Б. Б. Мамраев- филология ғылымдарының докторы, профессор



Pdf көрінісі
бет10/27
Дата12.03.2017
өлшемі9,7 Mb.
#8960
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   27

Әдебиеттер: 
1.  Артомонов М.И.  Происхождение скифского искусства. СА.   М.,1968. №4. 
2. Андриенко В.П.   Новые раскопки у с. Пожарная Балка. АО, 1977. М., 1978.     

60 
 
3 . Вязьмитина М.И.  Ранние памятники скифского звериного стилья. СА.  М., 1963.  №2. С.158.  Рис. 
2,3, 5,6,7. 
4.Граков Б.Н. Пережитки матриархата у сарматов.-ВДИ, №3,1947; с.109-110. 
5. Қиясбек Ғ.Қ.  Ежелгі көшпелілер өнеріндегі грифонның қазақ Мифологиясындағы жаңғырықтары. // 
Қазақстан  Республикасы  тәуелсіздігінің  10  жылдығына  арналған«Тәуелсіз  Қазақстанның  археология 
ғылымдарының  жетістіктерімен  келешегі»  тақырыбы  бойынша    Халықаралық  Марғұлан  оқуларының 
еңбектері. Қызылорда 2001.  91  б.;   Акишев А.К. Исскуство и мифология саков. А., 1984.; Ертегілер. 
А.,  1988.       1-4 т.;     Марғұлан Ә.Х.   Ежелгі  жыр-аңыздар.  А., 1985.;  Самашев  З.С.,        Базарбаева  Г.,  
Жұмабекова Г., Сұңғатай С.   Берел.   А., 2001. 
6.Лукьяшко  С.И.,  Головкова  П.Н.,  Обозный  В.И.,  Гамаюнов  А.К.      Раскопки  курганов  зоне 
стройтельства  Приморской оросительной системы. АО., 1977 г.   М., 1978.   с.127. 
7. Мошкова М.Г., Смирнов К.Ф.  Изучения сарматских памятников Приуралья. АО., 1965. М., 1966. с.98. 
8.   Петренко В.А.  Раскопки и разведки памятников ранне железного века в  Чечено-Ингушетии.  АО., 
1977 г.    М., 1978. с.137. 
9.  Смирнов К.Ф.   Савроматы. М., 1964. с.369. рис.77. 
10. Самашев З.С., Ахметкалиев Р.Б., Алтынбеков К.  Консервация и   реставрация  деградированной 
древесины Берельского кургана   №11.  А.,  2004. 
11. Су  Бэйхай.  Сақтар  мәдениеті. // Қазақ  мәдениетінің  тарихы. А.,1990. 25 бет. 
 
 
 
 
1- сурет.   Жолайшағыл   қабірі 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
                                  
                                   
 
 
 
 
2 сурет. Алтын алқа 

61 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
                                 
 
 
 
 
 
3 сурет.   Алтын сырғалар мен тұмар 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
4-сурет.   Көзе 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
                                           
 
 
 
 
 
 
 
 
  
 
5  сурет . Жолайшағыл қабірінің заттары 

62 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
   
              
 
6-сурет. Ақық моншақ 
 
                           
 
 
 
 
 
 
 
                                                 
  
              
                                       
 
 
 
                                    
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
7 сурет. Амфора 
 
       

63 
 
 
8 сурет.  Семсер 
                                         
Резюме 
  
 
 
В  статье рассматривается история сарматов Западного Казахстана 
 
Summary 
Article examines the history of the Sarmatians in Western Kazakhstan 
                  
 
ӨЗ ІСІНЕ АДАЛ, ЖАМАНДЫҚҚА ЖАНЫ ҚАС АДАМ ЕДІ... 
 
(Халық мұғалімі Шонбасов М.Ш. туралы) 
 
Г.Қ.Шұғаева,  
п.ғ.к., Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің аға оқытушысы 
 
       
Атырау өлкесінде халыққа зайырлы білім беру ісіне өлшеусіз үлес қосқан көрнекті мұғалімдер 
аз  болмаған.  Солардың  ішінде  менің  нағашы  атам-  Шонбасов  Мұхамеджан  Шонбасұлының  болғанын 
мен  мақтанышпен  айтамын.  Ол  сонау  жылдары  білімнің  бастауын  сол  кездегі  білімге  ұмтылған 
көптеген  жастар  сияқты  Орынбор  қаласындағы  екі  жылдық  мұғалімдер  дайындайтын  орыс-қырғыз 
училищесінен алды. Бұл мұғалімдер «двухклассниктер» деген атпен белгілі болды. Алғашында олар өз 
білімдерін  Гурьев  қаласында  ашылған  2 жылдық  орыс-қазақ  училищесінен  алған  еді.  Осы училищені 
бітіргендер арасынан кейін үкімет наградаларымен марапатталған Б.Исабаев, Қ.Қарашин, Қ.Абақанов, 
М.Шонбасов сынды аса көрнекті ұстаздар шыққан. 
 
2004  жылы  «Өлке»  баспасынан  шыққан  Атырау  облысы  мұғалімдері  энциклопедиясының  1-
томында  М.Шонбасов  туралы  төмендегі  мәліметтер  берілген:  «Шонбасов  Мұхамеджан  Шонбасұлы 
1887 жылы Қызылқоға ауданы Қарабау елді мекенінде дүниеге келген. Педагогикалық қызметін 1910 
жылы Орынбор қаласындағы екі жылдық мұғалімдер дайындайтын орыс-қырғыз училищесін бітіргесін 
бастаған.  1919  жылға  дейін  Қызылқоға  өңіріндегі  мектептерде  мұғалім    болған.  1919  жылы  Сағыз 
уездік  жер  басқармасына  сайланған.  1919-1927  жылдары  Кеңестік  мектептерде  мұғалім,  1927  жылы 
Қызылқоға  ауылдық  кеңесінің  төрағасы,  1928-1931  жылдары  аудандық    білім  бөлімінің  инспекторы, 
1931-1932  жылдары  Доссор  аудандық  білім  бөлімінің  инспекторы,    1932-1934  жылдары  Гурьев 
қалалық  ағарту  бөлімі  бастығының орынбасары,  1934-1937 жылдары  Ганюшкино орталау мектебінде 
мұғалім,  оқу  ісінің  меңгерушісі  қызметтерін  атқарды.  1937-1939  жылдары  Кеңестік  басқару  жүйесі 
тарапынан  жазықсыз  саяси  қуғын-сүргіндерге  ұшырағандар  қатарында  болды.  1939-1942  жылдары 
Балықшы  ауданы  Кеңөзек  орта  мектебінде  мұғалім,  1942-1943  жылдары  Ракуша  орталау  мектебінде 
оқу ісінің меңгерушісі, 1943-1948 жылдары Кеңөзек орта мектебінде мұғалім болды. Ұстаздық еңбегі « 
Ұлы Отан соғысы жылдарындағы айбынды еңбегі үшін» медалімен және «Қазақ ССР–нің  халық ағарту 
ісінің үздігі» белгісімен атап өтілді». Бұл мәліметтерден тыс біздің білетініміз: Шонбасов Мұхамеджан 
Шонбасұлы  Орынбор  мұғалімдер  училищесіне  түсіп  оқығанға  дейін,  сол  кезге  сай  үлкен  білім 
дайындығынан  өткен.  Ол  алғашқы  бастауыш  білім  негіздерін  1897  жылы  ашылған  Қарабау  «Қызыл 
үйінен»  алған.  Қарабау  «Қызыл  үйі»  патша  әкімшілігінің  пәрменімен  Қызылқоғада  ашылған  орыс 

64 
 
тілінде білім беретін үш  «Қызыл үйдің» бірі болатын. Патша өкіметінің Х1Х ғасырдың 60-жылдарында 
жүргізген  әкімшілік  реформаларының  бір  саласы  оқу-ағарту  ісі  болды.  Бұл  салада  патша  өкіметінің 
көздеген  мақсаты-қалың  бұқараны  басқару  үшін  бұрынғы  сұлтан,  би,  болыс  тұқымдарынан  гөрі 
жергілікті  халық  өкілдерінен  орысша  сауатты  ұсақ  шенеуніктерді,  аудармашыларды,  тілмаштарды 
дайындауды  көздеді.    Шонбасов  Мұхамеджан  бұл  мектепте  кейін  қалың  елге  танымал  болған 
азаматтар  Махамбетов  Ғабдолла,  Ұйықбаев  Әбіл,  Өстеміров  Аманғали,  Рабаев  Мұхамбет,    Есмұрзин 
Өмірзақтармен бірге оқып терең білім алды. 
 
Қарабау  «Қызыл  үйінде»  аталған  шәкірттерге  білім  берген  ұстаздардың  қатарында  мектептің 
меңгерушісі  Мейірман  Бисенов,  мұғалімдер  Ахмет  Қошқарбаев,  Салық  Төремтаев,  Хайдар  Дауышев, 
Ыбыраш  Шынаров,  Степан  Булычев,  Қожақ  Досов  және  т.б.  болды.  Кейін  Махамбетов  Ғабдулла 
ұстаздық  қызметі  үшін  екі мәрте  Ленин орденімен марапатталды.  Өкінішке  орай,  ХХ  ғасырдың  30-40 
жылдары  елімізде  жүргізілген  саяси  қуғын-сүргіндердің  жалыны  Қарабау  «Қызыл  үйлерінде»  білім 
алып,  облыс  мектептерінде  тер  төгіп  еңбек  еткен  бірқатар  көрнекті  ұстаздарды  шарпыды.  Атап 
айтқанда,  Қарабау  «Қызыл  үйінде»    атаммен  қатар  оқыған  Есмұрзин  Өмірзақ  1938  жылы  «халық 
жауы»  атанып,  «үштіктің»  шешімімен  ату  жазасына  кесілген  10  мұғалімнің  бірі  еді.  Мұхамеджан 
Шонбасұлының  өзі  де  сол  жылдары  Алаш  орда  үкіметінде  болғаны  үшін  біраз  жыл  мұғалімдік 
жұмыстан қол үзуіне тура келген-ді. Орынбор мұғалімдер училищесіне дейін ол Гурьев қаласында 1877 
жылы ашылған 2 жылдық орыс-қазақ училищесінде оқып, терең білім алды. Бұл училищені ойдағыдай 
тәмәмдаған бесаспап мамандарға «Халық мұғалімі» деген лауазым берілген. «Бесаспап маман» дейтін 
себебіміз – бұл училищені бітіргендер орыс тілін тамаша игерулерімен қатар, өзге пәндерден де сабақ 
беруге мүмкіндік беретін терең білім алып шығып отырған. 
 
Осы оқу орнында төменде көрсетілген білім негіздері оқытылған: 
          1. Орыс тілі 
2. Арифметика 
3. Геометрия 
4. Ресей тарихы 
5. География 
6. Жаратылыстану 
7. Көркем жазу 
8. Сызу. 
 
Мұхамеджан Шонбасұлы аталған училищеде оқыған кезде қазақ балаларына тамаша ұстаздар 
шоғыры  терең  білім  берген.  Училище  директоры  Беликовтың  басшылығымен  оқу  орнында 
А.Владимирский  (Ұлы  Отан  соғысының  батыры,  адмирал  Владимирскийдің  әкесі),  С.Меңдібаев, 
П.Кедров  сынды көрнекті педагогтар  еңбек  еткен. Әрине, ол  бұл училищеге  оқуға түскенге  дейін  де 
өзінің  туып  өскен  Қызылқоға  өңірінде  сол  кезде  өмір  сүрген  талай-талай  өнер  мен  әдебиет 
дүлдүлдерімен  жүздесіп,  солардың  тәлім-тәрбиесін  көрген  еді.  Шын  мәнісінде  Қызылқоға  өңірі  білім 
мен  өнердің  дамуы  жағынан  тек  Батыс  Қазақстанда  ғана  емес,  бүкіл  исі  қазақ  жеріндегі  айтулы 
орталықтардың  бірі  болатын.  Болашақ  ұстаздық  дүниетанымының  қалыптасуына  өзінің  даңқты 
жерлестері  Халел  Досмұхамедовтың,  Мұрат  Мөңкеұлының,  Ығылман  Шөрековтің,  Бала  Ораздың, 
қазақтың  Баяны,  сазгер  Мұхит  Мералиевтің,  атышулы  күйшілер  Соқыр  Есжанның,  Сейтектің, 
Жантөренің  және  т.б.  әдебиет  пен  өнер  тарландарының  ықпалының  аз  болмағаны  ешқандай  күмән 
тудырмасы анық. 
 
Болашақ ұстаздың балалық шағы қазақ жұртшылығының білім мен ғылымға деген ынтасының 
ерекше артқан кезімен тұстас келді. Міне, білімге деген осындай құлшыныс Мұхамеджан Шонбасұлын 
әуелі  Гурьевтегі  орыс-қазақ  училищесіне,  1910  жылы  Орынбор  қаласындағы  екі  жылдық  мұғалімдер 
дайындайтын училищеге алып келген еді. Училищені үздік аяқталғаннан кейін, 1910 жылдан бастап ол 
қырық  жылдың  үстінде  облыс  мектептерінде  мұғалім,  оқу  ісінің  меңгерушісі,  халық  ағарту  ісінің 
ұйымдастырушысы, т.с.с. қызметтерді үлкен жауапкершілікпен тер төгіп атқарды. 
 
Халық мұғалімі Қазан төңкерісіне дейінгі және одан кейін Кеңес үкіметі үстемдік еткен кездегі 
педагогтық  қызметінде  жалпыға  бірдей  бастауыш  білім  беру,  сауатсыздықты  жою,  жетіжылдық  білім 
беру  жөнінде  ұйымдастырылған  мемлекеттік  шаралардың  барлығын  да  мүлтіксіз орындаған  ұстаздар 
қауымының  алдыңғы  шебінде  болды.  Оны  біз  көрнекті  ұстаздың  әр  жылдары  еңбек  еткен  Жылыой, 
Ракуша,  Кермеқас,  Сағыз,  Доссор,  Ганюшкино,  Кеңөзек  мектептері  тарихынан  біліп  отырмыз. 
Мұхамеджан Шонбасов ұстаздық еткен 20-40 жылдары халық ағарту саласында мемлекет тарапынан 
біраз шаралар жүзеге асқаны белгілі. 
 
1921-1929 жылдары Қазақстандағы бастауыш мектеп оқушыларының қатары 172 мыңнан 277 
мыңға жетіп, оның ішінде оқуға тартылған қазақ балаларының саны 37,9 мыңнан 99,7 мыңға көбейді. 
Батыс Қазақстанда мектеп оқушыларының саны 2 есе көбейіп, 40 мыңға жетті. 
 
ХХ  ғасырдың  30-жылдары  Мұхамеджан  Шонбасов  өзге  де  мұғалімдермен  бірге  төмендегі  іс-
шаралардың  орындалуын  қамтамасыз  етті.  Әрбір  ауданда  жалпыға  бірдей  оқудың  жұмыс  жоспары 

65 
 
жасалды,  әрбір  колхозда,  совхозда,  басқа  да  елді  мекендерде  8-11  жастағы  балалар  мен  12-15 
жастағы  жасөспірімдердің  саны  анықталды,  ұлты  көрсетілді,  қазақ  халқы  отырықшы  болып 
қоныстанған  аудандарға  ерекше  көңіл  бөлінді,  бұл  аудандардағы  халықтың  келешекте  қаншалықты 
өсіп,  көбейетіні  есепке  алынды.  Бұл  үшін  аудандық  инспекцияның  деректері,  1926  жылғы  халық 
санағының  мәліметтері  пайдаланылды.  Мектеп  жасындағы  балаларды  есепке  алу  материалдары 
негізінде  барлық  аудандық  атқару  комитеттері  1930-1931  оқу  жылына  қарай  1-басқыш  мектептері 
санын бекіткенде, сегіз жастан балалардың бәрін барлық жерде тегіс оқуға тартатындай етіп бекітті. 
Кейбір  көшпелі  және  жартылай  көшпелі  ауылдардың  жағдайына  сәйкес,  бір  мектептің  қамтитын 
жерінің  аумағы  (ол  шеті  мен  бұл  шетін)  3  шақырымға  дейін  кеңейтуге  рұқсат  етілді,  бірақ  мұнда  да 
балаларды  көлікпен  апару,  оларда  жалшылар  мен  кедейлердің  балаларын  тамақтандыруды 
ұйымдастыру  міндет  етілді.  Соғыс  жылдары  және  одан  кейінгі  кезеңдерде  де  білім  саласындағы 
қиыншылықтар  шаш  етектен  болатынды.  Қысқасы,  сол  ауыр  кезеңдерде  халық  ағарту  саласында 
жүргізілген  қат-қабат жұмыстардың  барлығына  да Мұхамеджан Шонбасұлы мұрындық  бола  білді. Ол 
халықтың  сауатын  ашып,  арыз-шағымдары  мен  хаттарын  жазуға  көмектесіп,  ел  арасында  үлкен 
беделге ие болған азаматтардың бірі болды. 
 
Ұстаздық  педагогтық  қызмет  еткен  жылдарының  бәрі  бірдей  жайма  шуақ  уақыт  бола  қойған 
жоқ. 1937 жылы оған «алашордашыл» деген айып тағылып, 1-2 жыл мұғалімдік қызметтен қол үзуіне 
тура келді.  Сол кездердің  сарғайған мұрағаттық  құжаттарынан  біз  төмендегі  деректерді  кездестірдік:  
облыстық мұрағаттың №334 қорының, 1-тізбесі, 26-ісінен «Ерекше құпия» грифімен 1937 жылдың 13 
сәуірінде  Гурьев  округтік  атқару  комитетінің  төрағасы  Орымбаевтың  Гурьев  округтік  халық  ағарту 
ісінің  меңгерушісі  Цаллаговқа  жазған  хатында  округте  жұмыс  істеп  жүрген  мұғалімдердің  арасында 
антисоветтік  элементтердің  бар  екені  айтылып,  тізімі  жалғанған.  Барлығы  40  мұғалімнің  ішінде 
Ганюшкино  орта  мектебінің  мұғалімі  Шонбасов  Мұхамеджан  туралы  былай  деп  жазылыпты:  «По 
Денгизскому району. Шонбасов Мұхамеджан, бывший уездный управитель Алашорды, ныне работает 
в качестве заведующего учебной частью Ганюшкинской средней школы». Бұдан түйетініміз: көрнекті 
ұстаз  өз  халқының  жалынды  патриоты  бола  отырып,  саясаттан  тыс  қалмағандығын,  керісінше  өзінің 
даңқты  жерлесі  Х.Досмұхамедовпен  бірге  Алашорда  үкіметінің  батыс  бөлімшесі  тапсырмаларын 
орындағанын көреміз.  
 
Мектеп саласында қырық жылдың үстінде толассыз еңбек еткен ұлағатты ұстазды үкімет пен 
партия жоғары бағалады. Ол «Ұлы Отан соғысы жылдарындағы айбынды еңбегі үшін» медалімен және 
«Қазақ ССР-нің халық ағарту ісінің үздігі» белгісімен марапатталды.  
Біздің балалық шағымызда нағашы әжеміз (біз оны мама деуші едік) атамыз туралы айтқанда: 
«Ол  өз ісіне  адал, жамандыққа жаны  қас,  әділдікті  сүйетін,  байсалды,  байыпты  және  оны шәкірттері 
қатты  сыйлап,  халық  құрметтейтін...  Кез-келген  тексеру  келіп:  –Сіз  бізге  сабағыңыздың  жоспарын, 
қағаздарын көрсетіңіз- дегенде,- оның бәрі мында деп жүрегін көрсететін»,- деп еске алушы еді. Сол 
әжеміздің атамызға берген сипаттамасынан біз оның  жарқын бейнесін көз алдымызға елестетуші едік. 
Оның азаматтық, ұстаздық бейнесі оны білетін барлық адамдардың, ұрпақтарының мәңгі есінде және 
оны мақтанышпен еске алады. 
  
Пайдаланған әдебиеттер тізімі: 
1.  Ә.Сембаев. Қазақ совет мектебінің тарихы. А.1967. 
2.  Ш.Нағымұлы. Атырау-білім өлкесі. «Ғылым». А.1999. 
3.  Ш.Нағымұлы, А.Айбосынов. «Атырау облысы мұғалімдері» Энциклопедия. «Өнер», А.2004. 
  
 
МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ӨЗІНДІК ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫН 
ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ЖОЛДАРЫ 
 
Л.Е.Қойшығұлова, 
п.ғ.к., доцент, Х. Досмұхамедов атындағы мемлекеттік университеті 
А.Ғ.Дахиева, 
Х. Досмұхамедов атындағы мемлекеттік университетінің магистранты 
 
Қазіргі  кездегі  қоғам  талабына  жауап  беретін  жеке  тұлғаны  қалыптастыру,  өсіп  келе  жатқан 
ұрпақ  бойында  белсенді  өмірлік  ұстаным  тәрбиелеу  қажеттілігіне  байланысты  дидактиканың  басты 
мәселесі  —  оқыту  үрдісінде  мұғалім  мен  окушының  өзара  әрекеттесуі  болып  отыр.  Парасатты  да 
саналы  азамат  болу  үшін  бүгінгі  таңдағы  жас  ұрпақтың  білімі  терең,  әрі  жан  –  жақты  болуы 
тиіс.Педагогика ғылымында баланы оқыту мен тәрбиелеудің мақсаты – жан-жақты дамыған жеке тұлға 
қалыптасыру  болса,  оқытудағы  негізгі  мақсат  –  өздігінен  дамуға  ұмытылатын  жеке  тұлғаны 
қалыптастыру болып отыр. Жеке тұлғаның дамуында маңызды роль атқаратын оқушының өз бетінше 
жұмысын  ұйымдастыра  білу  және  сол  арқылы  оқыған,  өткен  материалдарды  саналы  меңгерудің 
жүйесін  жасау,  оқушының  түрлі  дара  қабілеттерін  артьтыру.  Оқушының  өзбетінше  жұмыс  жасау 

66 
 
арқылы  білімін  шыңдай  отырып,  өткен  тапсырмаларды  қайталай  келе  жаңа  өткен  материалмен 
байланыстырып өз білімін тексеріп, өзіндік бақылау жасалып, оқушының өз бетінше мәселені шешуге, 
іскерлік пен дағдыны жетілдіре отыра еңбек етуге үйретеді.  
Оқушылардың  өзіндік  жұмысы  міндетті  түрде  мұғалімнің  басшылығын,  сонымен  қатар 
оқушылардың  дербестігін,  олардың  қызығып  өз  ықыласымен  жасайтын  әрекетін  де  керек  етеді. 
Осыған  байланысты  кейбір  педагогтар  мен  психологтар,  мысалы  Р.  Г.  Лемберг,  М.  Н.  Скатин,  В.  А. 
Занковтың  ойынша  оқушылардың  өзіндік  жұмыстарының  ерекшелігі  –  олардың  ықыласы  және  өз 
еркімен әрекет жасауына байланысты деп санайды.  
Өзіндік жұмыс – бұл мұғалімнің тікелей қатысуынсыз, бірақ оның тапсырмасы бойынша, белгілі 
бір уақытта берілген, сондай-ақ оқушының өздігінен алға қойылған мақсаттарға өз күш-жігерімен және 
білім күшімен жетістікке жетуге деген ұмтылысымен орындалатын жұмыс. 
Өзіндік жұмысты ұйымдастырудың негізгі шарттары мыналар: 
• Мұғалімнің нақты тапсырмалар немесе нұсқаулар беруі; 
• Жұмысты орындаудың және аяқтайдың уақытын белгілеуі; 
•  Мұғалімнің  басқаруымен  оқушылардың  дербестігінің  мөлшері,  олардың жұмысты  өз  еркімен 
және қалауымен істеуі; 
• Оған әсер ететін мотивтер т.б. 
Оқушылардың  өзіндік  оқу  –  танымдық  әрекетінің  деңгейлеріне  сәйкес  өзіндік  жұмыстың  төрт 
типін  бөліп  көрсетуге  болады:  үлгіні  қайталайтын  өзіндік  жұмыстар,  қайта  құрастырушы  – 
жылжымалы, эвристикалық және шығармашылық. 
Өзіндік  жұмыс  –  бұл  оқу  үрдісінің  демеуші  күші,  оқытудың  тиімді  әдісі,  белсенділіктіктің 
маңызды көрсеткіші. Өз бетінше жұмысты дидактикалық мақсатына қарай сабақтың әртүрлі кезеңінде 
қолдануға болады: 
1. Жаңа білімді меңгеру – материалды жан – жақты талдау, мұғалімнің оқушыға баяндауының 
жоспарын, жазбасын жасау, т.б. тәсілдерге үйрену;  
2. Жаңа білімді бекіту – түрлі жаттығулар жасау, есептер шығару т.б. тәсілдер; 
3.  Білім  мен  дағдыларды  өайталау  –  бақылау  және  тексеру.  Негізгі    түрлері;  жазбаша, 
графиктік, практикалық т.б. жұмыстар. 
4. Жаңа материалды игеруге дайындау.  
Бұдан  шығатын  қорытынды:  өзіндік  жұмыстарды  мұғалім  өз  шеберлігіне,  сабақтың    әртүрлі 
кезеңдерінде орынды, тиімді пайдалануына болады.    
Өзіндік жұмыстардың жүйесін құрған кезде негізгі дидактикалық талаптары ретінде келесілер 
ұсынылады: 
1.  Өзіндік  жұмыстар  жүйесі  негізгі  дидактикалық  тапсырмалардың  шешімін  табуға, 
оқушылардың  терең  және  сенімді  білім  алуға,  олардың  таным  қабілетін  дамытуға,  өз  бетімен  білімін 
әрі қарай жетілдіруге, оларды тәжірибеде пайдалануға мүмкіндік береді. 
2.  Бұл  жүйе  дидактиканың  негізгі  принциптерін  қанағаттандырады,  ең  алдымен,  жетімділік 
және  жүйелілік  принциптерін,  теорияның  тәжірибемен  байланысты  саналы  және  шығармашылық 
белсенділік, жоғары ғылыми деңгейдегі оқыту принциптерін де. 
3.  Жұмыстар  жүйесіне  енетіндері  оқу  мақсаттары мен мазмұны жағынан  алуан  түрлі  болғаны 
жөн, өйткені олар оқушылардың әр түрлі білімі мен дағдыларын қалыптастыруға қамтамасыз етеді. 
4.  Үй  және  сыныптағы  өзіндік  жұмыстарын  орындаудың  сатылығы  алдында  берілген 
тапсырмалармен  байланысты  және  келесі  тапсырмалар  үшін  негіз  болады.  Бұл  жағдайда  жеке 
жұмыстары  арасында  «жақын»  ғана  емес,  сондай-ақ  «алыс»  байланыстары  да  қамтамасыз  етіледі. 
Осындай  тапсырмалардың  шешілу  жетістігі  тек  мұғалімнің  педагогикалық  шығармашылығына  ғана 
емес, сондай-ақ оның жұмыстар жүйесінде әр жеке жұмыстардың мәнін қалай түсінетіндігі де орынды 
болады. 
Дидактикалық мақсаттары бойынша өзіндік жұмыстарының барлық түрлерін бес топқа бөлуге 
болады: 
1) жаңа білім алу, білімді өздігімен меңгеру; 
2) білімді бекіту және нақтылау; 
3) оқу және тәжірибелік тапсырмаларды шешу кезінде өз білімі мен дағдыларын өңдеу; 
4) тәжірибелік сипаттағы дағдыларын қалыптастыру; 
5) шығармашылық сипаттағы білімін қалыптастыру. 
Мұғалім оқушылардың өзіндік жұмыстарын дұрыс ұйымдастыру үшін, алдымен, олардың өзіндік 
әрекеттерінің негігі психологиялық ерекшеліктерін білгені жөн.  
Оқушылардың өзіндік әрекетіне тән ерекшеліктері мыналар: 
• Оқушының алдын ала өз әрекетінің жалпы және нақты мақсаты мен міндеттерін анықтау; 
•  Берілген тапсырмаға талдау жасау; 
•  Өткенді еске түсіру;  

67 
 
•  Орындауға жоспар жасау, білімін, іскерлігін, дағдысын жаңа жағдайда қолдану;  
•  Жоспарға сәйкес амал – тәсілдерді қолдана білу; 
•  Өз әрекетінің барысын бақылап отыру.  
 
Мұғалім үшін тапсырма берудегі ерекшеліктері: 
• оқушыға нақты тапсырма беру; 
• оны орындауға уақыт белгілеу; 
 
• мұғалім басқаруы мен оқушының дербестігі арасындағы байланыс; 
•  оқушыға өзіндік жұмысты орындауға жағдай жасау; 
 
• ұйымдастырылған оқу – тәрбие үрдісінің болуын қамту; 
 
• қойылған мақсатқа жету үшін бағытын көрсету; 
 
• жас ерекшелігін ескеру; 
 
• білім алудың қажеттігін түсіндіру; 
 
• оқушы еңбегін бағалау; 
 
• өзіндік жұмыстың орындалуын қадағалау; 
 
• пәнаралық байланыстың болуын ескеру; 
 
•  нәтижені  уақытында  тексеріп,  әділ  бағалап,  қатесін  оқушының  өзіне  түзетіп,  өзін  –  өзі 
бағалауына жағдай жасау қажет.  
Егер оқушы өздігінен жұмыс істеуге үйренбесе, оның оқуы жемісті болмайды, ол жиі сәтсіздікке 
ұшырайды.  Мұндай  жағдайда  оқушының  оқуға  деген  ынтасы  төмендейді,  соның  салдарынан 
үлгермеушілер қатарына қосылады.  
Өздігінен  білім  алудың  қайнар  бұлағы  –  біріншіден  кітап  болса,  екіншісі  мерзімді  баспасөз. 
Соған орай газетпен жұмыс істей білу – газет бетінен керек материалды таба білу деген сөз. Газетпен 
жұмыс істеу аса ауыр да, күрделі болумен қатар, тым қызықты да.  Оқушылардың үй жұмыстары мен 
оқу  материалын  қайталау  кезіндегі  өздігінен  істейтін  жұмыстарының  да  маңызы  ерекше.  Бұған  қоса 
көрнекі  құралдарын  (карточкалар,  схемалар,  чертеждар,  оқу  карталары  т.б.)  пайдалана  отырып 
өзіндік жұмыстарын ұйымдастырудың да пайдасы зор.  
А. Байтұрсынов «Бала білімді тәжірибелер арқылы өздігінен алуы керек» деген пікіріне сүйене 
отырып, оқушылардың өз бетінше ізденіп, білім алып, үйренуіне көңіл бөлінгені абзал.  
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет