Б. Б. Мамраев- филология ғылымдарының докторы, профессор



Pdf көрінісі
бет25/27
Дата12.03.2017
өлшемі9,7 Mb.
#8960
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27

 
 
Литература 
 
1. Зенкевич О., Морган К. Конечные элементы и аппроксимация. М.:1. Мир, 1986.-318 с.  
2. Сегерлинд JI. Применение метода конечных элементов: Пер. с англ. / Под ред. 
Победри
 Б.Б. М.: 
Мир, 1979. - 392 с.  
 
 

163 
 
ЭКОЛОГИЯЛЫ-ГЕОЛОГИЯЛЫҚ КАРТОГРАФИЯЛАУ 
М.А.Есенова, 
Х. Досмухамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің магистранты 
М.С.Есенаманова, 
тех.ғ.к., Х. Досмухамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің  
аға оқытушысы 
 
Геологиялық  және  инженерлі–геологиялық  карталарды  экологиялау.  «Экологияланған» 
геологиялық  карталар  мазмұны  анализінің  нәтижесі  бейнеленген  көрсеткіштер  мен  оларды  бағалау 
кең ауқымын көрсетеді, ал ең бастысы – осындай мазмұндағы карталардың келісілген ортақ түрі және 
оларда  қажетті  ақпараттардың  көрсетілуін  болмауын  негіздейді.  Әрбір  автор  немесе  авторлық 
коллектив  мәселені  шешуде  өзі  қалай  түсінсе  солай  қарастырды.  Бұдан  шығатыны  экологиялы–
геологиялық  карталарда  міндетті  түрде  көрсетуге  арналған  бірдей  мазмұны  мен  нақты  ақпараттың 
жоқтығы.  Осыған  байланысты  олар  геологиялық,  инженерлі–геологиялық,  гидрогеологиялық 
карталардан  ерекшеленеді.  Бұл  карталардың  атына  сай  жалпы  белгіленген  және  заңдасқан 
әдісетемелік мазмұндағы құжаттар және берілген ақпаратты көрсету түрлері беріледі.  
Экологиялық  мақсаттағы  геологиялық  карталарда  позиция  бойыша  жақын  екі  түсінік 
қалыптасқан: 
–  литосфераға техногенді әсер көзін, оның түрін, шығарындының көлемі мен режимін міндетті 
түрде көрсету; 
–  территорияны функционалды зоналауды жүргізу және ландшафттық карта негізінде осындай 
типологиялық  инженерлі  –  геологиялық  аудандастыру  картасы  немесе  техногенді  ластануға 
литосфераның беткі қабатының сезімталдық (тұрақтылық) карталарын жасау. 
Кеңістік  геологиялық  ақпаратты  жүйелеу  және  көрсетудің  дәстүрлі  тәсіліне  геологиялық 
карталарды жатқызады.  
Әртүрлі  тақырыптық  бағыттағы  карталарды  анализдеу  негізінде  экологиялы–геологиялы 
карталардың  өзінің  құрылымы  мен  қызметі  жағынан,  жалпы  практикада  қолдануына  қарай 
инженерлік–геологиялық  карталарға  жақын  екендігі  белгілі  болды.  Осы  жіктелулерге  сәйкес 
К.А.Салищев  (1976)  және  А.М.Берлянт  (1998)  ұсынған  географиялық  карталарды  классификациялау 
экологиялы-геологиялық карталардың жүйесін жасауда бастапқы мәлімет ретінде қолданылады.  
Экологиялы-геологиялық  зерттеу  және  карталау  «Геологиялы-экологиялық  зерттеулер  мен 
карталау  талаптарына»  сәйкес  жасалады.  (1991).  Онда  алғаш  рет  нормативті  құжаттарда 
«экологиялы-геологиялы  карта» термині  ұсынылды.  Бұл  экожүйе  мен  адамның  тіршілік  ету  ортасына 
әсер  ететін  геологиялық  орта  мен  ондағы  болып  жатқан  процесстердің,  осы  әсердің 
қарқындылығының  интегралды  бағалау  динамикасын  картографиялық  кескінделуі.  Осы  құжатта 
осындай  карталарды  жасаудың  екі  типі  ұсынылған  (схемалар)  -  экологиялы-геологиялық  жағдайлар 
және экологиялы-геологиялық қауіптілікті бағалау, немесе экологиялы-геологиялық қауіптілігіне қарай 
территорияны аудандастыру схемасы.  
Бұл  карталардың мазмұны техногенді  әсерге  литосфераның  тұрақтылығының  бес  градациясы 
бойынша  экологиялы-геологиялық  жағдайды  бағалауға  негізделіп,  экожүйелердің  абиотикалық 
компоненттерімен ғана шектелген. 
Зерттеу  мен  карталаудың  мақсаты  –  геологиялық  орта  мен  оны  құрайтын  компоненттердің 
жағдайын  анықтау,  геологиялық  ортаның  техногенді  бұзылуларын  табу,  табиғи  және  техногенді 
процесстердің белсенділігін бағалау және бағыттылығын анықтау. Соңғысы территориялық табиғатты 
қорғау  шараларының  технико-экономикалық  негізін  (ТЭН)  жасау  үшін  дұрыс  жобалау  мен  қажетті 
процеестерге қолданылады.  
Экологиялы-геологиялық карталаудың міндеттеріне төмендегілер жатады: 
–  экологиялық  аясы  мен  геохимиялық  барьерлерді  бірмезетте  геологиялық  ортаның  табиғи 
жағдайымен бірге анықтау;  
–   геологиялық  ортаға  әсер  етуші  негізгі  техногенді  объектілер  мен  факторларды  анықтай 
және олардың әсерін бағалау; 
–   техногенді процесстердің әсерінен геологиялық ортаның өзгерісін табу және бағалау; 
–   геологиялық ортаның экожүйе компоненттеріне техногенді өзгерісін анықтау және бағалау. 
Оның  ішінде  биота,  атмосфера,  жер  беті  және  жер  асты  ағындыларының  жағдайы  алғашқы  орынға 
қойылады.  
–   геологиялық ортаның негізгі техногенді өзгерісінің сапалы аумақтық болжамын жасау; 
–   геологиялық ортаны ұтымды пайдалану мен қорғау шараларын негіздемесін жасау.  
Зерттеудің негізігі объектілеріне төмендегілер жатады: 
1.  Техногенді  жүйелер  нәтижесінде  пайда  болған  табиғи  және  техногенді  ландшафттар 
(территориялық-өндірістік,  жанармай-энергетикалық,  тау  өңдеу,  агроөнеркәсіптік  кешендер), 
зерттеуге алынатындар топрыақ және топырақ түзуші жыныстар, тау жыныстары кешендері, тұрақты 

164 
 
және уақытша ағынды сулар, өзендер, әртүрлі типтегі кен орындары, алғашқы су тасымалдаушы және 
әлсіз  су  тасымалдаушы  горизонттар,  аумақтық  және  жергілікті  жер  үсті  және  жер  асты 
ағындыларының  бассейдері,  техногенді  шөгінділер.  Ерекше  көңіл  аударатын  жайт  кен  орындарын 
іздеуде және барлауда қауіптілігін анықтауға көп көңіл бөлінеді.  
2. Эндогенді және экзогенді геологиялық процесстер.  
3.  Ірі  техногенді  және  өнеркәсіп  объектілері,  сонымен  қатар  орталықтанған  бас  тоғандар, 
мұнайгаз кәсіпшілігі, газ және мұнай кәсіпшілігінің жоғары улы қалдықтарын көму орындары.  
Карталау тіпті алдын-ала геологиялық, гидрогеологиялық, инженерлі-геологиялық зерттеулер 
жүргізілген және сәйкесінше карталар жасалған аудандарда да жүргізіледі. Мұндай жағдайда алдын-
ала  жасалған  карталар  зерттеуге  көмекші  құрал  болады  және  зерттеудің  арнайы  экологиялы-
геохимиялық,  экологиялы-гидрогеологиялық,  экологиялы-радиометриялық,  экологиялы-  инженерлі-
геологиялық, экологиялы-гидрохимиялық, экологиялы-геокриогеологиялық түрлерін қамтиды.  
Зерттеу жұмыстары үш кезеңге бөлінеді: дайындық, алаңдық, камералық. 
Дайындық кезеңінде төмендегідей процесстер жасалады: 
–  территорияның  геологиялық  құрылысы  туралы,  белгіленген  геологиялық  құрылымдар, 
жарылыс  тектоникасы,  ауданның  геологиялық  даумы,  техногенді  объектілер  (орналасуы,  шығаратын 
өнім мен бар шығарылған қалдықтардың технологиялық сызықтарының ерекшелігі, ). 
– топырақ горизонттарын ластануын картасын жасау үшін топырақ геохимиялық зерттеулердің 
ақпараттарын жинау және тұжырымдау; 
–  атмосфералық  ауаның  ластануы,  жерүсті  және  жер  асты  гидросферасы  мен  өсімдік 
жамылғысының  ластануы,  ластаушы  заттардың,  әрі  радиоактивті  заттардың  ауа  және  су  арқылы 
таралу  сипаты,  халық  денсаулығының  жағдайы,  қоршаған  ортаның  басқа  да техногенді  және табиғи 
бұзылулары туралы ақпараттарды жинау және анализдеу.  
Дайындық  кезеңінде  геологиялық  ортаға  әсер  етудің  нақты  деңгейін  анықтау  үшін 
рекогносциялық маршруттар жүргізілуі тиіс.  
Алаңдық  (экспедициялық)  кезең  маршруттық  зерттеулерде  сынамаларды  алуға,  карталарды 
кешенді  алаңдық  жасау  үшін  аранайы  анализ  жасауға  қолданылады.  Дайындық  кезеңінің  соңында 
соңғыларын жинақтау және олардың санын анықтау геологиялық ортаның техногенді жүктеме деңгейі 
мен нақты жағдайларына байланысты жүргізіледі. 
Экспедициялық  жұмыстар  процесінде  карталауға  төмендегілер  жатады:  табиғи  және 
техногенді 
ландшафттар; 
эндогенді 
және 
экзогенді 
геологиялық 
процестердің 
әртүрлі 
территорияларды көріну қарқындылығы мен олардың техногенді белсенділігі; 
– 
көшкіндердің, 
тұтастай 
жылжу 
орындарының, 
карстүзушілердің, 
суффозия, 
сейсмотектоникалық  опырындылардың,  территорияның  тұздануы  және  су  басуы  таралған  жерлері; 
геокриологиялық процесстер және т.б. аумақтары. 
–  тау  жыныстарының  техногенді  өзгерісінің  шиеленіскен  жағдайының  аумақтары.  Олар 
пайдалы қазбаларды, құрылыс аудандарының котловандарын және техногенді грунттардың таралуын 
– топырақ үйіндісі, үйінді, тұндырғыш және т.б. табуда және өңдеуге қолданылады.; 
–  гидрогеологиялық  жағдайлардың  техногенді  өзгерісі  аумақтары,  жер  асты  суларының 
таусылу  аумақтары,  жер  асты  суларының  бас  тоғанын  пайдалану  нәтижесінде  пайда  болған 
депрессиялық түтікшелер контуры; 
Алаңдық жұмыстар кезінде тау жыныстарының сынамаларын таңдау және химиялық анализді 
жүргізу мақсатында топырақ сынамаларын алу, техногенді әсерден зардап шеккен территориялардың 
суының сынамаларын және ауа сынамаларын таңдау жүргізіледі.  
Камералық 
кезеңде 
экспедициялық 
жұмыс 
нәтижесінде 
алынған 
картографиялық 
материалдар, алаңдық күнделіктердегі жазулар және сынамалар аналитикалық өңдеуге алынады.  
Камералық жұмыстар процесінде келесі карталарды құрайды: 
–  геологиялық  ортадағы  ауыр  металлдар,  радионуклидтер  концентрациясы,  органикалық 
қосылыстар,  экожүйе  мен  адамның  тіршілік  ортасына  теріс  әсер  етуші  пестицидер  мен  басқа  да 
заттар; 
– ШМК асатын топырақ, тау жыныстары, аэрация зонасы, ауа ортасы, жерүсті және жерасты 
сулары, заттардың фондық концентрациялы аумақтары; 
–өсімдік 
жамылғысында, 
жер 
атмосферасында, 
қар 
жамылғысында, 
радиоактивті 
элементтердің жинақталған аумақтарындағы ластаушы заттардың мөлшері; 
–  қауіпті  геологиялық  құбылыстардың,  торфтардың,  карстық  белдемдердің  және  басқа  да 
геологиялық объектілердің таралуы. 
Қорытынды  құжат  болып  геоэкологиялық  карта  саналады,  онда  барлық  геоэкологиялық 
ақпараттың интеграцияланған картасы бейнеленеді.  
Берілген  карталар  арқылы  бағалау  карталарын,  сонымен  қатар  геоэкологиялық  ауіптілікті 
болжау  каратларын  жасайды.  Бұл  карталарда  геоэкологиялық  жағдайларды  әртүрлі  бағалаудың 

165 
 
аудандары  және  шаруашылық  әрекет  пен  табиғатты  пайдаланудың  ерекше  жағдайларының 
аудандарын анықтап көрсетеді.  
Геодинамикалық процесстерді картографиялау.  
Қазіргі таңдағы геодинамика процесстерін картографиялаудың практикалық сұрақтары табиғи 
және  техногенді  құраушыларына  әсерімен  шешіледі.  Соңғы  процестердің  пайда  болу  кезеңдерін 
ғылыми-техникалық революция уақытымен сәкестендіруге болатын деректер жеткілікті саналады.  
Қарқындылық  және  процесстердің  даму  нәтижесін  картографиялау  арнайы  жасалған 
классификациялар,  көрсеткіштер  және  бейнелеу  түрлері  арқылы  жүргізілуі  мүмкін  немесе  уақыттың 
әртүрлі кезеңдеріндегі құбылыстарды көрсетуге бағытталады, яғни зерттеудің сапалық немесе сандық 
деңгейіне қарай жүргізіледі (Горелов, Тимофеев, 1990). 
Сапалық  картографиялау  процесстің  жүру  фактысы,  оның  локализациясы  және  (кейде) 
қарқындылықтың баллдық бағалауынан тұрады. 
Қазіргі  кездегі  геодинамика  процесстері  рельеф,  топырақ,  өсімдік,  жер  асты  және  жер  үсті 
суларын  қамтиды.  Геокомпоненттің  әрқайсысының  өзгерісі  дешифрлік  белгі  болып  қарастырылады. 
Сондықтан  да  геодинамикалық  процесстер  мен  олардың  салдарын  анықтау  және  локализациялау 
әртүрлі  спектралды  дипазонда  дистанциялық  зондтау  әдісін  қолданған  анағұрлым  тиімді  болып 
саналады.  Дешифрлік  белгілер  геодинамикалық  процесстер  мен  олардың  сыртқы  көріністері 
фотобейнелерде  көрінуі  таралудың  локальды  немесе  аумақтық  сипатына  ие  болады.  Сондықта  да 
геодинамика  процесстерін  картографиялаудың  ортақ  әдісіне  дешифрлік  белгілерді  анықтау 
мақсатында  негізгі  аумақтарда  материалдарды  таңдап,  алаңдық  дешифрлеу  және  камералық 
жағдайда  тұтастай  дешифрлеу  жатады.  Процесстерді  құраушы  техногенділерді  анықтау,  сонымен 
қатар  олардың  динамикасының  сипатын  табуға  әртүрлі  уақытта  түсірілімдер  түсіруіне  байланысты 
болады. Дешифрленген контурлар бір бастапқы және басқа да ілесуші, немесе екі және одан да көп 
бірдей маңызды процесстерді сипаттайды.  
 
Пайдаланған әдебиеттер тізімі: 
1.  Вышивкин Д.Д. Геоботаническое картографирование. – М.: МГУ, 1977. – 178 с. 
2.  Ревзон А.Л. Картографирование состояний геотехнических систем. – М.: Недра, 1992. 
3.  Петров В.К. Геоэкология. – СПб., 1994. 
 
 
Резюме 
            В  этой  статье  рассматривается  Эколого-геологическое  картографирование,  и  процессы 
современной  геодинамики  затрагивают  рельеф,  почвы,  растительность,  поверхностные и  подземные 
воды,  каждое  изменение  геокомпонентов  может  рассматриваться  как  дешифровочный  признак.  
Результаты  анализа  содержания  «экологизированных»  геологических  карт  свидетельствуют  о 
чрезвычайно широком диапазоне отображаемых показателей и их оценок, а главное – об отсутствии 
до  сих  пор  согласованных  представлений  осодержании  таких  карт  и  способах  показа  на  них 
необходимой информации. 
 
Summary 
             In this article said about ecological-geological graphicmap and processes of modern geodynamic, 
about structure of soil, growth, surface and underground water, every changings of  reocomponents looked 
as reason. Analysis results of including ecological geologic maps.   
 
 
ДЕРЕКТЕР ҚОРЫ – АҚПАРАТТЫҚ  ЖҮЙЕНІҢ НЕГІЗІ 
 
К.Б.Багитова, 
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің магистранты  
 
 
Электронды есептегіш машиналардың маңызды ерекшеліктерінің бірі  ақпараттың мол көлемін 
сақтау  және  өңдеу,  сонымен  бірге  мәтіндік  және  графикалық  құжаттар  (суреттер,  сызулар, 
фотосуретгер, географиялық карталар) ғана емес, жаһандық жүйе, дыбыстық және бейнефайлдардың 
беттері де жинақталады. Бұл мүмкіндіктер ақпараттық жүйенің көмегімен іске асады.  Деректер қоры 
ақпараттық жүйенің негізі болып табылады. 
 
Деректер қоры (ДҚ) белгілі бір арнаулы ауқымға    қатысты мәліметтерді баяндау, сақтау мен 
амал-тәсілдермен  ұқсата  білудің  жалпы  принциптерін  қарастыратын  белгілі  бір  ережелер  бойынша 
ұйымдастырылған  деректердің    жиынтығы.  Адамның  қатысуы  ықтимал,  автоматтық    құралдармен  
өңдеуге  жарамды  түрде ұсынылған ақпарат деректер  ретінде түсіндіріледі
. 

166 
 
 
Қарапайым деректер қорына мысал  ретінде телефон анықтамалығын, теміржолдағы вагондар  
қозғалысы  кестесін,  кәсіпорын  қызметкерлері  туралы  деректерді,  студенттердің  сессия  тапсыру 
қорытындылары және т.б. атауға болады. 
 
Электронды деректер қорының басты қасиеті - ақпаратты тез іздестіру мен сұрыптау (іріктеу), 
сондай-ақ  берілген  форма  бойынша  есепті  қарапайым  түрлендіру  (жасау)  мүмкіндігі.  Мысалы,  сынақ 
кітапшаларының  нөмірлері  бойынша  студенттердің  аты-жөндерін  оңай  айыруға  болады  немесе 
жазушының аты-жөні бойынша шығармаларының тізімін жасауға болады. 
 
Деректер  қорын  басқару  теориясы  дербес  пән  ретінде  шамамен  алғанда  XX  ғасырдың  50-
жылдарының  басынан  бері  дами  бастады.  Осы  уақыт  ішінде  белгілі  бір  іргелі  ұғымдар  жүйесі 
калыптасты. Олардың бірқатарын атап кетейік. 
 
Объект – деп мағлұматтары   деректер қорында   сақталатын ақпараттық жүйенің элементтері 
аталады. 
 
Атрибут  -  объектінің  қасиеттерін  ақпараттық  бейнелеу.  Әрбір  объект  атрибуттардың  кейбір 
жиынтығымен сипатталады. 
 
Деректердің  басты  элементі  деп  деректердің  басқа  элементтерінің  мәндерін  аныктауға 
мүмкіндік беретін осындай атрибут аталады. 
 
Алғашқы  кілт  -  объектінің  (жазбаның)  әрбір  данасын  бірегей  түрде  жалғастыратын  атрибут 
(немесе  атрибуттар  тобы), 
Екінші  ретті  кілт  -  бірнеше  жазбалар  (объект  даналары)  үшін  мәні 
қайталанатын  атрибут  (немесе  атрибуттар  тобы).  Ең  алдымен,  екінші  реттегі  кілттер  жазбаларды 
іздестіру  операцияларында  қолданылады
.  Деректер  қоры  ұғымымен  деректер  қорын    басқару 
жүйесінің (ДҚБЖ) ұғымы тығыз байланысты. 
 
Деректер қорларын жіктеу 
Деректер арасындағы байланыстарды орнату әдістері бойынша былайша ажыратылады:  
 
Реляциялық деректер қоры;  
 
Иерархиялық деректер қоры; 
 
Желілік деректер қоры. 
 
Реляциялық  деректер  қоры  -  кесте  түрінде  деректерді  ұсынудың  қарапайым  және  әдеттегі 
формасы болып саналады. Көптеген теориялар ішінде кестеге қатынас (relation) термині сәйкес келеді 
және ол  деректер қорындағы  осы  атты  берген. Ол  үшін  дамыған  математикалық  аппарат  -  біріктіру, 
алу, азайту, қиылысу, қосу және т.б. сияқты математикалық операциялар айқындалатын реляциялық 
есептеу мен реляциялық алгебра. 
Осы типтегі деректер қорын  жасауға американдық ғалым Е. Кодд елеулі үлес қосты. 
 
Реляциялық  деректер  қорының  жақсы  қасиеті  -  оны  қолдаудың  аспаптық  құралдарының 
салыстырмалы  қарапайымдылығы,  кемшілігі  –  деректер    құрылымының  қаталдығы  (ерікті  ұзындық 
кестесінің  жолдарын  берудің  мүмкін  еместігі)  және  оның  жұмыс  жылдамдығының  деректер  қоры 
мөлшеріне  тәуелділігі.  Мұндай  деректер  қорына    белгіленген  көптеген  операциялар  үшін  барлық  
деректер қоры қарау қажетті болуы мүмкін. 
 
Иерархиялық  және  желілік  деректер  қоры  қайсыбір  ортақ  белгісі  бар  деректер  арасындағы 
байланыстардың  бар  болуын  көздейді.  Иерархиялық  деректер  қорында  мұндай  байланыстар  ағаш-
сызық  жол  (графа)  түрінде  бейнеленуі  мүмкін,  мұнда  биік  ұшар  бастан  төменгі  кішілеріне  қарай 
біржақты  байланыстар  ғана  болуы  ықтимал.  Егер  барлық  ықтимал  сүрақтар  ағаш  құрылымында 
бейнеленсе  ғана,  бұл  қажетті  ақпаратқа  жетуді  тездетеді.  Ақпарат  алудың  ешқандай  басқа  сұрау 
салулары қанағаттандырмайды. 
 
Айтылған  кемшілік  желілік  деректер  қорыннан  алып  тасталды,  онда  (тым  болмағанда, 
теориялық  жағынан)  «бәрімен  барлық  жағынан»  байланыс  болуы  ықтимал  еді.  Іс-тәжірибе  жүзінде 
мұны іске асыру мүмкін болмағандыктан, кейбір шектеулерге жүгінуге тура келеді. 
 
Деректердің  әрбір  элементі  құрамында  кейбір  басқа  элементтердің  сілтемесі  болуы  тиіс.  Сол 
себептен  ЭЕМ  (электронды  есептегіш  машинаның)  оперативті  және  дискілік  жадындағы  едәуір 
ресурстар талап етіледі. 
 
 
Кейбір ДҚБЖ туралы мәліметтер 1 – кестеде келтірілген. 
ДҚБЖ атауы 
ДҚ типі 
MS Access 
Реляциялық 
Clipper 
Реляциялық 
DBase 
Реляциялық 
FoxBase+ 
Желілік 
FoxPro 
Желілік 
IMS/VS 
Иерархиялық 

167 
 
 
 
 
1 – кесте. Деректер қорын  жіктеу 
  
Ақпараттық  жүйенің  жұмыс  режимі.    Ақпараттық  жүйенің  екі  жұмыс  режимі  бар: 
жобалаушылық және пайдаланушылық.  
Бірінші  режим  қор  құрылымын  құру  немесе  баяндауға  және  оның  объектілерін  жасауға 
арналған.  
Екінші режимде қорды толтыру немесе одан деректер алу үшін бүрын дайындалған объектілер 
пайдаланылады. 
Жобалаушы  кесте  құрылымдарын  мәліметсіз  жасайды  және  оны  тапсырыс  берушімен  бірге 
келісіп, бір қорытындыға келеді. 
Қорды    құрушылар  қорды  нақты  деректермен  толтырмайды  (тапсырыс  беруші  оларды  құпия 
деп  санауына  болады және  бөгде  адамдарға  ұсынбайды). Қор    объектілерін  қалау  кезеңін  де  үлгілік 
деректер мен эксперименттік толтыру бүған қосылмайды. 
Қорды  пайдаланушы  - формалардың  көмегімен  оны  ақпаратпен толтырады,  деректерді  сұрау 
салулардың  көмегімен  өңдейді  және  қорытындыны  нәтижелік  кестелер  мен  есептер  түрінде  алады. 
Жалпы  жағдайда  пайдаланушылардың  қызметі      нақты  жұмыс  парағында  қарастырылғандарға  ғана, 
қор  құрылымын басқаруға қолы жететіндей құралдары жоқ. 
Ақпараттық  жүйені  пайдаланушылар.Ақпараттық  жүйені  құру  мен  функционалдау  процесінде 
әр түрлі категориядағы пайдаланушылар бірге іс-әрекет жасайды.   
Пайдаланушылардың  негізгі  категориясы  болып  түпкілікті  пайдаланушылар,  яғни,  олардың 
қажеттіліктері  үшін  деректер  қоры  құрылатын  пайдаланушылар  табылады.  Құрылушы  деректер 
қорының  ерекшеліктеріне  байланысты  оның  түпкілікті  пайдаланушылар  әртүрлі  бола  алады.  Бұл 
деректер  қорына  мезгіл  өткен  сайын  көңіл  аударатын  кездейсоқ  пайдаланушылар  болуы  мүмкін 
немесе  тұрақты,  яғни,  әрдайым  пайдаланатын  пайдаланушылар  болуы  мүмкін.  Түпкілікті 
пайдаланушылар  бір-бірінен  есептеуіш  техниканы  меңгеру  дәрежесімен  де  ерекшеленуі  мүмкін. 
Түпкілікті пайдаланушылардан есептеуіш техника мен тіл жабдықтары саласында арнайы білім талап 
етілмеуі керек. 
Деректер  қорын  функционалдау  деректер  қорын  құруды,  функционалдауды  және  дамытуды 
қамтамасыз  етуші  мамандардың  қатысуынсыз  мүмкін  емес.  Мамандардың  бұндай  тобы  деректер 
қорының администраторлары (ДҚА) деп аталады. Мамандардың бұл тобы деректер қорының құраушы 
бөлігі болып есептелінеді.  
Ақпараттық жүйені жобалаушылар тобы. Ақпараттық жүйені жобалаушылар тобының құрамын 
олардың  атқаратын  функцияларына  байланысты  әртүрлі  топшаларды  бөліп  көрсетуге  болады. 
Әкімшілік  топтың  құрамының  саны,  олардың  атқаратын  қызметі  деректер  қорының  көлеміне,  онда 
сақталатын  ақпараттың  спецификасына,  деректер  қорының  типіне,  қолданыстағы  бағдарламалық 
жабдықтар ерекшеліктеріне және кейбір басқа факторларға белгілі-бір дәрежеде тәуелді болады.  
Ақпараттық жүйені жобалаушылар құрамында жүйелік аналитиктер, деректер қорына қатысы 
бойынша  сыртқы  ақпараттық  қамсыздандыруды  жобалаушылар,  деректерді  өңдеудің  технологиялық 
процесстерінің жобалаушылары, жүйелік және қолданбалы программистер, операторлар, техникалық 
қамсыздандыру  бойынша  мамандар  болуы  керек.  Егер  әңгіме  коммерциялық  деректер  қоры жөнінде 
болса, онда бұл жерде маңызды рольді маркетинг бойынша мамандар ойнайды. 
Ақпараттық  жүйе  администраторы.      Ақпараттық  жүйе  администраторлары  жан-жақты 
функциялардың үлкен шеңберін орындайды. Әрі қарай олардың кейбіреуін қарастырып өтуге болады. 
Бұл функциялардың негізгілері келесідей: 
1. 
Пәндік  облыс  анализі:  пәндік  облысты  жазбаша  суреттеу,    толықтылықты  шектеуді  табу, 
ақпарат  статусын  анықтау,  пайдаланушылар  қажеттіліктерін  анықтау,  пайдаланушылар 
статусын  анықтау,  "деректер  -  пайдаланушы"  сәйкестігін  анықтау,  деректерді  өңдеудің 
уақыттық - көлемдік мінездемесін анықтау. 
2. 
Деректер  қорының  құрылымын  жобалау:  деректер  қорының  файлдарының  құрамы  мен 
құрылымын  анықтау,  олардың  арасындағы  байланыстарды  анықтау,  деректерді  тәртіптеу 
әдістері  мен  ақпаратқа  енуі  әдістерін  таңдау,  деректер  қорының  мен  деректерді  жазбаша 
суреттеу  тілдерінің құрылымын жазбаша суреттеу. 
3. 
Деректер  қоры  мен  деректер  қорын  өңдеу  шараларының  құрылымын  жазбаша  суреттеу 
кезінде толықтылықты шектеуді беру: пәндік облысқа жататын толықтылықты шектеуді беру, 
деректер  қорының  құрылымымен шақырылған  толықтылықты  шектеуді  анықтау,  деректерді 
енгізу  мен  корректировкалауда  деректер  қорының  толықтылығын  қамтамасыз  ететін 
шараларды  құру,  көп  пайдаланушылар  режимінде  пайдаланушылардың  параллельді 
Oracle 
Реляциялық 
Paradox 
Реляциялык 

168 
 
жұмысында толықтылықты шектеуді қамтамасыз ету. 
4. 
Деректер қорын алғашқы жүктеу мен жүргізу: деректер қорын алғашқы жүктеу мен жүргізу 
технологиясын  жасау,  енгізу  формаларын  жобалау,  мәліметтерді  дайындау,  енгізу  және 
енгізуді бақылау. 

Деректерді  қорғау. 
 
5.1. 
Жүйеге  пароль  арқылы  кіруді  қамтамасыз  ету,  пайдаланушыларды  тіркеу,                            
     порольдарды тағайындау және өзгерту. 
 
5.2. 
Нақты деректерді қорғауды қамтамасыз ету: пайдаланушылар топтарының және жеке 
пайдаланушылардың ену құқықтарын анықтау, жеке пайдаланушылар үшін 
деректерге жасалатын рұқсат етілген операцияларды анықтау, деректерді қорғаудың  
программалық - технологиялық жабдықтарын таңдау/құру. 
 
5.3. 
Деректерді қорғау жабдықтарын тестілеу. 
 
5.4. 
Ақпаратқа енудің қарастырылмаған жолдарын анықтау/тіркеу. 
 
5.5. 
Деректерді қорғауды бұзудың пайда болған жағдайларын       
зерттеу және оларды жою мен алдын-алу бойынша  
іс-шаралар жүргізу. 
6. 
Деректер қорын қайта қалыптастыруды қамтамасыз ету: деректер қорын қайта  
қалыптастырудың программалық-технолгиялық жабдықтарын құру, жүйелік журналдарды 
жүргізуді ұйымдастыру. 
7. 
Деректер қорының жұмыс жасау тиімділігінің анализі мен жүйенің дамуы: жүйенің жұмыс 
жасу көрсеткіштерінің анализі (өңдеу уақыты, жадының көлемі, құндық көрсеткіштер), 
деректер қорын қайта ұйымдастыру мен қайта құрылымдау, деректер қорының құрамын 
өзгерту, программалық және техникалық жабдықтарды дамыту. 
8. 
Пайдаланушылармен жұмыс жасау: пәндік облыстағы өзгерістер туралы ақпарат жинау, 
пайдаланушылардың деректер қоры жұмысын бағалау туралы ақпарат жинау, 
пайдаланушыларды оқыту, пайдаланушыларға кеңес беру. 
9. 
Жүйелік программалық жабдықтарды дайындау және қолдау: ДҚБЖ туралы ақпарат жинау  
және анализдеу, программалық жабдықтарды иемдену, оларды орналастыру, жұмысқа 
жарамдылығын тексеру, жүйелік кітапханаларды қолдау, программалық жабдықтарды 
дамыту. 
10.  Ұйымдастырушылық-әдістемелік жұмыс: деректер қорын жобалау әдістемесін таңдау немесе  
құру, жүйенің даму бағыттарын және мақсаттарын анықтау, деректер қорының даму  
кезеңдерін жоспарлау, ұйымдастырушылық-әдістемелік материалдарды жасау және шығару.  
              
 
Ақпараттық  жүйенің  администраторы  өз  қызметінің  барысында  деректер  қорының  басқа 
пайдаланушыларымен,  сонымен  қатар  деректер  қорының  пайдаланушылары  болып  табылмайтын 
"сыртқы"  мамандармен  де  қарым-қатынасқа  түседі.  Ең  алдымен  егер  деректер  қоры  қандай  да  бір 
кәсіпорынды  немесе  ұйымды  ақпараттық  қамтамасыз  ету  үшін  құрылса,  онда  осы  ұйымның 
әкімшілігімен қарым-қатынас қажет. Жоғарыда көрсетілгендей деректер қорын енгізу ақпаратты өңдеу 
жүйесінде ғана емес, сонымен бірге ұйымды басқарудың бүтіндей жүйесіне де өзгеріс енгізеді. Бұндай 
үлкен  жобалардың  ұйым  басшылығының  белсенді  түрде  араласуынсыз  және  қолдауынсыз 
орындалмайтыны  анық.  Ұйым  басшылығы  деректер  қорымен  ұсынылатын  мүмкіндіктермен  танысуы 
керек, оның басымдылықтары мен жеткіліксіздіктері туралы хабарлануы тиіс, сонымен қатар деректер 
қорының  құрылуы мен функционалдануы барысында пайда болатын мәселелер туралы ақпарат алуы 
тиіс.  
 
Деректер  қоры  пәндік  облыстың  динамикалық  ақпараттық  көрінісі  болып  табылатындықтан 
деректер  қорының  администраторлары  өз  кезегінде  ақпараттық  жүйе  құрылатын  объектінің  даму 
переспективасы туралы уақытында хабарлануы тиіс. 
 
Ұйым  басшылығы  мен  ақпараттық  жүйенің  администраторы    деректер  қорын  құрудың  негізгі 
бағыттары мен уақыты және оның дамуы, пайдаланушыларды қосу кезектілігі туралы келісуі қажет. 
 
Ақпараттық жүйе администраторы деректер қорының бүкіл өмірлік циклінің кезеңдеріндегі өте 
тығыз  байланыс  түпкілікті  пайдаланушылармен  байқалады.  Бұл  қарым-қатынас  пайдаланушылардың 
қажеттіліктері  зерттелген  кездегі,  пәндік  облыстың  ерекшеліктері  анықталған  кездегі  жүйені 
жобалаудың алғашқы кезеңдерінде басталады және жобалау процессі мен жүйенің функционалдануы 
кезінде де қолдау табады. 
 
Соңғы  уақыттарда  деректер  қорының  түпкілікті  пайдаланушылары  мен  администраторлары 
арасында функцияларды қайта бөлу жүріп жатқандығын айта кеткен жөн. Бұл ең алдымен түпкілікті 
пайдаланушыларға  бағытталған  тілдік  және  программалық  жабдықтардың  дамуымен  байланысты. 
Бұған қарапайым және соған қоса күшті сұрау салу тілдері, сонымен қатар жобалауды автоматтандыру 
жабдықтары жатады. 

169 
 
 
Егер  деректер  қоры  қандай-да  бір  оны  қосушы  автоматтандырылған  ақпараттық  жүйенің 
құрамында  функционалданса,  онда  Деректер  қоры  администраторы  бұл  жүйеде  мәліметтерді  өңдеу 
бойынша мамандармен қарым-қатынаста жұмыс істеуі қажет. 
 
Ақпараттық жүйенің  администраторы    оған  қатысты  мамандардың  сыртқы топтарымен   және 
ең  алдымен  ДҚБЖ  жеткізушілерімен,  басқа  деректер  қоры  администраторларымен  қарым-қатынасқа 
түседі. 
 
Деректер  қорын  мамандандырылған  жобалық  ұжымдармен  бүтіндей  немесе  деректер  қорын 
жобалаудың өзіндік нысаны ретінде жиі құрылады. Бұл жағдайда деректер қорының әкімшілік қызметі 
ұйымдық-өндіруші ретінде де, ұйымдық-тапсырыс беруші ретінде де құрылуы керек. 
 
Әдебиеттерде  жиі-жиі  пайдаланушылардың  тәуелсіз  категориясы  ретінде  қолданбалы 
программистерді  бөліп  көрсетеді.  Мамандардың  бұл  тобын  ерікті  категорияға  қоспау  керектігі 
ойластырылуда. Одан да оларды деректер қорының администраторларының құрамына қосу керек. 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет