатқан жұмыс түрлерін ұсынуға, бағыт-
бағдар  беруге,  көмектесуге  және  өздігінен  орындайтын  жұмыстарының  орындалуын  қадағалауға, 
тексеруге сөйтіп қорытындысын шығаруға тура келеді. Сондықтан студенттердің өздігінен орындайтын 
жұмыстарын  міндетті  түрде  білім  білігі  жоғары,  шебер  әдіскер  оқытушы-профессорлар  жүргізгені 
абзал. 
Жоғары оқу орнында кредиттік оқыту жүйесі бойынша оқу үрдісін ұйымдастыру, студенттің оқу 
жылына  арналған  білім  кеңістігін  қалыптастырып,  кәсіби  маман  болып  шығуында  маңызды  роль 
атқарады. 
Оқу үрдісін ұйымдастыруға – студенттің белгілі академиялық кезең ішіндегі оқу пәндері бойынша 
білім  алуы  мен  бақылау  іс-шаралары  жиынтығы  кіреді.  Жоспарланған  іс-шаралар,  оларды  өткізу 
мерзімі студенттің оқу орны басшысы бекіткен академиялық күнтізбесінде көрсетіледі. 
Оқу  үрдісін  дұрыс  ұйымдастыру  маңызды  роль атқарады.  Кредиттік  оқыту  жүйесі  бойынша оқу 
үрдісін  ұйымдастыру  бүкіл  оқу  кезеңіне  білім  кеңістігін  анықтауда  студенттің  қатысуын;  оқу 
жоспарында көрсетілген пәндердің белгілі бір бөлігі мен тьюторларды таңдау еркіндігін; академиялық 
кеңесшілер қызметтерінің енгізілуін (эдвайзерлер және тьюторлар); студенттердің білімін бағалау үшін 
балдық-рейтингтік жүйенің пайдалануын көздейді. 
Оқу  үдерісі  студентке  мамандық  бойынша  жалпыға  міндетті  мемлекеттік  білім  беру  стандарты 
талаптарына  сәйкес  оқу  пәндерінің  теориялық  материалдары  мен  кәсіби  практикада  тәжірибе 
жинақтауға  қажетті  жағдай  туғызу  үшін  ұйымдастырылып,  кредиттік  оқыту  жүйесінің  мынадай 
ерекшеліктеріне сай жүргізіледі: 
1. 
Студенттің жеке оқу жоспарын құру тәртібі туралы ереже 
       Жеке  оқу  жоспары  (Individual  Academic  Program)  -  әр  студенттің  оқу  жылына  арналған  білім 
кеңістігін айқындайтан басты құжат. 

119 
 

студенттің  жеке  оқу  жоспарын  құруын  офис-тіркеуші  мен  деканат  эдвайзерлер  көмегімен 
жүзеге асырады; 

студенттің жеке оқу жоспары оқу пәніне жазылу нәтижесінде қалыптасады; 

оқу пәндері міндетті және элективті (таңдау) болып бөлінеді; 

студент жеке оқу жоспарын құру барысында типтік оқу жоспарында көрсетілген міндетті оқу 
компоненттерін көрсетілген семестрлер бойынша оқуға міндетті; 

элективті оқу пәндерін болашақ кәсіби мамандығының ерекшелігіне қарай таңдайды; 

студент жеке оқу жоспарын құру барысында әр оқу пәні бойынша білім беруші тьюторды да 
таңдау құқығы бар;  

пән  тьюторын  таңдау  оқытушының  білімділігі  мен  кәсіби  шеберлігі,  жеке  басының 
адамгершілік қасиеті басты критерий болып табылады; 

студенттің жеке оқу жоспарын құруы оқу жылына арнап жүргізіледі; 

әр студент пән таңдау мен тьютор таңдау өтінішін өзі толтыруы тиіс; 

студенттің жеке оқу жоспарын құру мерзімі академиялық күнтізбеде көрсетіледі; 

жаңадан  қабылданған  бірінші  курс  студенттері  үшін  жеке  оқу  жоспарын  құру  1  қыркүйекке 
дейін аяқталуы керек; 

2 және жоғары курс студенттері жаңа оқу жылына арналған жеке оқу жоспарын эдвайзер 
көмегімен 1-15 сәуір аралығында құрып, 25 сәуірге дейін офис-тіркеушіге тапсыруы керек; 

2  және  жоғары  курс  студенттері  25  тамызға  дейін  жеке  оқу  жоспарына  өзгеріс  енгізе 
алады; 

студент  жеке  оқу  жоспарына  енгізетін  өзгертулер  туралы  өтініш  офис-регистрацияға 
(деканатқа)  береді  .Қазіргі  танда  Қазақстанның  көпшілік  жоғары  оқу  орындарында  жаћандану 
үрдісінің талаптарына лайық пайдаланылып жүрген жоғарыда көрсетілген ереженің мазмұнын талдай 
келе  біз  мынадай    қорытындыға  келдік. 
Біріншіден  жаңа  оқу  жүйесінің  демократизациялану  мен 
гуманизациялануға бағытталғандығын көрсетеді. 
Екіншіден кредиттік оқу жағдайындағы оқу үрдісінің 
бұрынғы  дәстүрлі  жүйеден  педагогикалық-психологиялық  тұрғыдан  қарағанда        ұйымдастырылуы,    
оқу-әдістемелік,        бақылау        және          қадағалау  жүйесінің  мүлдем  басқаша  екендігін  байқатады. 
Үшіншіден  оқу  үдерісінде  бұрын  соңды  аса  мән  берілмеген  оқытушы  мен  студенттің,  студентпен  - 
студент арасында сенім мен ынтымақтастық, диалогтық және мәдени қарым-қатынастын қажеттілігін 
аңғартады. 
Төртіншіден  оқу  үрдісінде  студенттерге  қойылатын  талаптардың  жан-жақты  екендігін 
байқауға  болады,  атап  айтқанда  студенттерді  өздігінен  іздене  білуге,  шығармашылықпен  жұмыс 
істеуге  дағдыландыратын  жүйе  болып  табылады. 
Бесіншіден  оқу  үрдісінің  субъектілерінің  атқаратын 
қызметіне  байланысты  жаңаша  атауларын  көрсетеді  (мысалы,  оқытушы-тьютор,  эдвайзер,  офис-
тіркеуші және т.б.).  
    Сонымен,  кредиттік  оқыту  жүйесінің  көздеген  мақсаты  ұлттық  білім  беру  бағдарламаларының 
халықаралық  деңгейде  мойындалуын  қамтамасыз  ету,  оқушылар  мен  оқытушылардың  ынтасын 
арттырып,  күш-жігерін  білім  сапасын  көтеруге  жұмылдыру.  Мұнда  басты  назар  студенттердің  білім 
деңгейін  бақылау  мен  дұрыс  бағалауға  бағытталған,  сонымен  қатар  студенттерге  білім  алу 
траекториясында  қойылатын  талаптар  нақты  анықталып  көрсетілген.  Кредиттік  оқыту  жүйесіндегі 
студенттердің  білім  деңгейін  жүйелі  тексерумен  бағалау  мынадай  жаңа  ережелер  бойынша  жүзеге 
асырылады. 
 
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 
1.  Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министірінің 2005 жылғы №753 бұйрығымен бекітілген 
эксперимент режимінде іске асырылатын оқыту жүйесі туралы ереже. - Алматы, 2005. -  28 б 
2.  Омирбаев С.М. Кредитная система обучения.- Алматы, КазГосЖенПИ. 2005. - 50 с. 
3.  Қараев Ж.А. С. К. Касенов Кредиттік оқыту жүйесі бойынша оқу үрдісін ұйымдастыру ережелері. – 
Алматы, 2006.- 49 б. 
 
Резюме 
 
В 
этой 
статье 
рассматривается 
научно-исследовательская 
деятельность 
студентов 
обучающихся по кредитной системе обучения. 
Summary  
This article discusses the research activities of students enrolled in the credit system of education.  
 
 
 
 
 
 

120 
 
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ПРОЦЕСТЕ ОҚУШЫЛАРДЫ БЕЙІН ТАҢДАУҒА  
ДАЯРЛАУДЫҢ МАҢЫЗДЫ АСПЕКТІЛЕРІ 
 
Г.Ө. Букарбаева, 
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің магистранты 
 
Қазіргі  мектептер  кеңес  уақытындағы  дәстүрді  жоғалтуда,  яғни  оқушылармен  кәсіби  бағдар 
жұмысын жүргізу мынадай сипатқа ие болған: сабақтарда қазіргі мамандықтар туралы бейін бойынша 
әңгімелер  жүргізілмейді,  өндірістік  орындар  мен  фирмаларға  экскурсиялар  жасалмайды,  өз 
мамандықтарында  жетістіктерге  жетіп  жүрген  тұлғалармен  кездесулер  ұйымдастырылмайды.  Бүгінгі 
күнде кәсіби бағдар жұмысын тек ЖОО-ы мен орта кәсіптік оқыту мекемелері ғана мектептерде  әңгіме 
жүргізіп,  ашық  есік  күндерін  ұйымдастырумен  айналысады.  Бұдан  студенттердің  сапалы  құрамы  мен 
кәсіби білімнің сапасы зардап шегуде. 
Бейіндік  орта  мектептерде  оқытудың  екінші  сатысында  оқу  жоспарына  американдық 
мектептердегідей  кәсіби  бағдар  бойынша  кеңестер  мен  «Бейіндік  мамандыққа  кіріспе»  курстарын 
енгізуді  қарастыру  мүмкіндігі  бар.  Бұл  сабақтарда  оқушылар    таңдалған  бейіндік  оқытудың  жақын 
мамандықтарының спектірі  туралы ақпарат алады және өзінің шынайы жұмыс орнын елестетіп, өзінің 
кәсіби  қызығушылығы  бойынша    жұмыстанып  көруге  мүмкіндік  алады.  Мысалы,  «Жаратылыстану» 
сыныбы  «Бейіндік  мамандыққа  кіріспе»  сабағында  белгілі  бір  бейіндегі:  медицина,  ветеринария, 
әлеуметтік  қызметкер,  агрономия,  зоотехника  және  т.б.  мамандықты  кәсіби  сынақтан  өткізеді. 
Қоғамдық-гуманитарлық  бағыттағы  сынып  осы  бейін  бойынша  журналистика,  тележурналистика, 
филология, археология, тарих, саясаттану және т.б. барлық мамандықтар туралы ақпарат алады. 
Кәсіби  бағдар  курстарын  енгізудің  мақсаты:  оқушыларды  мамандық  әлемі  туралы  түсінік 
қалыптастыру,  кәсіби  өзіндік  анықталуға  дайындық  және  өзін-өзі  бақылау  дағдыларын  дамыту, 
шығармашылық  қабілеттерді  дамыту,  осы  бейін  бойынша  барлық  мамандықта  да  өзінің  мүмкіндігін 
сынату. 
Бұл  курстарда оқу  аспектілері: мамандықтың  даму тарихы, тарихтағы танымал  тұлғалар,  осы 
мамандық  бойынша  маманның  тұлғалық  және  кәсіби  сапалары,    экскурсия,  мамандықты 
шығармашылық  презентациялау,  мәселені  зерттеу,  жобалар  қорғау,  шығармашылық  тренингтер, 
ойындар. 
Қызығушылығын,  қабілеттерді,  ұмтылыстарды,  жеке  ерекшеліктерді  және  бейінді  таңдауда 
соңғы  шешім  қабылдауға    дайындығын  диагностикалау  үшін  мектеп  психологтары  қатысады.  Олар 
тесттерді қолдануы мүмкін. 
Алайда  таңдау  жасауда  оқушы  соңғы  шешімді  өз  бетімен  қабылдайды.  Осы  психологиялық-
педагогикалық  қолдаудың  арқасында  баланың  басты  тұлғалық  мәселесі  анықталады.  Бұл  мәселені 
бала  педагогтың  жанама  қатысуымен  шешеді.  Бұл  жағдайда  бала  өзінің  әрекетінің  нәтижесі  үшін 
жауапкершілікті  педагогтың,  ата-аналар  мен  жақындарына  жүктемей,  өз  мойнына  алады.  Өзінің 
мәселесін  сәтті  шешкен  ол  өзінің  өмірлік  әрекетінің  субъектісіне  айналады.  «Өзін-өзі  ашу»  кезінде 
болатын  өзін-өзі  дамыту  мүмкіндігін  белгілеу  даму  жағдайын  өзгертеді.  Жасөспірім  өмірлік 
жағдаяттарды  меңгеріп  қана  қоймай,  сонымен  бірге  оның  жасаушысы  болуға  ұмтылады.  Тәрбие 
жұмысын  жүзеге  асыру  барысында    баланы  өнегелі,  эстетикалық,  таным  құндылықтарының  әлеміне 
араластырудан жасөспірімнің өзінің жеке өмірлік жағдаяттарын жасаушысы ретінде ұғыну үшін жағдай 
жасауға саналы түрде ауысады. 
Еркін  жеке  таңдауды  қамтамасыз  ету  үшін  іс-шара  жүйесі  ретінде  қарастырылатын  жүйелі 
кәсіби бағдарлы жұмыс қажет:  
-  шындықтың  әр  түрлі  жақтарына  субъектілікті,  мақсаттылықты,  мотивті,  құндылықтарды, 
тұлғаның бағдарын анықтау және қолдау үшін; 
-  өзінің  тұлғалық  кәсіби  жоспарының  қалыптасу,  кәсіби  өзін-өзі  анықталу  дайындығының 
деңгейін ұғыну үшін; 
-  өзін-өзі жүзеге асыру және тұлғалық өсуіне қажет жағдай жасау үшін. 
 
 
Кәсіби  бағдар  жұмысының  ақырғы  мақсаты  –  кәсіби  өзін-өзі  анықталуда  психологиялық-
педагогикалық көмек көрсету. 
Кәсіби бағдар жұмысы үш кезеңге бөлінеді: 
1. 
Кіріспе  –  бейіндік  бағдардағы  жақын  мамандықтар  тобының  алдын  ала  кәсіби  өзіндік 
анықталу және бейіналды дайындық кезеңі (негізгі мектеп). 
2. 
Негізгі  –  болашақ  кәсіби  іс-әрекеттерді  жобалық,  зерттеу,  шығармашылық  жобалау  кезеңі 
(орта мектептің жоғары сатысы). 
3. 
Қорытынды – мамандықты өз бетімен соңғы таңдау жасауға дайындық кезеңі (соңғы кезең). 
Негізгі  мектепте  мемлекеттік  стандартқа  сәйкес    оқушылардың  оқу  бейінін  саналы  таңдауға 
дайындықты жүзеге асыратын мектептің психологиялық-педагогикалық, ақпараттық, ұйымдастырушы 
іс-әрекеттің жүйесі ретінде бейіналды дайындық енгізіледі. 

121 
 
Бейіналды  дайындық  мақсаты  –  туыс  мамандықтар  тобының  кәсіби  өзіндік  анықталуын 
қамтамасыз ету. 
Бейіналды дайындық қамтамасыз етеді: 
-  оқу бейінін таңдауда өзінің қабілетін бағалау дағдысын қалыптастыруды; 
-  қабілет пен қызығушылықтар және даму деңгейіне сәйкес бейін таңдауды жүзеге асыруды. 
Сонымен, бейіналды дайындық құрылымы тұрады: 
  кәсіби  ағарту  -  әр  түрлі  мамандықтар,  олардың  ерекшелігі  туралы  мәлімет  беру,  осы 
мамандықтар  тарапынан  адамдарға  қойылатын  талаптарды  сипаттау.  Бұл  жағдайда  кәсіби  бағдар 
«Бейіндік мамандықтарға кіріспе» курсын енгізу арқылы жүзеге асырылады; 
  кәсіби  насихат  –  қоғам  сұраныстарына  ие  мамандықтарға  жағымды  мотивацияның 
қалыптасуы («Бейіндік мамандыққа кіріспе», «Технология» курстары, экскурсия, кездесу, презентация 
және т.б. іс-шаралар көмегімен); 
  кәсіби  диагностика  –  кәсіби  сұраныстардағы  кәсіби  маңызды  сапалардың  жеке 
ерекшеліктерін психологиялық зерттеуге бағытталған іс-шаралар. Кәсіби бағдар,  кәсіби таңдау және 
оқыту  мен  тәрбиенің  тиімділігін  арттыру  мақсатында  тұлғаны  зерттеу  (анкеталау,  әңгімелесу, 
шығарма,  тестілеу,  бақылау,  пән  мұғалімдерінің,  ата-аналар  мен  қосымша  білім  беруді 
ұйымдастырудың ұсыныстары); 
  кәсіби  кеңес  беру  –  мамандық  немесе  іс-әрекеттің  қалаулы  түрінің  жоспары  бойынша 
оқушылар  мен  психологтардың,  пән  мұғалімдерінің,  ата-аналар  мен  тьюторлардың  ортақ  іс-әрекеті, 
белгілі бір іс-әрекет түріне қатысты өзінің қасиеті мен сапаларын бағалау. 
Мектептерде  кеңінен  қолданылып  жүрген  кәсіби  бағдардың  түрі  «Технология»  білім  беру 
саласы болып табылады. Бұл кәсіби және өмірлік өзіндік анықталудың маңызды құралы, өйткені оның 
зерттеу  пәні  материалдық  жағдай  және  материалдық  емес  құндылықтарды  өңдірудегі  адамның  іс-
әрекеті  болып  табылады.  «Технология»  курсын  игере  отырып,  оқушылар  өздерінің  жасаған 
таңдауларының  дұрыс  және  негізді  екеніне  көз  жеткізеді,  өйткені  курс  барысында  «Кәсіби  өзіндік 
анықталу» бөлімі оқытылады. Мамандық әлемі туралы негізгі ой ерте қалыптасады, бірақ бұл курста 
оқушы  белгілі  бір  мамандыққа    сұраныс  деңгейі,  алуантүрлілігі  туралы  ақпарат  алады  және  өзін 
материалдық  қамтамасыз  ететін,  кәсіби  жағынан  өсуіне  мүмкіндік  беретін  және  қанағаттандыратын 
болашақ мамандығы анықталады. 
Бейіналды  дайындық  сыныптарында  кәсіби  бағдар  бағытын  таңдау  бойынша  бағдарланушы 
курстары болу керек, мысалы, қоғамдық-гуманитарлық бейін үшін: «кәсіби-педагогикалық іс-әрекеттің 
негізі», «ғылыми зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру», «Адам және саясат», «Дипломат», «Адам және 
дәуір», «Мектеп редакторы», «Мұғалім», «Туған жердің табиғаты». 
Жаратылыстану-математикалық  бейін  үшін  кәсіби  бағдар  бағытын  таңдау  бойынша  курстар: 
«Биофизика: тарихы, ашылулар, қазіргі жағдайы», «Ғарыш негіздері», «Қаржы – экономикалық әрекет 
негіздері»,  «Инженерлік  әрекеттің  негіздері»,  «Экономика  негіздері»,  «Қоршаған  орта  бойынша 
менеджер»,  «Көлік  менеджері»,  «Жарнаманы  орнату  бойынша  эксперт»,  «Нарық  зерттеушісі», 
«Медицина және біз», «Информатика әлемі». 
Сондықтан  да,  «Технология»  білім  беру  саласында  ұсынылған  «Бейіндік мамандыққа  кіріспе» 
курсы  бейіналды  дайындық  болып  есептеледі.  Жоғарғы  мектепте  бейін  және  негізгі  сатыда 
бейіналдыны таңдау кейбіреулері үшін орта немесе бастауыш кәсіби білім беру мекемелеріне, ЖОО-на 
түсу кезіндегі мамандықты таңдауды білдіреді. 
Кәсіби  бағдар  сипатындағы  курс    қатысуға  міндетті  сабақтары  бар  бейіналды  кезеңдердегі 
вариативті  компоненттерінен  орын  алу  қажет,  бірақ  олар  қосымша  білім  беру  жүйесінің  ресурстары 
бар театралды студия, секция және үйірме сипатындағы курстар болмауы қажет. Олар бейіналды орта 
мектебінің шығармашылық және мансапты дамыту орталығына енеді. 
Бейіналды  дайындықта    сыныптан  сыныпқа  ауысу  жағдайы  типтік  оқу  жоспарындағы  жеке 
компоненттерде  қарастыратын  жеке  кеңес  беруді  ұйымдастыру  арқылы  оқушыны  алдын  ала 
дайындаумен шешіледі. 
 
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 
1.  Қазақстан  Республикасының  2002  жылғы  жалпы  орта  білім  берудің  мемлекеттік  жалпыға 
міндетті стандарты. -Астана, 2002. -41 б. 
2.  Рахимжанов  А.М.  Профильное  обучение:  проблемы  перехода  и  создание  эффективной 
образовательной среды //Білімдегі жаңалықтар. -№1, 2006. 
3.  Мұқатаев А.А. Бейіндік оқытуды ұйымдастыру. -Қарағанды: ҚарМУ , 2007. -103 б. 
Резюме 
В  этой  статье  рассматриваются  особенности  подготовки  учащихся  к  выбору      профильного 
обучения в педагогическом процессе. 

122 
 
Summary  
This article considers pedagogical peculiarities of using  pedagogical methods in profile teaching. 
 
 
ПЕРСПЕКТИВЫ РАЗВИТИЯ КАЗАХСТАНСКОГО РЫНКА ЦЕННЫХ БУМАГ 
 
Чектиева М.С.,
 магистрант АГУ им Х.Досмухамедова 
 
Казахстанский  рынок  ценных  бумаг  постепенно  развивается  и  принимает  более 
цивилизованный облик, чем первоначальное хаотическое состояние. 
Несмотря  на  все  проблемы  и  диспропорции,  фондовый  рынок  Казахстана,  как  важнейшая 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет