Б. М. Жамекова, К. С. Мукушева, Н. Ж. Омарова



Pdf көрінісі
бет6/71
Дата07.09.2022
өлшемі1,85 Mb.
#38618
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   71
жасамау), мейірімділік сезімі (Сүйіспеншілік), іс-əрекеттегі адалдығы,
əділдігі (Ақиқат), өмір сүру салтындағы туыстық, достық қарым-
қатынасымен бірігу (Тыныштық) идеясымен ерекшеленетіні белгілі. Ал 
құндылықтық қатынас əрқашан да субъектінің бойында белгілі бір 
эмоцияларды – қуану, сүйсіну, таңдану, табыну т.б. қамтып дүниетаным 
ықпалымен қалыптасып келген. Заманауи технологиялардың қарқынмен 
дамығаны соншалықты, адамның əлі де шексіз дамуына мүмкіндігі бар. Адам 
дамыған сайын ол əлемнің жаратылуынан бірге өмір сүретін табиғаттан 
алыстап барады. Біз прогреске қол жеткіздік, бірақ əлі күнге дейін жалпыға 
ортақ бақыт жоқ. Бұл мақсатта адамгершілікті жоғалтпау өте маңызды
өйткені көптеген адамдар бар, бірақ Адамды табу қиынға соғады.
Әдебиеттерде құндылықтарды топтастыру əртүрлі берілген: 

философиялық тұрғыдан витальды (өмір, денсаулық, игілік,
экология жəне т.б.);

əлеуметтік (əлеуметтік статус, жағдай, байлық, отбасы,
тəуелсіздік жəне т.б.); 

діни (Құдай, сенім, ғұрып, шіркеу жəне т.б.);

моральдық (қайырымдылық, достық, сүйіспеншілік, парыз,
адалдық, əділеттік жəне т.б.);

эстетикалық (сұлулық, идеал, үйлесімділік, жəне т.б.);

саяси (заңдылық, мемлекеттік, Ата Заң, азаматтық еркіндіктер
жəне т.б.). Осылайша құндылықтар жалпы динамикамен сипатталатын 
мəдени реттеушіліктің қозғалмалы саласын білдіреді [4].
Ресейлік ғалымдар Т.И.Петракова мен Т.И.Власовалар ұсынған 
құндылықтар жүйесіне тоқталсақ, оларға: 
табиғи құндылықтар – бұл адамның табиғи күйі, жан дүниесінің
қабілеті, яғни ақыл-ой, сезімі, күш, жігері;
жүре пайда болатын құндылықтар – əдептілік, сыпайылық,
сыйластық, жаңашырлық;
-
абсолюттік жалпыадамзаттық құндылықтар

уақытқа
бағынбайтын, ешқандай ортамен, қоғаммен шектелмейтін бүкіл адамзат үшін 
маңызы зор құндылықтар.
Абсолюттік жалпыадамзаттық құндылықтарды оқыту процесіне енгізу 
адамның ізгілікті қасиеттерін ашуға, оның рухани дамуына ықпал етсе, адам 
бойындағы мəңгілік жалпыадамзаттық құндылықтарды жарыққа шығару
ізглікке жол ашады.


11
Т.И.Петракова құндылықтарды үш түрге бөледі (1.1-сурет). Табиғи жəне 
жүре пайда болатын құндылықтар тəрбие жүзінде адам бойында 
қалыптастады.
1.1- сурет. Құндылықтардың жіктелуі
Жалпыадамзаттық құндылықтар – адамның ішкі жан-дүние қасиетінің 
өлшемі, адамның жақсылыққа ұмтылуы, басқаларға жанашырлық білдіруі, 
айналадағы адамдарға қайырымдылығы, өмір сүруге талпынысы, өмірді 
дұрыс сүру мəселелері жайында ізденуі, өзін-өзі танып, өзін-өзі бағалап, сол 
арқылы дүниені, əлемді тануы деп түсінеміз. 
Осы негізде ішкі үйлесімділікке əсер ететін жалпыадамзаттық 
құндылықтарға: Ақиқат – зияткерлік аспект, Сүйіспеншілік – адамгершілік 
аспект, Дұрыс əрекет – физикалық аспект, Тыныштық – эмоциялық аспект, 
Қиянат жасамау – рухани аспектіге жатады.
Педагогикалық cөздікте: «Құндылық дегеніміз – адамның ішкі құқы, 
адамдармен қарым-қатынасы, ізгілігі, іс-əрекет кезіндегі көрсететін 
қайырымдылық тұрақтылығы, мейірімділік жүйесі» - деген. Бірақ осы 
құндылықтардың өмірдегі мəнін түсініп, талап жəне саралап қабылдайтын 
бұл – адам санасы. Адам санасында бірінші құндылықты анықтау үшін 
белгілі бір себепке байланысты қажеттілік оянады, содан қажеттілікті 
қанағаттандыру мақсатында алдына мақсат қойып, өзі үшін құндылық негізін 
анықтап алғаны жөн.
Педагогикалық тұрғыдан рухани-адамгершілік құндылықты тəрбие 
арқылы жүзеге асырамыз. Себебі адам жаратылысы өмірге, өзіне қарым-
қатынасы, тұрмыс-тіршілігі саналы іс-əрекеті мен сезімі арқылы өлшеніп 
сараланады. Сондықтан ең жоғары құндылықтардың өзегі – бұл адами 
қасиеттер жəне адам екендігі қоғам дамуында дəлелденіп келеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   71




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет