Б. М. Жамекова, К. С. Мукушева, Н. Ж. Омарова


Жалпыадамзаттық құндылықтар қағидасы



Pdf көрінісі
бет14/71
Дата07.09.2022
өлшемі1,85 Mb.
#38618
түріБағдарламасы
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   71
Байланысты:
өзін-өзә тану леккк

1.Жалпыадамзаттық құндылықтар қағидасы. Құндылықтар сезім мен
ақыл-ойдың ұштасуын, сол арқылы адамның іс-əрекет бағдарын белгілейді. 
Құндылықтар тек объективті, яғни шынайы ғана болады, ол адамға тəуелді 
емес, солай бола тұра, субъективті, өйткені ол адам санасында орын алады. 
Құндылықтар сезім арқылы қабылданады, ал сана арқылы оны түсінуге 
болады, соның нəтижесінде тұлға құндылық бағдарды игереді де, іс-əрекет 
етеді. 
Рухани-адамгершілік 
құндылықтарды 
өзін-өзі 
тану 
арқылы 
қалыптастыру бір-бірімен тығыз байланыстағы ішкі құрылым жағдайында 
өзара ықпалдасса, өзара дамыта алатын субъектілік қарым-қатынастар 
арқылы жүзеге асырылады.
Рухани-адамгершілік құндылықтарды философиялық, педагогикалық
психологиялық жағынан терең талдап, оларға жекелеген анықтама жасай
отырып, рухани-адамгершілік құндылыққа жалпы біріктіре келіп анықтама 
береміз. Сонымен рухани-адамгершілік құндылық дегеніміз – адамның өзінің 
табиғи жаратылысы мен өзін-өзі тану, қабылдау, сезіну арқылы сарапқа түсіп 


29
дамыған, сыртқы ортаның ықпалы нəтижесінде қалыптасқан, тұлғаның 
тұрақтылығы мен жетілу деңгейін, қоғамдағы орнын, даралық қасиеттерінің 
сипатын айқындайтын ішкі құрылымдық элемент деп білеміз.
Мəңгілік жалпыадамзаттық құндылықтар–сүйіспеншілік, ақиқат, 
тыныштық, парыз, қиянат жасамау, мейірімділік, жанашырлық мəңгі, тарихи 
шоғырланбаған, рухани болмысы бар, əлеуметтік, саяси, ұлттық, ғылыми, 
тұлғалық жəне басқа да құндылықтардың өзгермелі жүйелерінің тұрақты 
бөлігі болып табылады. Осы құндылықтар əр адамның бойында жəне 
Әлемнің материалдық құрылымында болмысынан бар. «Мейірімділік, 
əсемдік, сенім, үміт, сүйіспеншілік – ойдан туындаған нəрсе емес, 
болмыстың ішкі заңдары. Адам болмыстың терең құпиясына бойлай отырып, 
оны материяның танымдық заңдарымен бүркемелеуі керек. Бұл заңдар да 
маңызды, алайда олар болмыстың тек беті ғана. Ең маңызды сұрақтардың 
жауабын адам өзінің ішкі дүниесінде ұстайды жəне де «қарапайым» сенім, 
үміт, Сүйіспеншілік, мейірім осы жауаптарды құрайды. Олар рух пен 
материя заңының мəні; олар болмыспен біртұтас». Міне, осылар рухани-
адамгершілік білім мен зияткерлік оқыту интеграциясының бірегей ықтимал 
негізін жасайды.
Егер интеграцияны дұрыс жолға қойсақ, «Өзін-өзі тану» пəні уақыт өте 
келе тұтастықты, адамшылықты жəне руханилықты қамтамасыз ететін білім 
берудегі өзекті пəн, яғни метапəнге айналуы тиіс. Ол үшін мектептің білім 
беру мазмұнын, оқу пəндерін рухани-адамгершілік құндылықтармен 
интеграциялау керек. Сол кезде оқушылардың пəндік білімін 
қалыптастыруда адамның ішкі болмысына тəн қасиеттері ашылып, өздерінің 
іс-əрекетінде шындық, парыз, Тыныштық, Сүйіспеншілік, Қиянат жасамауы 
байқалады.
Жалпыадамзаттық құндылықтар жүйесі білім мазмұнындағы 
интеграциялық ұстанымның негізі болуы қажет. Бұл жағдайда материалды 
іріктеу кезінде материалдың танымдық мəні ғана емес, оның тұлғаның 
дамуына жəне рухани-адамгершілік қасиетін анықтау мен дамытуына 
ықпалының қаншалықты екені назарға алынады. Сонымен білім берудің 
мазмұнының негізін құрайтын мəңгілік ақиқат (құндылықтар) оның өзегі 
болуы керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   71




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет