Б. М. Жамекова, К. С. Мукушева, Н. Ж. Омарова



Pdf көрінісі
бет17/71
Дата07.09.2022
өлшемі1,85 Mb.
#38618
түріБағдарламасы
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   71
Позитивтік қағидат. Бұл қағидатты жүзеге асыруды өмірдің барлық 
салаларында мейірімділік, өзара көмек жəне ынтымақтастық ахуалдарын 
тудыруға бағытталады. Сабақ барысында сүйіспеншілік пен сенім ахуалы 
тудырылған оқыту үдерісі тұлға үшін өте маңызды болады жəне ол 
оқушылардың өзін-өзі дамытуы мен өзін-өзі тəрбиелеуінің ішкі күшін 
оятады. Сабақ үстіндегі ахуал сүйіспеншілік энергиясымен толыққанда, білім 
алушылардың ең жақсы қасиеттері көрініс береді. Олар оқыту үдерісі 
кезіндегі өздерінің адамгершілік қылықтарынан қуанышқа бөленіп, оның 
дəмін сезеді. Оқушылардың шындыққа, саралап ойлауға жағымды 
қатынасын, табиғаттың бастауына, басқа адамға, тұтас əлемге құндылық 
қатынасын дамыту өте маңызды. Жағымды ойлау дегеніміз – өзіне, 
адамдарға, əртүрлі жағдаяттарға жағымды қатынасты дамыту. Жағымды 
ойлаудың күші психологиялық əдебиеттерде сипатталады. (А.Г.Маслоу, 
К.Роджерс, С.Л.Рубинштейн). Жағымды ойлау не нəрсені де терең түсінуге 
көмектеседі. Шындығында, барлығы бір-бірімен байланыста болса жəне 
сыртқы оқиғалар адамның дүниесін бейнелесе, онда өмірде жағымсыз оқиға 
болған кезде, бұл жағдаятты жағымды не, оның мəнін жəне одан адам қандай 
сабақ алатынын ойлану керек. Ажырата ойлау – Ақиқат пен мəңгілікті 
бірінші орынға қою арқылы, ақиқат пен жалғанды, уақытша мен мəңгілік 
құндылықтарды саралау қабілеттілігі.
Мәдени сәйкестілік қағидаты. Бұл қағидат барлық халықтардың 
мəдениетіне құрметпен қарау, оқыту үдерісін əлемдік мəдени мұралардың 
əсемдігімен жəне даналығымен байытуды қарастырады. Адам өмірінде 


32
мəдениет болмаса, өмір мағынасыз болады, сол себепті мəдениет – өмір 
салты. Шынайы мəдениет – ол сүйіспеншіліктің арнасын кеңейту, тар 
ойлаудан аулақ болу, əлемді ауқымды түрде көруді дамыту. Нəтижесінде 
біздің өзіміз де, айналамыздағы қоршаған адамдар да шынайы қуанады. 
«Мəдениет пен өркениетті ажырату – адам санасындағы өмірдің рухани жəне 
материалдық аспектілерінің бөлінуінің нəтижесі. Тіршілікте рух пен материя 
өзара ажырамайды, бірақ олар өмірде сезілмейді. Адам өмірге өзін-өзі тану 
үшін, сол арқылы рухани əлем мен материалдық əлемнің аспектілерін 
біріктіру үшін келеді, табиғат сүйіспеншілікпен жасайтын пендеге мұқтаж». 
Мəдениет əлеміндегі өнер, білім көздері, жоғары ұғымдар, бейнелер мен 
түрлі идеялардың барлығы адам санасының туындысы ретінде 
интеграциялану үшін аса маңызды мəңгілік құндылықтар қатарына жатады. 
Интеграция процесінде даналықтың көзі болып саналатын қазақтың 
ұлттық мұрасын, туған жерге деген сүйіспеншілігі мен адамдарға риясыз 
қызмет етуге ұмтылуын пайдалану өте маңызды. Әл-Фараби, Ж.Баласағұн, 
Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаев, Ш. Құдайбердіұлы, М.Жұмабаев жəне 
басқалардың шығармаларында көрсетілген Қазақстандағы рухани бай 
мұралар мен жоғары адамгершілік идеялар адам мінезін тəрбиелеуге 
арналған өмірлік үлгілердің көзі болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   71




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет