3.1 Сақтандырғыштар
Сақтандырғыштар өздігінен біршама әсерлі қорғаныс аппаратын білдіреді. Сақтандырғыштың негізгі элементі корпусқа бекітілген балқымалы қыстырғы болып табылады. Қыстырғы бойымен қорғалатын желінің тоғы өтеді. Сақтандырғыш өлшеуіш және атқарушы органды қосқанда қорғаныстың блок-сұлбасының барлық элементтерінің функциясын орындайды.
Сақтандырғыштың әсерлері балқымалы қыстырғы бойымен тоқ өткенде жылудың бөлінуіне негізделген. Қыстырғы тоғының өсуі кезінде жылу бөлінеді, уақыт өте балқу режімі балқу температурасындағы қызуға дейін жетеді және ары қарай уақыт өте қыстырғы доғасының болуына байланысты қыстырғы тізбегінің үзілуіне алып келеді. Балқу уақыты тоққа тәуелді болғандықтан сақтандырғыш қыстырғысы тізбегінің үзілуіне дейінгі уақыт:
азайту үшін әртүрлі шаралар қолданылады: корпус қабырғаларымен газды генерациялау, ішкі кеңістікті арнайы толықтырғыштармен толтыру.
Газды генерациялау жағдайында сақтандырғыш корпусының ішіндегі қысым доғалық разряд плазмасы иондарының қозғалуын шектей отырып жоғарылайды.
Толықтырғышпен толтырылған кезде ол доғадан бөлінетін жылуды қарқынды түрде бұрып әкетеді, сонымен қатар оның кедергісін арттырады.
Сақтандырғыштағы балқымалы қыстырғының қызу тәртібінде бөлінетін процесс адиабатикалық түрде өтеді және бөлінетін жылу қыстырғы температурасын қарай жүреді шамамен алғандағы жылу мөлшері
Бұдан шығатыны
ПН-2 сақтандырғыштары балқымалы қыстырмаларының нақты уақыт тоқтық сипаттамалары 3.3 суретте келтірілген.
3.3 Сурет - ПН-2 типті сақтандырғыштардың балқығыш қыстырмаларының нақты уақыт тоқтық сипаттамалары
Сақтандырғыштар келесі параметрлермен сипатталады:
a) қыстырғының номиналды тогы Івс.ном – шекті ток, оның ұзақ өтуі кезінде қоспа балқымайды;
b) сақтандырғыштың номиналды тогы Іпр.ном – ұзақ өтуі кезінде корпусқа зақым түспейтін ток;
c) сақтандырғыштың номиналды кернеуі Uвс.ном- қоспа күйіп кеткеннен кейін сақтандырғыш шыдай алатын кернеу;
d) шекті өшіре алатын ток Іоткл.макс – максималды ток, оның үзілгені кезінде жұмыс істеу қабілеті сақталады.
Сақтандырғышты таңдау келесі шарттарды сақтау арқылы жүргізіледі
Uпр.ном Uc (3.4)
Iпр.номIраб.макс
Iоткл.максIк.з.макс
мұндағы Uc-тораптың номиналды кернеуі,
Iраб.макс-желінің максималды жұмыс тогы,
Iкз.макс – ҚТ кезіндегі максималды ток.
Сақтандырғыштың қыстырғысын таңдау келесі шарттар бойынша жүргізіледі:
Iвс.ном (1.1) Iраб.макс (3.5)
Iвс.ном Iпер /Кпер
мұндағы Iпер , Кпер – желінің асқын жүктелуінің тогы мен коэффициенті
Асқын жүктелудің тогы қысқа уақыт ішінде максималды жұмыс тогынан асып түседі және ол қозғалтқыштың қосу немесе өздігінен қосылу режіміне тәуелді. Асқын жүктелудің тогы екі мәннің үлкені бойынша таңдалады
(3.6)
мұнда Кс- сұраныс коэффициенті
Бірінші формулада бір қосынды n-1 жүктеменің максималды жұмыс тогын және максималды қосу тогы бар n жүктеменің қосу тогын, ал екіншісі – өздігінен қосылатын m қозғалтқыштардың қосу токтарының қосындысын есепке алады.
Әдетте m
Қыстырманың есептік тогы ретінде 3,5-өрнектен алынған мәндердің ең үлкені таңдалады. Қоспа сақтандырғыштың таңдалған типі қоспасының стандартты токтары шкаласы бойынша жуық мәнімен таңдалады. Егер
Iвс.ном, і-1 Iвс.ном, і (3.7)
мұндағы і – желі, қорек көзінен аса көп алшақтанған, онда сақтандырғыштардағы токтық қорғаныстың селективтілігі бір типті сақтандырғыштар үшін қамтамасыз етіледі, себебі қыстырмалардың уақыт токтық сипаттамаларының едәуір шашылымы бар.
Тәуелді сипаттамасы (уақыт токтық) бар максималды токтық қорғаныстың функциясын атқаратын сақтандырғыштар қорғаныстың автоматты құрылғылары сияқты өнеркәсіптік кәсіпорындардың цех тораптарында кеңінен қолданылады. Бірақ олардың тұрақсыз сипаттамаларының келіспеушілігінің қиындықтары қолдану ауқымын шектейді. ПН-2 сақтандырғышының сипаттамалары шашылымының мысалы 3.4 суретте көрсетілген.
3.4 Сурет - ПН-2 сақтандырғыш сипаттамасының шашылуы
3.2 Автоматты ажыратқыштар
Автоматты ажыратқыштар (АА) сақтандырғыштарға қарағанда көп рет қолданылатын коммутациялық аппарат және қорғаныс құрылғылары болып табылады. Олар 1000 В-қа дейінгі цех желілерінде электр қондырғыларын қорғау үшін кең қолданылады.
АА-ның негізгі элементі электр механикалық құрылғы – электромагнитті ағытқыш болып табылады. Ол ажыратқышты өшіруге мүмкіндік береді, егер ток тағайыншама тогынан асып кетсе, электромагнитті ағытқыш автоматтың мүмкіндіктерін кеңейтуге және сипаттамалардың әртүрлі түрлерін – токтық үзiндiсi және тәуелді (уақыт токтық) сипаттамаларды алуға мүмкіндік беретін жылулық және сағаттық механизмдермен, сәйкесінше электромагниттік ағытқышы бар құрама АА үшін электромагниттік жылулық, электромагниттік және сағаттық механизмдермен толыға алады. Электромагниттік ағытқышы бар АА-тың қағидалық кинематикалық сұлбасы және оның уақыт тоқтың сипаттамасы 3.5 суретте көрсетілген.
3.5 Сурет - Электромагнитті ағытқышы бар (а) автоматты ажыратқыштың принципті кинематикалық сұлбасы және оның уақыт тоқтық сипаттамасы (б)
Электромагнитті және жылулық (биметалдық) ағытқышы бар АА-ның ұқсас сұлбасы және оның сипаттамасы 3.6 суретте көрсетілген.
Электромагнитті ағытқышы және сағаттық механизмі (АВМ автоматы) бар автоматты ажыратқыш және оның сипаттамасы 3.7 суретте көрсетілген.
Электромагнитті ағытқышы бар автоматты ажыратқыш уақыт ұстанымынсыз ток үзiндiсi сияқты жұмыс жасайды. Электромагнит ЭМ арқылы Iуст. тағайыншама тогынан асып түсетін ток өткен кезде Я якорі П1 серіппесінің күшін жеңе отырып, электромагнитке тартылады. Рычагтың Р бұрылуы З ілгегін босатады және К түйіспесі П2 серіппесінің күшімен ажырайды. Іске қосылу тағайыншамасы У арнайы құрылғысының көмегімен П1 серіппесінің созылуымен өзгереді.
3.6 Сурет - Жылулық ағытқышы бар (а) автоматты ажыратқыш және оның уақыт тоқтық сипаттамасы (б)
3.7 - сурет. Электромагнитті ағытқышы және сағаттық механизмі бар (а) автоматты ажыратқыш және оның сипаттамасы (б)
Құрама электромагнитті және жылулық ағытқышы бар автоматты ажыратқыштың I Iуст2 үшін тәуелді (уақыт тоқтық) сипаттамасы болады және I Iуст2 болған кездегі ток үзiндiсi сияқты жұмыс жасайды. I Iуст1 Iуст2 тогы кезінде Т биметалдық элемент майыса отырып, З ілгегін босататын Р рычагына әсер етеді. I Iуст2 тогы кезінде автомат ток үзiндiсi сияқты жұмыс жасайды, себебі Т элементі едәуір жылулық инерцияға ие бола отырып рычагқа әсер етуге үлгермейді.
Сондай-ақ құрама электромагнитті ағытқышы және сағаттық механизмі бар автоматты ажыратқыштың екі Iуст1 және Iуст2 тағайыншамалы тәуелді (уақыт тоқтық) сипаттамасы болады.
Егер Iуст1 I Iуст2 болса, онда Я якорі ЭМ магнитіне тартыла отырып, П3 қатты серіппесінің күшінен аса алмай қалады, бірақ П2 жұмсақ серіппені созады, нәтижесінде ЧМ сағаттық механизмнің рычагымен белгіленетін а нүктесі тұрақты жылдамдықпен төмен қарай қозғала бастайды және I тогына тәуелді белгілі бұрылу бұрышы арқылы ЧМ рычагы а нүктесін босатады, сонда автомат ажыратылады.
Егер I Iуст2 болса, онда якорь П3 қатты серіппесінің күшін жеңіп кетеді және автомат ток үзiндiсi сияқты жұмыс жасайды. Iуст1 және Iуст2 тағайыншамалары серіппе созылмасын өзгертетін У1, У2 құрылғыларымен сәйкесінше беріледі.
Автоматты ажыратқыштар мынадай параметрлермен сипатталады:
a) номиналды кернеу Uав.ном;
b) Iав.ном номиналды ток – түйіспелер арқылы шексіз уақыт ішінде өтетін ток;
c) Iрасц..ном ағытқыштың номиналды тогы – ағытқыштың іске қосылуына әсер етпей өтетін ток;
d) Iуст1 жай іске қосылатын ағытқыштың тағайыншама тогы;
e) Iуст2 тез іске қосылатын (үзiндiсi) тағайыншама тогы;
f) уақыт тоқтық сипаттама.
Токтық қорғаныс үшін автоматтарды таңдау келесі шарттар бойынша жүргізіледі:
Uав.ном Uс (3.8)
Iав.ном Iраб.макс (3.9)
Iуст1 (1,3-1,5) Iраб.макс (3.10)
Iуст2 (1,5-1,8) Iпер (3.11)
Асқын жүктеме тогы (3.6, 3.7) формуласы арқылы анықталады.
Достарыңызбен бөлісу: |