Б. К. Тулегенова 20 ж



бет3/52
Дата09.04.2023
өлшемі1,97 Mb.
#80711
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   52
Байланысты:
2022-2023 jospar

КОЛЛЕДЖДІҢ МИССИЯСЫ
Колледждің жалпыадамзаттық құндылықтар мен тұрақты дамуына бағытталған тұлғаны, орта буындағы кәсіби құзыретті, функционалды-сауатты мамандарды даярлауды қамтамасыз ететін білім беру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру.


ҚЫСҚА МИССИЯ
«Біз оқуға, оқытуға және құрастыруға үйретеміз!»

Көрсетілген ұран колледжде оқытылатын негізгі құзыреттіліктердің мазмұнын ашады, білім беру мекемесінің өзіндік табиғатын және оның даму басымдықтарын көрсетеді.


Біз ОҚУҒА үйретеміз: яғни, студенттерді белсенді ойлауға үйрету, олардың бойында білім таба білу қабілетін қалыптастыру, шығармашылық мүмкіндіктерді тәрбиелеу және студентті өмір бойы оқуға үйрету. Білім тек есте сақтау арқылы ғана емес, өз ойының күшімен алынған кезде ғана берік болады.
Біз ОҚЫТУҒА үйретеміз: болашақ мектепке дейінгі оқыту мамандарын, бастауыш және негізгі орта мектеп мұғалімдерін оқыту және тәрбиелеу бойынша колледж қызметін бағдарлау.
Біз ҚҰРАСТЫРУҒА үйретеміз: бұл студенттерді технологиямен шабыттандыруды және олардың сандық және басқа да жобаларын жасауға үйретуді білдіреді, зерттеу жүргізу, конспект құрастыруға, тест, ойын, тапсырма, тезистар, рефераттар, пікір, жарнама, эссе және т.б. Бұдан басқа, колледж қызметі креативпен байланысты техникалық мамандық кадрларын даярлауды жүзеге асырады. Бұған шаштараз (шаш үлгісін, стиль, бейнесі, имидж, жасау), технология мұғалімдері (оригами, сурет, қол өнер бұйымдары, сувинирлар, т.б мәдени бұйымдар жасақтау), музыка, информатика және «Бағдарламалық қамтамасыз ету (түрлері бойынша)» мамандықтары кіреді.
БОЛЖАМ. Колледж білім беруде озат әдістер мен технологияларды шебер пайдаланатын, жалпыадамзаттық құндылықтарға бағдарланған, орта буынның бәсекеге қабілетті жоғары білікті мамандарын даярлайтын Қазақстанның ТжКББ жүйесін дамытудың көшбасшы практикаға бағытталған әдістемелік орталығы болып табылады.
МАҚСАТ. ТжКББ ұйымдарының республикалық және әлемдік көшбасшылары колледждер тобына кіру. Қоғамның педагогикалық, техникалық, басқарушылық және мәдени элитасының, орта буын мамандарының біліктілігін арттыруға ықпал ете отырып, Қазақстанның мүдделеріне қызмет етуге бағыттау; ақпараттық технологияларды белсенді қолдану, жеке тұлғаны үйлесімді дамыту және өз саласында жоғары сыныпты, көшбасшылыққа бейім мамандар даярлау негізінде педагогикалық процесті жетілдіру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   52




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет