Б. Б. Мамраев ф.ғ. д., профессор, Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік


ТАРИХИ-ГЕОГРАФИЯЛЫҚ ӨЛКЕТАНУ: ТАРИХ, АРХЕОЛОГИЯ, ЭТНОЛОГИЯ, ГЕОГРАФИЯ



Pdf көрінісі
бет2/39
Дата02.01.2017
өлшемі5,22 Mb.
#986
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   39

ТАРИХИ-ГЕОГРАФИЯЛЫҚ ӨЛКЕТАНУ: ТАРИХ, АРХЕОЛОГИЯ, ЭТНОЛОГИЯ, ГЕОГРАФИЯ, 
ТУРИЗМ  
 
ИСТОРИКО-ГЕОГРАФИЧЕСКОЕ КРАЕВЕДЕНИЕ: ИСТОРИЯ, АРХЕОЛОГИЯ, ЭТНОЛОГИЯ, 
ГЕОГРАФИЯ, ТУРИЗМ 
 
ӨЛКЕ ТАРИХЫНДАҒЫ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР 
Б.Б. Мамраев 
Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің ректоры, 
филология ғылымдарының докторы, профессор 
 
  
Бүгінде  қарқынды  экономикалық  дамуымен,  демократиялық  бастамаларымен,  сенімділігімен 
және  бейбітшілік  сүйгіштігімен  әлемдік    қауымдастыққа  танылған  Қазақстанның  жарқын  болашағы 
тәуелсіздікті  нығайту,  отаршыл  саясаттың  зардабынан  жоғалып  кетуге  шақ  қалған    өткен  
тарихымызды қалпына келтіріп, оның белгісіз парақтарын ашу  міндетін қояды.  
Отансүйгіштік  сана-сезімді  тәрбилеуде  Қазақстан  тарихының  алатын  орны  ерекше.  Тарих 
ғылымының тыңғылықты зерттелуі қоғамымыздың дамуына сүбелі үлес қосары сөзсіз. Сондықтан да, 
мемлекет  тарапынан  өткеніміз  бен  бүгінімізді  мұқият  саралау  үшін  салмақты  қадамдар 
жасалуда.Н.Назарбаев  «Қазақстан-2050»  стратегиясы  қалыптасқан  мемлекеттің  жаңа  саяси  бағыты» 
атты  Қазақстан  халқына  Жолдауында  «Біз  ұлттың  тарихи  санасын  қалыптастыру  жұмысын 
жалғастыруымыз  керек»  деген  болатын.  Елбасы  «Тарих  толқынындағы  халық»  атты  тарихи 
зерттеулердің  арнаулы  бағдарламасын  жасауды  ұсынды.  Осының  нәтижесінде  Қазақстан 
Республикасының  мемлекеттік  хатшысы  Марат  Тәжиннің  ұлттық  тарихты  зерделеу  жөнінде  өткен 
кеңейтілген  отырысындағы  «Нағыз  ұлттық  қадір-қасиет  тарихтан  басталады»  деген  сөздері  жаппай 
қолдауға ие болғанды.  
«Өткенді  білмей,  болашақты  болжау  мүмкін  емес».  Дана  халқымыз  түйіп  айтқан  ойлы  сөздің 
бірі  –  осы.  Мемлекет  басшысы  Нұрсұлтан  Назарбаевтың  ел  тарихын  жаңаша  көзқараспен,  әлем 
тарихымен бірге алып қарастыра жазуды айрықша тапсырып отыр. Енді зерттеуші-ғалымдарымыз осы 
мүмкіндікті  тиімді  пайдаланып,  Қазақстан  тарихының  қоғамдағы  орнын  нақтылап,  ұлттық  мүдде 
тұрғысында  жазылған  оқулықтар  мен  ғылыми  еңбектерді  жарыққа  шығарып,  жас  ұрпақтың  бойында 
патриоттық  рухты  арттыруға  жұмыс  істеуі  тиіс.  Алдағы  уақытта  тағылымды  тарихымызды  қайтарып 
алмасақ, ақтаңдағынан арылтып, еркін елдің ар-ожданына сай зерделеп жазбасақ, елдігімізге сын.  
Тарихсыз  қоғамның,  халықтың,  мемлекеттің  болуы  еш  мүмкін  емес.  Тарих  туралы  әңгіме 
қозғағанда  бір  жағынан  тарихтың  өзін  дәлдікпен,  деректілікпен  маңыздылығы  қандай  болса,  оның 
түпкі  мазмұнының  шырқын  бұзбай,  соншалықты  нақтылықпен  келер  ұрпаққа  жеткізу  -  парыз. 
Негізінен,  «тарихтың  өзі  екшейді,  өзі  әділдігін  айтады,  өзі  бағасын  береді»  деген  сөз  бар.  Демек, 
тарихтың қоғамның, халықтың, жеке адамның сана-сезіміне, зейін-зердесіне және мәдени дәрежесіне 
тікелей байланысты екендігін жоққа шығаруға болмайды. Тарих мемлекеттің, қоғамның өркениеттілігін 
көрсетеді.  Өкінішке  орай,  біздің  еліміздің  талай  ұрпағы  Кеңес  үкіметі  заманында  тарихты  тек 
бұрмаланған  жағдайында  ғана  оқып  білді.  Мемлекетіміз  тәуелсіздігін  алып,  бұрынғы  идеологиялық, 
әкімшілік-әміршілдік құрсаудың бұғауы үзілген соң, тарихымызға да шыншылдықпен бет бұрдық. Осы 
тұста  тарихты  білу  күрделілігіне  кереғар  жағдай,  қазақ  тарихын  жазушы  «білгіштердің»  көбейіп 
кеткені  де  шындық.  Осыдан  келіп  «төл  тарихымызға  деген  адалдықты,  әділдікті  бойымызға  қалай 
сіңіреміз?»  деген  заңды  сұрақ  туындайды.  Тарих  ғылымының  салалары  сан  алуан  екендігі  айғақты 
дүние.  Осы  бағытта  деректану,  тарихнама,  әртүрлі  пікірлерді  сараптау  және  археология  мәселелері 
назардан тыс қалмау керек. Соның ішінде халқымыздың рухани өміріне қатысты мәдениет тарихы мен 
қоғамымыздың, мемлекетіміздің даму тарихының орны да, маңызы да ерекше.  
 
Кең  байтақ  Қазақстанның  маңызды  геостратегиялық,  экономикалық  аймағы-
Атырау  облысына  қатысты  тарихи  ескерткіштерді  кешенді  зерттеу  кезек  күттірмейтін 
тақырыптардың бірі. Аймақтағы индустриялық-инновациялық даму  нысандарының көптігі, оларды 
жүзеге  асыру  қазіргі  кезде  облыс  территориясында  ашылған,  әлі  де  белгісіз  болып  жер  қойнауында 
жатқан    археологиялық  нысандарды  Қазақстанның  әлемдік  маңызы  бар  құнды  тарихи  ескерткіштері 
қатарына  қосу,  қорғау  және  ғылыми  айналымға  түсіріп,  кейінгі  ұрпаққа  мәдени  мұра  етіп  қалдыру 
қажеттігін өткір қойып отыр. 
Атырау  өлкесі  және  Қазақстанның  батысындағы  -  Ақтөбе,  Орал,  Маңқыстау  облыстары  мен 
Арал  аймағы - Тұран мен ЕвропаныңТұран мен Иранның, Тұран мен Таяу Шығыс елдерінің 


 
өзара  ықпалдасу  үдерістерінде  маңызды  роль  атқарғаны  ғылыми  болжам  түрінде  қалуға  тиісті  емес, 
оның тарихи шындығын  ашу, бүгінгі ғалымдар мен зерттеушілердің  еншісінде  деп білемін. 
Өлке тарихшыларының алдында көптеген міндеттер мен жұмыстардың тұрғаны да айқын. Өлке 
тарихын  тың  мұрағат  құжаттары  негізінде  кешенді  түрде  зерттеуді,  жаңаша  тұрғыдан  зерделеуді 
жүзеге  асыру  қажет.  Осы  зерттеулердің  нәтижесінде  өлкеміздің  жаңа  энциклопедиясы  түзілсе  құба-
құп  болар  еді.  Туған  өлкені  зерттеп  білу  әрбір  адамға  қажет  екендігі  есте  болғаны  жөн.  Өйткені,  өз 
өлкесін,  оның  өткені  мен  бүгінін,  мәдениеті  мен  экономикасын  жақсы  білмейінше,  өз  Отанының 
патриоты  болу  қиын.  Ал,  өлкетанушы  дегеніміз  -  белгілі  бір  мамандықтың  иесі  емес,  бұл  әрбір 
азаматқа қатысты мәселе. Осы тұрғыдан алғанда жас жеткіншектер санасына, олардың келешекте қай 
мамандықтың иесі болса да өз өлкесін жақсы білетін азамат болып шығуы қажеттігін ұғындыра білудің 
маңызы зор. 
Өңірімізде  жер  бетінде  қараусыз,  ұмыт  қалған  қорымдар,  ондағы  бейіт-құлпытастардағы  ескі 
араб  жазулары  өлкенің  ХҮІІІ  ғасыр,  одан  арғы    тарихынан,  өлке  тұрғындарының  рулық-тайпалық, 
саяси-экономикалық  өмірінен  белгі  беретін жәдігерлер  ретінде  жойылып  кету   жағдайында. Бұларды 
анықтау,  олардың  ғылыми  құндылығын  айқындау  және  зерттеу  жұмыстарын  ұйымдастыруда  Ш. 
Уәлиханов    атындағы  Тарих    және  этнология  институтының  жетекші  ғылыми  қызметкері  С.Әжіғали 
бастаған бір топ ғалымдары үлкен роль атқарды. Олай болса, туған өлкенің  тарихи жәдігерлерін 
жинақтау,  зерттеу  жұмыстарына облыс    ғалымдары мен өлкетанушыларын  қатыстырып, 
республикада белгілі ғалымдардың басшылығымен бірлескен ғылыми жобалар жасаудың 
уақыты жетті.   
Биыл  жылы  осы  бір  өзекті  мәселеге  біздің  университет  ғалымдары  тарапынан  бетбұрыс 
жасалып,  ҚР  Ғылым  және  Білім  Министрлігінің    2012-2014  жж.  ғылыми  жобаларды  гранттық 
қаржыландырудың  мемлекеттік  конкурсына  Х.Досмұхамедов  атындағы  Атырау  мемлекеттік 
университеті  бір  топ  тарихшылары  ғалымдары  (Ж.Таңатарова,  Ж.Жұмабаева,  Ж.Мұстафин)  және 
облыстық  тарихи-өлкетану  мұражай  қызметкерлері  (Қ.Өтеғалиев,  Мираш)  жасаған  «Атырау 
аймағының    тарихи  -  мәдени  ескерткіштері  -  өлкенің  тарихының  құнды  дереккөздері: 
кешенді  тарихи-деректемелік  зерттеу»  атты  ғылыми  жоба  дайындалды.  Бұл  ғылыми  жоба 
конкурстың  техникалық  және  ғылыми-эксперттік  2  деңгейінен  өткенімен,  қаржыландыру  мәселесі 
шешілмеді.  Алайда  бұл  жоспарланған  зерттеуді  аяқсыз  қалдыруға  болмайды.  Облыстық  мұражай, 
өлкетанушылар    және  Атырау  университеті  ғалымдарының  бірлескен  кешенді  жоспарлы  зерттеулері 
ғана нәтижелі болады деген сенімдемін. 
Атырау  өлкесі тарихи ескерткіштерге өте бай, олардың толық зерттелуі өз еншісін күтуде. ХVIII-
XIX  ғасырлардағы  Қазақстанның  батыс  өңіріндегі  тарихи  тұлғалардың  өлке  тарихындағы  алар  орны 
ерекше.  Сондай-ақ  кешегі  отаршылдық  кезеңде  Ресей  патшалығының  қызметіне  амалсыздан  кіріп, 
бірақ халық алдында беделін жоғалтпай, қоғам үшін адал қызмет атқарған жеке тұлғаларды зерттеп, 
оларды  халық  алдында  кеңінен  танытып,  ғылыми  айналымға  енгізу  кезек  күттірмес  іс  болып 
табылады.  Сонымен  қатар  тәуелсіздік  алып,  аяғынан  енді  ғана  тік  тұрып  келе  жатқан  Қазақ  елінің 
ұлттық идеологиясына мұндай еңбектердің қажет екендігі шындық.  
 
 
 
ӘОЖ 355.211.2  
 
АТЫРАУ ӨҢІРІНДЕ ҚҰРЫЛҒАН ҚОРҒАНЫС КҮШТЕРІНІҢ ЖҰМЫСЫ 
 
Табылдиев Х.Б. 
 Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті 
 
1940  жылдың  орта  кезінде  КСРО-ны  жаулап  алу  үшін  неміс  фашистерінің  командованиесі 
«Барбаросса  жоспары»  аталатын  стратегиялық  жоспарын  жасағаны  тарихтан  белгілі.  Бұл  жоспар 
бойынша олар Оралға дейінгі жерді тез уақыт ішінде алуға тиіс болды. Соңгы кезде табылған архив 
материалдарына  қарағанда  жау  Қазақстанға,  соның  ішінде  мұнайға,  балыққа,  кенге  бай  Атырау 
бойына  да  ерекше  көңіл  бөлген.  Гитлер  командованиесі  бұл  жерлерді  (демек  Еділ  мен  Жайық 
аралығын) жаулап алғаннан кейін «Еділ-Жайық мемлекетін» кұрмақшы болған. 
КСРО  Жоғарғы  Кеңесі  Президумы  1942  жылы  тамыз  айында  құпия  Указ  шығарып,  Каспий 
өңірін  соғыс  жағдайында  деп  жариялайды.  Бірақ  Указ  кұпия  болғандықтан  соған  байланысты 
алынған шаралар да  құпия жүргізілді. Жақында Алматыдағы Қазакстан Республикасы  Президенті 
мұрағатында болғанымызда сол құжаттардың түп нұсқаларымен танысуға тура келді. КСРО Жоғарғы 
Кеңесі  Президимуы  Каспий  бойын  соғыс  жағдайында  деп  жариялануына  байланысты  Гурьев  облысы 
партия  комитеті  мен  Қазакстан  Орталык  партия  комитетіне  Гурьевте  Қорғаныс  комитетін  құруды 

10 
 
тапсырады.  Осыған  орай  1  қыркүйекте  облыстық  Қорғаныс  комитеті  құрылып,  оны  3  қыркүйекте 
Қазақстан  Орталық  партия  комитеті  қаулы  шығаруға  бекітті.  Біз  сол  қаулының  түп  нұсқасын  сол 
(орысша) күйінде оқушы қауымға беруді жөн көрдік. Ол қаулыда былай делінген: 
«В  связи  с  объявлением  военного  положения  на  побережъе  Каспийского  моря  ЦК  КП(б) 
Казахстана постановляет: 
1.  Утвердить  решение  Гурьевского  обкома  КП  (б)  Казахстана  об  организации  в  области 
комитета  обороны  в  составе  т.Бекжанова  –  секретаря  обкома  партии  (председатель  комитета)  и 
членов:  Иргалиева  –  председателя  облсовета  депутатов  трудящихся,  Гончарова  –  начальника 
областного управлення НКВД, Голосова - облвоенкома и начальника гарнизона города Гурьева; 
2.  В  целях  выполнения  имеющеюся  задания  на  призыв  военнообязанных  в  Красную 
Армию  при  отсутствии  в  области  необходимого  количества  незабронированного  контингента, 
разрешить  Гурьевскому  комитету  обороны  призвать  в  ряды  Красной  Армии  годных  к  строевой 
службе  1100  человек  отмобилизованных  рабочих  рыбной  промышленности,  речных  ловцов, 
охраны  запретных  зон,  рабочих  рыбзаводов  и  подсобных  предприятний,  не  затрагивая  морской 
лов, с заменой призванных невоеннообязанными, женщинами из рыболовецких колхозов; 
3. Просить ЦК ВКП(б) утвердить настоящее постановление. 
Секретарь  ЦК  КП(б)  Казахстана,  Н.СКВОРЦОВ».  (
Архив  Президента  РК,  фонд  708,  опись  1,  дело  5, 
лист 408). 
Жоғарғы  Кеңестің  Указында  Гурьев  Қорғаныс  комитетіне  шексіз  билік  берілетіні,  олардың 
тапсырмаларын  сол  жердегі  мемлекеттік  ұйым,  мекемелері  шаруашылық,  өндіріс  орындары 
бұлжытпай  орындайтыны  айтылған.  Сөйтіп  облыстағы  барлық  органдар,  буындар  бір  қолға 
бағынатындығы,  Қорғаныс  комитетіне  штаттағы  жай  адамдар  емес,  тек  басшы  жауапты  қызметтегі 
адамдар  кіретіні  қатты  ескертілген.  Қорғаныс  комитетінің  кұрылуы  Атырау  өңірінде  жұмысты  күрт 
өзгертіп жіберді. 
1942  жылдың  29  қыркүйегінде  Гурьев  қалалық  партия  комитетінін  активі  өткізіліп,  оған 
облыстағы  барлық  өндіріс  басшылары  шақырылды.  Активте  «Облыстың  соғыс  жағдайында  болуына 
байланысты  партия  ұйымдарының  алдында  тұрған  міндеттері»  деген  тақырыпта  Мырзахмет 
Бекжанов  баяндама  жасайды.  Облыстың  соғыс  жағдайында  деп  жариялануына  байланысты  Гурьев 
Қорғаныс  комитеті  әскери-ұйымдастыру  мәселесінде  көп  жұмыстар  істейді.  Сол  жылдың 
қыркүйегінен  бастап  Гурьев  қаласы  толықтай  қараңғыланып,  түнде  көшелерде,  үйлердің 
терезелерінен  жарық  көрсетуге  тыйым  салады.  Гурьев  қаласында,  облыс,  аудан  орталықтарында 
тәртіпті  сақтау  үшін  күндіз-түні  кезекшілер  қойылады.  Облыстық  партия  комитетінің 
басшылығымен  атқыштар  батальоны,  арнаулы  әскери  бөлімдер  құрылады.  Сондай-ақ  әуе 
қорғанысына  да  ерекше  көңіл  бөлінеді.  Осындай  алдын-ала  жүргізілген  жұмыстардың  нәтижесінде 
жау  самолеттерінің  Гурьев  территориясына  тастаған  бомбалары,  антисоветтік  листовкалары  мен 
үндеулері  халық  арасында  ешбір  қобалжу  туғыза  алмады,  енбекшілердің  майдан  үшін  жан  аямай 
еңбек етуіне кедергі келтірмеді. 
Облыстық  Қорғаныс  комитетінің  жасаған  үлкен  жұмыстарының  бірі,  олар  тек  неміс 
самолеттерінен құрылыс объектілерін, ауыл, аудан, қаланы бомбылаудан аман алып қана қойған жоқ, 
сонымен бірге жау жіберген диверсант топтарды ауыздықтады. 
Соғыс алдында Атырау мұнайын Орскідегі мұнай жөндеу заводына жеткізу үшін ұзындығы 800 
шақырым  Каспий-Орск  мұнай  құбыры  іске  қосылған  болатын.  Құбырдың  бойына  мұнайды  айдайтын 
жеті станса салынған еді. Немістердің диверсанттар жіберудегі бір мақсаты осы стансаларды істен 
шығару болса, ендігі бір жоспарлары ел арасында үгіт жұмыстарын жүргізіп, бүлік жасау болды. 
1944  жылы  мамыр  айында  самолетпен  Жылыой  ауданы  жеріне  десант  түсіру  жайлы  хабар 
алған  чекистер  стансаларды  күзетке  алып,  диверсанттарды  іздейді.  Ақыры,  екі  жақ  кездесіп, 
атыраулықтар  соғыспай  берілуін  талап  етеді.  Бірақ  шпиондар  басшысы  обер-лейтенат  Алихан  Агаев 
одан  бас  тартады.  Екі  арада  атыс  басталып,  Агаевты  Жылыой  ауданы  НКВД  капитаны  Г.Хусайнов 
атып  өлтіреді.  Мұнан  басқа  тағы  төртеуі  оққа  ұшады.  Қалғандары  біздің  жаққа  беріледі.  (
«Егемен 
Қазақстан» 2001 ж. 25 шілде). 
Кеңес  үкіметі  Атырау  чекистерінің  ерлік  істерін  ерекше  бағалап  Г.Хусайнов,  Р.Шармай, 
К.Виноградов, С.Гончаров, И.Бабич, тағы басқалары «Қызыл Жұлдыз» орденімен, ал мұнай құбыры 
стансасының басшысы Р.Пархоменко «Құрмет белгісі» орденімен марапатталады. 
Ал  Алихан  Агаев  тобын  (шын  аты-жөні  Амирхан  Тлеумағанбетов)  айдалаға  адастырып 
жіберген,  сөйтіп  казақтың  Сусанині  аталған,  ерлікпен  қаза  тапқан  Байжан  Атағозиев  бейіті 
басына ескерткіш қойылды. 
Атырау  өңірін  соғыс  жағдайында  деп  жариялауға  тағы  бір  себеп  болған  Солтүстік  Кавказ 
жау  қолында  қалып,  онан  алып  тұрған  жанармай  тыйылып,  самолет,  танк,  машиналарымыз 
жанармайсыз  қалуға  тірелді.  Сондықтан  жанармайларды  Бакуден  Гурьевке  баржымен  тасуға 
мәжбүр  болды.  Екіншіден,  Сталинград  майданының  дүрсілі  Атырауға  естіліп  жатты.  Егер  Қорғаныс 

11 
 
комитеті 1942 жылы 1 қыркүйекте құрылған болса, он күннен кейін 10 қыркүйекте неміс «юнкерстері» 
қаланы  бомбалай  бастады.  Тек  біздің  истребительдердің,  оның  ұшқыштарының  қырағылық 
қимылдары қаланы талқандаудан аман алып калды. Сондықтан  да Атырау өңірін  соғыс жағдайында 
деп  жариялау  өзін  толықтай  ақтап  шықты.  Оның  үстіне  кешегі  соғыс  кезінде  Қазақстан  терең  тыл 
болды  деген  кейбір  зерттеушілеріміздің  пікірін  жоққа  шығарып  отыр.  Оларды  осы  пікірі  үшін 
айыптауға  да,  қаралауға  да  болмайды.  Өйткені  ол  кезде  бұл  құжаттар  «Особая  папка», 
«Совершенно секретно» деген әріппен ешкімге берілмеген, қазірдін өзінде оны қарау үшін біраз бедел 
қажет.  
Әрине  ол  құжаттардың  құпия  болуының  өзіндік  сыры  бар.  Мәселен  КСРО  Жоғарғы  Кеңесі 
Президиумының  1942  жылғы  22  маусымдағы  Указына  орай  Гурьев  Қорғаныс  комитетінің  төрағасы, 
облыстық партия комитетінін бірінші хатшысы Мырзахмет Бекжанов сол жылы 10 қыркүйекте қаулы 
шығарып,  онда  «Облыстық  НКВД  бастығы  Гончаров  соғыс  жағдайында  деп  жарияланған  біздің 
аймақта тұратын немістер және басқа да біздермен соғысып жатқан елдердің ұлттары территориядан 
шығарылсын»  делінген.  Ал  мұның  өзі  құпия  жүргізілді  (
Қазақстан  Республикасы  Президенті  архиві, 
Ф.708.  опись  6/2,  дело  71,  лист  53).  Сондай-ақ  Атырау  өңірін  жау  самолеттерінің  бомбылауынан 
қорғау  үшін  қалада  құрамында  300  адамға  дейін  мүшесі  бар  истребитель  отрядтарын,  ал  аудандар 
мен  мұнай  кәсіпшілігінде  50  адамдық  отрядтар  құрып,  оны  ұйымдастыру,  оқыту  облыстық  НКВД 
бастығы Гончаров жолдасқа, аудандық жерлерде аудандық НКВД басшыларына отрядтарды оқыту 
күнде жүргізілсін деп тапсырған (
Бұл да сол архивте). 
Осындай алдын ала өткізілген шаралардың нәтижесінде немістердің қазан-қараша айларында 
мұнай  резервуарларымен  Ширина,  Қарабатан  және  Таушық  поселкелеріне  тастаған  фугастық 
бомбалары ешқандай зиян келтіре алмады. 
Кешегі  сұрапыл  соғыс тарихын жазуда тек біздің облыстың (демек Қазақстан терең тыл  болды 
деген  ұғыммен)  соғыс  жағдайында  болғаны  бүгінге  дейін  бірде-бір  оқулықтарға  енбей,  Гурьев 
Қорғаныс  комитетінің  жасаған  қыруар  жұмысы  тиісті  бағасын  ала  алмай  отырғаны  қынжылтады, 
«Атырау»  газетінде  (15  мамыр  2004  ж.)  тарих  ғылымдарының  докторы,  белгілі  тарихшы  Әзімбай 
Ғалидың  «Қазақстан  тарихында  Ұлы  Отан  соғысы  тақырыбы  біржақты  жазылып  жүр»  деген 
мақаласына  толықтай  қосыламыз.  Шынында  да  солай.  Мәселен,  кеңес  халқының,  оның  ішінде 
қазақстандықтардың  еңбектегі  ерлігін,  майданга  көрсеткен  көмегін  жоққа  шығарғысы  келген 
буржуазия  тарихшылары  Кеңес  үкіметін  немістердің  талқандауынан  алып  қалған  Америка  берген 
көмектің  арқасы  ден  бұрмалауда.  Ал  тарихи  шындыққа  келсек,  біріншіден,  АҚШ-тың  көмегі  КСРО 
өндіріс өнімдерінің тек 4 пайызы болды, екіншіден, ол Англияның берген көмегінен 3 есе аз болды. 
Үшіншіден,  американдықтар  көмегінің  негізгі  бөлігін  Кеңес  әскерлері  барлық  майданда  шабуылға 
шыққан уақытта  ғана  бере бастады. Мұны Кеңес үкіметінің қас жауы АҚШ-тың бұрынғы президенті 
Гувер  де  «Кеңестер  Одағы  немістерді  біздің  көмегімізден  бұрын  тоқтатты»  деп  мойындады. 
Төртіншіден,  қару-жарақ  шығару  жөнінде  КСРО  сол  кезде  барлық  елдерден  басым  болды.  Демек, 
Кеңес  Одағы  соғыс  жылдары  танкіні  АҚШ-қа  қарағанда  2,5  есе,  артиллерия  каруларын  3  есе, 
минометтерді алты есе, винтовкаларды екі есе артық шығарды. Майданға жіберілген 10 оқтың 9-ы 
Қазақстаннан шықты. 
Қалаберді  шетел  тарихшыларының  соншама  жалған  жазып  жүргендерін  Атырау  облысы 
еңбекшілерінің  бұл  соғыста  шығарған  өнімдері,  майданға  берген  көмегі,  мұнайшылардың, 
балықшылардың,  колхозшылардың,  әйелдер  мен  жастардың  қажырлы  еңбегі  толық  дәлелдеп  бере 
алады. 
Соғыс жылдарында Атырау облысы Қазақстандағы ең ірі өнеркәсіпті аудандардың бірі болды. 
Сондықтан  да  облыстық  партия  комитеті  мен  облыстық  Қорғаныс  Комитеті  алдында  үлкен 
міндеттер  тұрды.  Сөз  арасында  айта  кетейік,  Атырау  еңбекшілері  бұл  қиын  да  әрі  құрметті  үлкен 
абыроймен  атқарып  шықты.  Соғыс  басталған  күннен-ақ  Атырау  өңірінде  көптеген  митингілер 
мен жиналыстар ұйымдастырылды, онда облыс еңбекшілерін жауды түпкілікті жеңгенге дейін аянбай 
еңбек етуге, майданға аттанған ерлердің, тәжірибелі маман адамдардың орнын жоқтатпау жөнінде 
жұмыстар жүргізілді. Осындай бір митингіде Доссор кәсіпшілігінің жұмысшылары мұнай шығаруды 
шұғыл  арттыру  үшін  жаңадан  ашылған  мұнай  кәсіпшіліктерін  тез  іске  қосу  үшін  өздерінің  барлық 
күш-жігерлерін қосатынына сендірді. 
Облыстық 
партия 
комитеті 
еліміздің 
Батыс 
аудандарынан 
эвакуацияланған 
кәсіпорындарды  жұмысқа  тез  қосу,  тапсырылған  заказдарды  мерзімінде  орындау,  адамдарды 
орналастыру,  кәсіпорындарын  мамандармен  толықтыру  жолында  көптеген  игілікті  істер  атқарды. 
Мәселен,  Атырауға  көшірілген  Петровский  атындағы  Донбастың  станок  жасау  заводының  аспап 
саймандар  жасау  цехы  механикалық  заводтың  үйіне  орналастырылып,  Петровский  атындағы 
Гурьев  машина  жасау  заводы  болып  қайта  құрылды.  Заводпен  бірге  келген  мамандардың  бәрі 
жұмысқа орналастырылды. Ал басқа цехтар үшін 15 мың шаршы метр жаңа үй салынды. Облыстық 
Қорғаныс  Комитеті  заводты  қысқа  мерзім  ішінде  іске  косу  үшін  барлық  жергілікті  кәсіпорындар  мен 

12 
 
құрылыс ұйымдарын, қала жұртшылығын қатыстырды. Осындай игі  жұмыстың  нәтижесінде  2  айдан 
кейін  Атырау  жерінде  алғашқы  өнімін  шығарып,  Ембі  мұнай  кәсіпшілігін  техникамен  қамтамасыз 
ете бастады. 
Соғыстың  бірінші  күнінен  бастап-ақ  Доссор,  Сағыз,  Байшонас,  Мақат,  Ескене,  Қосшағыл, 
Құлсары, небәрі тоғыз мұнай кәсіпшілігі өз өнімдерін еселеп бере бастады. «Соғыс басталған кезде, 
-  дейді  қарт  геолог  Сапар  Қарымсақов  өзінің  естелігінде,  -  Құлсары  кәсіпшілігі  мұнай  өндірудің 
жоспарын  орындамай  келген  болатын.  Бұл  Орскідегі  мұнай  айыру  заводын  шикізатпен 
жабдықтап  отыруды  қиындатты.  Облыстық  партия,  совет  ұйымдары  кәсіпшілік  басшылары  мен 
мамандары бұл жағдайдан шығудың шұғыл шараларын қарастырып, жүзеге асырды. Он тоғызыншы 
горизонт ашылып, 181 скважина іске  қосылды. Сөйтіп, Құлсары кәсіпшілігі бүкіл соғыс жылдарында 
жоспарды  асыра  үзбестен  орындап,  майданға  сұйық  отынды  эшолондап  жөнелтіп  тұрды». 
(С.Қарымсақов соғыстың алғашқы жылына дейін облыстық партия комитетінің хатшысы болды, 1942 
жылы мұнай кәсіпшілігіне басшы жұмысқа жіберілді). 
Өлке мұнайшыларының қажырлы еңбегі Ембі мұнайлы ауданының атағын елімізге әйгілі етіп, 
Қазақстанды  Одақтағы  Үшінші  қара  алтынды  аймаққа  айналдырды.  Мұнайды  көптеп  өндіруде  жаңа 
әдістер  қолдануға  жаңа  мұнай  көздерін  ашуда  Өтебаев,  Калинин.  Досмағамбетов,  Сағындықов, 
Ханин, Конаненко, Комаров, Аваров, Тулин, Швенбергед, Неверов сияқты геологтар, инженерлер мен 
ғалымдар ерекше көзге түсті. 
Бұлардың  іздестіру  жұмыстары  нәтижесінде,  соғыс  жылдарында  Комсомольск  (1942  жыл), 
Қошқар (1944 жыл), Байшонас маңынан Тентексор (1945 жыл) кәсіпшіліктері іске қосылды. Одақтағы 
ең ірі Гурьев мұнай айдау заводы салынып, пайдалануға берілді. 
Өлкеде  мұнай  жөнінде  өнертапқыштардың  ұсыныстарына,  жаңалықтарына  ерекше  мән 
беріліп,  ол  ұсыныстарды  өндірісте  кенінен  пайдаланып  отырды.  Жаңа  әдістердің  жүзеге  асуының 
арқасында 15 000 тонна жоғары сортты мұнай алынды. 1941 жылы Ембі мұнайшылары 1940 жылмен 
салыстырғанда қара алтынды 24,4 процент артық өндірді. 
Архив  материалдарына  сүйеніп  біздіц  есептеп  шығаруымыз  бойынша  1941-1945 
жылдардың арасында Гурьев облысы мұнайшылары Отанға 42 970 мың тонна мұнай өткізген. 
Мемлекеттің  Қорғаныс  Комитеті  Гурьев  мұнайына  ерекше  көңіл  бөліп,  оны  өндіріс 
құралдарымен,  маман  кадрлармен  толықтырып  отырды.  Мәселен,  1943  жылы  Азербайжаннан 
Гурьевке  334  құрылысшы  келді.  Оның  үстіне,  «Азнефтестрой»  мен  «Эмбанефтьстрой»  ұйымдары 
біріктіріліп,  «Казнефтестрой»  тресі  құрылды.  Гурьев  облысы  басшылығы  мұнай  саласына  ерекше 
көңіл бөле отырып, бір жылда бұл мәселені өздерінің отырысында 50 рет қарады. 
Облыстық  партия  комитетінен  басшылық  көмек  алып  отырған  Ембінің  қара  алтын 
өндірушілері өздерінің арасынан Есқариев, Үжібаев, Құрманәлиев, Доспаева сияқты енбек озаттарын 
шығарды.  Үкімет  олардың  Ұлы  Отан  соғысы  жылдарында  сіңірген  еңбектерін  жоғары  бағалап, 
Ленин  орденімен  марапаттады.  Кейін  Балғаным  Доспаева  бірнеше  рет  КСРО  Жоғарғы  Кеңесіне 
депутат болып сайланды. 
1941-1942  жылдардың  аралығында  Ескене  мұнай  кәсіпшілігі  Мемлекеттік  Қорғаныс 
Кеңесінің  Қызыл  туын  сегіз  рет  жеңіп  алды.  Мұндай  ең  жоғары  табысқа  Атырау  малшылары  да  ие 
болды.  Ақырында,  Қорғаныс  Кеңесі  Атырау  малшыларының  ерлік  еңбегін  ескере  отырып  Қызыл 
туды мәңгі сақтауға қалдырды. 
Отанды  жаудан  азат  ету  жолында  Гурьев  теміржолшылары  да  зор  белсенділік  көрсетті. 
Мәселен,  Қандағаш-Гурьев  темір  жолының  машинистері  1941  жылы  700  тонна  жүк  тасудың  орнына 
12000 тонна жүк тасыды. 
Гурьев облысының еңбекшілері Қорғаныс Комитеті басшылығымен жау қорғауында қалған 
қалалардың  халықтарына,  майдандағы  жауынгерлерге  белсене  көмектесті.  Бір  ғана  Атырау 
каласының тұрғындары 1942 жылдың кысында Сталинградты қорғап жатқан жауынгерлерге арнал 4 
вагон  сыйлық  жіберді.  Атыраулыктар  мұндай  көмекті  ленинградтықтарға  да  жіберді.  Ленинград 
қалалық  атқару  комитетінің  төрағасы  Попов  Атырау  облыстық  партия  комитетінің  бірінші  хатшысы 
Кругловқа  жолдаған  хатында  гурьевтіктердің  жіберген  9  вагон  сыйлығын,  1400  тонна 
жанармайын  леиинградтықтар  зор  ризашылықпен  қарсы  алғанын  айта  келе,  рахмет  айтады. 
Сондай-ақ,  Атырау  Қорғаныс  Комитеті  басшылығымен  Ескене  мұнайшылары  «Қазақстан 
мұнайшысы»  танк  колоннасын,  қала  тұрғындары  «Гурьев  еңбекшілерінің»  танк  колоннасын 
жасақтады. 
Соғыс жылдарында облыс Қорғаныс Комитеті жастардың инициативасына, кажырлы еңбектеріне 
жете мән беріп, ағалық қамқорлық жасап отырды. 1942 жылғы наурызда облыстық Қорғаныс Комитеті 
барлық  участоктер  мен  цехтарда  социалистік  жарыс  ұйымдастырылып,  үздік  шыққандарға  ауыспалы 
Қызыл  тулар  белгілеу,  комсомолдық  рейдтер  ұйымдастыру  жайлы  шешім  қабылдады.  Гурьев 
комсомолецтерінің еңбектегі ерліктерін Мемлекетгік Қорғаныс Комитеті ерекше дәріптеп, 36 комсомолец-

13 
 
жастар  бригадасына  «Үздік  комсомол  бригадасы»  деген  құрметті  атағын  берді.  «Нармұнданақ»  мұнай 
кәсіпшілігі жастардың жанқиярлық еңбегі құрметіне «Комсомольск» мұнай кәсіпшілігі деп аталды.  
Осылайша Атырау Қорғаныс Комитеті басшылығымен өлке өңірінін, еңбекшілері соғыс жылдарында 
фашистік Германияны талқандауға өздерінің қажырлы еңбегімен лайықты үлес қосты. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет