Б. Мұхтар электрмен жабдықтау жүйесінің релелік қОРҒанысы және автоматикасы


Тоқтық қорғаныстың элементтері мен құрылғылары



бет5/24
Дата07.01.2022
өлшемі0,96 Mb.
#18420
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24
3 Тоқтық қорғаныстың элементтері мен құрылғылары

 

Желілерді және тұтынушыларды бір фазалық немесе фаза аралық ҚТ-дан және ажырату қажет болатын кездегі асқын жүктелулерден қорғау үшін кейбір орнықталған мәніндегі тоқтың асып кетуін сезетін тоқтық қорғаныс кеңінен қолданылады.



Тоқтық қорғаныс әртүрлі элементтермен жүзеге асады: сақтандырғыштар, электромагнитті және құрама ағытқыштары (автоматтарда) бар автоматты ажыратқыштар, максималды тоқ релесі. Біржақты қоректенетiн радиалды торапта тоқтық қорғаныстың әсері 3.1 суретте көрсетілген:

3.1 Сурет - Біржақты қоректенетiн радиалды тораптағы тоқтық қорғаныстың сұлбасы

 

З1, З2, З3 қорғаныстары қорек көзі жағынан әрбір желінің басында орнатылған. Қорғаныстың әрқайсысы өз желісін сол аумақты немесе келесі қосалқы станцияның қорғанысы зақымдалған кезде өшіруі керек. Қалыпты тәртіпте қорғаныстың ешқайсысы іске қосылмауы керек, сол үшін қорғаныстың іске қосылу тоғы қалыпты тәртіпте желідегі тоқтан жоғары таңдалады.



К нүктесінде қысқа тұйықталу кезінде З3 қорғанысы іске қосылуы керек. Оның мұндай әсері келесілердің арқасында іске асуы мүмкін:

а) қорек көзі жағына қарай ұстанымның өсуі мен өшірудің тежелуін тудыруымен ;

б) қорғаныстың іске қосылу тоғының сәйкес таңдалуымен.

 

Максималды тоқтық қорғаныс (МТҚ) уақыт ұстанымын таңдау арқылы селективтілікті қамтамасыз етеді:



- іске қосылу уақытының тәуелсіз сипаттамасы бар МТҚ-ң тоқтан тәуелсіз ұстанымы болады;

- іске қосылу тоғының тәуелді немесе шекті тәуелді сипаттамасы бар МТҚ-ң тоқтық-уақыттық сипаттамаға тәуелсіз ұстанымы болады.

Тоқ үзiндiсi іске қосылу тоғының таңдалуы арқасында селективтілікті қамтамасыз етеді.

Тәуелді (1) және тәуелсіз (2) сипаттамалары бар максималды тоқтық қорғаныстың, сонымен бірге тоқ үзiндiсiдің (3) сипаттамалары 3.2-суретте көрсетілген.



3.2 Сурет - Максималды тоқтық қорғаныстың сипаттамалары

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет