Б. М. Жамекова, К. С. Мукушева, Н. Ж. Омарова


Т.И.Петракова құндылықтар



Pdf көрінісі
бет7/71
Дата07.09.2022
өлшемі1,85 Mb.
#38618
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   71
Т.И.Петракова құндылықтар
жүйесінің жіктемесі
Табиғи
Жүре пайда болған
Абсолюттік жалпыадамзаттық 
құндылықтар
Адамның табиғи күші 
мен жан дүниесінің 
қабілеттілігі, 
құндылықтары. Ақыл, 
ой, сезім, күш, жігер, 
т.б. (ақылдың 
айқындығы, ойдың 
ұшқырлығы, сезімнің 
тазалығы, күш-жігердің 
қайраттылығы)
Адамның 
интеллектуалды жəне 
адамгершілік 
тұрғыдан дамуы 
барысында меңгерген 
құндылықтар. 
Әдептілік, 
сыпайылық, 
сыйластық,
кеңпейілділік, 
б
б
Уақытқа бағынбайтын, 
ешқандай ортамен, 
қоғаммен шектелмейтін 
бүкіл адамзат үшін маңызы 
зор құндылықтар. 
АҚИҚАТ
СҮЙІСПЕНШІЛІК
ДҰРЫС ӘРЕКЕТ
ТЫНЫШТЫҚ 
ҚИЯНАТ ЖАСАМАУ


12
Еліміздің қазіргі даму кезеңі қоғам өмірінің барлық саласындағы терең 
өзгерістермен сипатталады. Осыған орай, қазіргі заман адамға: өз іс-
əрекетіне жауапты болу, əлеуметтік өзгерістер жағдайына тез бейімделе 
отырып, байыпты шешім қабылдай білу жəне тағы басқа жаңа талаптар 
қоюымен ерекшеленеді. Өркениетті қоғам үшін қымбат қазына – жеке тұлға, 
оның дамуы, қалыптасуы, бейімделуі мен өмірі. Студенттік шаққа аяқ басқан 
жасөспірімнің қалыптасуындағы түбегейлі өзгерістер сана-сезімнің 
дамуындағы сапалық өзгеріспен анықталады.
Тұлғаның ішкі əлемі, оның өзіндік санасы əрқашан да зерттеушілердің 
назарында болып келді. Сондықтан сана - сезімге байланысты əр зерттеуші 
əр түрлі анықтама берген. Өзіндік сана феноменін зерттеушілердің бірі 
И.С.Конның дəлелдеуінше, индивидтің өзін іс-əрекеттің субьектісі ретінде 
ұғынуына ықпал ететін психикалық үдерістердің жиынтығы өзіндік сана деп 
аталады да, ал оның өзі туралы көзқарастары, елестетулері белгілі «Мен» 
бейнесінде қалыптасады. 
Г.А.Урунтаеваның зерттеуінше, өзіндік сана дегеніміз бұл - адамның 
өзінің жеке дара жəне тұлғалық қасиеттеріне, бастан кешіргендері мен 
ойларына саналы, ұғынымды түрдегі қатынасы. С.Л.Рубинштейн өз 
еңбегінде сана мəселесін зерттей келе, өзіндік сана дамуының бірнеше 
кезеңдерін бөледі. Бастапқысы өзінің денесін меңгеруі мен ырықты 
қозғалыстардың пайда бола бастауымен байланысты, ал екіншісі – басқа 
адамдармен қатынасындағы өзіндік еркінің көрінуімен, қоршаған ортадан 
өзін бөле алуымен байланысты. Осы кезден тұлғаның өзіндік санасы 
қалыптаса бастайды, алғашқы рет өзінің «Мені» туралы көзқарасы 
туындайды. Осыған байланысты болашақ маманның өзіндік санасы жəне 
«Мен» – тұжырымдамасын дамыту міндеті қазіргі күнде өзекті болып отыр.
Қорытындылай келе, абсолюттік жалпыадамзаттық құндылықтар 
тұлғаға рухани-адамгершілік білім берудің негізгі өзегі болып, адам бойына, 
тумысынан берілген сый жəне адамның барлық кезеңіне нəр береді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   71




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет