Б. М. Жамекова, К. С. Мукушева, Н. Ж. Омарова



Pdf көрінісі
бет12/71
Дата07.09.2022
өлшемі1,85 Mb.
#38618
түріБағдарламасы
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   71
Байланысты:
өзін-өзә тану леккк

Сұрақтар:
1. Адамның өзін-өзі тану мəселесін философиялық тұрғыдан
пайымдаудың негізгі тарихи кезеңдері қандай?
2. Кун-Цзы құрған «моральдың алтын ережелерін» (адамгершілік
императив) атаңыздар.
3. Қазақстандағы өзін-өзі тану мəселелерін зерттеудің қазіргі деңгейі
қандай?
4. Өзін-өзі тану жəне басқа пəндердің интеграциясының мəні дегенді
қалай түсінесіз?
5. Ағартушылық философиясының адам туралы пайымдаулары қандай?
Тапсырмалар:
1.Ұлағатты сөздерді оқып, топпен бірге мағынасын ашыңыздар.

«Адамға ең бірінші білім емес, тəрбие берілуі керек, тəрбиесіз
берілген білім адамзаттың қас жауы» деп айтқан Әбу Насыр Әл-Фараби.
Конфуцийдің 
«Алтын 
ережесі» 
Қоғамда 
өмір сүру, 
қоғам үшін 
өмір сүру;

Бір-біріңмен 
ымырашыл, 
мейірімді 
бол
Адамгерші
лікті сақта, 
кішіпейіл 
бол


23

«Өзіңді-өзі тəрбиелеу үшін алдымен өзіңді-өзің қатал əрі əділ сотыңа
тарта білуің керек» Н. Островский

«Егер естілердің қатарында болғың келсе, күнінде бір мəрте, болмаса
жұмасында бір, ең болмаса айында бір өзіңнен-өзің есеп ал. Сол алдағы есеп 
алғаннан бергі өмірді қалай өткіздің екен... өзің өкінбестей қылықпен 
өткізіпсің бе? Жоқ болмаса, не қып өткізгеніңді өзің де білмей 
қалыппысың?» Абай Құнанбайұлы
2. Өсиет əңгімені оқып, жұппен кейін топпен өз ойларыңызды
талқылаңыздар, ортақ шешімдеріңізді көпшілікке ұсыныңыз.
«Өміріміздегі 1 мен 0-дер»
Физмат факультетінің профессоры бір күні студенттеріне өмірлік бір 
сабақ үйрету ниетімен тақтаға үлкен 1 санын сызады да, студентеріне қарап:
«Бұл – адамгершілігіңіз. Өмірлеріңізде болуы керек ең маңызды қасиет» деп 
түсіндіреді. Сосын 1-дің қасына 0 санын жазады да: «ал бұл болса,
жетістіктеріңіз. Бойыңыздағы адамгершілікке табыс қосылса, адам 1-ден 10 
бола қалады. Тағы бір 0 – тəжірибеңіз. Тəжірибесі болса, адам 10 емес, енді 
100 болады» деп, кезек-кезек 0-дерді қоса береді: зеректік… тəртіптілік… 
сүйіспеншілік…. Қосылып тұрған əрбір 0 саны адамды 10 есе байытатынын 
түсіндіреді. Бір кезде профессор сандар тізбегінің ең басында тұрған 1 санын 
өшіреді. Сонда тақтада тек 0 сандар қалады. Сонда профессор студенттеріне: 
«Адамгершілігіңіз жоқ болса, қалғанның бəрі түк те тұрмайды».
3. Рухани-адамгершілік тəрбие ұғымын одан əрі өз білім, білігіңізге
сүйене отырып толықтырыңыз.
4. Кестені пайдалана отырып, оқушылардың бір пəн негізінде рухани-
адамгершілік тəрбиесінің қалай жүзеге асатынын көрсетіңіз:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   71




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет