Б. Б. Мамраев- филология ғылымдарының докторы, профессор



Pdf көрінісі
бет1/27
Дата12.03.2017
өлшемі9,7 Mb.
#8960
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27


 
  
   № 1 (24)  2012 
 
 
 
 
 
 
 
Халел Досмұхамедов атындағы 
Атырау мемлекеттік 
университетінің 
ХАБАРШЫСЫ 
 
 
 
ВЕСТНИК 
Атырауского государственного университета 
имени Халела Досмухамедова
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


 
1996 жылы 23 мамыр айында ҚР Білім министрлігінің 
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің ғылыми журналы  
“Университет хабаршысын” шығару жөнінде № 143 шешімімен 
баспадан шығарыла бастаған 
 
Қазақстан Республикасының мәдениет, 
ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі шешімімен 
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің 
ғылыми журналы бұқаралық ақпараттық құралдары ретінде есепке алынып 
14 ақпан 2003 жылы 
  
№3631-Ж КУӘЛІГІ берілген 
 
 
 
БАС РЕДАКТОРЫ:  
Б.Б. Мамраев– филология ғылымдарының докторы, профессор 
 
БАС РЕДАКТОРДЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
Б.Ә.  Сайлыбаев  -  педагогика  ғылымдарының  докторы,  профессор,  университеттің  бірінші 
проректоры 
 
РЕДАКЦИЯЛЫҚ АЛҚА
Ж.Т. Таңатарова – тарих ғылымдарының докторы, профессор 
Н.Е. Бекмаханова - тарих ғылымдарының докторы, профессор (Ресей, РҒА)  
Г.Г. Глинин – филология ғылымдарының докторы, профессор 
Б.Т.Барсай - педагогика ғылымдарының докторы 
Г.Ж. Жангереева  - химия ғылымдарының кандидаты, профессор 
Қ.Ө. Жүсіп  - филология ғылымдарының докторы, профессор 
В.О. Имеев – филология ғылымдарының кандидаты, профессор 
Ғ.И. Имашев - педагогика ғылымдарының докторы 
Ү.С. Қыдыралин  - тарих ғылымдарының докторы, профессор 
О.Д. Мукаева - педагогика ғылымдарының докторы, профессор (Ресей)  
Р.Н. Насиров – химия ғылымдарының докторы, профессор 
А.С. Сарсенов - тарих ғылымдарының докторы, доцент 
Ж.Ы. Сардарова -  педагогика ғылымдарының докторы 
А.Ө. Мұханбетжанова -  педагогика ғылымдарының докторы  
З.С. Сағындықова– биология ғылымдарының докторы, профессор 
Б.Ж. Таубаев - ауылшаруашылығы ғылымдарының докторы, профессор 
Ж.С. Хасанова - педагогика ғылымдарының докторы 
Т.А. Каражигитова– жауапты хатшы,  педагогика  ғылымдарының докторы, профессор 
С.Н. Идрисов– техникалық редактор 
 
 
 
Материалдар мен жарнамалардың дұрыстығына авторлар мен жарнама берушілер жауапты. 
Авторлар мен редакция пікірлері үнемі сәйкес келмеуі мүмкін. 
Редакция материалдарды тексеріп, баспаға жібермеуге құқығы бар. 
Жазбалар  кері қайтарылмайды. 
“”Университет Хабаршысында” жарияланған материалдарды пайдаланғанда 
сілтеме жасау міндетті. 
© Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің 
Баспа  орталығы, 2012 
 
 
 
 
 
 
 


 
23 мая  1996 года Министерством образования РК 
 принято решение  №143 об издании научного журнала  
«Вестник Атырауского государственного университета имени Халела Досмухамедова» 
 
Постановлением Министерства образования и науки Республики Казахстан от 14 февраля 2003 года, 
научный журнал «Вестник Атырауского государственного университета имени Халела Досмухамедова» 
включен в перечень рекомендованных изданий для публикации основных научных результатов 
исследования. 
 
  
 
 
ГЛАВНЫЙ РЕДАКТОР:  Мамраев Б.Б. – доктор филологических наук, профессор 
 
ЗАМЕСТИТЕЛЬ ГЛАВНОГО РЕДАКТОРА:  Сайлыбаев Б.А. -  доктор педагогических наук, профессор  
 
ЧЛЕНЫ РЕДКОЛЛЕГИИ: 
Танатарова Ж.Т. - доктор исторических наук, профессор  
Бекмаханова Н.Е. - доктор исторических наук, профессор (Россия) 
Глинин Г.Г. доктор филологических наук, профессор (Россия) 
Барсай Б.Т. доктор педагогических наук, профессор  
Жангереева Г.Ж. кандидат химических наук, профессор 
Жусуп К.У. доктор филологических наук, профессор 
Имеев В.О. кандидат филологических наук (Россия) 
Имашев Г.И., доктор педагогических наук, профессор 
Кыдыралин У.С. доктор исторических наук, профессор 
Мукаева О.Д. доктор педагогических наук, профессор (Россия) 
Насиров Р.Н. доктор химических наук, профессор 
Сарсенов А.С. доктор исторических наук доцент 
Сардарова Ж.Ы. доктор педагогических наук,  
Муханбетжанова А.У. доктор педагогических наук 
Сагындыкова З.С. доктор биологических наук, профессор 
Таубаев Б.Ж. доктор сельскохозяйственных наук, профессор 
Хасанова Ж.С. доктор педагогических наук 
 
ОТВЕТСТВЕННЫЙ СЕКРЕТАРЬ: 
Каражигитова Т.А. – доктор педагогических наук, профессор 
 
ТЕХНИЧЕСКИЙ РЕДАКТОР: 
Идрисов С.Н.  - кандидат педагогических наук, доцент 
 
 
 
 
 
 
За достоверность материалов и рекламы ответственность несут авторы и рекламодатели. 
Мнение авторов публикаций не всегда совпадает с мнением редакции. 
Редакция оставляет за собой право на отклонение материалов. 
Рукописи не возвращаются. 
При использовании материалов журнала ссылка на “Вестник университета” обязательна. 
© Типография Атырауского государственного университета им.Х.Досмухамедова, 2012 
 
 
 
 
 
 
 


 
 
ТАРИХ, ПЕДАГОГИКА  ЖӘНЕ  
ҚОҒАМДЫҚ-ӘЛЕУМЕТТІК  ҒЫЛЫМДАР 
 
 
БІЛІМ БЕРУДІ ДАМЫТУ – ҚАЗАҚСТАНДЫ ӘЛЕУМЕТТІК ЭКОНОМИКАЛЫҚ 
ЖАҢҒЫРТУДЫҢ БАСЫМ БАҒЫТЫ 
 
Б.А.Сайлыбаев,  
п.ғ.д., профессор, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік 
университетінің бірінші проректоры 
 
Елбасы  Н.Ә.Назарбаев  үстіміздегі  жылдың  27-ақпанында  Парламент  палаталарының  бірлескен 
отырысында «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту-Қазақстан дамуының басты бағыты» атты халыққа 
Жолдауын жариялады. 
Биылғы Жолдау Үкімет пен мемлекеттік органдар алдында жаңаша міндеттер қойды. 
2012-жылға арналған нақты мақсаттар мен басымдықтар анықталды. 
Елбасы өз Жолдауында 2011-жылдың еліміз үшін табысты болғандығын да атап өтті. 
Ел экономикасы 7,5% өсті, ішкі жалпы өнім жан басына шаққанда 11 мың доллардан асты. 
Индустрияландыру  бағдарламасының  арқасында  соңғы  2  жыл  ішінде  350  әртүрлі  өндіріс 
орындары ашылды. 200 мың жұмыс орны іске қосылып, халықтың табысы молайды. 
Ұлттық әл-ауқат деңгейі бойынша ғаламдық рейтингте Қазақстан 50-орынды иеленді. 
Дүниежүзілік банктің бизнес жүргізу бойынша рейтингінде еліміз ТМД елдерін артқа тастап, 47-
орынға шықты. 
Ұлттық банктің Ұлттық қор активтерін қосқандағы резерві 80 млрд. долларға жақындада. 
Дүниежүзілік  банктің  классификациясына  сәйкес,  біз  табыс  деңгейі  ортадан  жоғары  елдердің 
қатарына  қосылдық.  Мұндай  даму  қарқыны  әлемдік  экономикада  ешқашан  және  еш  мемлекетте 
болмаған. 
Британдық  мамандардың  бағалауынша,  Қазақстан,  ХХ1-ғасырдың  алғашқы  онжылдығында 
экономикасы серпінді дамыған 25 елдің ішінде Қытай мен Катардан кейінгі үшінші орынды алады. 
Өткен жыл білім және ғылым саласы үшін де ерекше жыл болды.  
Жаңа  мемлекеттік  білім  беру  бағдарламасы  қабылданып,  оның  базалық  негіздері  жүзеге  аса 
бастады.  «Ғылым  туралы»,  «Назарбаев  университеті,  Назарбаев  зияткерлік  мектептері  және 
Назарбаев Қоры мәртебесі туралы» жаңа заңдар қабылданды. «Білім туралы» Заңға елеулі өзгерістер 
мен толықтырулар енгізілді.Осылайша, білім және ғылым жүйесінің құқықтық базасы толық жаңарды.  
Техникалық және кәсіптік білім беруді басқарудың түбегейлі жаңа жүйесі жасалды.  
Елбасының  тапсырмасымен  барлық  білім  беру  деңгейлерінде  сапаны  бақылаудың  біріңғай 
вертикалі құрылды. 
Білім  беру  ұйымдарында  қоғаммен,  бизнеспен  байланыс  жасаудың  жаңа  механизмі  – 
қамқоршылық кеңестер құрыла бастады. 
Дамыған  елдерде  кең  тараған  «E-learning»  электронды  оқыту  жүйесі  меңгеріліп,  44  білім  беру 
ұйымында оның пилоттық жобасы басталып, 2012 жылы олардың санын 537-ге жеткізу көзделуде. 
Елбасы жаңа Парламент сессиясының ашылуында «білім саласы қарқынды түрде жаңаруда» деп 
жоғары баға берді. 
Соңғы  10  жылда  білім  беруге  арналған  шығыс  көлемі  10  есеге  өсті.  2011-жылы  мемлекет 
бюджетінің  білімге  арналған  шығысы  203  млрд.  теңгеге  өсіп,1,0  трлн.  теңгеден  асты,  ол  ішкі  жалпы 
өнімнің 3,8% құрайды. Осы жылға да 1,2 трлн. теңге бөлініп отыр. 
Ғылымды  қаржыландыру  да,  тұрақты  түрде  өсуде.Оның  көлемі  2011  жылы  29  млрд.  теңгені 
құраса, 2012 жылы ол 49 млрд. болады деп, яғни 46%-ға өседі деп жоспарлануда. 
Бұл  –  Елбасының  білім  мен  ғылымды  дамыту  саласы  бойынша  қойған  міндеттерін  шешуге 
мүмкіндік береді. 
Қазақстандық  жолдың  жаңа  кезеңі  –  ол  экономиканы  нығайтудағы,  халықтың  әл-ауқатын 
арттырудағы  жаңа  міндеттер.  Қазіргі  әлемде  бұл  әлеуметтік-экономикалық  жаңғыртудың  негізгі 
мәселесі. Бұл Қазақстанның таяу онжылдықтағы дамуының басты бағыты. 
Осыған  байланысты  Елбасы  Қазақстан  халқына  Жолдауында  Қазақстан  мынадай  он  бағыт 
бойынша кешенді міндеттерді жүзеге асыруы қажет деп атап өтті. 
Бірінші. Қазақстандықтарды жұмыспен қамту міндеті. Бұл оқытудың тиімді жүйесін құру 
және жұмысқа орналасуға көмектесу, ауылда кәсіпкерлікті дамытуға көмектесу, еңбек ресурстарының  
мобильдігін  арттыру,  Қазақстанның  экономикалық  белсенді  орталықтарында  жұмысқа  орналастыру 
басымдықтары болып табылады. 


 
Екінші. Қолжетімді баспана міндеті. Қазақстанда жыл сайын 6 миллион шаршы метр тұрғын 
үй  пайдалануға  берілуде.  Ең  алдымен,  жарты  миллионнан  астам  жас  отбасын  жеке  баспанамен 
қамтамасыз  ету  туралы  мәселені  шешудің  маңыздылығы  мен  бұл  үшін  жалға  берілетін  тұрғын  үй 
алаңын 1 млн. шаршы метрге жеткізудің қажет екендігі атап көрсетілді. 
Үшінші. Өңірлерді дамыту міндеті. Қуатты Қазақстан дегеніміз – бұл ең алдымен өңірлердің 
қуаттылығы  екендігі  баса  айтылды.  Елдің  болашағы  экономикадағы  келешегі  зор  салалардың 
дамуымен  байланысты.  Бұл  үшін  ең  алдымен  жаңа  зауыттар  көп  салынып,  жаңа  жұмыс  орындары 
ашылуы тиіс. Әлеуметтік инфрақұрылым қарқынды дамуы қажет. Жолдауда шағын қалалардың дамуы 
- өз алдына бөлек мәселе ретінде қаралатындығы нақтыланды.. 
Төртінші  міндет.  Халыққа  мемлекеттік  қызмет  көрсету  сапасын  арттыру.  Электронды 
үкіметті  дамытып,  әкімшілік  кедергілерді  қысқартып,  халықтың  компьютерлік  сауатын арттыру  қажет 
делінді. 
Бесінші  міндет.  Кадрлар  әлеуетін  жақсарту.  ХХ1  ғасырда  Қазақстанды  лайықты  алып 
шығатын  жаңа  басқарушы  таңдаулы топтың негізін  құрайтын  білікті  басқарушылардың  саяси  класын 
әзірлеу  –  маңызды  міндет  дей  келе,  Елбасы  Үкіметке,  Президент  әкімшілігіне  «Президенттік  кадрлар 
корпусына» кандидатуралар жөнінде ұсыныстар әзірлеуді тапсырды. 
Алтыншы міндет. Сот және құқық қорғау жүйесін жаңғырту. Сот корпусын қалыптастыру 
тәртібін  түбегейлі  қарастыру  қажеттігі,  ағымдағы  жылы  жаңа  Қылмыстық-процессуалдық  кодексті, 
жекеменшік детектив қызметі туралы заң жобасын әзірлеуді аяқтау қажеттігі айтылып, Құқық қорғау 
және арнайы органдарды сапалы кадрлық жаңартудың маңыздылығы нақтыланды. 
Жетінші  міндет.  Қазақстанда  адами  капиталдың  сапалы  өсуі.  Бұл  ең  алдымен,  білім 
және  денсаулық  сақтау  мәселелері. Жолдауда  білім  жүйесін  жаңғырту  барысында  мынадай  маңызды 
шаралар атқару қажеттігі таратылып айтылды: 
Біріншіден,  Оқыту  процесіне  қазіргі  заманғы  әдістеме  мен  технологияны  енгізудің 
қажеттілігі.  
Қазіргі  кезде  халықаралық  стандарттардың  негізінде  Назарбаев  университеті  мен  Назарбаев 
зияткерлік  мектептері  табысты  жұмыс  істеуде.  Кәсіптік-техникалық  білім  беру  мекемелерінің  желісі 
дамуда. 
Елбасы  Жолдауында,  Қазақстанның  барлық  білім  беру  жүйесінің  Назарбаев  университеті  мен 
Назарбаев Зияткерлік мектептердің деңгейіне жету қажеттігін ерекше атап өтті.  
Елбасының тапсырмасымен бүгінгі күні республикамыздың әр аймағында 6 Назарбаев зияткерлік 
мектебі құрылып, жұмыс істеуде. 2015 жылдың соңына дейін тағы да 15-ін салу жоспарлануда, оның 
12-сінің құрлысы жүргізілуде. Мұндай мектептер барлық орта білім беру жүйесін дамытудың қозғаушы 
күші болып табылады. 
Екіншіден,  Педагогикалық  құрамның  сапасын  арттыру  қажеттілігі.  Бұл  ретте  ең 
алдымен базалық педагогикалық білімнің стандартын, педагогтардың біліктілігін арттыруға қойылатын 
талаптарды күшейту қажеттілігі айтылды.      Әрбір аймақта біліктілікті арттырудың біріккен орталығы 
жұмыс  істейтін  болады  делінді.  Білім  беруді  дамытудың  мемлекеттік  бағдарламасын  іске  асыруда 
педагогтың  мәртебесін  арттыруға  ерекше  көңіл  бөлінгені  белгілі.  Педагогтарға  еңбек  ақы  төлеудің 
жаңа  моделі  жасалып,  2011  жылдың  1  қыркүйенгінен  бастап  мұғалімдер  мен  тәрбиешілердің 
категорияларына  сәйкес  қосымша  ақының  көлемі  өсті,  кәсіптік  білім  беру  ұйымдарының  оқу 
шеберлеріне  қосымша  ақы  белгіленді.  2015-  жылға  қарай  педагогтардың  орташа  жалақысы  жеке 
сектордағы еңбекақыға теңестірілетін болады.  
Педагогтардың  мәртебесін  көтеруде  мұғалімдер  біліктілігін  арттырудың  жаңа  жүйесі  жасалып, 
оның    жаңа  базалық  кешендері  әзірленуде.  Олар:  Ұлттық  біліктілікті  арттыру  орталығы,  Назарбаев 
зияткерлік  мектептері  жанындағы  педагогикалық  шеберлік  орталықтары,  педагогикалық  жоғары  оқу 
орындары  жанынан  ашылатын  біліктілікті  арттыру  орталықтары.    Оларда  мұғалімдер  әлемдік 
тәжірибеге  сәйкес  жаңа  бағдарлама  бойынша  арнайы  үш  айлық  даярлықтан  өтеді,  қайта  даярлау 
моделі  арқылы  категорияларына  қосымша  жаңа  біліктілік  деңгейі  беріледі,  соған  сәйкес  жалақыға 
қосымша ақы төленетін болады. Мұндай орталықтар әрбір аймақта ашылатын болады. 
Осы  жылдан  бастап  мұғалім  карьерасының  жаңа  моделіне  көшу  жүзеге  асатын  болады.  Жаңа 
модельге  педагогикалық  мамандықтарға  абитуриенттерді  қосымша  іріктеу,  жоғары  оқу  орнында 
мұғалімдер  даярлау  стандарттарын  қайта  қарау,  бітірушілерді  сертификаттау,  біліктілікті  арттыру 
жүйесі сияқты элементтер енетін болады. 
Педагогтарымыз  әлемдік  стандартқа  жауап  беруі  үшін  әлемдік  тәжірибеге  сәйкес  қабылданған 
педагогикалық  мамандықтардың  тізбесі  қайта  (классификаторы)  жасалып,  оқу  бағдарламаларының 
жаңа құрылымы әзірленетін болады. 
ҚР  Білім  және  ғылым  министрлігінің  парталында  «Мұғалімнің  даңқ  кітабы»  жасалынып,  оған 
республиканың жетекші мұғалімдері, олардың өмір жолы мен жетістіктері туралы ақпарат  енгізіледі. 


 
Бұл  –  үздік  мұғалімдер  мен  үздік  педагогикалық  жетістіктерді  насихаттаудың  жаңа  механизмі  болып 
табылады. 
Үшіншіден,  біліктілікті  растайтын  тәуелсіз  жүйені  құру  қажеттілігі.  Елбасы,  мемлекет 
бір  мезгілде  білім  беру  қызметін  көрсетіп,  және  олардың  сапасына  бағалау  жасамауы  тиіс  екендігін 
айтты. 
Медициналық  институтты  бітірген  соң  бітіруші  бірден  дәрігер  болмайды.  Политехникалық  оқу 
орнын  аяқтаған  түлек  дайын  инженер  емес.  Олар  өздерінің  маман  екенін  дәлелдеуі  керек.  Бұл  - 
әлемдегі тәртіп деп көрсетті Елбасы. 
Үкіметке  осы  жылы  пилоттық  режимде  1-2  салада  жұмыс  берушілердің  салалық  қауымдастығы 
базасында бірқатар тәуелсіз біліктілікті растау орталығын құруға тапсырма берілді. 
Бакалавр  академиялық  дәрежесін  алған  жоғары  білімді  азаматтарға  қосымша  кәсіби  біліктілік 
берудің  қажеттілігі  мен  біліктілікті  растайтын  тәуелсіз  орталықтар  құрудың  қажеттілігін  былайша 
түсіндіруге болады. 
Жоғары  білім  берудің  Еуропалық  кеңістігін  құраушы  дамыған  алдыңғы  қатарлы  елдердің  басты 
ұстанымы – Болон декларациясының қағидаларын басшылыққа алу болып табылады. Бұл қағидаларға 
азаматтардың  өмір  бойы  білім  алуына  оңтайлы  жағдай  жасау,  жоғары  білім  берудің  әлеуметтік 
бағыттылығын  жүзеге  асыру,  жоғары  білім  беруде  бәсекеге  қабілеттілікті  арттыру,  бакалавриат-
магистратура-докторантура  сатыларынан  тұратын  өзара  сабақтас  академиялық  білім  беру  жүйесін 
қалыптастыру, 
оқыту 
үдерісін 
кредиттік 
технологияның 
негізінде 
ұйымдастыру, 
оқу 
бағдарламаларының  мазмұнын  жетілдіре  отырып,  білім  алушылардың  академиялық  ұтқырлығын 
қалыптастыруға  қол  жеткізу,  т.б.  жатады.  Бұл  қағидалардың  барлығы  бір-бірімен  өзара  байланыста 
жүзеге  асырылуы  тиіс.  Осы  тұста  айта  кетуіміз  керек,  көпдеңгейлі  академиялық  білім  беру 
бағдарламасына көшкен алғашқы жылдары жоғары оқу орнын бітірушілерге біз әрі кәсіби білім бердік, 
әрі  академиялық  білім  бердік.  Әрине,  төрт  жылдың  ішінде  кәсіби  біліммен  қатар,  академиялық  білім 
беру  оңтайлы  болғанымен,  бұл  жоғары  білімді  сапалы  мамандар  даярлап  шығаруға  толық  мүмкіндік 
бермеді.  Соңғы  екі-үш  жылдың  көлемінде  жоғары  білімнің  бакалавриат  бағдарламасы  бойынша 
бітірушілерге  «бакалавр»  академиялық  дәрежесін  ғана  беріп  келеміз.  Бітірушілерге  қосымша  кәсіби 
біліктілік беру алдағы шешілуі тиіс міндеттердің бірі болатын. Сондықтан да бізге ең алдымен жоғары 
академиялық  білім  беру  мен  жоғары  кәсіби  білім  берудің  мазмұнының  ара-жігін  ажыратып  алуымыз 
қажет.  
Қазіргі  таңда  жоғары  оқу  орындарында  бакалавриатта  даярланатын  мамандарға  «бакалавр» 
академиялық  дәрежесі  ғана  беріледі  де,  кәсіби  біліктілік  берілмейді,  яғни  бітірушілер  жоғары  кәсіби 
білімді мамандар тобына кірмейді. Мұндай мамандар өндіріс орындарында толыққанды жоғары кәсіби 
білімді  маман  ретінде  қабылданбайды.  Жұмыс  берушілер  тарапынан  бүгінгі  жас  маманға  көңіл 
толмаушылықтың  негізгі  бірден-бір  себебі  де  осында.  Сондықтан  да  жоғары  оқу  орнынан  кейін 
«бакалавр» академиялық дәрежесі бар маманға қосымша кәсіби білім берудің жолдарын қарастырып 
барып,  сонан  кейін  ғана  олардың  кәсіби  біліктілігін  тәуелсіз  растау  қажет  сияқты.  Кейде  «мұндай 
қосымша  кәсіби  білім  беруді  1-1,5  жыл  мерзімдік  бейінді  магистратурада  жүзеге  асыруға  болады» 
деген  пікірлерді  естіп  жатамыз.  Бірақ  магистратураның  түпкі  негізгі  мақсаты  кәсіби  білім  беру  емес. 
Магистратура - академиялық білім берудің бакалавриаттан кейінгі деңгейі.  
Қосымша  кәсіби  білім  беруді,  мүмкін,  өндірістің  жанынан  ұйымдастыру  керек  пе,  мұны  әлі  де 
ойластыру  қажет.  Содан  кейін  ғана  кәсіби  біліктілік  беруді,  мысалы, жұмыс  берушілер  қауымдастығы 
арқылы құрылған тәуелсіз біліктілікті растау комиссиясы іске асыру керек деп ойлаймыз.  
Елбасының  жоғары  оқу  орнын  бітіруші  мамандарды  осылайша  сертификаттауды  барынша 
күшейтуге  және  тәуелсіз  біліктілікті  растау  орталығын  құруға  берген  тапсырмасына  сәйкес 
ұйымдастырылатын  алғашқы  орталықтардың  бірі  –педагогтардың  біліктілігін  растау  орталығы 
болатыны анық. Бұл шара әрине, білімнің жаңа сапасын, мұғалімдердің жоғары деңгейін қамтамасыз 
ететін болады. 
Төртіншіден,  Жолдауда  мемлекет-жекеменшік  әріптестігі  механизмдері  арқылы  жастардың 
білімге қолжетімділігінің аясын кеңейту қажеттігі айтылды. 
Бұл  жерде  білім  берудің  мемлекеттік  бағдарламасында  қарастырылған  екінші  деңгейлі 
банктердің  қатысуымен  Мемлекеттік  білім  беру  жинақтау  жүйесін  енгізудің  әлеуметтік  маңызы  зор. 
Бүгінгі  күні  осы  Мемлекеттік  білім  беру  жинақтау  жүйесінің  қаржылық-экономикалық  моделі  мен  
«Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі туралы» Заң жобасы әзірленді. Аталған жүйе тегін гранттық 
жүйені алмастырмайды, ол білім беру қызметіне қол жетімдікті кеңейтудің қосымша мүмкіндігі болып 
табылады.  
Жолдауда  айтылған  тағы  бір  маңызды  мәселенің  бірі  –  ол  жұмыс  жасайтын  жастар  үшін 
жұмыстан қол үзбей, арнайы білім алудың мүмкіндігін қамтамасыз ету қажеттілігі.  
Бұл  жұмыс  істейтін  жастарға  сырттай  білім  беру  нысанында  білім  алуға  мүмкіндік  жасау  деген 
сөз емес. Жоғары оқу орындары жағдайында, жұмыс істейтін жастардың өндірістен қол үзбей білім алу 


 
мүмкіндігі  бұрынғыдай  сырттай  білім  беру  формасында  емес,  ақпараттық  жүйеге  негізделген 
қашықтықтан білім алу технологиясы арқылы жүзеге асырылатын болады. 
 Жолдауда  оқу  процесінде  -    жастарға  білім  тек  дайын  күйінде  беріліп  қана  қоймай,  сонымен 
бірге  игерілген  білімі  әлеуметтік  бейімделу  процесінде  де  пайдалануға  икемделуі  керектігі  және 
жастардың игерген білімін тиімді пайдалана білуі үшін қажетті функционалдық білімінің жеткіліксіздігі 
жөнінде бірнеше рет айтылды.  
Отанымыздың  15  жастағы  оқушысының  өзінің  жан-жақтылығымен  әлемнің  65  мемлекетінен 
қатысқан  замандастарының  арасында  59-  орынды  жеңіп  алғандығы,  балаларды  алған  білімін  тиімді 
пайдалана  білуге  үйретудің  қажеттілігін,  яғни  оларда  функционалдық  білімінің  жетіспейтіндігін 
көрсетеді,  деп  Білім  және  ғылым  министрлігінің  кеңейтілген  мәжілісінде  Премьер-Министрдің 
орынбасары Е.Орынтаев атап өтті  
Сондықтан  да  Елбасы  өз  Жолдауында  Үкіметке  оқушылардың  функционалдық  сауаттылығын 
дамыту  жөнінде  алдағы  бес  жылға  арналған  Ұлттық  жоспар  қабылдауды  тапсырды.  Бұл  мәселе 
мектептің  болашақ  мұғалімдерін  даярлап  отырған  ЖОО  ның  әрбір  оқытушысына  үлкен  міндет 
жүктейді. 
Жолдауда  оқыту  процесінде  тәрбие  жұмысын  күшейтудің  қажеттілігі,  білім  мен  тәрбиенің 
біртұтастығы, оның негізгі бағыт-бағдары мен мазмұны нақтыланып айтылды.. 
Жолдауда  белгіленген  келесі    сегізінші  міндет  –  ол  Зейнет  ақы  жүйесін  жетілдіру 
міндеті.  
Тоғызыншы 
міндет, 
Индустриялық-инновациялық 
жобалар. 
Бұл 
бағдарлама 
экономиканы жаңғыртудың басты бағдары болып қала береді. 
Үкіметке  Қазақстандық  инновациялық  жүйені  нығайту  тапсырылды.  Инновациялық  гранттарды 
бөлу  арқылы  перспективті  ғылыми  зерттеулерді  қаржыландыруға  арналған  бюджеттік  шығыстарды 
көбейтудің  өте маңыздылығы айтылды.. 
Оныншы міндет. Ауыл шаруашылығын дамыту. 
«Бүгінде күллі әлем және әрбір мемлекет қуатты жаһадық және ішкі қатерлерге жауап табулары 
маңызды.  Әлеуметтік-экономикалық  жаңғыртудың  10  бағыты  бойынша  міндетті  орындай  отырып,  біз 
экономиканы  нығайтамыз,  қоғамды  тұрақты  етеміз,  халықтың  әл-ауқатын  арттырамыз,  -  деді 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет