қайтару тәртібі туралы НҰСҚАУЛЫҚ 1. Жалпы ережелер 1. Осы Нұсқаулық Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 20 шілдеде шыққан "Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы" (бұдан әрі - кеден ісі туралы Заң) Заңына сәйкес әзірленген және Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы өткізілетін тауарлар мен көлік құралдарын, кеден режимі өзгеретін тауарларға, Қазақстан Республикасының кеден заңнамалары белгілеген, Қазақстан Республикасының кеден органдарында тауарларды мәлімдеудің басқа жағдайларында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының кеден органдары лицензия берген кезде, кедендік ресімдеу жөніндегі маманның біліктілік аттестатын берген кезде, тауарларды сақтаған кезде, тауарларды кедендік алып жүрген кезде, алдын ала шешім қабылдаған кезде кедендік төлемдер салудың тәртібін айқындайды.
2. Кеден ісі туралы Заңның 109-бабына сәйкес кеден төлемдерінің келесі түрлері қолданылады:
кеден бажы;
Қазақстан Республикасының кеден органдары берген лицензия үшін алым;
кедендік ресімдеу жөніндегі маманның біліктік аттестатын бергені үшін алым;
кедендік ресімдеу үшін кеден алымы;
тауарларды сақтағаны үшін кеден алымы;
тауарларды кедендік алып жүру үшін кеден алымы;
алдын ала шешім қабылдағаны үшін төлем.
3. Кеден төлемдері келесі жағдайларда алынбайды:
кеден ісі туралы Заңда көзделген жағдайларда және осы Нұсқаулықтың 2-тарауына сай жүргізілгенде;
Қазақстан Республикасы бекіткен, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына немесе Қазақстан Республикасының Конституциясы күшіне енгенге дейін жасалған және заңдық күшіне енген, сондай-ақ кеден төлемдерін салудан босатуды қарастыратын шарттарға сәйкес.
4. Кеден төлемдерінің ставкалары мынадай түрлерге бөлінеді:
адвалорлық - салық салынатын тауарлардың кеден құны пайызымен есептелетін төлем;
ерекшелігі бар - салық салынатын әрбір тауар үшін белгіленген мөлшерде есептелінетін төлем (салмағының, көлемінің бірлігінен);
құрамдас - кедендік салық салу түрлерінің алдыңғы екеуін ұштастыратын төлем.
5. Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы өткізілетін тауарлар, осы Нұсқаулықтың 3 тармағында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының Кеден тарифіне сәйкес ставкалар бойынша кеден бажын салуға жатады.
Кеден тарифі - Қазақстан Республикасының кеден аумағына әкелінетін және сол аумақтан әкетілетін, Бүкілдүниежүзілік Кеден ұйымының тауарларды шартты белгілеу мен сипаттаудың үйлесімді жүйесіне негізделген, Қазақстан Республикасының сыртқы экономикалық қызметінің Тауар номенклатурасына сәйкес жүйеленген және топтастырылған тауарларға қолданылатын кеден бажы ставкаларының жиынтығы.
Кеден бажының ставкаларын Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді, ол бірыңғай болады және кеден заңнамаларында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы тауарлар өткізетін тұлғаларға, мәмілелердің түрлері мен басқа да факторларға орай өзгертілуге тиіс емес және олар ресми жарияланғаннан кейін отыз күн өткен соң күшіне енеді.
Олармен арадағы сауда-саяси қатынастарға барынша қолайлылық туғызу көзделмеген елдерде өндірілген немесе шығарылған елі анықталмаған тауарларға қатысты, осы Заңның негізінде белгілеген әкелу кеден бажының ставкасы екі есе ұлғайтылады, бұған кеден ісі туралы Заңның тиісті ережелері негізінде Қазақстан Республикасының тариф жеңілдіктерін (артықшылықтарын) беретін жағдайлар қосылмайды.
Адвалорлық ставка бойынша есептелетін кеден бажының сомасы мына формула бойынша есептеледі:
КҚ х АС = КБ мұнда:
КҚ - қолданып жүрген кеден заңнамаларына сәйкес анықталатын тауарлардың кедендік құны;
АС - кеден бажының адвалорлық ставкасы;
КБ - кеден бажының сомасы;
Ерекшелігі бар ставка бойынша есептелетін кеден бажының сомасы мына формула бойынша есептеледі:
М х ЕС = КБ, мұнда:
М - салық салынатын тауар бірлігінің мөлшері;
ЕС- кеден бажының ерекшелігі бар ставкасы;
КБ- кеден бажының сомасы.
Кеден бажының құрамдас ставкасын:
кеден төлемінің адвалорлық және ерекшелігі бар ставкаларды бір мезгілде қолданған кезде, кеден төлемдерінің төленуге жататын сомасы кеден баждарының адвалорлық және ерекшелігі бар ставкалары бойынша есептелген қосындыдан тұрады (мысалы: 10% + 1 ЕВРО/кг);
мейлінше көбірек есеп айырысу сомасын іріктеу түрінде қолданған кезде, (мысалы: 10%, алайда 1ЕВРО/кг-нан төмен емес) бұл жағдайда, төленуге жататын кеден бажының сомасын анықтау үшін адвалорлық және ерекшелігі бар ставкалар бойынша кеден бажының сомасын есептеу жүргізіледі және алынған соманың барынша көбірек бөлігі төленеді.
6. Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы көлік құралдарын қоса алғанда, тауар ретінде өткізілетін тауарларды, сондай-ақ жеке тұлғалардың өткізген тауарлары, алып жүрмейтін теңдеме жүктерді, халықаралық почта жөнелтімдері мен жүктерді кедендік ресімдегенде, Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіп пен мөлшерде кеден алымдары алынады.
Қазақстан Республикасының кеден органдары осы үшін белгілеген орындарынан тыс және жұмыс уақытынан тыс тауарлар ретінде өткізілетін тауарлар мен көлік құралдарынан кеден алымдарын Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген мөлшерде алады.
Кедендік ресімдеуді жүргізудің орны мен уақыты кеден ісі жөніндегі нормативтік құқықтық актілермен айқындалады.
7. Қазақстан Республикасының кеден органдары иелері болып табылатын кеден қоймалары мен уақытша сақтау қоймаларында тауарларды сақтағаны үшін, Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген ставкалар бойынша кеден алымдары алынады.
Отандық тұлғалар иелері болып табылатын кеден қоймалары мен уақытша сақтау қоймаларында тауарларды сақтағаны үшін, кеден ісі мәселелері бойынша уәкілетті мемлекеттік органмен келісілген мөлшерлер бойынша кеден алымдары алынады.
8. Кеден органдары кеден қоймасын, еркін қойманы, уақытша сақтау қоймасын, бажсыз сауда жасайтын дүкенді құруға, кедендік тасымалдаушы ретіндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия бергені үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген ставкалар бойынша, алым алынады.
9. Кеден делдалы ретіндегі қызметті жүзеге асыру құқығына лицензия, кедендік ресімдеу жөніндегі маманның біліктік аттестатын бергені үшін, Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген шамада алым алынады.
10. Кедендік алып жүру үшін кеден алымдарының сомасын есептеу Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы бекіткен айлық есептік көрсеткіштердегі қашықтыққа байланысты жүргізіледі.
11. Кеден органдарының нақты тауарға немесе нақты шаруашылық операцияға қатысты сыныптауға, кедендік құнына, шығарылған еліне байланысты алдын ала шешім қабылдағаны үшін, Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген ставкалар бойынша алым алынады.
2. Кеден төлемдерін салу бойынша жеңілдіктер