Б. М. Жамекова, К. С. Мукушева, Н. Ж. Омарова


Егер жауап: 5-ке дейін болса



Pdf көрінісі
бет9/71
Дата07.09.2022
өлшемі1,85 Mb.
#38618
түріБағдарламасы
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   71
Байланысты:
өзін-өзә тану леккк

Егер жауап:
5-ке дейін болса, Сіз əрдайым тығылып жүресіз, ашылмайсыз. Өз-
өзіңізді жақсы көріңіз. Он екі мүшеңіз сау, оқуға түстіңіз, осының бəріне 
«тəуба» деп, өзіңізді өзіңіз қабылдап, əртүрлі іс-шараларға қатысып, белсенді 
болуға талпыныңыз, ізденіңіз. Сіздің қолыңыздан бəрі де келеді. 
Он және одан жоғары болса, өзіңіз туралы жоғары деңгейде ойлайсыз. 
Көпшілігін өзіңізден көруге, оларға жақсылық, бақыт тілеуден жалықпаңыз. 
Сіздің тілектеріңіз, күндердің бір күні өзіңізге қайтып келері сөзсіз. 
Кішіпейілділік, инабаттылық сіздің бойыңызда орын алу керек.
20-дан артық болса, Сіз өзіңізді өзіңіз алдадыңыз. Өзіңізді тануға,
таланттарыңызды ашуға, көп кітап оқуға бейімдеңіз. Сонда бəрі де жақсы 


14
болады. Өзіңіздің жақсы қасиетіңізді бойыңыздан іздеңіз. Сол бір жақсы 
қасиетіңіз үшін өзіңізді сыйлай біліңіз.
1.2 «Өзін-өзі тану» пəнін оқу-тəрбие үдерісіне интеграциялаудың 
философиялық алғышарттары
Қазіргі кезде көп айтылып жүрген интеграция, яғни салалас пəндердің 
өзара ықпалдасуы олардың мазмұндық, құрылымдық, ғылыми-теориялық 
жəне жалпы педагогикалық аспектілерінің кірігуімен ерекшеленеді. 
Кіріктірілген пəндердің өзара байланысын төмендегідей белгілеріне қарай 
сипаттауға болады:
- ықпалдасу негізділігінің пəндік мазмұнға, оқыту нысаны мен əдістеріне
сəйкестігі;
- білім мазмұнын сұрыптауда білім, білік дағдыларының құндылықты,
бағдарлы мəнділігін сақтау ұстанымының ескерілуі;
- білім алушының құзыреттілігінің, тұлғалық дамуын қамтамасыз ететін
жаңа технологиялық əдіс-тəсілдердің жиынтығы болуы қажет.
Интеграция –
субъектілерді біріктіру, олардың арасындағы 
байланыстарды дамытып, өзара ынтымақты іс-қимылды тереңдету.
Өзін-өзі тану пəні мен басқа пəндердің интеграциясы – ықпалдастық, 
кіріктіру, біріктіру, шоғырландыру деген мағынаны білдіреді.
Осы тұрғыдан келгенде, білім беру жүйесіндегі «Өзін-өзі тану» пəнінің 
оқыту мен тəрбие үдерісіндегі орны өзгеше. Оның өзгеше болатын себебі, 
бұл пəннің мазмұнын басқа пəндердегідей ғылыми тұрғыдағы білім негіздері 
емес, керісінше руханилық бағдардағы тəрбиелік мəнді ұғымдар, білім 
алушының өзіндік «Менің» қалыптастыруға ететіндей дəрежедегі 
адамгершілік құндылықтарды қамтиды.
Қазіргі таңда таным процесінің анықтаушы тенденциясы – интеграция. 
Негізгі мəселе пəнді оқыту емес, пəнді оқыту арқылы тұлғаның рухани-
адамгершілік дамуы. Өйткені рухани-адамгершілік білім берудің мақсаты: 
Сүйіспеншілік энергиясы – оқытушы үшін де, білім алушы үшін де ең негізгі 
ұстаным болып табылады. 
Білім беру процесінің мақсаты: ойдың, сөздің, іс-əрекеттің бірлігі 
арқылы мінезді қалыптастыру жəне рухани құндылықтарға бағыттау болса, 
оқытушы мен білім алушы арасындағы өзара қатынасты: көмектесу, 
ынтымақтастық, сүйіспеншілік, түсінушілік, қабылдау, көмек беру жəне т.б. 
Олай болса, интеграция – бүгінгі таңда адамның ғылыми ойлауын жəне 
əлемдік көзқарасын анықтайды деген тұжырым айтуға болады.
«Өзін-өзі тану» пəнін оқыту арқылы бала санасында жақсы мен 
жаманды, қамқорлық пен қайырымсыздықты т.б өмір түсініктерін айыра 
білетін, өзін тану арқылы өзгені танитын, сол арқылы бүкіл əлемді танитын 
көкірегі ояу, шығармашылық ойы дамыған, жарқын өмірді қалайтын саналы 
ұрпақ тəрбиелей аламыз. Өзін-өзі тану рухани-адамгершілік білім беруді 
интеграциялау, ең алдымен, беріліп отырған білімді жандандыру, яғни оның 
рухани-адамгершілік мəнін айқындап беру.


15
Бұл барлық пəндерді мəңгілік бүкіл адамзаттық құндылықтар негізінде 
жəне алуан түрлі құбылыстарды бірлікте қарастыра отырып, тұтастай білім 
беру болып табылады. Білім беруде жалпыадамзаттық құндылықтар негізгі 
түп қазық болуы керек, яғни балаларға берілетін білім біртұтас, жүйелі 
болуы тиіс.
Интеграциялық оқытуды жүзеге асыру, оның ғылыми деңгейін арттыру 
– тұтастай алғанда, білім алушылардың танымдық ерекшелігіне тəн
дағдыларды қалыптастыру міндеті күн тəртібіне қойылған маңызды
мəселелердің бірі. Осы мақсатта интеграция, интеграциялық оқыту мəселесі
сан қырынан зерттелуде.
Оқыту мен тəрбиелеудегі интеграция мəселесін жəне білім берудегі 
интеграцияны əртүрлі негізде жасауға ғалымдар Н.В.Малахов, 
И.А.Лошкарева, И.Д.Зверев, В.Н.Максимова, Т.Г.Рамзаева, Н.Н.Светловская, 
М.Р.Львов, Н.Я.Виленкин, Л.И.Бурова, т.б. өз үлестерін қосты. Бұл педагог-
ғалымдардың еңбектерінде интеграция туралы мəселе жан-жақты 
қарастырылады.
Білім берудегі интеграция – бұл адамдарда шығармашылық ойлауды 
дамытуға бағытталған механизм. Ол білім беру жəне танымдық белсенділікті 
жеделдету, мəдениет сауаттылығын меңгеруді жеделдетуге бағытталған. 
Білім берудегі əлеуметтік интеграция тек ғылымның əртүрлі салаларын 
біріктіруге, байланыстыру нүктелерін көрсетуге ғана емес, айналамыздағы 
əлемнің біртұтас екендігін түсіндіруге бағытталған. Бұл тəсіл бірнеше 
пəндерге де қолданылады. Бірнеше мектеп пəнінен ұқсас материал 
бастапқыда біріктіріледі. Содан кейін ол ақпаратты ашу мұғалімге беріледі. 
Бұл қолданылатын құрылымның тиімділігін бағалауға мүмкіндік береді. 
Заманауи əлемнің толық бейнесін алғаннан кейінгі екінші маңызды нəтиже -
оқу үдерісін жеделдету. Бұл уақытты айтарлықтай арттырады.
Интеграцияланған таным нəтижелері – жалпы ғылыми идеялардың, 
əдістемелік принциптердің, жүйелік талдау əдісінің мəнділігі қазіргі қоғамда 
артқандығы сондай – ғылыми интеграция өнімдерін үйрету оның негізгі 
міндеттерінің біріне айналып отыр. Осы тұрғыдан алғанда, пəнаралық 
интеграцияны жүзеге асыру көкейкесті мəселе болып табылады. Өйткені ол 
оқу үдерісінің барлық құрылымдық элементтерін – білім берудің мазмұнын, 
формаларын, технологиясын біртұтастыққа біріктіре отырып, оның 
тиімділігінің артуына жағдай жасайды. Интеграция - білімнің игерілуін, 
іскерлік пен дағдылардың белгілі бір жүйеде қалыптасуын қамтамасыз етеді, 
ойлау іс-əрекетінің белсенді болуына, теориялық білімдердің студенттерге, 
оқу-өндірістік іс-əрекеттерінің тасымалдануының жүзеге асуына ықпал етеді. 
Интеграцияның жүзеге асуы білікті мамандардың кəсіби даярлығын 
кеңейтуді жəне олардың өзара байланысты кəсіптерін даярлауға мүмкіндік 
береді.
В.И.Вернадскийдің айтуынша, білім санының жəне сапасының өсуі 
ғылымның əртүрлі салалары арасындағы байланысты бəсеңдетуге ықпал 
етеді. Ал адамдар кейін нақты мəселелер бойынша мамандандырылады. Білім 
берудегі технологиялық интеграция барлық ғылымның жекелеген бөліктерін 


16
кешенге біріктіруді қамтиды. Сол себепті, интеграция – əр түрлі нысандарда 
жүзеге асырылатын жəне теориялық білімді қамтамасыз ететін ғылыми 
пəндер аясын біріктіруді жүзеге асырады. Көп жағдайда интеграция 
ғылымның анықтамалары мен əдістерін басқа ғылым салаларында 
пайдаланудан басталып, зерделенген тақырып бойынша пəнаралық 
теориялар мен зерттеу бағыттарының пайда болуымен аяқталады.
Өзін-өзі танудың пəндік саласы – əр оқушының ішкі жан дүниесін 
байыту жəне өзіндік қайталанбас жеке даралығын пайымдауы арқылы табиғи 
қабілеттіліктері мен жасампаздық əлеуетін ашуға бағытталған мақсатты білім 
беру үдерісін ұйымдастыруды көздейді.
Интеграция ұғымының жалпы ғылыми мəні оның философиялық 
ұғымдарымен өзара байланысында қарастырылады. Әлемнің біртұтас 
бейнесін қалыптастыруға мүмкіндік бере отырып, олардың əр түрлі оқу 
пəндерінің өзара байланысын саналы түрде түсінулеріне көмектеседі, адами 
құндылықтарды бойларына сіңірулеріне мүмкіндік туғызады. Адам өмірінің 
мəнді де мағыналы болуы тұлға мəдениетінің өзегі - оның жалпыадамзаттық 
құндылықтарының негізінде көрінеді. Сол себепті, интеграция, рухани –
адамгершіліктің немесе оны қоршаған əлем туралы жүйелі түсініктің 
күшеюімен, ғылым мен ғылыми бағыттардың өсуімен, адамның рухани -
адамгершілік дамуы мен жалпыадамзаттық құндылықтарды танып - білуге 
байланысты бізге жаңа адами - ғылыми əдіснама құру қажеттігі туындайды. 
Мұндай əдіснама философия, педагогика жəне психология 
ғылымдарының интеграциялаудан туындаған метапəн «Өзін - өзі тану» пəні 
болып отыр. Пəн тек жоғарыда аталған ғылымдардың интеграциясын ғана 
емес, ол адамзаттың өркендеуі үшін қолданылып отырған ғылымдардың 
ешқайсысын назардан тыс қалдырмайды, олардың барлығын да қамтиды.
Білім берудің шынайы мақсаты – адамға белгілі бір білімді жеткізу ғана 
емес, сондай-ақ оның рухани-адамгершілік тұрғыдағы мəнін дамыту. 
Сондықтан «Өзін-өзі тану» пəні мен өзге оқу пəндерінің инновациялық əдіс-
тəсілдер арқылы өзара сабақтастырып, интеграциялауды қажет етеді. 
«Өзін-өзі тану» интеллектуалды жəне рухани-адамгершілік білімнің 
интеграциясы білім алушыларда келесі маңызды қасиеттердің дамуына 
ықпал етеді:

кез келген өмірлік жағдайды жəне ғылыми проблеманы рухани 
деңгей тұрғысынан бағалау мүмкіндігі «Бəрі бір-бірімен байланысты, бəрі 
менде» деген ұғымды қалыптастыру;

ғылымның аксиологиялық табиғатын жəне барлық білім түрлерінің 
ішкі бірлігін көре білу;

мəңгілік адамгершілік жəне рухани құндылықтардың мəнін білу 
жəне олардың мета-қажеттіліктерін білу;

жобалық зерттеу жұмыстарына адами құндылықтарды кіріктіру 
мүмкіндігі;

өзін-өзі дамытудың ішкі күштерін ояту, интуитивті түсіну қабілеті;

əлеуметтік белсенділік жəне қоғамға қызмет етуге дайын болу;


17

жеке тұлғаның, қоғамның жəне табиғаттың өзара байланысты 
екендігін түсіну;

позитивті ойлауды дамыту;

мəңгілік жəне уақытша құндылықтар арасындағы айырмашылықты 
дамыту;

іс-əрекетте ар-ожданның үнін басшылыққа алу мүмкіндігі;

ойдың, сөйлеудің, мінез-құлықтың, шыншылдықтың тақуалығы;

өзіне, ата-анасына, мемлекетке, адамзат алдындағы жауапкершілікті 
сезіну жəне өз міндеттерін орындау мүмкіндігі;

мəңгілік мағыналар мен идеяларды іздестіру үшін рухани кеңістікке 
шығатын əлемдік мəдени мұраны білу жəне түсіну;

басқа адамның жүрегін ерекше сүю, жанашырлық, қуаныш қабілетін 
сезіну;

өзіне деген сенімділік, шыдамдылық, өзін-өзі тəрбиелеу, жағымсыз 
эмоциялармен анықтала алмау, оларды байқап, бақылауда ұстау;

ішкі үйлесімділік, бірлік, жарқын махаббат сезімдерін сезінту.
Қай пəн болмасын интеграцияланған сипатта қызмет ете алатындықтан, 
«Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасын өзге 
пəндермен интеграциялауда пəнаралық, пəнішілік байланыстар мен білім 
алушының іс-əрекеттік қызметін арттыруға баса назар аударылады.
Гуманитарлық, жаратылыстану-математика циклдеріндегі пəндердің 
мазмұнын «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім мазмұнымен 
интеграциялауға айтарлықтай мүмкіндіктер бар. 
Қазіргі заманда жоғары рухани жəне адамгершіліктік қағидаға ие 
тұлғаны, төмендегіше сипаттауға болады:

тұлғалық тəуелсіздіктің жоғары деңгейіне ие;

қоршаған ортасына тəуелсіз;

өз-өзіне сенімділіктің, өзіне сенудің, өзінің құндылықтарының
жоғарғы деңгейіне ие;

өзінің эмоциясын ұстай алуға жəне бақылауға қабілетті;

өмірден өзіне не керек екенін жақсы түсінеді, нақты қойылған
мақсаты бар, мақсатқа жетуде жоғары табандылыққа ие;

əлемге лайланбаған көзқараспен, ақылмен жəне рухани теңдікпен
қарайды. «Өзін-өзі тану» сабағында əрқайсысы тұлғаның өзіндік дамуынан 
өзін-өзі жетілдіруіне дейінгі жолда қызықты əрі шығармашылық жолдан 
өтуге тура келеді.
Ғылыми жəне этикалық білімдерді жинақтау идеясының өзі жаңалық 
емес, ол антикалық философияның дəстүрінен бастау алады. Сондықтан да 
болар «Өзін-өзі тану» пəні ойшыл-философ Сократтың есімімен тығыз 
байланысты. Сократ «Адам жаман іс-əрекетті білмегендіктен жасайды, 
мейірімділіктің не екенін білсе, онда ол ылғи соған ұмтылған болар еді», -
деген. Антикалық білім беруде интеллектуалдық жəне рухани-адамгершілік 
білім беру үздіксіз бірлікте болған.


18
Өзін-өзі тану философиялық тұрғыда - бүкіл дүниені ойлау, оның шығу 
тегін білуге ұмтылу, адамның дүниедегі орнына үңілу, адамның ішкі 
дүниесінің сырын ашу, табиғат пен қоғамның негізгі заңдарын танып білу, 
адам өмірінің мəнін айқындауды жүйе ретінде қарастырылады. Бұдан 
шығатын қорытынды сол кездегі көзқарастарға тоқтала келе, өзін-өзі тану 
көзқарастарын зерделей отырып, оларды адамның ішкі дүниесі мен сыртқы 
дүниенің бірлігі үндестік тапқанда ғана табиғат пен қоғамның талабына сай 
тұлғаның қалыптасуына көз жеткізуге болады. Өзін-өзі тану арқылы 
тұлғаның өзіндік дамуына, білімдік жəне танымдық əрекеттеріне ықпал ету, 
өзара адамгершілік құндылықтары мен өзіндік бағдарын таңдауға мүмкіндік 
жасалу идеялары алынатындығы белгілі болды.
Аристотель: «Адамның өзінің рухани бастауының арқасында
кемелденуге мүмкіндігі бар, бұл оның өміріндегі ең жоғары бақыты». 
«Адамның игілігі оның жақсылықтарымен үйлескен жан дүниесінің 
белсенділігінде, сол жанның жақсылықтары неғұрлым мол болса, соның 
ішіндегі ең үздігі аса кемел жақсылықтармен үйлесуі керек», – деп жазды. 
Адам ізгіліктердің ішіндегі ең кемелін ажырату немесе іс жүзіндегі даналық 
арқылы ненің мəңгілік, ненің уақытша, ненің ақиқат, ненің жалған екенін 
түсіне алады. Адам осы ізгіліктерді сезіну арқылы, жоғары бақытқа кенеліп, 
руханилыққа қол жеткізуге қабілетті. Көне қытай философы Лао Цзы:
«Басқаларды білетін адам – ақылды, өзін танып білген адам – данышпан»–,
депті. Ертедегі грек ойшылы Протагордың: «Барлық заттың өлшемі - адам»
деген қанатты сөзі кең тараған. Гректің тағы бір белгілі ойшылы Фалестен:
«Дүниедегі ең оңай нəрсе не?» деп сұрағанда, «басқаға ақыл айту» ал «ең
қиын нəрсе? » - дегенде «Өзіңді танып білу» деп жауап беріпті.
Немістің ұлы философы Иммануил Канттың ойынша, адамның 
адамдығын айқындайтын нəрсе – парасат пен адамгершілік. Ендеше, 
адамгершіліктің өзі адамның еркіндікте екенін көрсетеді. И.Кант адамның 
рухани мүддесін мынадай философиялық сұрақтар арқылы тануға болады 
деген: Мен нені біле аламын? Мен не істеуім керек? Мен неден үміт етуге 
батылым барады? Адам дегеніміз кім?
И.Кант адамның өзін-өзі жəне жан дүниесін жетілдіру қажеттігін айта 
отырып, былай дейді: «Барлық көздеген мақсатыңа сай келуі үшін, өзіңнің 
рухани жəне тəндік күшіңді жетілдір, олар пайда болуы да мүмкін, бірақ 
қайсысы сенікі болары белгісіз». Қай мақсатыңа жететініңді ешқашан біле 
бермейсің, ол маңызды емес: ең маңыздысы бірегей моральдік заңды 
орындау еркіндігі.
И.Ньютон, Г.В.Лейбниц, Б.Паскаль, М.В.Ломоносов, Д.И.Менделеев 
жəне т.б. жаратушыны дүниенің бас сəулетшісі деп есептеп, ғылым мен 
рухани əлемді табыстыру көзқарасын ұстанды.
Капитализмнің қарқынды даму кезеңінде материалистік көзқарастың 
дамуы, материалдық құндылықтардың соңына түсу, уақытша қанағаттану 
сезімдерінің дамуы рухани құндылықтардың бағасын төмендетіп, адам 
тіршілігінің мəні туралы мəселені тығырыққа тіреді. Индустрияландыру, 
материалдық қажеттіліктерді қанағаттандыру рухы адамның рухани –


19
адамгершілік бастауын үзіп, оған қоса кез келген салауатты мемлекеттің 
жəне өркениеттің негізі – дəстүрлі қоғамдық қағидалармен əдет-ғұрыптың 
құндылығын төмендетті.
Тəңірлік философия нəтижесінде қазақтардың дүниетанымында 
руханилық пен «осы дүние», жан мен тəн біте қайнасып, біртұтас 
дүниетаным қалыптасты, басқа да мəдениет пен сенім түрлеріне деген 
пайымды қарым-қатынас, көп алуандықтан тұтастықты таба алу қабілеттері 
пайда болды.
Әрбір тарихи кезеңде дамып, бірақ та осы уақытқа дейін адам санасында 
сақталып, оның дамуына өз үлестерін қосып отырған қазақ ойшылдарының 
құндылықтар туралы көзқарастарына тоқталсақ, бүгінгі күні Ш.Уəлиханов, 
Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаевтардың моральдық-имани көзқарастарын 
Қазақстан жастарын тəрбиелеу теориясының негізі жəне теориялық -
əдістемелік бастауы болып табылады деп толық мағынасында айтуға болады.
Ағартушы-демократ, қоғамдық қайраткер əрі ойшыл, реалист-ақын, 
алғашқы педагог Ы.Алтынсарин, білім берудің бірнеше мəселелерімен қатар 
өз еңбектерінде мектеп пен отбасы тəрбиесінің адамгершілік негіздерін 
көрсетіп, халық ағарту ісінің рухани-имандылық негіздерін жасап берді.
Ұлы Абай адам проблемасына, оның табиғи жəне əлеуметтік 
жақтарының арақатынасын, адамгершілік, кемелдену, гуманизм идеяларын 
өзгеше пайымдайтын сананы тудырды. Өсиет сөздерiн еске түсірсек: 
«Қайрат, ақыл, жүрек үшеуi өнерлерiмен айтысып, таласып келiп, ғылымға 
жүгiніпті. Сонда ғылым бұл үшеуiнің сөздерiн тыңдап болып, былай деп 
жауап берiпті: Сен үшеуiң басыңды қос, бəрiн жүрекке билет. Тек жүрек қана 
мейірiмділік пен сүйіспеншіліктiң жолын таңдайды, зұлымдыққа қызмет 
жасамайды» [5]. Сонымен Абай: Ақыл мен Қайратты шынайы тəрбиелеу -
жүрек тəрбиесi: «Адамның ақыл-парасаты, iзгілiкке деген сезімі 
Сүйiспеншiлiк арқылы шексiз жетiледі», - дедi. Өкінішке орай, қазіргі 
өзгермелі заманда ғылым мен білім жүрекке емес, ақыл мен қайратқа жұмыс 
жасайды. Сондықтан бүгiнгі күннiң негiзгi мақсаты – ғылым мен білім берудi 
өзінің бұрынғы қалпына қайтару.
Ғұламаның жарық дүниеге келген адам баласының маңдайына жазылған 
тағдыры жайлы, оның дүниеден алатын орны мен рөлі жайлы философиялық 
пайымдауында, сан қилы да күрделi адам болмысын жан-жақты əлеуметтiк 
қарым-қатынасы адамдарды түзу жолға түсiреді, – деп тұлғаның рухани-
адамгершiлік құндылықтарына адамның адами қасиетiнің дамуын негiзге 
алып, келер ұрпаққа бір сөзбен «Адам бол!» – деген ойларынан нағыз адам 
болу үшiн тек қана өзiңді тану арқылы сыртқы мəдениетке, тiлге, дiнге мəн 
бере отырып дамуға сол арқылы адамгершілiктің негiзгі принциптері -
қайырымдылық, биік талғам, шындық, əдiлдік негiздерін қабылдауға 
итермелейдi немесе 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   71




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет