Б. Б. Мамраев ф.ғ. д., профессор, Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік



Pdf көрінісі
бет14/39
Дата02.01.2017
өлшемі5,22 Mb.
#986
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   39

Literature: 
1. "Caspian shelg" №3,1991. 
2. "Steps for green" our environmental rights and their protection. Almaty 2001. edited by Polyakova. 
3. Krasilov VA "Conservation: Principles, Problems and Priorities." 92 M. 
4. VP "Environmental public rights in Kazakhstan," Almaty, 2000. 
5. Law of the Republic of Kazakhstan. "On Environmental Protection". July 15, 1997, "Kazakhstan Today". 21 
March 1997 
 

74 
 
ӘОЖ 902.03 
 
АҚТӨБЕ-ЛАЭТИ ҚАЛАСЫНДАҒЫ АРХЕОЛОГИЯЛЫҚ ҚАЗБА ЖҰМЫСЫ 
 
Касенов М.С., Қуаныш С.О., Зайнов А.М. 
Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті 
 
2012  жылы  1-15  маусым  айында,  Х.  Досмұхамедов  атындағы  Атырау  мемлекеттік 
университетінің тарих факультетінің І курс студентері практикасы кезінде қалаға археологиялық қазба 
жұмысын жүргізді. Қалаға екі қазба салынды. 
Ақтөбе қалашығы көлемі 200х80 метр жерді ала отырып, мәдени қабаты өте жақсы сақталған. 
Ол  Каспий  теңізі  суының  астында  ұзақ  уақыт  тұрғандықтан  кейінгі  қазбалармен  бұзылмаған.  Соңғы 
кезде,  ХХ  ғасырдың  бас  кезінде  ашылғаннан кейін қара  жолдармен,  мал іздерімен,  бақша кәсіпшілігі 
нәтижесінде бұзыла бастады [1]. 
Қалыңдығы  15-60  см  аралығында  болатын  мәдени  қабаты  мал  сүйектері,  керамика 
фрагментері және соңғы кездегі жерлеу орындарынан тұрады [2]. Мәдени қабатының құрылымы ұзақ 
уақыт  су  астында  сақталғандықтан  өте  қатты  болып  келеді.  Ескерткіштің  өзгеше  ерекшелігі 
қабырғалары 
жер 
бетінен 
анық 
байқалатын  кварталдарының 
жобасы 
болып табылады. 
Кейінгі 
кездегі 
бірең-сараң 
жерлеу 
орындары 
археологиялық 
кешенді  бұзбаған.  1976,  1978  жылдары 
Л.Галкиннің, 
В.К.Афанасьевтің, 
С.Бисеновтың 
жүргізілген 
қазба 
жұмыстары жөнінде қысқаша ақпараттар 
КСРО 
ҒА 
Археологиялық 
ашулар 
еңбегінде жарияланған [3]. 
 
 
 
 
 
 
 
 
Ақтөбе - Лаэти қаласының жобасы 
 
Бірінші рет ғылыми мақаланы республикалық басылымға 1969 жылы М.С.Мерщиев жариялады 
[4]. Л.Галкин бұл қалашықты ХІҮ ғасырдағы итальяндық саяхатшының картасындағы Лаэти қаласымен 
баламалайды  [5].  М.С.Мерщиев  қаладан  400  метр  жерде  тағы  екі  мекеннің  бар  екендігін  жазады. 
Л.Галкиннің пайымдауынша екінші мекен болмаған. М.С.Мерщиев қала сыртындағы кірпіш және қыш 
жасаушылардың орнын өзге елді мекен деп есептеген. В.А.Афанасьев өзеннің оңтүстік бетінде, кейінгі 
уақытта қазақ бейіттері орналасқан жерде бақша шаруашылығы болғандығын жазады. 
І Қазба. Қазба көлемі: 13,80×10,20 м. Қаланың солтүстік-батыс жағынан салынды. Осы қазба 
аумағынан 4 бөлме ашылды. Бөлмелер батыстан шығысқа қарай нөмірленді. 

75 
 
№1 
бөлме 
қазбаның 
оңтүстік-батыс 
бұрышында 
орналасқан.  Бөлменің  қабырғалары 
нашар  сақталған.  Бөлме  көлемі 
3,40×3,10м.  Шығыс  және  солтүстік 
қабырғаларының  сақталған  биіктігі 
32 
см, 
қалыңдығы 
46 
см. 
Қабырғалар 
шикі 
кірпіштен 
қаланған.  Оңтүстік  және  батыс 
қабырғаларының 
сұлбасы 
анық 
емес.  Солтүстік  қабырғаның  орта 
тұсынан  оңтүстік  бағытқа  90  см., 
ұзындықта  тағы  бір  қабырға  шығып 
тұр.  Бөлменің  ортасында  үлкен 
тандыр  пеш  орналасқан.  Пештен 
оңтүстік  бағытқа  бір  арналы  кан 
шығып батысқа қарай доға боп иіліп 
тұр. 
 №2  бөлме  №1  бөлменің 
солтүстігінде  орналасқан.  Бөлменің  шығыс  бөлігі  ғана  аршылды,  көлемі  3,90×2,30  м.  Қабырғалары 
нашар  сақталған,  әлсіз  іздерін  ғана  байқауға  болады.  Биіктігін  анықтау  мүмкін  болмады.  Аршылған 
аумақта  шағын  тандыр  пеш  орналасқан,  тандырдың  диаметрі  50  см.  Ошақ  оңтүстік  бағытқа  1,20  м 
ұзындықта  бір  арналы  кан  шығады.  Канның  ені  20  см.  Осы  ошақ  пен  канның  шығысында  бұлардан 
бөлек  тағы  бір  кан  жүргізілген.  Оның  ұзындығы  1,90  м,  ені  24  см.  Бұл  канға  байланысты  тандыр 
немесе ошақ анықталмады.  
Бөлменің  солтүстік  қабырғасының  арғы жағынан ташнау  үстіне төселген  кірпіштер шықты.  Кірпіштер 
алынып ташнау қыш хумды көміп жасалғаны анықталды. Бұл ыдыс тағы бір хумның үстіне орнатылған, 
яғни  түбі  сынған  екі  хумды  бірінің  үстіне  бірін  мінгестіре  орналастырған.  Ташнау  шұңқырының 
тереңдігі 1 м, болады.  
№3 бөлменің көлемі 4,30×3,20 см. №2 бөлменің шығысында орналасқан. Шығыс қабырға бойына суфа 
салынған, ұзындығы 3,46 см, ені 1,10 см. Суфаға екі арналы кан салынған. Кан арналары солтүстіктегі 
тандыр  ошақтан    шығып,  бөлменің  оңтүстік-шығыс  бұрышынан  қосылып,  бұрыштан  ойылған  тік 
мұржадан  аяқталады,  ұзындығы  2,30  м,  ені  20-24  см.,  болады.  Тандыр  пештің  диаметрі  40  см, 
қабырғаларының  сақталуынашар.  Суфаның  батысында  жерге  көмілген  хум  орналасқан.  Ернеуі  мен 
сабы сынған хумды еденнен қазылған шұңқырға көмген. Бетінің жиектеріне айналдыра қыш кірпіштер 
қойып диаметрі 30 см., болатын ернеу қалдырған. Бұл сұйық зат сақтайтын шара болса керек. Бөлме 
есігі пештің солтүстік жағында, шығыс қабырғада орнатылған, ені 85 см. 
 
Күбі (хум). (2012 ж.) 
 
Қазбаның солтүстік-шығыс жағынан құрылыс орындары байқалмайды. Бұл жердің топырақ құрамы күл 
аралас  құмды  боп  келген.  Метал  шлактары  мен  көгерген  мыс  қалдықтары  кездеседі.  №3  бөлменің 
есігіне қарсы, шығыс жағынан шұңқыр орны анықталып қазылды, көлемі 2,60×1,00 м, тереңдігі 50 см. 
Шұңқырды тазалау кезінде күл мен күйеге, шлакқа толы болды. Бұл шұңқырдың шығысында тандыр 
орны анықталды, диаметрі 60 см., болады. Тандыр пеш қабырғалары нашар сақталған.  
№4  бөлме  қазбаның  оңтүстік-шығысынан  ашылды.  Бөлменің  жарты  солтүстік  бөлігі  ғана 
топырақтан  аршылды,  көлемі  4,90×2,30  м.  Оңтүстік  қабырғасы  қазбаның  жиегінің  астында  ашылмай 
қалды.  Бөлменің  батыс  жағында  №3  бөлменің  шығыс  қабырғасына  дейінгі  аралықта  жіңішке 
қабырғалармен бөлінген тамбур бар,көлемі 2,65×0, 90м. Бұл қабырғалардың қалыңдығы 24 см, биіктігі 
30  см.  Бөлменің  солтүстік-шығыс  бұрышына  таман  тандыр  пеш  орналасқан.  Диаметрі  74  см.  Осы 
тандырды  ашу  кезінде,  оның  басқа  бір  төменгі  деңгейдегі  тандырдың  үстіне  ойып  орналасқаны 
анықталды. Тандырлар іші күлге толы. 
ІІ-қазба.  Бұл  қазба  көлемі  6,20×10,70 м  болады. Қазбадан  бірнеше тандыр  пештен тұратын 
кешен ашылды. Көлемі 3,45×2,10 м, биіктігі 45 см., болатын ауданда төрт-төрттен екі қатар, 8 тандыр 
пеш  орналасқан.  Пештер  ортадан  жүргізілген  бір  арналы  канға  қосылған.  Пештердің  ауыз  қуыстары 
батыс  және  шығыс  жақтарға  қараған.  Тандыр  диаметрлері  40-50  см-дей  болады.  Кан  солтүстікке 
созылып қабырғаға орнатылған тік мұржамен аяқталады. Канның ұзындығы 3м, ені 24 см.  

76 
 
 
Осы  пештер  кешенінің  оңтүстік-шығыс 
бұрышы  маңынан  еденнен  қазылған 
дөңгелек  келген  шұңқыр  анықталды. 
Осы 
диаметрі 
1,30 
м., 
болатын 
шұңқырды  тазалап  қазып,  10  см., 
тереңдікте  ірі  тандыр  пеш  ашылды. 
Тандырдың  диаметрі  80  см,  тереңдігі 
еденнен  есептегенде  1,15  см  болады. 
Тандырдың қабырғасын сыртынан шикі 
кірпішпен  қаптаған.  Шикі  кірпіштердің 
көлемі  38×21×12  см.  Тандырдың  іші 
күлге толы болды. 
Бұл 
еденге 
орналасқан 
тандырдың  шығыс  жағында  30  см., 
жерде  бөлменің  шығыс  қабырғасы 
орналасқан. Ол қазбаның оңтүстік жиегінен солтүстікке 4,80 м., ұзындыққа созылған. Қабырғаның ені 
45  см,  биіктігі  60  см.  Бөлменің  солтүстік  қабырғасының  биіктігі  анықталмаса,  батыс  қабырға  мүлдем 
табылмады. 
Солтүстік-шығыс  бұрышта  тағы  бір  тандыр  пеш  орналасқан,  диаметрі  60  см.  Бұл  пештің 
түтіндігі сол бұрышта орналасқан тік мұржа арқылы шығып кететін болуы керек. Пештің ауыз қуысы 
оңтүстікке қараған. Пеш қабырғаларының сақталуы нашар. 
Тандыр  пештердің  көп  орналасуына  байланысты  бұл  бөлмеде  наубайхана  орналасқан  болуы 
мүмкін. 
Ақтөбе  қалашығы  тұтастай  қолөнер  кешені  болғандықтан  тарихи-ғылыми  маңызы  жоғары. 
Қазба  жұмытары  қаланың  пайда  болуы,  тұрғындарының  этникалық  еркешелігі  туралы  ақпараттар 
берді. Ескерткіштің материалдары елді-мекеннің Орта Азиядан Еділ бойына Сарайшық қаласы арқылы 
өтетін  ескі  керуен  жолының  бойында  ХІІІ-ХІV  ғғ.өмір  сүргендігін  көрсетеді. Ескі  қала  мен  жаңа  қала 
бір-бірімен тығыз байланыста дамыған. 
 
Әдебиеттер тізімі: 
1.  Афанасьев  В.К.,  Бисенов  С.Б.,  Галкин  Л.Л.  Исследование  Золотоордынского  города  Лаэти. 
Археологические открытия 1977 г. М.,1978.   
2. ВУАЭ – 1981 г. (Л.Л.Галкин).    
3. Галкин Л.Л.  Отчет  СВАЭ-1975 г.  
4. Мерщиев М.С.  Поселение  ХІІІ-ХҮ веков в Западном Казахстане. //Культура древних скотоводов и 
земледельцев Казахстана.  Алма-Ата, 1969. 
5. Галкин Л.Л. Отчет СВАЭ- 1977г. 
6. Касенов М.С. Средневековое городище Актобе (Лаэти).// Х.Досмұхамедов атындағы АМУ Хабаршысы 
/ Вестник. Гуманитарлық ғылымдар сериясы. Атырау, 2007, 1(8).   
7. Касенов М.С. Средневековое городище Актобе -Лаэти. // Вестник Прикаспия. Археология, История, 
Этнология. №3, 2012 г.  листа, 2012. С.42-54.  
 
 

77 
 
 
Х.Досмұхамедов ат. Атырау мемлекеттік университет студентері археологиялық 
практикада. 2012 жыл маусым айы. 
 
 
 
ОӘЖ. 902.03 (575.35)       
 
ҚЫЛЫШ ІІ ОБАСЫНДАҒЫ ҚАЗБА 
 
Касенов М.С., Тұрарұлы А. 
Атырау облыстық тарихи-өлкетану мұражайы 
 
Қылыш қорғандар тобы  Атырау облысы,  Индер  ауданы, Жарсуат  ауылынан оңтүстік-шығысқа 
22 км., жерде жазық алқапта орналасқан.Ескерткіштердің GPS жүйесіндегі географиялық координаты:  
N  48°  09,187';  E  051°  47,696'.    2012  жылғы  20  қыркүйек  -  10  қазан  аралығында  Атырау  облыстық 
тарихи-өлкетану мұражайының археологиялық экспедициясы Қылыш қорғандар тобына зерттеу қазба 
жұмыстарын жүргізді [1].  
Қылыш қорғандар тобына төрт қорған жатады. Оның ішіндегі ең ірісі Қылыш І қорғаны.  Оның 
пішіні  дөңгелек  келген,  көлемінің  өлшемдері:  диаметрі  145  м.,  биіктігі  3м.    Айналдыра  ені  14-15  м, 
тереңдігі 0,80 м болатын ормен қоршалған.  Қорған топырақтан үйілген. 
Осы қорғанның оңтүстік-шығысына таман Қылыш ІІ, Қылыш ІІІ қорғандары қатар орналасқан. 
Олардың бір-бірімен арасы 15 м., болады. Ал оңтүстігінде Қылыш ІV қорғаны орналасқан. 
Қылыш ІІқорғанының пішіні сопақша болып келген, солтүстік-батыс оңтүстік-шығыс бағытында 
созыла орналасқан. GPS координаты: N 48° 09,086'; E 051° 47,772'. Көлемі: 40×20 м., биіктігі 0,60 м., 
болады. Қорғанның сыртында оры бар. Оры негізінен батыс және шығыс жақтарында байқалады, ені 
6-11  м.,  аралығында,  тереңдігі  0,30  м.,  болады.  Ал,  солтүстік-батыс  оңтүстік-шығыс  жақтарында оры 
байқалмай, жер бетімен бірдей деңгейде тегістеліп қалған. Қорған топырақтан үйілген. Үстіне қалың 
шөп өскен.  
Қылыш  ІІІ  қорғанының  да  пішіні  сопақша    болып  келген,  солтүстік-батыс  оңтүстік-шығыс 
бағытында  созыла  орналасқан.  GPS  координаты:  N  48°  09,070';    E  051°  47,739'.  Көлемі  35×18  м, 
биіктігі  0,65  м.  Сыртқы  орының  ені  7  м,  тереңдігі  0,30  м.  болады.  Солтүстік-батыс  оңтүстік-шығыс 

78 
 
жақтарында оры байқалмай, жер бетімен бірдей деңгейде тегістеліп қалған. Топырақтан үйілген. Үстін 
қалың шөп қабаты басып жатыр.  
Қылыш ІV қорғанының пішіні дөңгелек келген, көлемінің диаметрі 22  м, биіктігі 0,40 м. Сыртқы 
орының ені 4 м, тереңдігі 0,10 м. болды. Топырақтан үйілген, үстін шөп басқан.  GPS координаты: N 
48° 09,049'; E 051° 47,654'. 
Қазба  жұмысын  Қылыш  ІІ  қорғанына  жүргізілді.  Қорғанының  үстінен  2  алтын  жалатылған  
қола  жапсырма табылды. 1 сурет.    
Қазба  кезінде  қорғанның  ортасынан  батыс-шығыс  бағытында  қалыңдығы  1  м.  болатын 
стратиграфиялық  жиек  қалдырылды.  Осы  жиектің  солтүстік  және  оңтүстік  жағы  топырақтан 
тазартылды.    Қазба  бір  күрек  бойы  топырақ  алынған  соң  үсті  тазартылып  көзбен  шолып  бақылау 
әдісімен  жүргізіліп  отырды.  Қазылып  алынған  топырақ  қорғанның  шығыс  жағына  үйілді.  Қорғанның 
топырағы тығыз, ақшыл-сары саз боп келеді.  
Қорғанның үстінен есептегенде 60 см., тереңдікте жиектің оңтүстік жағынан төңкерілген қола 
қазанның  түбі  ашыла  бастады.  Оның  батыс  жағынан  тағы  да  бірнеше  қола  жапсырма  шықты.  Осы 
жапсырмалардың  айналасын  тазарту  кезінде  40  см.,  тереңдікте  қорғанға  жерленген  адам  қабірінің 
шұңқыры анықталды. Шұңқыр көлемі 180×70 см. Қабір шұңқырын тазалау кезінде -30 см., тереңдіктен 
адам  сүйегі  ашылды.  Адам  мәйітінің  бас  жағынан ірі  қара  малдың  сүйегі –  ортан жілік табылды. Бұл 
қабірдегі адамның бас жағына құрбандыққа шалынған мал етін қойғандықтан болса керек. 2-сурет. 
Жерленген  адамның  басы  оңтүстік-батыс  бағытқа,  аяқтары  солтүстік-шығыс  бағытқа 
қаратылып  қойылған.  Сүйектің  ұзына  бойы  өлшемі  147  см.    Мәйіт  шалқасынан  жатқызылған,  басы 
алдына тіке қараған. Аяқтары тік созылып түзу жатыр. Қолдары екі жақ қапталына бос жіберілген. Оң 
жақ қолының шынтақтан төменгі сүйектері мен оң жақ қабырғасы, бұғанасы болмай шықты. Мәйіттің 
ұсақ сүйектері, алақан, саусақ, тобық, өкше, башпайлары да өз орнында табылмады.  
Топырақтан тазалау кезінде сол жақ төсі тұсынан көзіне қызыл ақық орнатылған күміс сақина, 
ромбы  түрінде  жасалған  қара  моншақ  және  бірнеше  саусақ  сүйектері  табылды.  Шамасы,  жерленген 
адамның  оң  қолы  бүгіліп,  денесінің  үстіне  қойылған  болуы  мүмкін.  Аңның  қос  тісінен  жасалып  күміс 
тұғырға  орнатылған  бойтұмар  мен  тағы  бір  қара  моншақ  сол  қолының  білек  тұсынан  табылды. 
Кіндігінің тұсына қола айна қойылған.  
      Осы  сүйектің  бел  омыртқасы  айналасынан белдіктің  металдан  жасалған  2  түрлі тоғасы,  көптеген 
алтын  жалатылған  қола  жапсырмалар,  метал  тойтарма  шегелер  т.б.  әшекей  бұйымдар  табылып 
отырды.  Сонымен  бірге  осы  жерде  қайыс  былғары  мен  матаның  сақталып  қалған  кішкене  бөлігіде 
шықты.  Тоғалар,  алтын  жалатқан  жапсырмалар  мен  тойтарма  шегелер  қайыс  белбеу  -  белдіктің  
әшекейлері болған.    
Қола  қазан  мәйіттің  шығыс  жағында  1,40  м.,  қашықтықта  орналасқан.  Қазан  төңкерілген 
қалпында  көмілген.  Оны  рәсімдік  қызмет  үшін  пайдаланған  болса  керек.  Қазан  мен  мәйіт  арасында 
бірен-саран күйген ағаш қалдықтары табылып отырды .  
Қылыш  қорғанынан табылған жәдігерлердің сипаттамалары:  
Қазан  .  Сарғылт  түсті  қоладан  құйылған.  Биіктігі  43,5  см,  диаметрі  44  см.  болады.  Қазанның 
жартышар  пішінді  тостағаны,  конус  пішінді  биік  табанды  тұғырға  орнатылған.  Тұғырының  табаны 
аздап  үгітіліп  сынған,  диаметрі  13  см,  тұғырдың  сақталынған  биіктігі  7,5  см.  Қазанның  тостағанын 
бөлек  құйылған,  қосымша  ернеу  бөлігімен  жалғаған,  оның  биіктігі  8,5-9  см.  Осы  қосылған  жері 
шиыршықталған жіп тәрізді, шығыңқы  етіп  соғылып  жалғанған.  Қазан тостағанының  ернеуіне  дейінгі 
жалпы  биіктігі  34  см.,  болады.  Тостағанды  құю  барысында  түп  жағында  үш  жерде  жарықтар  пайда 
болып  оны  жөндеген  болса  керек.  Жалғанған  жерінен  жоғары  қарама-қарсы  ілмек  тәрізді  екі  тұтқа 
орналасқан, осы тұтқалар ортасына тағы қарама-қарсы тігінен екі тұтқа жасалған.   Тұтқа биіктігі 5,5 
см,  екі  шетінің  аралығы  6,5  см.  болады.  Қазан  тұтқа  қалыңдығы  1,7×2  см.  етіп  қоладан  құйып,  иіп 
дәнекерлеген. Тұтқа дайындаған кезде сыртқы жағын ішіне қарай ойысты етіп құйылғаны байқалады. 
Тік тұтқада осындай сыртын ойыс ету тәсілімен жасаған, оның биіктігі 3 см, екі шетінің аралығы 4,5 см, 
қалыңдығы 1×1,2 см.     
 Қазан ернеуі сыртына қарай түріліп 2 см-ге қайырылған, сол себептен түрілген жері тағы да 
қосымша дәнекерлеуге ұшырағаны байқалады. Қазанның үш жерінде ернеуінен басталатын жарылған 
іздер бар. Жарықтың бірінің ұзындығы 12 см, екіншісі 5,5 см, үшіншісі 2,5 см. Ернеуден 5 см., төменде 
коррозияға  ұшырау  салдарынан  диаметрі  1,5  см.,  тесік  пайда  болдған.  Қазанның  ішкі  жағының  беті 
тегіс,  сыртқы  беті  бұдырлы  келген.  Сыртында  қара  күйенің  іздері  бар,  ал  іш  жағын  көк  түсті  тот 
басқан.   Шамасы қазанның әр бөлігі бөлек құйылған болуы керек, яғни тұғыры, тостағаны, құлақтары 
бөлек-бөлек құйылып, біріне-бірі дәнекерленген. 3 сурет. 
Қола айна. Диаметрі 13,8 см, қалыңдығы 0,4 см. болды. Бір жақ беті тегіс келген, екінші жақ 
бетінде сурет бар. Айнаның шетін ала, иіріліп жатқан айдаһар бейнесі салынған. Айдаһардың басында 
екі жаққа қараған қос айдары, үлкен көзі бейнеленген. Тұмсығының ұшы үшкір келген. Денесінің төрт 
жерінде  қос-қостан,  барлығы  сегіз  аяқ  салынған.  Аяқтары  ортасынан  бүгілген,  олардың  екі-үшеуден 

79 
 
саусақтары  бар.  Иіріліп  жатқан  айдаһардың  ішкі  жағының  аяқтары  қысқа,  сыртқы  жағының  аяқтары 
ұзын етіп салынған.  Құйрығы сыртына қарай иіріліп тұр. Денесін мойнынан бастап бірінші мен екінші 
аяқтарының ортасына дейінгі бөлігін бұдырлы-қабыршақты етіп бейнелеген. Айдаһардың тұмсығының 
төменгі  жағында  «свастика»  белгісі  салынған.  Оның  сағат  тілімен  бір  бағытта  айналатыны 
бейнеленген  және  бір  ұшы  дұрыс  соғылмай,  түспей  қалған.  Айдаһардың  аяқтарында  да  осындай 
түспей  қалған  жерлер  кездеседі.  Дәл  ортасына  айнаның  тұтқасы  орналасқан.  Тұтқа  ілгіш  түрінде 
жасалған,  айнамен тұтас  құйылған.  Ұзындығы  2  см,  ені  0,5  см,  биіктігі  0,8  см.    Айна  бетіне  айдаһар 
бейнесі  –  император  билігінің  символы  ретінде,  свастика бейнесі  –  буддисттік тақырыпта  бейнеленуі 
оның Қытайдан шыққан болуы мүмкін екенін білдіреді.  4 сурет. 
Күміс  сақина.  Сақинаның  диаметрі  2  см,  жалпақтығы  0,4  см.  Сақинаның  көзіне  сопақ  боп 
келген мөлдір қызыл түсті ақық тас (сердолик) орнатылған. Көзіндегі тас көлемі 1,6×1,1 см.  5 сурет.  
Бойтұмар.  Аңның  қос  тісін  жұқа  күміс  тұғырына  бекітіп  жасаған.  Тістерді  қатарластырып 
тұғыры  кигізілетін  жерін  өңдеп,  тесіп,  сол  тесіктен  жіңішке  сым  өткізу  арқылы  тұғырға  ұстатқан. 
Тұғырының  үстінде  жіп  өткізер  ілгіші  бар.  Бойтұмардың  биіктігі  2  см,  жалпақтығы  1,8  см.  болады.  6 
сурет. 
Моншақтар. Қара түсті. Пішіндері ромбы түрінде, көлемдері әр түрлі, бірінің өлшемі 1,9×1×0,9 
см, екіншісінің өлшемі 1,4×1,4×0,8 см.  Моншақтарға бірнеше жерінен тесіктер өткізілген. 6 сурет. 
Тоғалар.  Тоғалардың  көлемі  әр  түрлі  2  данасы  табылды,  ақ  түсті  металдан  жасалған. 
Біріншісінің  көлемі  үлкендеу  келген,  ұзындығы  4  см,  ені  2,9  см,  белбеуге  бекітетін жерінде  ені  2  см. 
болады. Тілі сарғыш түсті металдан үшкірленіп жасалған. Тоғаның арғы жағында белбеуге бекітетін үш 
тойтарма шегелері жапсырылған, Оларға сары металдан пластинкалар кигізілген.  
Екінші тоғаның көлемі кішірек келген, ұзындығы 2,5 см, ені 1,8 см, белбеуге бекітетін жерінің 
ені 1,1 см. Тілі сары металдан жасалған. Тоғаның осы бетінде өрнек салынған. 
Алтын  жалатылған  қола  жапсырмалар.  Пішіні  «жүрек»  пішініне  ұқсас  дөңгеленіп  келген. 
Диаметрі  1,8  см,  қалыңдығы  0,2  см.  болады.Жапсырманың  ортасына  шеңбер  соғылып,  шеттеріне 
шынжыр  тәріздес  сопақшаларды  тізбектей  әшекейлеп  соққан.  Бетіне  алтын  жалатылған.  Артқы 
жағында қайырылған екі бекіткіш түйреуіші бар. Қазбадан жалпы 19 данасы табылды. 7 сурет. 
Тойтарма  шегелер.  Қалпағы  дөңгелек,  жартышар  пішінді,  ақ  түсті  металдан  жасалған. 
Диаметрі  0,9  см,  артқы  жағына  бекіткіш  тойтармасы  дәнекерленген.  Барлығы  9  данасы  табылды.  8 
сурет. 
Ұсақ  метал тойтарма шегелер.  Көлемдері әр түрлі, ақ түсті металдан жасалған. Шағын дөңес 
қалпақтары бар. Тойтарма бекіткішіне сары түсті метал пластинкалар кигізіліп ұстатқан. 
Мата  бөлігі.  Шағын  мата  бөлігі  үш  бүктеле  оралған  күйі  табылды.  Мата  мал  жүнінен  өте 
жіңішке  етіп  иірген  жіптен  тоқылған.  Көлемі  2,5×1,5  см.,  шамасында.  Жерленген  адамның  киімінен 
сақталып қалған болуы керек.   
Қайыс белбеу бөлігі. Көлемі: 2×1 см., болатын мал терісінен жасалған белдіктің фрагменті.  
Сарматтардың  тұрақтары,  қорғандары  Қазақстанның  батысында  өте  көп.  Б.з.д.  ІІІ  ғасыр  мен 
б.з. ІV ғасыры аралығында сарматтар Арал-Каспий аймағында көшпенді өмір салтын ұстанып, негізінен 
мал  шаруашылығы,  аңшылық,  балық  аулаумен  айналысқан.  Аздаған  бөлігі  отырықшылықта, 
егіншілікпен  де  шұғылданған.  Әсіресе  Еділ  мен  Жайық  өзені  бойында  өмір  сүрген  сармат 
тайпаларының шаруашылығында жер игеру айрықша орын алған.Ерте темір кезеңінде Орталық Азия 
мен  Қара  теңіз  жағалауы  тайпаларының  мәдениетін  байланыстырушы  қызметін  сармат  мәдениеті 
атқарғаны  белгілі.  Олардың  мәдениеті  хроникалық  жағынан  үшке  бөлінеді:  ерте  сармат  (прохоров), 
орта сармат (суслов) және кейінгі сармат мәдениеті деп аталады.  
Сарматтар  б.з.б.  ҮІІ  ғасырдан  б.з.  ІҮ  ғасырына  дейін  Шығыс  Европадан    Арал-Каспий 
далаларын  дейінгі жерді  мекендеген. Сармат қоғамында әйелдер өте құрметті орын алған. Ақсүйек 
әйелдер  патша,  қолбасшы  және    абыздың  міндетін  де  атқарып  отырған.  Құрбандық  шалатын  тас 
ыдыстар көбінесе әйелдер қабірінде ғана кездеседі. Сарматтық құрбандық тас бұйымдар екі, үш, төрт 
аяқты  болып  өте  тамаша  өңделіп  жасалған.  Олар  діни  салт  кезіндегі  қозғалмалы  альтар  есебінде 
пайдаланылған.  Сарматтарда  матриархат  жақсы  қалыптасып,  әйелдер  үй-ішін  сақтаушы  ретінде 
артықшылық жағдайда болды [2]. 
Ал,  Алимарт  Александр:  «Мен  соғыста  ерлерден  кем  түспейтін  массагет  әйелдерін,  құдды 
ерлердей садақты сарната толғайтын өзге сақ әйелдерін жақсы білемін» - деп жазады [ 3]. 
Савромат-сармат  әйелдерінің  қоғамдағы  белсенділігі,  олардың  жауынгерлік  ерліктері,    ежелгі 
грек  аңыздарында айтылатын жұмбақ «амозонкалардың» шығуына  себепкер  болды [4] .  
Ежелгі  грек    жазушысы  б.э.д.  ІІ  ғ.    Полиен    -  б.э.д.  ІІІ  ғ.  сармат  әйел  патшасы  Амаганың  әскери 
жорығы  туралы  жазған:  -  «...что  воины  ее  отряда  имели  при  себе  двух  сменных  лошадей  и  таким 
образом смогли переодолеть расстояние в 1200 стадий» [5].    
Сарматтар ұзақ уақыт бойы, б.з. IV ғасырындағы ғұн тайпаларының шапқыншылығына дейін, 
сол  заманның  халықаралық  оқиғаларына  белсене  қатынасып  тұрған.  Б.з.д.  I-мыңжылдықтың  орта 

80 
 
шенінде,  Геродоттың  жазбаларында  айтылатын  «далалық  скиф  жолы»  Қара  теңіздің  солтүстік 
жағалауындағы  грек  қалалары  арқылы  Оңтүстік  Орал  даласына,  одан  әрі  Алтайға  дейін  созылғаны, 
осындай  өзара  қарым-қатынастың  болғанының  дәлелі.  Грек-рим  жазба  деректемелерінің  көптеген 
мәліметтері  б.з.д.  ІІІ  ғасырда  скиф  тайпаларының  жерлерін  жаулап  алуымен  көзге  түскен 
сарматтардың  батысқа  үдере    жылжулары,  Боспор  патшалығымен  экономикалық  және  саяси 
байланыстары,  Рим    империясымен  күресінің  көптеген  эпизодтары  туралы  баяндайды.  Сарматтар 
мәдениеті  көшіп-қону,  сауда-саттық,  соғыс  жорықтары  арқылы  Батыс  Еуропа,  Қара  теңіз  маңындағы 
елдерге  тараған.  Осындай  өзара  қарым-қатынастың  арқасында  сармат  мәдениеті  дамып,  белгілі  бір 
дәрежеде өнер мен мәдениеттің жоғарғы сатысына жеткен.  
Сарматтардың  қорғандары  әдетте  қабір  үстіне  биік  етіп  топырақ  үйіліп  салынады.  Қабір 
шұңқыры төрт бұрышты пішінде қазылып, аяқ жағына қарай аздап тар болып келеді. Мәйіттің басын 
оңтүстікке  немесе  оңтүстік-батысқа  қарата  жерлеу  б.з.д.  ІІ-І  ғасырларға  тән  жағдай.  Мәйітті 
шалқалай,  ұзынынан  тік  жатқызып,  еңбек  құралдары,  қару-жарағы  қойылатын  болған.  Әдетте  әйел 
адамның  бір  қолы  бүктетіле жамбас  сүйегінің  үстіне  қойылатын  болған.  Cармат  әйелдерінің  тағы  бір 
ерекшелігі  олар  қоғамдық  істерге  белсенді  араласып  қоймай,  әскери    қимылдарға  да  қатысқан. 
Сарматтардың  патшалық    обаларының  (хан  шатыры)  көпшілігінде  әйелдердің  жерленуі  жиі  кездесіп 
тұрады.  
Қылыш  ІІ  қорғанының  жерлеу  жорасы  мен  бұйымдарына  қарап  оның  б.з.д.  ІІ  –  б.з.  І 
ғасырларда Каспий маңы және Жайық бойын қоныс еткен сармат тайпаларының қабірі болғаны анық. 
Қорғанда қола қазан, алтын жалатылған, күмістен жасалған сәндік әшекейлер, қола айна, т.б. 
бағалы заттармен бірге жерленуі сармат әйелінің қоғамдағы дәрежесі жоғары болғанын білдіреді.  
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет