4
КІРІСПЕ
Қоғамдағы
рухани құндылықтардың табиғаты, мəні жəне атқаратын
қызметтері туралы жан-жақты зерттелудің адамгершілік пен руханилық
мəселесімен тікелей
байланысты қарастырылып, осы кезге дейін күн
тəртібінен түспеуі жеке тұлғаны рухани-адамгершілікке тəрбиелей отырып
оқытудың аса қажеттілігін байқатады.
Оқу құралы «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік
білім беру
бағдарламасын білім беру саласына интеграциялау жөніндегі нұсқаулық»
ретінде 0111000 – «Негізгі орта білім» мамандығының 0111053 «Өзін-өзі
тану мұғалімі» біліктілігінің техникалық жəне кəсіптік білім беру
бағдарламаларын ескере отырып дайындалды. Оқу құралының мазмұны
«Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасын білім беру
кеңістігінде, гуманитарлық жəне жаратылыстану бағытындағы пəндермен,
білім беруді толықтыру мақсатындағы
сыныптан тыс шараларда
интеграциялау мүмкіндіктері теориялық жəне практикалық іс жүзінде
танысуға бағытталған.
Әр тақырыптың соңында студенттердің білімін бекіту, қорытындылау,
іздендіру мақсатында сұрақтар мен тапсырмалар берілген.
«Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім
беру бағдарламасын білім
беру саласына интеграциялау жөніндегі нұсқаулық» оқу құралы бойынша
оқыту нəтижелері:
1. Мемлекеттік жалпы білім берудің стандартын, «Өзін-өзі тану» пəнінің
оқу бағдарламасын, жоспарын талдап, түсіне алады;
2. Оқу үрдісінде «Өзін-өзі тану» пəнін жəне аталған пəнді интеграциялай
оқытудың əдістемесін игереді;
3. «Өзін-өзі тану» пəнінің оқу-əдістемелік кешенін талдай алады;
4. «Өзін-өзі тану» РАББ бағдарламасы мазмұнын интеграциялау
бойынша
ұзақ мерзімді, орта мерзімді жəне қысқа мерзімді жоспар
құрылымдай алады;
5. Білім беру бағдарламасын сырттай жəне іштей интеграциялауды
ажырата алады;
6. «Өзін-өзі тану» РАББ бағдарламасын
интеграциялау бойынша
оқытудың тиімді технологиялары мен əдіс-тəсілдерін іріктей алады;
7. Пəндерді оқыту жəне сыныптан тыс білім беру барысында
интеграциялау кезеңдерінің ерекшеліктеріне назар аударады;
8. Жеке тұлғаны қалыптастыруда талантты жəне дарынды балаларды
анықтау əдістерін қолдана алады, сынақтан өткізу үшін дескрипторлар құра
алады;
9. Гуманитарлық бағыттағы пəндерді интеграциялай отырып, бөлімдері
мен тақырыптары бойынша қалыптастырушы жəне
жиынтық бағалау
тапсырмаларын құрастыра алады;
10. Берілген дəйексөзге талдау жасауға, оларды талдау үшін сұрақтар
құрылымдауға үйрету əдістерін қолдана алады;
5
11. Сабақтың тақырыбына, өткізілу түрі мен типіне орай материалдарды
іріктей алады;
12. Сабақтың өн бойында жалпыадамзаттық
құндылықтарды жарыққа
шығару үшін əдістерді таңдай біледі;
13. Әңгімелеу ретінде берілетін қызықты оқиғаны таңдап, оны жеткізу
жəне түсіндіру жолдарын біледі;
14. Сабаққа жəне білім беруді толықтыру мақсатындағы сыныптан тыс
іс-шараларда «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасын
интеграциялау бойынша сабақ жəне іс-шара жоспарын құра алады;
15. «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік
білім беру бағдарламасын
интеграциялау бойынша сабақ жоспарына талдау жасай алады;
16. Сөйлеу мəдениетін сақтауды біледі;
17. Интеграция жасай отыра, оқушылардың зерттеу жұмыстары мен
жоба қорғау жұмыстарын ұйымдастыра алады;
18. Интеграциялаудың тиімді əдіс-тəсілдерін игереді т.б.