Б. Б. Мамраев ф.ғ. д., профессор, Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік



Pdf көрінісі
бет6/39
Дата02.01.2017
өлшемі5,22 Mb.
#986
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   39

Әдебиеттер тізімі: 
1.  Қазақстан тарихы туралы қытай деректемелері Алматы., 2005. 2 том.  
2.  55 б. 
3.  Джон  Кэстль  Дневник  Путешествия  в  году  1736-м  из  Оренбурга  к  Абулхайру  хану  Киргиз- 
Кайсацкой Орды. А., 1998. 119 б. 
4.   Қазақстан тарихы туралы қытай деректемелері Алматы., 2005. 2 том.  
5.  50 б. 
6.  Бұл да сонда 55 б. 
7.  Бұл да сонда. 3 том 17-20 бб. 
 
 
 
ӘОЖ 93:665        
ӨЛКЕМІЗДЕ МҰНАЙ ХИМИЯСЫНЫҢ ДАМУ ТАРИХЫНАН 
 
Турдалиев Ә.О., Турдалиев Қ.О., Жауымбаев А.А. 
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемелекеттік университеті 
 
             Еліміздің өндірісінің  барлық салаларының, тіпті біздің өмір-тіршілігіміздің  сан-түрлі жағының 
химия өнеркәсібімен байланыстылығын  күнделікті өмірден байқауымызға болатындығы даусыз нәрсе. 
Қазіргі  кезде  өндірістік  процестердің,      өндірістің  күрделі  өнімнің  көпшілігі  химияның  өндіріске 
араласуынсыз  өмірге  келмейтіндігі  белгілі  жайт.  Химия  өнімдеріне  деген  сұраныс    тек  өндіріс 
саласында ғана емес, ол  күнделікті тұрмыста да қажеттілік тауып үлкен сұранысқа ие болып, күннен-
күнге  өсіп  отыр.  Әлемдік  жаһандану  жағдайындағы,  ғылыми-техникалық  прогресстің  дамуында 
химияның алатын  рөлі зор. Химияны дамыту арқылы, әлемде табиғи шикізат қорларын үнемдеуге қол 
жетті. Мәселен, адамзат химиялық өнімдерді пайдалану арқылы қаншама ағашты үнемдеп, тамырына 
балта шабудан аман алып қалғанынан ғана  оның  пайдалылығының  біржағын  көруге болады. Әрине, 
өндіріс  қалдықтары  мәселелері  әлемді  толғандырып,    әлі  де  соңына  дейін    шешілмеген    күйі  қалып 
отыр. 
          Химиялық  процесстер  өндіріс тиімділігіне өз әсерін тигізіп, оны одан әрі арттыра түсуде. Химия 
өнеркәсібі    әлемдік  өнеркәсіптің  өнімнің      20  мыңнан      аса  түрін  шығарады.  Бұл  өнімдер    машина 
жасау, жеңіл өнеркәсіптерінде, медицинада, электрондық өндірісте  кеңінен қолданылуда. 
          Қазақстан химия өнеркәсібін  дамыту үшін қажетті шикізатқа бай республика болып табылады. 
Менделеев  кестесіндегі  105  элементтің    99-ы  біздің  елімізде  бар.  70  элементтің    қоры  барланып  
зерттелген. Ал, өндіріске  60-тан астам элемент тартылған. Бүгінгі күнге дейін  минерал шикізатының 
1225 түрі бар және  493 кен орыны  белгілі. 
        Пайдалы    қазындылар    қорының  көлемі  жағынан    Қазақстан    ТМД    елдерінің    алдынғы  
қатарында    күміс,    хромит,  қорғасын    мен  мырыш   өндіруден    бірінші  орында,    мұнай,    көмір,    мыс,  
никель  мен  фосфат  шикізатын  өндіруі бойынша -  екінші,  алтын  өндіру  жағынан  үшінші орында 
тұр. 
        Қазақстанда   мұнай   мен  газдың    елеулі  қоры    бар,   олар негізінен    еліміздің   батыс  бөлігіне 
орналасқан. Мұнай өңдеу негізінде елімізде мұнайхимиясы саласы да дамуда. Жыл  сайын  мұнда  32 
миллион  тонна мұнай  өндіріледі,  сөйтіп  бұлт  жайт  республикамызды  әлемдегі  ірі  мұнай өндіруші  
мемлекеттер қатарына қояды.       
          Табиғаты бай, табиғи шикізаты мол, қазақ даласында химия өнеркәсібі алғы шарттары еліміз 
аумағында  ежелден  қалыптаса  бастады.  Қола  дәуірде  Қазақстан  ен  даласын  мекендеген    тайпалар 
әлемдегі алғашқы қола өндірушілердің бірі болды.  
          Б.з.д.  ІІ  ғ.  Қытай  мен  Батыс  Европа  елдері  аралығын  қамтыған  Ұлы  Жібек  жолының 
қалыптасуы әлем елдерінің арасында мәдени-ғылыми  жетістіктермен алмасу процесіне түрткі болып, 
алхимияның одан әрі дамуына жағдай жасады.  
           VI-ХІІ ғғ. Түрік мәдениетінің шарықтап даму тұсында қазақ даласында өмір сүрген әлемге аты 
әйгілі  Әл-Фараби,  Әбу-Райхан  Бируни,  Ибн-Сина  т.б.,  еңбектерінде  химиялық  заттардың  қасиеті, 
қышқылдар  мен  тұздар,  түрлі  дәрі  –  дәрмектер  алу  жолдары,  химиялық  процестердің  жүру  барысы 
туралы көптеген жазбалар   кездеседі. 
          Моңғолдар  шапқыншылығы  тұсында  химиялық  заттардың  қасиетін  анықтау,  оларды  соғыс 
ісіне пайдалану ісі, жолға қойылып, химия саласындағы жетістіктер кең түрде қолданысқа түсті.  
         Қазақ  хандығының  құрылуы  мен  дамуы  тұсында  химиялық  заттардың  қасиеттерін  анықтау 
көрші  орналасқан  Ресей,  Қытай  мемлекеттерін  күшейтіп,  отты  қаруға  ие  болған,  осы  елдер  сыртқы 
саясатта басымдыққа ие бола бастаған. Осыған орай, қазақ хандары Ресей, Қытай елдеріне елшіліктер 
жіберіп отты қаруға ие болу жолдарын қарастырған.  

29 
 
         Ел  ішіндегі  тұрмыстық  заттарды  дайындап,  түрлі  қоспалар  арқылы  бояйтын  шеберлердің, 
бақсы-балгерлер  атадан  қалған  дәстүрді  жалғастырып,  дәрі-дәрмек  жасау  ісінде  халықтық  химия 
негіздері өз жалғасын тапты. Қазақ хандығының Ресей империясының құрамына өтуі, орыс мәдениеті 
арқылы  батыс  мәдениетімен  жалғасуы,  шығыс  мәдениетінен  бастау  алған  химия  ғылымның  дамуына 
жағдай жасады.  
         Қазан төңкерісінен дейінгі кезеңде Қазақстан аумағында 1884 жылдан бастап, Ресей көпестері 
Иванов  пен  Савинков  іргесін  қалаған,  Шымкент  қаласында  80  адам  жұмыс  істеген,  жылына  25-30 
тонна  сантонин  өндірген  шағын  ғана  сантонин  зауыты,  қарапайым  ұсақ    және  жеке  майдагер 
кәсіпорындар  құрамындағы  арнайы  цехтар  болған.  Риддер  кәсіпорынында  кен  өңдеу  фабрикасында 
күкірт  қышқылын  шығаратын  цех,  Сарысу  кен  өңдеу  фабрикасында  таскөмір  смоласын  өндіруге 
арналған, смола айдау қондырғылары  жұмыс жасаған [1. С.24].  
         Кеңес  өкіметі  жылдары  республика  аумағында  химия  өнеркәсібі  негізі  қалыптасып,  оны 
дамытуға  үлкен  мүмкіншіліктер  туып,  қажетті  жағдайлар  жасала  бастады.  Елде  лабораториялар  мен 
зерттеу  орындары  ашылған.  Алғашқы  ашылған  жоғарғы  оқу  орындарында  химия  пәні  оқытылып, 
мамандар  дайындала  бастады.  Бірінші  бесжылдық  жылдары  (1928-1932  жж.)  ғалымдардың  күшімен 
геологиялық  барлау  жұмыстарын  жүргізудің  нәтижесінде  химиялық  шикізатың  үлкен  қорлары 
ашылды:  Ақтөбе  облысында  фосфориттер  мен  хромиттер,  Қызылорда  облысының  Арал  ауданында 
табиғи  натрий  сульфаты,  ас  тұзы,  Батыс  және  Орталық  Қазақстанда  әр  түрлі  минералдық  тұздар, 
Қаратау  сілемдерінде,  өзінің  қоры,  сапасы  және  орналасу  қабаттары  жағынан  көптеген  белгілі  кен 
орындарынан асып түсетін фосфориттер қоры табылды. 
       1932  жылдың  өзінде-ақ  еліміздің  шыны  зауыттарын  шикізатпен  жабдықтаған  табиғи  натрий 
кендерінің негізінде «Арал-сульфат» комбинаты ұйымдастырылды. Ақтөбе даласында Богдановск кен 
орны  фосфориттерінің  негізінде  аз  уақыттың  ішінде  химия  зауыты  салынды,  бұл  зауыт  1935  жылы 
фосфор  тыңайтқышы  –  преципитаттың  алғашқы  тонналарын  берді.  Бұл  сол  кездегі    минералдық 
тыңайтқыштардың шығаратын ірі зауыт болды.  
            1936  жылы  Қаратау  бассейнінде  фосфориттер  кен  орындары  ашылып,  елімізде  химия 
өндірісін одан әрі дамытуға өзіндік үлесін қосты. Осы негізде Шымкент химия-фармацевт зауыты қайта 
құрылып, өндірістік қуаты ұлғайтылды. Бұл зауыт 1940 жылы дәрі қоспаларының (препараттарының) 
25-тей  түрлерін  жасап,  химия-фармакология  ісінің  негізін  қалады.  Сонымен  бірге    республикамыз 
жоғарғы  концентратты  аммофос  тыңайтқышы  мен  тиімділігі  жоғары    жем-шөп  қоспасы  ретінде, 
фтордан  арылған  фосфат  алғаш  өндірушілердің  бірі  болды.  Осы  жылдары  Шымкент  және  Жамбыл 
қалаларында  сары  сульфат  шығаратын  зауыттардың  салынуы,  химия  өндірісі  саласында  осы  өнім 
өндірушілердің алдыңғы қатарына шығарды. ХХ-шы ғасырдың 80 - жылдары Қазақстанда фосфордың 
90%, жем-шөп фосфатының 40% - ы, өнімнің 150 түрі өндірілген [2.С.61-62]. 
           Сөйтіп,  1940  жылға  қарай  химия  өнеркәсібі  халық  шаруашылығының  бір  саласы  ретінде 
қалыптасып,  отандық  шикізаттық  негізінде  жұмыс  жасай  бастаған.  Шикізат  кендері  зерттеліп,  оны 
пайдалану, Москваның ұйғарымымен  іске асырылып, химиялық шикізатты өңдейтін зауыттар салынса 
да, олардан өнім шығаратын өндіріс орындары көпшілігі Ресей жерінде салынды. 
        Республиканың  бүкіл  өнеркәсібінде  сол  кезде  химия  өнеркәсібі үлес  салмағы  2,5%,  ал  саланың 
негізгі  өнеркәсіптік-өндірістік  қорлардың  жалпы  көлеміндегі  үлесі  -  2,9  болды.  Осы  кезден  бастап 
химик  -  өндірісшілер  мамандар    қалыптасып,  оларды  дайындау  ісі  одан  әрі  жалғасты.  Өнеркәсіпте 
істейтін  барлық  жұмысшылар  құрамында,  бұл  саладағы  жұмысшыларының  үлес  салмағы  1940  жылы 
1,6 % еді. 
             Ұлы  Отан  соғысы  дамып  келе  жатқан  саланың  жұмысын  қиындата  түсті.  Соғыс  жылдары 
«Қаратау»  тау-кен  химия  комбинаты  салынды,  ол  1944  жылы  өнімнің  алғашқы  тонналарын  берді. 
Қарағанды  облысында  синтетикалық  каучук  заводы  салынып,    1943  жылы  пайдалануға  берілді.  Сол 
кезде  Қостанайда  жасанды  талшық  өндіретін  тәжірибелік  -  өнеркәсіптік  қондырғы  жұмыс  істей 
бастады, кейін ол қазіргі заманғы зауыт болып өсіп жетілді. 1943 жылы дон хромиттер кен орындары 
негізінде  жұмыс  жасайттын  Ақтөбе  ферросплав  зауыты  алғашқы  қару-жарақ  шығаруға  өте  қажетті 
өнімдерін  шығара  бастады[3].  1943  жылы  салына  бастаған  Гурьевтің  мұнайды  қайта  өңдеу  зауыты 
1945 жылы-ақ жоғары  сапалы бензин бере бастады. 
        Осыған орай, мұнайды игеруді арттыру мақсатында, 1946 жылы Қазақ КСР-і  Ғылым академиясы 
құрылғаннан кейін-ақ,  академик Қ.И.Сәтбаевтың  ұсынысымен Гурьев қаласында Орал-Ембі ғылыми – 
зерттеу  базасы    жасақталып,    жұмыс  істей  бастады.  База  басшысы  ретінде  С.Қ.Қарымсақов 
тағайындалған[4]. 
        Соғыстан  кейінгі  уақытта  өлкеміздің  табиғи  байлығы  игеріліп  оны  одан  әрі  дамытуға  назар 
аударыла  бастады.  Соғыс  жылдарында  майданды  жанар  жағармаймен  қамтамасыз  еткен  Атырау 
өлкесі  мүмкіндігінің  молдығы  орталықтағы  басшылар  қатеріне  іліксе  керек.  1948  жылы  КСРО 
Министрлер  Кеңесінің  қаулысы  бойынша  жылына  25  мың  тонна  спирт  шығаратын  химия  зауытының  

30 
 
алғашқы  жобасының  нұсқасы  жасалғаннан  соң,  1950  жылдан  бастап  зауыт  құрылысы  қолға  алына 
бастады [5. 5-п].  
       Республика  ғылыми  орталықтарында  болашақ  зауыттың    жұмыстарының    ғылыми  негізде 
ұйымдастырылуы  жөнінде    мәселелер    күн  тәртібіне  қойылып    қызу  талқыланып,    ғылыми 
бөлімшелердің  негізгі  шикізат  базалары  мен  кәсіпорындарына  жақын  орналастырылуына  назар 
аударылды.  Мұндай  шаралар  еңбек  өнімділігіне    өзіндік  жақсы    әсер  етіп,    өлкенің  ғылыми 
потенциалын  көтеретіндігі басшыларды ойландырмай қоймады. Осындай мақсатта 1949 жылы Гурьев 
қаласында Қазақ КСР  Ғылым академиясының көшпелі сессиясының жұмысы ұйымдастырылды. Оның 
шешімдері болашақ Батыс Қазақстанның химия ғылымын  дамытуға септігін тигізді. Сессия өз жұмысы 
барысында  өлкеміздің 
шаруашылық  өміріндегі  көптеген  маңызды  мәселелерді  талқылап,  
Қазақстанның батыс өңірінің өндіргіш күштерін одан әрі жетілдіріп, химия ғылымын дамытудың  негізгі 
бағыттарын  белгіледі.  1949  жылдан  бастап  Гурьев  қаласындағы  Орал-Ембі  ғылыми  –  зерттеу 
базасында 7 сектор жұмыс істей бастаған. 
         Өндірістік  ғылыми  қажеттіктердің    өсуі,  жаңа  мұнай  кеніштері  орындарында  барлау,  зерттеу 
жұмыстарының  жүргізілуіне  орай,  ғылыми  –  зерттеу  базасының,  база  лабораторияларның    жұмыс 
ауқымының өсуіне әсер етіп, қосымша ғылыми кадрлар тартуға мүмкіндік берді.  Осыған орай,  1956 
жылы    Гурьев  қаласындағы  Орал  –  Ембі  ғылыми  –  зерттеу  базасы,    Мұнай  ғылыми  –  зерттеу 
институтына,  көп ұзамай ол  1960 жылы  Қазақстан  мұнай химиясы  және табиғи  тұздар институты  
болып құрылды. 
         Мұнай  кеніштерін  барлау    және  зерттеу  жұмыстарын  одан  әрі  жандандыруға  жете  назар 
аударылып,  осы  жылы    жоғарыдағы  ғылыми  мекемемен  қатар,  Қазақ  КСР    Ғылым  академиясының  
геология  және  геофизика  институты ( КазНИГРИ) құрылды. 
            Ғылым академиясының ықпалымен өндіріс пен ғылымның байланысы өз жемісін бере бастады.   
Ақтөбе  химия  зауытын  қайта  құру  жұмысы  басталып,  онда  50-жылдары  күкірт  қышқылын  және 
суперфосфат  өндіретін  жаңа  қуаттар  іске  қосылды.  Қарағанды  синтетикалық  каучук  зауытында 
ацетальдегид және  сірке  қышқылының  негізгі  өндіруші  екі  цехы пайдалануға берілді.  «Қаратау» тау-
кен химия  комбинатының  құрамында  1955 жылы  «Шолақтау»  руднигі,  екі  бөлімшесі  (бункерлік  және 
кептіру)  бар  ұсату-ұнтақтау  фабрикасы,    фосфорит  ұнын  жасайтын  цех,  әр  түрлі  қосалқы 
шаруашылық, күш беретін шағын станция болды. 
         Жамбыл  қаласында  суперфосфат  зауыты  салынды.  1950  жылы  зауыт  жұмысы  жолға  қойылып, 
жай  суперфосфат  өндіре  бастады.      1956  жылдан  бастап  Ақтөбе  хром  қосылыстар  зауыты  іске 
қосылып,  жұмыс  істей  бастаған,  бұл  республиканың  жоғары  механикаландырылған  және 
автоматтандырылған зауыттарының бірі болды. 
          Соғыстан  кейінгі  жылдары  химия  өнеркәсібі  бөлімше  құрылымы  өркендеген  салаға  айналды.  
Химиялық өнімдердің басты түрлерінің саны айтарлықтай өсті.    
          1965  жылға  қарай  Қазақстанның  химия  өнеркәсібі  республиканың  өндірістік  құрылымы  жан  – 
жақты дамыған жетекші салаларының біріне айналды  
         Республиканың химия өнеркәсібінің  дамуында  1965  жылдан  1975 жылға  дейінгі уақыт,  әсіресе, 
тоғызыншы  бесжылдық,  сапа  жағынан  ерекше  кезең  болды.  Минералдық  тыңайтқыштар  өндіруді 
шапшаң арттыру үшін Қаратау фосфорит кенінде кен-руда кәсіпорындарын және оның негізінде химия 
кәсіпорындарын  салу  Қазақстанның  үлкен химиясының  екпінді  құрылыстары  деп жарияланды.    1964 
жылы  "Қаратау"  кен-химия  комбинатының  байыту  фабрикасында,  Ақсай  және  Шолақтау 
рудниктерінде, республиканың өзге де кәсіпорындарындарында жаңа қуаттар іске қосылды [6.С.491]. 
          Қазақстанның  оңтүстігі  аса  қысқа  мерзім  ішінде  еліміздің  сары  фосфор  және  күрделі  жоғары 
концентратты тыңайтқыштар  жөніндегі  базасына  айналды.    1959 жылы Шымкентте  гидролиз  зауыты 
жұмыс  істей  бастады.  1963  жылы  Шымкент  шина  жөндеу  зауыты  қатарға  қосылды,  Ақмолада, 
Қостанайда,  Қарағандыда,  Павлодарда  шина  өңдеу  зауыттары  салынды.  1966  жылы  Гурьев  химия 
зауытында этилен өндірісінің цехы жұмысқа кірісті [7.С.362]. 
          60-жылдары  химия  өнеркәсібінің  кәсіпорындарын  басқа  салаларымен,  атап  айтқанда 
кооперативтендіру  кеңінен  өркендеді.  1963  жылы  Балхаш  кен-металургия  комбинатында  және 
Шымкент  қорғасын  зауытында  күкірт  қышқылы  цехтары  іске  қосылды.  Қарағанды  металургия 
зауытында  коксхимия  өндірісі  өркендеді.  Міне  осының  бәрі  Қазақстанда  үлкен  химияның  іргесін 
нығайтты.   
       Өткен ғасырдың 70-ші жылдары химия өнеркәсібі бұл көрсеткіштер дәрежесі бойынша республика 
өнеркәсібі салаларының ішінде 7-інші және 4-інші орын алды. Товар өнімінің 1 сомына шаққан шығын 
жылдан-жылға кеміді. Химия өнеркәсібінің құрылымы елеулі түрде өзгерді: тау-кен химия және негізгі 
химия сияқты салалардың үлесі артып, халықтың жан басына шаққанда химия өндірісінің өнімі үздіксіз 
өсті.   

31 
 
           1966 жылдан  бастап  республикада  сары  фосфор  өндірісі  жолға  қойылды  және  оның өнімімен 
жаңадан  салынған  Шымкент  өндірістік    бірлестігі  «Фосфорда»,  Гурьев  химия  зауытында  төменгі 
қысымдағы Қазақстан полиэтиленінің алғашқы тонналары өндірілді.  
         Қазіргі кезде ауыл шаруашылығының дамуы, астық және техникалық дақылдар түсімдерінің, мал 
шаруашылығының 
және 
басқа 
салалардың 
өнімділігінің 
онан 
әрі 
артуы 
жан-жақты 
химияландырмайынша  мүмкін  емес.  Осыған  байланысты  ауыл  шаруашылығына  жыл  сайын 
минералдық тыңайтқыштар жеткізу өсіру қажеттігі артып отыр.  
          Өткен  ғасырдың  60-70-шы  жылдарының  өзінде-ақ    бұл  іс  қолға  алынып    жақсы  нәтиже  бере 
бастаған. 80-шы жылдарының орта шенінен бастап еліміздің басқа өндірістік салалаымен қатар химия 
өнеркәсібінде тоқырау процестері басталды. Еліміздегі саяси процестер экономикаға өз әсерін тиізбей 
қоймады,  байырғы  қалыптасқан  экономикалқ  байланыстар  үзілді.  Нәтижесінде  көптеген  ірі-ірі 
кәсіпорындар  экономикалық  дағдарыстарға  ұшырап,  жалпы  өнім  мөлшерін  азайтып,  ал  кейбіреуі  өз 
жұмыстарын тоқтатуға мәжбүр болды.  
       КСРО-ның  ыдырауына  байланысты  Қазақстан  Республикасының  қиын  да,  әрі  жауапты  іс,  жаңа 
тәуелсіз  еліміздің  химия  өндірісін  қалыптастыру  ісі  басталды.  Бұл  жұмысты  жолға  қою  республика 
басшылығына оңай бола  қойған  жоқ.  Химия өндірісі  саласын  дамыту  болашақтың ісі  екендігі  белгілі, 
оны  қалыптастыру,  оған  жоғарғы  қарқын беру  еліміздің  алдына  қойған эконмикалық мақсаттарының 
бірі  болып  табылады.  Химия  өндірісінің  әртүрлі  салаларын жолға  қою және  дамыту ісі қолға  алынып 
жалғасу үстінде. 
            Қорыта келгенде, ХХ ғасырдың 40-90 жылдары аралығында өлкемізде химия саласының негізі 
қаланып, оның түрлі салаларының дамуына жағдай жасалды. 1940 жылдан жобаланған химия зауыты 
құрылысы, 1966 жылы Атырау өлкесін алғашқы химия өнеркәсібі кәсіпорыны ретінде   іске қосылды. 
Атырау өңірінде одақ көлемінде белгілі Химия және табиғи тұздар институты, Химия зауыты,   Мұнай 
өңдеу  зауыты  салынып  жұмыс  жасады.      Химия  және  табиғи  тұздар  институты  пен  зауыт  көптеген 
жетістіктерге жетіп, мұнай химия саласын дамытуға өз үлесін қосты.  Оның ішіндегі басты жетістік, ол 
Атырау  өлкесінде  мұнайды  өңдейтін  және  оны  ғылыми  тұрғыдан  зерттейтін  кәсіпорын  мен  ғылыми 
зерттеу  орнының  пайда  болуы  мен  дамуы  және  осы  жылдарда  өз  байлығымызды  игеретін 
мамандарымыздың  пайда  болуы  болғандығы  сөзсіз.  Ол  мамандарымыз  қазір  өндіріс  пен  ғылым 
саласынның әртүрлі кәсіпорындарында табысты еңбек етуде. 
 
Әдебиеттер тізімі: 
1 . Симаков К. Очерк развития промышленности Казахстана. Издательство "Казахстан".А-А. 1970.  
2 . Кунаев Д.А. Советский Казахстан.  Издательство "Казахстан" А-А. 1980.  
3 . Великая Отечественная война Советского Союза: Краткая история М., 1970. С.80. История Великая 
Отечественной    войны.  Т.2.  М.,1961.С.155;  Книга  памяти  Казахстана.  Алматы,  1995.С.385-386. 
Масанов  Н.Э.,  Абылхожин  Ж.Б.,  Ерофеева  И.В.,  Алексеенко  А.Н.,  Баратова  Г.С.  История  Казахстана: 
народы и культуры. Алматы, Издательство Дайк Пресс. 2001. С.307. 
4 . Институт химии нефти и природных солей АН Казахской ССР. Алма-ата. 1985. 
5 . Атырау Облысы Мемлекеттік мұрағаты (АОММ).  1171 қор. 3 тізім, 45-іс. 
6 . Қазақстан Коммунистік партиясы тарихының очеркі. Алма-ата. 1985.  
7 . Қазақстан тарихы көне заманнан бүгінге дейін (Очерк). Алматы, Дәуір баспасы, 1994.  
 
 
 
ӘОЖ. 94(574) 
 
ОРАЛМАНДАРДЫҢ ТАРИХИ ОРТАҒА БЕЙІМДЕЛУІ 
 
Джамбаулова Г.А., магистрант 
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті 
 
 
Отандастарымыздың тарихи отанына оралуы, яғни
 
репатриация процесі еліміздің тәуелсіздікке 
қол жеткен алғашқы кезінен бастау алды. Тарихтағы қазақ халқының этно-территориясы таяу заманға 
келгенде  төңіректегі  алып  елдер  тарапынан  бөліске  түскендіктен,  қазақ  халқының  біраз  бөліктері 
өздері  отырған  жерлерімен  басқа  елдің  құрамына  өткен.  Сондай-ақ  тарихи-саяси  себептердің 
салдарынан алыс-жақын шетелдерге босып кеткен қазақ өкілдері, қазір көптеген мемлекеттерде өмір 
сүруде. 
 
Қазақстаннан  тыс  6  млн.  этникалық  қазақтар  40-тан  астам  елде  тұрып  жатыр.  Шамамен  1,5 
млн.  -  Өзбекстанда,  1,5  млн.  –  Қытайда,  1  млн.  –  Ресейде,  100000  –  Түркменстанда,  80000  – 
Монғолияда және 45000 – Қырғызстанда. Қазақ диаспорасының басым бөлігі Турцияда, Ауғанстанда, 

32 
 
Иранда тұрады. Қазақтар  сондай-ақ, Батыс Европада, Азияда, Солтүстік және Оңтүстік Африкада өмір 
сүреді [1]. 
 
Шет  елдегі  этникалық  қазақтардық  басым  бөлігі  –  20-шы  және  30-шы  жылдары,  саяси 
қуғыншылықтан,  репрессиядан,  аштық  пен  коллективизациялаудан  қашып,  Кеңес  Одағын  тастап 
кеткен  азаматтардың  тұқымдары.  200000  қазақтар  сол  кезде  Қытай,  Монғолия,  Индия,  Ауғанстан, 
Иран,  Турцияға  көшіп  кетті,  сондай-ақ  көрші  республикаларда  1926  жылдар  мен  1930  жылдар 
арасында қазақтар 2,5 есе көбейіп, 794000 адам болды.  
 
Кеңес 
Одағы 
ыдырағаннан 
соң, 
Қазақстан 
этникалық 
орыстар 
мен 
немістердің 
эмиграциясының  өсуіне  байланысты  халық  санын  азайтып  алды.  1991  жылмен  2004  жылдар 
аралығында  3158400  адам  елден  кетті.  Эмиграция  ағымының  өсуімен  бірге  адам  тууы  азайды, 
иммиграция  төмендеді.  Есептеулерге  қарағанда  1989  жылмен  1999  жылдар  аралығында  республика 
халқы 16,5 млн адамнан 15 млн адамға азайды.  
 
1991 жылы 18 қарашада Қазақстан тәуелсіздік алғанға дейін Үкіметтің «Ауылдыұ жерде жұмыс 
істеуге  талпынысы  бар  басқа  республикада,  шет  елдерде  тұратын  қазақтарды  Қазақ  ССР-на  көшіру 
тәртібі мен шарттары туралы»  қаулысы  қабылданды,  бұл  қаулы қазақтардың  иммиграциясын  реттеп 
қана  қоймай,  сол  кезде  дағдарысқа  ұшыраған  қазақ  ауылы  мен  ауыл  шаруашылық  кешендерін 
дамытуға  септігін  тигізді.  Осының  нәтижесінде  1991-1992  жылдары  Қазақстанға  61609  этникалық 
қазақтар көшіп келді.  
 
1992 жылы мамыр айында «Көші-қон туралы» Заң қабылданды. Осы заңның 1 бабына сәйкес, 
этникалық  қазақтарға  тарихи  Отанына  көшіп  келуге  құқық  берілді.  Заң  жүзінде  оралмандарға 
иммиграциялық  квота  бекітіліп,  этникалық  иммиграция  бойынша  жұмыс  істейтін  арнайы  орган 
құрылды.  
 
Экономикалық  және  тархи  тұрғыдан  этникалық  қазақтардың  тарихи  Отанына  көшіп  келуі 
мемлекеттің  ұлттық  ерекшелігін  сақтап  қалуға  және  ішкі  тұрақтылықты  нығайтуға  септігін  тигізеді. 
Кеңес  үкіметі  кезінде  көптеген  қазақтардың  әдет-ғұрыптары  жоғалды,  қазақ  тілін  қолдану  тек  қана 
ресми  деңгейде  ғана  емес,  бейресми  деңгейде  де  төмендеп  кетті.  Осыған  байланысты  қазақ  тілі  де, 
қазақ  мәдениетінің  көптеген  элементтері  де  жоғалуға  жақын  болды.  Осы  бағытта  оралмандардың 
көшіп  келуі,  қазақ  мәдениетін  сақтап  қалуда  мемлекеттің  иммиграциялық  саясатының  негізгі  бөлігі 
болды.   
 
Оралмандарды  құқықтық  қолдау  1997  жылы  шыққан  «Халықтың  көші-қоны  туралы»  Заңға 
негізделген,  бұл  заңда  Қазақстанға  көшіп  келген  барлық  оралмандарға  байланысты  интеграциялық 
шаралар  қарастырылған.  Жыл  сайын  оралмандардың  интеграциясына  қаржы  бөлінеді.  Бюджеттік 
қаржылар квотаға  енгізілген  оралмандарды  тұрғын  үймен  қамтамасыз  етуге және  жәрдемақы беруге 
жұмсалады.  
 
Оралмандар  Қазақстанның  барлық  өңірлерінде  тұрады.  Олардың  басым  бөлігі  Оңтүстік 
Қазақстан  облысында  тұрады  (122131).  Бұл  шамамен  Қазақстанда  тұрып  жатқан  барлық 
оралмандардың 26 пайызын құрайды. Екінші орында оралмандар саны бойынша Маңғыстау облысын 
бөліп  көрсетуге  болады.  Бұл  жерде  61737  адам  тұрады,  бұл  көрсеткіш  барлық  оралмандардың  13 
пайызын  құрайды.  Алматы  және  Жамбыл  облыстарында  60770  және  49365  оралман  тұрады.  Ең  аз 
оралмандар  тұратын  облыстарға  Батыс  Қазақстан,  Атырау  облысы  мен  Алматы,  Астана  қалалары 
жатады  [1].  Мұндай  қоныстандыру  жағдайы  әртүрлі  факторлармен  түсіндіріледі.  Біріншіден,  квота 
өңірлік бөлініске бағытталған, сондықтан да квота өмір сүру жерлерін шектейді. Квотаға енгізілмеген 
оралмандарды  қоныстандыруға  көшіп  келген  елдің  жақындығы,  жұмыспен  қамту  деңгейі  сияқты 
факторлар  әсер  етеді.  Мысалы,  Оңтүстік  Қазақстанға  көптеген  оралмандар  Өзбекстаннан, 
Тәджікстаннан,  Түркменстаннан,  Ираннан,  Ауғанстаннан,  Пәкістан  мен  Түркиядан  көшіп  келді,  олар 
бұл  облысты  бұрынғы  тұрған  жеріне  жақын  болғандықтан  және  жылы  климатына  байланысты 
таңдайды.  Бұл  жерде  тіл  мәселесі  де  орын  алады,  себебі  оралмандар  көбі  орыс  тілін  білмейді, 
сондықтан  бұл  облысты  қазақ  тілінде  сөйлейтіндердің  көптігін  де  еске  алып  таңдайды.  Облыстарды 
таңдауда оралмандардың туысқандары болуы және тарихи байланысы қосымша себеп бола алады.  
 
Маңғыстау  облысы  –  оралмандар  санына  байланысты  екінші  орында  тұр  –  Түркменстаннан, 
Өзбекстаннан,  әсіресе,  Қарақалпақ  автономдық  республикасынан  келген  оралмандарға  тартымды. 
Олар осы облыста тұрып жатқан оралмандардың 95 пайызын құрайды. Мұндай қоныстанудың негізгі 
себебі  Түркменстан  мен  Өзбекстанның  тарихи  түбірінің  жақын  болуы.  Маңғыстау  облысы 
оралмандарға жоғары жалақы деңгейімен де тартымды. 2002 жылы Маңғыстауда бұл көрсеткіш жалпы 
ұлттық  деңгейден 91,1 пайызға көбейді.  
 
Қазақ  ұлты  халықтарының  Қазақстанға  көшіп  келуінің  бірінші  себебі  қазақ  тілін,  мәдениетін, 
тарихи отанының әдет-ғұрпын сақтап қалу, балаларының келешегін қамтамасыз ету. Көшіп келген соң 
оралмандар қазақ тілі мен қатар орыс тілінің күнделікті қолдану қиыншылықтарымен кездеседі. Орыс 
тілі  қарым-қатынаста  негізгі  тіл  болғандықтан,  оралмандардың  еңбек  рыногына  интеграциялануы, 
Қазақстанның  әлеуметтік  және  мәдени  өміріне  қатысуына  қиындықтар  туғызады.  Бұл  өз  кезегінде 

33 
 
орыс  тілін  білмеу  салдарынан  өмірлерін  одан-әрі  қиындатады.  Оралмандардың  қазақ  қоғамына 
интеграциялануына  теріс  әсерін  тигізетін  тіл  білмеушілікті  елемей  қалуға  болмайды.  Бұл жерде  айта 
кететін  жайт,  қазір  үш  қазақ  алфавиті  қолданылады;  Қазақстанда,  Ресей  мен  басқа  ТМД  елдерінде 
кириллица,  Турция  мен  Батыс  Еуропада  латиница,  Қытайда,  Иран  мен  Пәкістанда  –  ескі  қазақ 
алфавиті  (араб  алфавиті  негізінде  құрылған).  Осының  нәтижесінде Қытайдан,  Ираннан,  Пәкістаннан, 
Ауғансатн мен Турциядан келген оралмандар толық қазақ тілін меңгере алмайды, сондықтан да келе 
салысымен  тіл  білмеушілікке  байланысты  қиыншылықтарға  кездеседі  [3].  Кейде  ең  қажетті  істерді, 
мысалы,  оралман  статусын  алуға  құжаттарын  толтыра  алмайды,  одан  басқа  да  тілге  байланысты 
көптеген қиыншылықтар болып жатады. 
 
Қазақ  диаспорасының  бір  бөлігі  ретінде  көптеген  оралмандар  қазақ  мәдениетінің  әртүрлі 
аспектілерін,  әдет-ғұрпын  сақтап  қалған.  Мұндай  жағдай  мәдени  бейімделуге  жақсы  жақтарымен 
қатар, кедергі де болады. Осыған байланысты екі жағдайды байқауға болады: қай елден көшіп келді 
және қандай облысқа қоныстандырылды. Бұл жағдайды Оңтүстік Қазақстан,  Қызылорда, Маңғыстау, 
Атырау облыстары бойынша байқауға болады, бұл облыстарда қазақ мәдениеті мен әдет ғұрпы жақсы 
сақталған.  Бұл  облыстарда  оралмандардың  әлеуметтік-мәдени  бейімделуі  солтүстік  пен  орталық 
өңірлерге қарағанда жеңілдірек өтеді. Оралмандар солтүстік және орталық облыстарда интеграциялау 
барысында  көптеген  қиыншылықтармен  кездеседі.  Кеңес  Одағынан  бері,  қазақ  мәдениеті  бұл 
облыстарда басқа мәдени және этникалық топтардың ықпалында қалды. Бұл өңірлерде орыс тілі, орыс 
мәдениеті басым болғандықтан, ол жерде тұратын оралмандардың жергілікті жағдайға бейімделуі көп 
уақытты алады.  
 
Оралмандардың  қазақтармен  бір  тарихи түбірі  болса  да,  олардың  мәдениеті  мен  тұрмысында 
ауқымды айырмашылық бар. Мұның себебі, оралмандар қазақ мәдениетінің дәстүрлері мен өмір сүру 
қағидатын  сақтап  қалса,  Қазақстандағы  қазақтар  Кеңес  заманы  кезеңіндегі  әртүрлі  өзгерістердің, 
нарықты  экономикаға  өту  кезіндегі  өзгерістердің  ықпалына  бейімделіп  қалды.  ТМД  елдерінен  басқа 
мемлекеттерден көшіп келген қазақтар дінге өте жақын болады.  
Оралмандардың мәдени бейімделуіне ықпал ететін тағы бір жағдай, оралмандардың өмір сүру 
сипаты, дінге деген көзқарасының ерекшелігі. Бұл әсіресе киім киюінде, отбасылық қарым-қатынаста 
нақты көрініп тұрады. Әйел оралмандар, әсіресе оңтүстік өңірлерде мойынды жауып тұратын көйлек 
киеді,  оның  үстіне  жакет  киіп,  бастарына  орамал  тартады.  Түркменстаннан,  Ираннан  және 
Ауғанстаннан келген оралман әйелдер жергілікті қазақ әйелдерінің киімін өте ашық, сыпайы емес деп 
санайды. Оралман ерлердің де көзқарасы осындай. Өзбекстаннан келген оралмандар бастарына тақия 
киеді, Иран мен Пәкістаннан келгендер  (әсіресе жасы келгендер) сәлде киеді. Оралман мен жергілікті 
халықтың күнделікті өмірінде де айырмашылық бар.  
Қазақтардың  этникалық  иммиграциясын  дамыту  ұлттық  көзқарасты  дамыту  үрдісімен,  ұлттық 
ерекшелік  пен  мәдениетті  сақтап  қалуда  және  мемлекеттің  ішкі  тұрақтылығын  қамтамасыз  етумен 
тікелей байланысты.  
Біріккен  Ұлттар  Ұйымының  мәліметтері  бойынша, Қазақстанға  қоныс  аударушылардың  ағымы 
2050  жылдарға  дейін  үздіксіз  арта  береді.  Бірқатар  мемлекеттік  құжаттарда,  репатрианттардың 
арқасында қазақстандықтардың саны 2015 жылға қарай 20 миллионға жетеді деген болжам жасалған. 
Таяу болашақта осы межені бағындыру үшін тұтас ел болып тер төгуге тура келеді. 
Елбасының  өзі  «Бұл  –  ауған  ел  қайта  оралған,  айырылған  ағайын  қайта  табысқан  Ұлы  көш 
болып саналады» [3] деп этникалық қазақтарға лайықты бағасын берген болатын. 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет