Б. Мұхтар электрмен жабдықтау жүйесінің релелік қОРҒанысы және автоматикасы



бет7/24
Дата07.01.2022
өлшемі0,96 Mb.
#18420
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   24
3.3 Реле токтық қорғаныс ретінде

 

Реле Р кіріс шамасының берілген мәні кезінде шығыс шамасының секірме тәрізді өзгеруін өндіруге арналған автоматты құрылғы болып табылады.



Реле келесі түрде жіктеледі:

a)    тағайындалуы бойынша:

-   өлшеуіш реле (ток, кернеу, қуат, т.б.),

-   логикалық (уақыт, аралық, көрсеткіштік);

b)   орындалуы бойынша:

-   электромеханикалық (электромагнитті, индукциялық, т.б.

-   электронды (жартылай өткізгішті және т.б.);

c)   қосылу әдісі бойынша:

-   бірінші ретті (тікелей қосылу),

-   екінші ретті (ток немесе кернеу трансформаторы арқылы);

d)   ажыратқышқа әсер ету әдісі бойынша:

-   тура әсер ету (тікелей әсер ету),

-   жанама әсер ету (оперативті қосымша ток көзі арқылы әсер ету);

e)    іске қосылу сипаты бойынша:

-   максималды (кіріс шамасының өсуі кезінде іске қосылу),

-   минималды (кіріс шамасының кемуі кезінде іске қосылу).

Реледе тоқтық қорғанысты орындау үшін электромагнитті және индукциялы тоқ релесі, уақыт релесі қолданылады. Аралық және көрсеткіштік релелер қосымша функциялар орындайды.

1000 В жоғары желілердегі тоқ қорғанысы жоғарғы кернеуден қорғайтын оқшаулауыштар мен желілер, тоқтың пропорционалды төмендеуі үшін қызмет ететін өлшеуіш тоқ трансформаторлар арқылы қосылатын тура және жанама әсер ететін екінші ретті тоқ релелері  қолданылады.

Тура әсерлі реле ажыратқыштың өшіру орауышына, жанама әсерлі реле оперативті ток көзі арқылы ажыратқыштың өшіру орауышына жұмыс істейді.

Ажыратқыш жетегінің ішіне салынатын және ілмекке әсер ететін тура әсерлі қарапайым электромагнитті ток релесі (РТМ, РТВ типтері) 3.8-суретте көрсетілген. Реле магнитөткізгіш болып табылатын болат өзекше 3 орналасқан магнитсіз стаканға 8 отырғызылған орауыштан 1 тұрады. Реле якорі 6 серіппемен 5 сығылған және соққышпен 2 байланысқан. Якордің бастапқы қалпы винтпен 7 реттеледі. Якордің жабысып қалуының алдын алу үшін магниттелмеген материалдан жасалған сақина 4 қолданылады.



3.8 Сурет  





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет