Б. М. Кусманова Ж. Аймауытовтың шағын әҢгімелеріндегі («Әнші», «елес») етіс категориясының функционалдық Қызметі



Pdf көрінісі
бет5/6
Дата21.01.2017
өлшемі0,51 Mb.
#2353
1   2   3   4   5   6

Ырықсыз етіс

1. Өзен өрлей салынған екі мешітті, бір шіркеулі, ығы-жығы тайпақ қала.

2.   Мидай   жазық   құла   түзде   ішің   пысып   келе   жатқанда,   көзіңе   сұлу   орман,

сәулетті   тау   көрінсе;   көріктен   оттан  айырылған  қабағынан   қар   жауған

қариялардың   ортасында,   кенеттен   атқан   таңдай   сұлу   сәулем   қыз   көрінсе;

қараңғы   түнде   ел   таба   алмай   сандалып   келе   жатқанда,   аяғыңның   астынан

қиуадан от жылт етіп көрінсе, қандай қуанып, кенеліп қаласың.

3. Көңіл бір жадырап шайдай ашылды.

4. Қазынаны жеп, жазаға  тартылған  завхоздан жаман ұнжырғам түсті, сұрым

қашты, ыза болдым.

5. Сол кезде ойым көзіме  көрінетін  зат болса, дереу «Саботажник!», «Контр»

деп жағасынан алғандай едім.

6. Газет-журналға бір-екі сөз басылса, "жазушы", "ақын" екенмін деп, өзіне-өзі

ден қойып алатын омырау жігіттер аз ба? 



Өзгелік етіс

1. Билетті дендеп өткізген, әйелдерге тамақты әзірлеткен, кілем, ыдыс, сайман

бар жабдықтың бәрін тапқан сол Әбіжан - мақтаншақ жігіт.

2. Арқаның қоңыр желіндей, 



Тамылжытып, сынықсып,

Жаңа түскен келіндей,

Қалың қазақ даласын

Әнімен залға сыйғызды,

Дауысын көпке сүйгізді

3. Елдің тұрмысын, өмірін, тілегін арманын әдебиет айнасына түсіретін солар.

Мұның бәрі қандай із қалдырды?

4. Әуелгі кезде партияға тонын айналдырып талайлар кірді.

5. Олар елге не пайда, не зиян келтірді?

Ортақ етіс

1.   Әмірқанның   жайынан   аз  әңгімелесіп,   қымызға   қанған   соң   пәтерімізге

қайттық.

2. Әмірқан қол ұстасып, сыпайы амандасып отырды.

3. - Олай болса  әңгімелесейік, пікір  алысайық, әлде бір-бірімізден пайдаланып

қалармыз, – деді.

4. - Сөйлесейік, – дедім.

Етіс   категориясының   кеңістіктегі   құбылыстарды   сипаттауда

маңыздылығы ерекше болып келеді. Етіс категориясының тілдің грамматикалық

жүйесіндегі   функционалдық   мақсатына   қимыл,   іс-әрекеттің,   субьекті   мен

обьекті   арасындағы   әртүрлі   қатынасын   білдіру   кіреді.   Етіс   категориясының

60


мағыналық   аясын   белсендендіру   үшін   негізгі   етістікке   арнайы   жұрнақтар

жүйесі іске қосылады да, етістіктің лексикалық-грамматикалық мәндері пайда

болады. 

Етіс   категориясы   субьекті   мен   обьектінің   өзара   қарым-қатынасын

білдіреді,   ол   бастауыш   пен   толықтауыштың   сөйлемдегі   қатынасынан   пайда

болатын категория. Етіс етістіктің салт немесе сабақты мағынада жұмсалуымен

де байланысты, өйткені етіс түбір етістіктерге қосымшалардың қосылу арқылы

жасалады.   Етіс   категориясы   қимылдың   субьекті   мен   обьектіге   әр   түрлі

қатынасын   көрсететін   жұрнақтар   қосылу   арқылы,   түбір   сөздің   бастапқы

грамматикалық   мағынасын   өзгертіп,   сөйлем   мүшелерін   синтаксистік

байланысқа түсіреді. Сабақты етістік пен салт етістіктердің етіс категориясы

мен   байланысын,   етістің   түрлерін,   олардың   жасалу   жолдарын,   етіс

категориясының мағынасы мен тұлғалық ерекшеліктерін, «етіс мәселесін дұрыс

шешу   үшін,   сөйлем   мүшесі   (баяндауыш)   мен   сөз   табының   (етістік)

ерекшеліктерін байланыстыра  салыстырып,  бірінен бірін бөлмей  тұтас қарау

қажет».   Салт   етістіктерден   қимыл   мен   қимыл   иесі   арасындағы   қатынастан

туып, субьектінің ішкі мәнін түрлендіретін өзгелік, ортақ етіс түрлері жасалса,

сабақты   етістіктерден   етіс   қосымшалары   қосылу   арқылы   барлық   етіс   түрі

жасала береді.

Мысалы: 


1.   Сауығымыз   сары   ала   болсын   деп,   Әмірқанды   да   шықырып,   (нені?)  ән

салғызбақ болдық.

2.   Жәлен   сықылды   мұғалімдер   (нені?)  Наурызды   түсіндіріп,   жастардың

талабын құттықтап, мінбеге шығып сөз сөйлеп жатыр.

3.   Төңкеріс   жолында   құрбан   болған   ерлерді   өлең   қыламыз.   Тағы   біреуің

көрінгенге "Жалпақшеше" көрінгелі түлкіше (нені?) құйрығыңды бұлғаңдатып

жүрсің.   Енді   біріңнің   (кімді?)  орысты  қазаққа,   (кімді?)  қазақты  орысқа



шағыстырып сенім алмақ, ақын аталмақ ойың бар.

4.   Күндік   күніңе,   өшті-қасты   кегіңе,   әлде   күншілдігіңе   бола   елдің   айнасы   –

(нені?) әдебиетті ұрыс-керіске, боқауызға айналдырдыңдар.

Етістіктердегі   жақ   категориясы   анық   көрінісін   табады.   Басқа   сөз

таптарымен салыстырғанда, басымырақ болып келеді.

Етіс   категориясы   функционалдық   грамматика   тұрғысынан   етістіктердің

грамматикалық мәнін ашуда маңызды рөл атқарады. 

1. Жігіттер жабылып болмаған соң, әнші сандыққа отырды. 

2.  «Осынша топ-тың алдында шалдырып, масқара болып қаламыз ба, болмаса

шапалақ соғылып, қошамет аламыз ба» - деп жүрегіміз дүрс-дүрс етеді.

3. Қоңырау үш қағылды. Шымылдық ашылды.

4. Топ көргенде Әмірқан аруақтанып, көтеріліп кетеді екен. 

5. Сүмірейтеқылмита соқты; желдете құтырта соқты. Лебізі құлаққа жағып

кетті, жүректі тербетті, тамырды желпіндірді,  бойды шымырлатты.

6. Онсыз топтың ажары кірмейді. Әйтеуір жандырып жүреді. 

7.   Сонымен   бір   перделік   күлкі,   қалғаның   декламация,   хор,   ән,   домбыра,

оркестрмен  өткізбек болдық. Сауығымыз сары ала болсын деп, Әмірқанды да

шақырып, ән салғызбақ болдық.

61


8. Біреулер: «Ата-бабамыздың  жоралығын істейік» деп, төс  қағысып,  көрісіп

жатыр.


9.   Зал   у-шу,  айқайласып,  кимелесіп,   орынға  таласып,   «дауыстама!»,

«отырыңдар!» десіп күңкілдесіп жатыр.

10. Қазақ даласындағы соғыс майданы ашылды

11. Қазақтан төңкеріс үшін алысқан, жан қиған ерлер болды ма? 

12. Бүгінгі шенқұмарлық, кеңсешілдік, ата-ру намысы, губерне намысы, орынға

таласу, топтасу, жіктесі қандай күйде?

Тіл білімі аспектілеріне байланысты етістің мәртебесін анықтауда қандай

тұрғыдан   қарастыратынымызды   анықтап   алуымыз   керек.   Құрылымдық

тұрғыдан етіс -грамматикалық категория,ал функционалдық тұрғыдан етіс

 - функционалды-семантикалық категория. 

       Тілдік категорияларды функционалды грамматика тарапынан қарастыруда,

ең алдымен, оның өзіндік объектілерін атап өту керек. Олар: темпоралдылық –

мезгіл, персональдылық – жақтылық, посесивтік –меншіктілік, компаративтік –

салыстырмалы,   каузальдық   –   себеп,   локативтік   –мекен,   таксис,   модальділік,

сандық, кеңістік аспектілері. Олардың барлығы мәтін мазмұны ішіндегі қимыл,

әрекеттер жиынтығының, оқиға желісінің өрбуінің етістік арқылы айқындалуын

ашады. Ал етіс категориясының қарастыратын болсақ, ол субъекті мен объектіге

іс-әрекеттің   қатыстығын   білдіреді.   Сондай-ақ,   функционалды   грамматика

мәселелерін   зерттеу   нәтижесінде   ғалымдар   маңызды   қорытынды   шығарды.

Зерттеушілер   аталмыш   грамматика   аспектілеріне   етістікке   тән   етіс

категориясының   қатысы   бар   екендігін   дәлелдеп   берді.   Етіс   категориясының

универсалдылығы -әр сөйлемнің негізі болып саналатын тығыз байланыстағы

предикативтілік және жақтылық.      

Предикативтілік - қимылды білдіретін,   етістік сөз табы, баяндауыштық

қызмет   атқаратындықтан,   сөйлемнің   негізгі   қазығы   болып   саналады,   етіспен

қимылдың субъекті мен объектіге қатысы көрсетіледі.

Мысал   ретінде   Ж.   Аймауытов   шығармасынан   келтірілген   үзіндіде:   «Ерсілі-

қарсылы   уқалап,   шашымды   да  дудыраттым.   –   Менің   де   көп  қарастырып

жүрген мәселем осы еді. Төңкеріс ақының жолықтыра алмай жүр едім: жақсы

келдің   ғой.   Магнит   қуаты   бардай-ақ,   сөйлеген   сайын  ұйытып,   бойымды

балқытып әкетті.

–  Ендеше,   төңкерістен   бері   не   жазып  бықсыта  беремін.  Алды-артыма



қаратқан жоқ, ежелден таныс жолдасымдай... Әйтсе де сыр білдіргім келмеді –

өзгелік етісті хабарлы сөйлемдер. Бұл сөйлемдерде өзгелік етіс арқылы өтіліп

жатқан   қимылдарды   жан-жақты   қарастырып,   функционалды   грамматика

бірнеше аспектілермен ұштасып тұрғандығын аңғарамыз. 

Осы жерде уақыт кеңістігі де орын алып, оқиғаның жеделділігін «дереу» сөзі

арқылы жеткізе тұруымен қатар, қимылға басқа бір субъектілердің қатыстығын,

солармен іс-әрекеттің өтетіндігін байқаймыз, бұған қоса, таксистік  құбылыс та 

орнығып, қимылдың әрмезгілділігі айқын көрініп тұр. Шығарма мазмұнынан

етістің   жақ   категориясына   қатысы   бар   екендігін   анықтауға   болады.   Қандай

қимыл-әрекет   болмасын,   белгілі   бір   жақтағы   (бұл   жерде   1   және   3-жақта)

субъект   арқылы   жасалады.   Сонымен,   функционалды   грамматикада   етіс

62


(залоговость)   функционалды-семантикалық   категория   болып   табылады.

Функционалды-семантикалық категориялар көбінесе етістік категорияларымен

тығыз байланыста (кесте 3).   

Кесте 3  –  Етіс сипаттамасы

  

Тіл білімі аспектілеріне байланысты етістің мәртебесі



Құрылымдық тұрғыдан

Функционалдық тұрғыдан 

Етіс – грамматикалық категория

Етіс  –  функционалды-семантикалық

категория

Аспектуалдылық категориясы құрылымдық грамматикадағы – қимылдың

өту   сипаты   (вид)   категориясына,   темпоралдылық   –   шақ   категориясына,

модалдылық   –   рай   категориясына,   персоналдылық   –   жақ   категориясына

негізделген (кесте 4).   

Кесте 4  –  Етіс категориялары

Құрылымдық грамматикадағы аспектуалдылық категориялары

қимылдың   өту

сипаты

темпоралдылық



модалдылық

персоналдылық

вид категориясы

шақ категориясы

рай категориясы

жақ категориясы

Құрылымдық   тұрғыдан   талдауда   етіс  жұрнақтарының   келесідей

ерекшеліктерін атап өтуге болады: сөзден сөз тудыратын жұрнақтармен сәйкес

келеді   де,   лексикалық   категорияға   жатады.   Сондай-ақ,   етіс   категориясының

формаларында   субьекті   мен   обьектінің   амалға   қатысын,   керісінше,   амалдың

(әрекеттің) субьекті мен обьектіге қатысын білдіретін грамматикалық  сипаты

тағы бар.

С.   Аманжоловтың   етіс   жіктелімін   негізге   ала   отырып,   төмендеідей

классификациясын мысалдармен толықтырдық. 



Өзгелік етіс жұрнақтарының түрлері:

-қыз,-ғыз,-кіз,-гіз;



-дыр,-дір,-тыр,-тір;

 -т.


Мысалдар

1.   –   Неге   болмасын?   Бар.   Әркім   әртүрлі   жазады,   –   деуім   мұң-ақ   екен,



бастырмалатып соға жөнелді...

2.   Біреу   "Асан   Қайғы",   "Шортанбай"   болып   қазақтың   ертегідей   өткен   күнін

жырлап,   "зар   замандатып"   жүр.   Өткенді  қайтару,   өлгенді  тірілту  кімнің

қолынан келмекші?

3. Сарқасқа күрт көжені тай қазанға жүздіріп, бұқтырып қойғанбыз. 

63


4. Оспанбек ағайдың үйіндегі жеңгей де қоңыр қаздай баспандап,  екі бөшке

қымызды   сатып,   ақшаны  көпіртіп  алып   жатыр.   Қарындастарымыз   да

программа сатып, сымпылдап жүгіріп жүр.

Ырықсыз  етіс жұрнақтарының түрлері:

-л,-ыл,-іл



-н,-ын,-ін

С. Аманжоловтың байқауынша, ырықсыз етістің жұрнағы «етістіктің бұйрық

райына   жалғанып,   барыс,   шығыс,   жатыс,   көмектес   жалғаулы   сөздерді

меңгереді». 

Ырықсыз   етістің   қасиетін   айқындауда   келесідей   ерекшеліктерге   назар

аударуымыз   керек:   іс-әрекетін   атқарушысы,   қимыл   иесі,   арнайы   айтылмай,

қимыл   өздігінен   істелетіндігі   көрінеді   де,   -л,   -ыл,   -іл     түбірдің   ішінде   -   л

дыбысы болса, -н, -ын, -ін жұрнақтары арқылы жасалады. 

Мысалдар


1. Қымыз, ет алып, тырыштаны, шабылып қалыпты. 

2. Әмірқанның әнге берілгендігі сонша, басқа шаруаға олақ-ақ. 

5. Ақтамақтан айырылдым

6. Әлден уақытта аттың дүбірі естілді

7. Көңілім бұзылып ...

8. Жастардың тұнғыш журналы аяқтанбасқа қалды? Халық мұнша  жиылады

деген есте жоқ.

9. Жарнамаға, программаға «Басқарушы» деген аты  жазылғаны Әбіжанға зор

атақ. Әбіжанның таныс емес адамы жоқ, құрдасы емесі тағы жоқ.

10. Қоңырау екі соғылды



Ортақ етіс жұрнақтары:

–ыс, -іс, -с 



Аталмыш   жұрнақтар   етістік   түбіріне   жалғанып,   табыс,   барыс,   шығыс,

жатыс, көмектес жалғауларын талап етеді. 

Мысалдар

1. Әмірхан шығысымен шапалақ шартылдады.

2. Өзге шығушылардан Әмірқаның киімі де, түрі де, жүріс-тұрысы да жат еді,

қазақтың еркіндігін еске түсіруші еді.

3. Бір бірін қиып кете алмай, мұратына жете алмай қош айтысқан жарға ұқсап,

жалғызынан  айырылып,  қанатынан  қайырылып,  зарлаған  бейне  жанға  ұқсап,

болмаса   жылап   егілген,   көзден   жасы   төгілген,   бейне   бір   қайғы-зарға   ұқсап

өкінішті, өксікті, қасіретті, мұңды әнді сарнады. 



Өздік етіс жұрнақтарының түрлері:

-ын, -ін, -н 



Өздік етісте субьектінің қимылы басқа обьектіге емес, субьектінің өзіне қарай

жұмсалады.   Яғни   субьекті   өз-өзіне   обьекті   болады   да,   баяндауыш   қызмет

атқарып   тұрған   етістік   өздік   етіс   тұлғасында   тұрады.   Өздік   етіс   баяндауыш

болып тұрған сөйлемнің бастауышында әрі субьектілік, әрі обьектілік мағына

64


сақталатындықтан, ол сөйлемде тура толықтауыш болмайды. Өздік етіс қимыл,

іс-әрекеттің   субьектісіне   қарай   бағытталып,   сабақты   етістікке   қосымшасы

қосылу арқылы жасалады. Бірақ барлық сабақты етістіктерден өздік етіс жасала

бермейді.   Өздік   етіс   жұрнағы   тек   қимыл,   іс-әрекет   субьектінің   өзіне   қарай

бағыттала   алатын   сабақты   етістіктерге   жалғану   арқылы   жасалады   және   сол

сабақты етістікті салт етістікке айналдырады.

         Етістердің  құрылымдық  және  семантикалық - функционалдық 

аспектілеріне қарай келесідей ерекшеліктерді қоса атауға болады.

Ырықсыз   етіс   іс   істеуші   арнайы   айтылмай,   ол   іспен   байланысты   зат

өздігінен амалға ие бола алмайтындығын көрсететін етістіктің түрі. Ырықсыз

етіс тек сабақты етістіктерден  -ыл, -іл, -л  қосымшасы (түбір құрамында «л»

дыбысы   болса,  -ын,   -ін,   -н)   арқылы   жасалып,   қимыл,   іс-әрекеттің   өздігінен

орындалатын   мән   үстеп,   қимыл,   іс-әрекеттің   тура   обьектісі   оның

грамматикалық   бастауышы   болу   қызметін   атқарып   тұрады   да,   ырықсыз   етіс

жұрнағы жалғанған сабақты етістіктер салт етістікке айналады.

 Кейде қимылды атқарушы субьект жалпы сөйлемнің мазмұнынан сезіліп

тұрады   немесе   грамматикалық   жанама   обьекті   тұлғаларында   тұрып   та

жұмсалады. 



Мысалдар

1. Бір бірін қиып кете алмай, мұратына жете алмай қош айтысқан жарға ұқсап,

жалғызынан  айырылып,   қанатынан  қайырылып,   зарлаған   бейне   жанға   ұқсап,

болмаса   жылап  егілген,   көзден   жасы  төгілген,   бейне   бір   қайғы-зарға   ұқсап

өкінішті, өксікті, қасіретті, мұңды әнді сарнады. 

2. Кенет тым-тырыс бола қалды да, шапалақ қайта соғылды.

3. Зал сарт-сүрт, айғай-ұйғай, гуілдеп, толқындап барып басылды.  

4.   Ән   салса,   ол   өзін   өзі   ұмытады,   әннің   әуеніне   төңкеріледі,   оның   дауысы

көмейінен шықпайды, жүрегінен шығады. 

5. Сөзі де әрі жатық, әрі жат көрінді.

Өздік   етіс   пен   ырықсыз   етістің   ұқсас   та,   өзгешелік   те   жерлері   бар

 (С. Исаев) 

Ұқсастығы: 1) қосымшалардың омоформа болуына байланысты етістіктің

өздік я ырықсыз етіс екені контекст негізінде анықталады: Ол дәрігерге көрінді

және Алыстан бір қара көрінді; 

Мысалдар


1.   Ән   салса,   рақаттанып,   гүл-гүл   жайнайды.   Әнін   ұғушы,   тыңдаушы   болса,

шабыттанып айтады. 

2. Әркімнің әнін тыңдап, жақсы жерін алып, жаманын тастап талғамаса, дұрыс

шықпайтын көрінеді.

2) сабақты етістікті салт етістікке айналдырады, бірақ олардың білдіретін

семантикасы әртүрлі болып келеді: өздік етісте логикалық (іс иесі) субьект -

грамматикалық субъекг (бастауыш) болады, ал ырықсыз етісте грамматикалық

бастауыш логикалық объект болады.

Мысалдар:

65


1. Тағы да ескектете, желпіндіре, желіктіре, ышқындыра, құлшындыра соғып,

тыңдаушының айызын әбден қандырды. 

2. - Біздің жампоз мынау! – деп қатынын жетелеп әкеп, қолын ұстатты

3. Әннің бір жерін келтірсе де, бір жерін былықтырып алады. 

4. Бет аузын тыржитып, зорланып, күшеніп отырып, салған соң ән бола ма? 

5. Шабыты келмесе де зорланып айтады. 

6. Үріп ауызға салғандай жұтынып тұрған сұлу еді. 

7. Жеңгесінің отауына барсам, ән салғызады

3) өзгелік етіс статусы: «істің басқа біреу арқылы істелетінін көрсететін

етістіктің   етіс   түрі   өзгелік   етіс»;   істі   басқа   біреу   істегенімен,   оны   істеуші

субьектінің бар екенін, оның алатын орнын, ол субьектінің негізгі түрі екенін

айтпай   кетуге   болмайды,   өйткені,   өзгелік   етіс   қимыл,   іс-әрекеттің   тікелей

субьектінің   өзі   арқылы   емес,   екінші   бір   субъекті   арқылы   істелетінін,   іске

асыратынын білдіріп, етістікке арнайы -дыр, -дір, -тыр, -тір, -қыз, -кіз, -ғыз,-



гіз қосымшаларының бірі жалғану арқылы сабақты етістік жасалатын етістіктің

етіс категориясының бір түрі болып табылады.

Мысалдар:

1. Түні бойы соқтырып отырып, таң ата Орданың тауына келіп бекіндік.

2. Есімді жиған кезде, екі қолымды артыма байлап, көзімді таңып, біреуі артына

мінгестірді.

3. Мені аттан түсірді.

4. Қымыз бергізді.

5.   -   Жолың   болсын!   –   деп   көзімізді  байлатып,   жанымызға   екі   жігіт   қосып,

таудан шығарып салдырды

6. Төңкерістің  жақсы жақтары, еңбекшілер қожалығы,  сот, оқу, мектеп, әйел

теңдігі,   жер   алу,   қала   салу,   кедей   баласы   оқуға   ұмтылу,   жұмысшылар,

ортақшылар,   жастар   ұйымдары,   жетімханалар  ашылуы,   олардың   ісі   –   міне,

осыларды келістіріп суреттеген жазушылар бар ма?

7. Бұ күннен түңіліп, өткенді көксеп, мәдениеттен  қашырған  қайдан шыққан

пайғамбар?

4)   ырықсыз   етісті   сөйлемдерді   құрылысына   қарай   былай   топтастыруға

болады:   ырықсыз   етіс   баяндауыш   болған   кейбір   сөйлемдерде   қимыл   иесінің

(agens)   берілуі;   қимыл   иесі   шығыс   септіктегі   жанама   толықтауыш   арқылы

беріледі;   қимыл   иелері   берілмеген   сөйлемдерде   табыс   септіктегі   тура

толықтауыштан басқа іс-әрекеттің бағытын, мекенін, мезгілін, себебін және т.б.

белгілерін   көрсетіп,   септіктің   басқа   түрлерінде   тұрған   сөйлемнің   тұрлаусыз

мүшелері қолданыла береді. 

Мысалдар:

1. Ол маған счет емес, жарылып кетсем де бір мақала жазуым керек.

2. Қаламымды шықырлатып, қайта-қайта маламын… келмейді.

3.   Осыны   айтатын   ақындар   кімнің   әдебиетімен  суғарылып,   жаңашыл   бола

қалды екен?

66


     

                                 ҚОРЫТЫНДЫ

Қазіргі     қазақ   тіл   білімінде   етіс   категориясы     төңірегінде   барынша

зерттелді. Етіс - іс әрекет пен оны жүзеге асырушыны ғылым тілінде объект пен

субъект   деп   те   алады.   Етіс-   әрі   лексика-семантикалық,әрі   грамматикалық

категория   ретінде   танылады   да,етістің   тіл   шеңберіне   түскен,қоршаған   тіл

білімінің салалары да өзара бірімен-бірі тығыз байланысып жатады. 

67


Етіс - грамматикалық  категория, ол морфологиялық, синтаксистік

  бірліктермен тығыз байланыста.Етіс жұрнақтары түбір етістіктерге, арнаулы

жұрнақтар   арқылы   жасалған   туынды   етістіктерге,күрделі   етістіктердің    

түр-түрлеріне   жалғана   беретіндіктен   етістің   морфологиямен   байланыстығы

айқын   көрініс   тапқан.Тілші-ғалым   А.   Байтұрсынов   «Тіл   тағылымы»деген

еңбегінде етіс он түрге бөлінеді деп жазады. Олар: сабақты етіс,салт етіс,ортақ

етіс,өздік   етіс,   өзгелік   етіс,беделді   етіс,ырықсыз   етіс,шығыс   етіс,дүркінді

етіс,өсіңкі етіс.

  Қазақ   тіліндегі   етіс   категориясы,әр   етіс   түрінің   ерекшеліктеріне

сай,етістікке   тән   категориясы   болғандықтан,етістің   сөйлем   ішіндегі   оның

ұйытқысы болуына,ядролық басты орын алуға өзіндікықпалын тигізеді.

 Етіс  етістікке  тікелей  қатысты  категория  болғандықтан,  сөйлем 

құрамында орнығып, ядросы болған етістікке қалған мүшелерін тәуелді етумен,

қоршалымдарын өзгертіп отыруымен сипатталады.

  Етіс  - лексика грамматикалық  категория   ретінде  сөйлем құрамындағы

етістік   қоршауындағы   субъекті-объектілік   қатынастарды   нақтылап,   көрсетеді.

Етісті   функционалды-семантикалық   өріс   арқылы   жағдаяттық   сипатта

қарастыру-іс   әрекеттің   субъекті-объектілік   қатынастармен   байланысын

анықтайды.

Ж.   Аймауытовтың   («Әнші,   Елес»)   шағын   әңгімелеріндегі   етіс

категориясының  функционалдық  қызметін ашуға  бағытталған.  

Ж.     Аймауытовтың     әңгімелер     мазмұнын     толық   меңгерудегі     етістің

функционалдық  тұрғыдан  өзіндік  ерекшеліктері көрсетіледі.

Ж.    Аймауытов  әңгімелеріндегі аталмыш категорияның функционалдық

қызметі   қарастырылған.   Етіс   категориясының   теориялық   мәселелері,   атап

айтқанда, етістің лексикамен байланысы, өзіндік сапасымен түрлері ашылған.

       Қорыта   айтқанда,   етістің   тіл   білімінің   барлық   тілдік   салаларымен

байланысы   бар,функционалды   тұрғыдан   ерекше   сипатқа   ие,тілдік   қатынаста

тиісті   орын   алған,көп   қырлы,күрделі,тілімізде   басты   рөл   атқаратын,етістікке

тән категориялардың бірі деп танимыз.



ПАЙДАЛАНЫЛҒАН  ӘДЕБИЕТТЕР  ТІЗІМІ

 1. Байтұрсынов А. Тіл тағылымы. – Алматы: Ана тілі, 1992. – 260 б. 

 2. Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. – Алматы: Ғылым, 1999. –581 б.

 3. Балақаев М.Б. Қазақ әдеби тілі. Алматы: Ғылым, 1987, – 272 б. 

4. Сыздық   Р.  Тілдік   норма   және   оның   қалыптануы.   Астана:   Елорда,   2001.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет