атындағы
ПМУ-дІң
акадөмик С.бөйсөмбае
атындағы ғылыми
17
ХАН
бастайтын даналық, көптен үздік даралық, кажусыз еңбек, кайтымсыз
жігер, мұкаусыз қайрат» [17,15 б.].
Билер болмысына екі ерекшелік ортақ: біршшісі, даналык
тагылым мен тектілік болса, екіншісі, түсінігі терең толғау мен сыни
көзкарас. Сондай-ақ, ойын дәлдеп, көкейкесті сырын ашык жеткізе
білуінде. Қ. Сэтбаев 1927 жылы «Ер Едіге» жинағында : «Едіге казак
батырларының ішіндегі ең маңдайлы, аруағы күшті көсемі, сәулесі
күшті
шолпаны
есебінде.
Сыпыра
жырау
Едігені
Шыңғыс,
Әз Жәнібек, Ақназар сынды ерлерден де артық сипатгайды»
[18, 24 б.], — деп Едіге бидің даналығы мен тектілігін, ақылгөйлшн
ерекше атап өткен.
Мэшһүр Жүсіп шығармаларының 8 томында қагаз бетіне түсіру
арқылы сақталынған, ел арасындагы деректі әңгімелер мен Ташкент,
Бұхара кітапханаларындағы көне кітап, қолжазбалардагы түрлі тарихи
құнды деректер берілген. Едіге бидің жогарыда айтылган қасиетгері
жөнінде Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының жинаган жазбаларынан да
кездестіреміз. Мәселен,
Қазақ жұртынан Едіге деген ер шыкты.
Едіге деген ер екен,
Елдің қамын жер екен.
Ел шетіне жау келсе:
«Мен шыгайын!» - дер екен.
Едіге деген ер екен,
Елдің қамын жер екен.
Өзінен бір жасы үлкен болса,
«Ғ азизім, сіз білесіз», - дер екен.
Едіге деген ер екен,
Елдің камын жер екен.
Өзінен бір жасы кіші болса,
«Ботам, сен тұра тұр,
Мен айтайын»,- дер екен.
«Едіге деген ер дүрмін,
Үзілмес жібек кендірмін.
Өзі білмегенге,
Білгеннің тілін алмаганга -
Еменнен шоқпар шекесіне
Ш ық еткізетұгын мен дүрмін», - дейді екен. [14,105 б.].
Едіге бидін ханнан да, қарадан да каймықпай сөйлейтін
қайсарлыгы мен тапкырлығы жайында Н. Төреқұловтың жинастырган
шешендік сөздерінен кездестіруге болады. «Бірде Токтамыс ханның
зайыбы: «Осы касынызда жүрген жалшы балаңыздың аруагы сіздін
18
аруагыңыздан басым көрінеді», - дейді. «Ей, тентек қатын, есігімдегі
жалшының аруагы негып менен артық болады», - деп хаи шамданады.
Ханым: «Ендеше сіз байқамай жүр екенсіз. Едіге «Аллаң жар болсын»
деп кіріп келгенде қашанда сіз селк ете түсесіз, сескенетініңізді өзщіз
де білмейсіз. Егерде менің сөзіме иланбасаңыз: киіміціздің етегін
кілемге тебен инемен түйрегі қояйын, сол уақытта селк ететініңіз
мәлім болар», - дейді. Ханым ханның етегіне тебен ине гүйрейді. Сол
уақытта Едіге: «Алла жар болсын » деп есіктен кіріп келгенде, хан
селк ете түседі, тебен ине ортасынан шорт сынып, аспанға үшады.
Ханым: «Енді білдіңіз бе аруагының зорын?!» ~ деп хаига қарайды»
[13,266.],
Мәшһүр Жүсіп Көпейүлының жазбаларында тарихта Едігелердің
ұшеу болгандыгы жөнінде: «Қазақ жұрты әңгіме қылып ай гысқанда:
«Үш Едіге өткен екен: «Әуелі - ер Едіге, онан соңгы - эз Едіге, ең
ақыры - би Едіге. «Едігенің майлы жұрты» - атанган уақытысы - би
Едігенің заманындагы сөз еді!» - деген сөзі бар.
Ал Н. Төреқұловтын «Қазақтың
100 би-шешені» дейтін
кітабында Едігенін бала кезіндегі төрелік айтатындыгы жөнінде: «Сол
бала Едіге сегіз жасқа келген соң біреудің қойын бағып жүреді. Бір
күні орталарында бір аяғы ақсак жылқы жетегі бар төрт жолаушы
ұшырасады. Төртеуі ағайынды екен.
- Біздің еншімізге тиген осы ақсақ жылқы ортамыздағы бір қара
еді. Басы үлкен агамызға, төрт аяғы тортеуімізге тиесілі. Осы ақсақ
мал барып, кәпірдің егініне түсіпті. Кәпір торт аяғының тиген жеріне
төрт жүз ділдә сұрайды. Біздер соган даулы болып отырмыз. Егер сен
би болсаң төрелігін қалай айтар едің, қойшы бала? - дейді бұган.
Сонда Едіге:
- Алла аузыма салса айтамын, - дейді жұлыгі алғандай.
- Мынау ақсақ аяқ қайсыңызға тиесілі? - деп сұрайды алдымен.
Ең кішісі:
- Маган тиесілі еді, - дейді.
- Ендеше сен төлеуден босайсың, - дейді Едіге. - Ділдәнің екі
жүзін басын алган агаң тартсын, ойткені малды егінге екі көзі көріп,
басы сүйреп алып барды. Екі жүзін екі агаң тарсын, өйткені ауру
аякты сүйреп апарып бастырған сау аяқ. - Үш ағасы бүл төрелікке
көнбей Тоқтамыс ханға барады. Хан алдында кішісі:
- Біз жол бойы бір балаға жүгініп едік, ол мынадай төрелік
айтты, - деп болған жайды жайып салады. Баланың берген төрелігіне
разы болган хан: «Баланың төрелігі әділ, мен ондай төрелік бере алмас
едім», [13, 23 б.] - десе, Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының жазбасында
осы әңгіменің басқа нұсқасы бар екенін көреміз. Мұнда Едігенің
19
Тоқтамыс хан тәрелігін бұзгандыгы жөнінде, ягни жүгінушілер
алдымен Тоқтамысқа келіп дауларын шешіп, содан кейін баладан
сұраған болып шыгады. «Тоқтамыс заманында бір адамның жеті
баласы бар екен. Өзі өліп, жалгыз ешкісі калып, жеті баласы қалыпты.
Сонда тірі жүрген ешкіні тірідей жетеуі үлесіп алып, меншіктесіпті.
Басын біреуі алыпты. Екі көзін біреуі алыпты. Төрт аяғын төртеуі
алыпты. Өзге денесін біреуі алыпты. Сонда бүл ешкінің ең кенжесіне
тигені артқы аягының біреуі екен. Сол кенженің сыбағасына тиген
аягы ақсап, оган бұрыш, тотыяйын салып, шүберек орап қойса, сол
шүберек біреудің шығарып тастаған күлін басуменен, ішінде қалган
оттан тұтанып, сонан барып, біреудің егініне жайылып тұтанған
шүберектен от алып, егін өртеніп кетіп, егін иесі жетеуімен дауласып,
Тоқтамысқа келсе, Тоқтамыс хан шүберек орағанды кінәлі қылып,
егіннін төлеуін
жалғыз соған бұйырыпты. Ол бейшара зарлап,
ботадай боздап келе жатқан соң, асық ойнап жүрген Едіге сұрапты.
Сонан ол бастан-аяқ әңгімесін айтқан соң, жетеуін бірдей шақырып
алы п:
V
- Хан мұның төресін білмей берген екен. М ұның төресі ол емес,
мынау: бас бастамаса, көз көрмесе, сау үш аяқ жүрмесе, өзі жүруге
жарамай қалған, кәтеріп жүрген ақсақ аяқ кайда барады? Мұның
төлеуіне бұл кінәлі емес. Бастайтұғын бас иесі, көретұгын көз иесі,
жүретұғын сау үш аяқ иесі — солар кінәлі (виноват), - дейді»
[13, 23 б.]. Бұл жерде ақын Едігенің билік айтатындығына сенбейтінін
білдіріп: «Бұрынғылардан қалган өңулі (оңулы) сөз бар: «Батыр деген
- бір барақ ит. Екі катынның бірі табады. Би деген ~ ақ шаригат. Ілуде
бір-ақ қатын табады!» - деген. Осы Едігені Тоқтамыс ханның төресін
бұзып, гөре беретұғын би де қылып қояды. «Бетіне жан пар
келмейтұғын ер де, батыр да қылып қояды. «Екі қылыш бір қынга
сыймайды. Екі тілеу бір көңілге сыймайды.» Мен өзім Едігені ер деп,
батыр деп, әбден білемін. «Билік айтты» - дегенге нанбаймын»
[14, 110 б.], - дейді. Мұндагы Едіге жогарыда айтылған әңгімедегі Ер
Едіге жайында деп білеміз. Себебі, Тоқтамыс ханнын тұсындагы
Едігенің аты халықка Ер Едіге деп жайылғандыгын Мәшһүр Жүсіп өзі
келтірген жазбалардан да анық аңғаруга болады. Ал Тотамыстың
төрелігін бұза беретіндігі Ер Едігенің бала кезіндегі болған жағдайлар
және Токтамыс пен Едігенің жауласуына да себеп болды. Демек, Бұл
әнгіме Би Едіге емес Ер Едіге жайында.
Мұхтар Омарханұлы Әуезов шығармаларының елу томдық
академиялық толық басылымының 4 - томында 1924-1930 жылдар
аралыгында жазган «Өдебиет теориясы» атты үлкен еңбегінде
Едігенің батырлыгы мен бнлігін, шешендігін: «... Ақылына билеткен,
ішіне сыр сақтай білетін, кең сабырлы, қалталы батыр. Барлық сезімді
ішке жиып, шын көңілін сыртына тез шығармайтын, тартымды мінез
қазақ елінің ескіден сүйген мінезі болатын. Едіге сол мінездің батыры.
Онан соң Едігенің билігінде де қазақтың сүйген әдеті бар. Ол :
бидің тапқыштығы, өткір сезімділігі болатын. Бұрынғы қазақ барлық
жақсысына осы сынмен қарайтын. Терең теңізділік, әрі ойшылдықты
тез бағалай алмай, көбінесе, тапқыштық сиякты, іле сөйлейтін, отты
шешендікті сүйген. Көсемдік, көрнектілік сол мінезден туу лайық
сияктанатын. Бұл турада Едіге қазақ мінезді болады», - деп
сипаттайды [20, 64 б.].
Жоғарыда сөз болган Тоқтамыс хан 1380-1396 жылдары Алтын
Орданы содан соң Ақсақ Темірдің көмегімен Отырар, Сауран,
Сығанақ қалаларын билеген. Жошы тұқымының 25 жылға созылган
қырқыстарын тоқтатты. Мәскеуді талқандаған да осы Тоқтамыс хан.
Кезінде өзіне көмек көрсеткен Ақсақ Темірмен соғысып, Едігемен де
келіспей жауласқаны тарихи шындыққа жанасады. Сондай-ақ осы
жағдайлар Алтын Орданың ыдырауына да ықпал еткен.
Бірінші кезең - ХІІ-ХҮ ғасырдағы Мәнұлы Майқы, Аяз би,
Ер Едіге т.б. би-шешен, көсемдер туралы жазған ой-пікірлерімізді
түйіндеп, Шыңғыс хан заманындағы билердің түлғалық қасиеттері
мен шешендік сөздерінің мағыналық ерекшеліктерін қорытындылай
келе бүл кезеңде билік үрдісі қатал болғанын, шешендік пен төрелік
айта білу өнері өте жоғары бағаланғанын көреміз. Бірақ, бұл
замандағы би-шешендер көбінде хан кеңесшісі рөлін атқарып, нақыл
сөз, өсиет уағыздар айтумен әйгілі болған. Ал дау шешу мәселесі
негізінен хан құзырында болғанын аңғаруға болады.
1.2 Тәуке хан тұсы ндагы би-шешендер
Қазақтың шешендік өнері дамуының екінші кезеңі, ХҮІІ-ХҮ1ІІ
ғасырдағы би-шешендер жайында айтар болсақ, бүл ақыл-ойға
еркіндік берілген жария заман, шешендік өнердің жанданған уақыты
деуге болады. Билер өзінің сөзін, билік шешімін «Ал, халайық, бұған
не дейсіңдер, ризамысыңдар?» деп көпшілікке салып отырған.
Билердін төрелік, бітім айтуы халықтың көзінше жария болып
отырған. Алдын ала ымыраласу, ауыз жаласу, құпиялық болмаған.
Осындай қасиеттері үшін халық би-шешендерін ханнан бетер
қадірлеп, олардың өсиет уағыздарын, нақыл сөздерін жадында сақтап,
ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп отырған.
Қазақ даласында жариялылықтың жайылуына қазақ хандығының
заңдары ықпал еткен. «Қасым ханның қасқа жолы», «Есім ханның ескі
жолы», «Тәуке ханнын Жеті жарғысы» деген халық бұқарасына
21
түсінікті завдар, ел салтына сіңген әдет-гұрып ережелері болған. ХҮІІ
ғасырдың аяғында Тәуке хан таққа отырған заманда казақ
хандығының ішкі және сыртқы саяси жағдайы шиеленісе түсті.
Сыртқы дұшпандар шапкыншылыгы жиілеп, сұлтандар арасында
бақталастык пен алауыздық күшее бастады. Казақ жүздерінің арасы
ыдырап, әр жүздін өз хандары құрылды. Бұл жагдай сыртқы
шапқыншылардан қоргануга кедергісін тигізді. Осындай қиын заман
орнаган кезеңде Тәуке хан үш жүздің төбе билері - Төле би, Қазыбек
би, Әйтеке би қатысуымен «Жеті жаргы» заңын қабылдады. Ел ішіне
бейбіт өмір орнап, хандық билік ныгая бастады. Тәуке өз саясатын
билер мен батырларға сүйеніп жүргізді. Жыл сайын белгілі бір
мерзімде Күлтөбе деген жерде үш жүздің басын қосқан жиын өткізіліп
отьфды. Осылайша, Тәуке хан өз билігін билер кеңесі арқылы
жүргізді. Себебі, билер кеңесі барлық рулармен тыгыз байланыс
орнатып, ел бірлігін нығайтгы. Жүздер мен ұлыстар арасындагы
даулы мәселелер, тартыстар билер кеңесінде, үш жүздің абыройлы,
әділ билері, Төле би, Қазыбек би, Өйтеке билердің қатысуымен
шешіліп отьфған.
Ұлттық тіліміз бен әдебиетіміздің, мәдениетіміздің биікке
көтерілуіне ерекше үлестерін қоскан үш жүздің билері жайлы галым
С. Негимов: «¥лтының ұлы мұраттары мен үлылыгы, ірілігі мен
бірлігі, саналылығы мен пәктігі, есендігі мен еркіндігі, намысы мен
ынтымагы үшін, тәуелсіздігін коргау, туыстастыгын сақтау, қорганыс
қабілетін
күшейту
жслында
күш-қуатын,
білім-білігін
сарқа
пайдаланған, ауыздыға соз, аяқтыга жол бермеген сол бір заманның
жаркырап туган жарық жұлдыздары, мемлекет мэмлегері Үйсін Төле
бидің, Қаз дауысты Қазыбек бидің, айыр тілді Алшын Әйтеке бидің
таспадай өрілген, кестедей тәгілген тұрлаулы, тұжьфымды билік
кесімдері, үлбіреген нәзік сезіммен, жан толқытарлық гажайып
құлшыныспен, терең тебіреніспен айтъшган айшықты да асьш ойлары
аспандай көнермейді, көктемдей қартаймайды» - деген [1,312].
Әлібекұлы Төле би (1663—1756) тегінде он бір ата-бабасы «от
ауызды, орақ тілді»би болган. Аргы атасы - Бақтияр би өжет,
ержүрек, шешен, адал әрі әділ, дәулетті адам болган. Кезінде Шыңгыс
ханның бас уәзірі, Майкы би де Төле бидің бабасы. «Көне жазбаларга
сенсек, Әлібек атақты би-ұлықтар мен дүлділ шешендердің бас
қосуларына баласын да ерте барган. Төле каршадайынан қазақтың
гана емес, көршілес этностардың да ауыз әдебиеті мен мәдениет-
тарихына зейін қойып, зеректік танытқан. ... Осындай сапарларында
тогыз жасар Төле күрмеуі қиын таластарға қатысты қисынды пікірлер
айтып, тіпті даугер мен айыпкер қарсы болмаса, жеңіл істерге төрелік
22
ету құрметіне ие болған» [3, 9 б.]. 2010 жылы жарық көрген
Мэшһүр Жүсіп Көпейұлы энциклопедиясында Төле би Ұлы жүздің
дулат тайпасының Жаныс руынан деген дерек бар. Кейінгі ұрпаққа
жарық жұлдыздай жол көрсетіп, жөн-жоба сілтейтін көптеген өсиет
сөздер қалдырған ¥ л ы жүздің биі, Үйсін - Төле би жайлы
Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының айткандарын шығармалар жинағының 9
томында, «Абылай» деп аталатын дастанынан кездестіруге болады.
Бұл туынды тарихи деректер арқылы жазылған құнды шығарма. Бұл
дастанда атақты қазақ ханы Абылай бала кезінде «ақгабан-
шұбырынды» заманында жетім қалып, ел кезіп жүріп Үйсін Төле биге
кездескендігі жөнінде сөз болады.
... Есіктен сәлем беріп кіріп келді.
Бір бала үсті-басы далба-далба,
Күрсініп дем алады анда-санда.
Көзі өткір, тікірейген (тікір екен), сұрғылт сары,
Ерекше қып жаратқан Алла Тағала.
Қой жүні - жыртық күпі, сеңсең тымақ,
Көзіне шашы түсіп кеткен дым-ақ.
Отырысы сұңқардың баласындай,
Нәсілі Төле биге кетгі ұнап [26, 81 б.].
Білгір де данышпан Төле би баланың түрі мен тегіне қарап атын
«Сабалақ» деп қойған. Мәшһүр Жүсіп шығармаларының 8 томында
[27, 47 б.] келтірілген түсініктерде Абылайдың Төле би түйелерін
және Атығай-Қарауыл байы Дәулеткелдінің жылқысын бағып есейді
дегені
тарихи
шындыққа
келмейтіндігін
айтады.
Мұндағы
фолыслорлық нұсқада әсірелеу, халыққа жақындастыру, ел батыры
ретінде таныту т.б. қосымша белгілері тарихи баяндаулармен қатар
жүреді. Абылайға қатысты фольклорлық деректі фолыслортану
ерекшеліктеріне сай сараптауға ғана болады. Абылай туралы арнайы
зерттеп жүрген фольклоршы А. Өбсадықов пікіріне сүйенсек,
Әбілмансұрдың қара қазаққа түйеші, жылқышы болып қызмет
қылуын халық қиялынан туған қосымша жұрнақ деп қабылдаймыз.
Төле би он бес жасынан даулы мәселелерге қатысып, төрелік
айтып, шешендігімен елге әйгілі болған. Әділдігі үшін хапық оны
«қара қылды қақ жарған әділ би» деп атаған. Төлебидің қатаңдығы
мен қаһарлығы туралы «Төле бидің ащы тілінен сақтан, өткір көзінен
сақтан» деген сөздің астарында бекерге қаралап, жала жаппа немесе
өтірік сөз айтып, қылмысыңды жасырып қалам деген дәмең болмасын
деген мағына жатыр.
Теле бидің қоғамдық қызметі, әсіресе, 1723 жылғы жоңғар
шапқыншылығынан кейін айқын көріне бастады. «Елге бай құт емес,
23
би құт» деген сөзді Төле би осы кезге байланысты айткан екен.
Осындай қиын уақытта Төле би елін тастап кетпей, қамсыз отырган
халқын қоргау үшін түрлі
айла-тәсілдер
қолданган. Төленің
даналыгына
байланысты
халық
аңызы
бар.
Жоңгар
шапқыншылыгынан босып ел қаша бастағанда Төле үйін жықпай
жұртта қалыпты-мыс. Қалмақтың әскер басы бұған таңданып,
көшпеген себебін сұрағанда, Төле би «биыл шаңырағыма бір
қарлығаш ұя салып еді, бұл - бүкіл дүние жүзін топан су қаптағанда
Нұқ пайғамбардың кемесін
құтқарып
қалған,
жыланға адам
баласының жем болу қауіпі туғанда, қорғаған құс еді. Мен осындай,
адамзат қорғаушысының балапандарын кырып кете алмадым» дейді.
Мұны естіген қалмақ хонтайшысы «бұл әулие» екен деп оның өзіне
де, маңайындағы еліне де тимепті-міс. Бұл аңыздың қаншалықты
шындық екенін кесіп айту қиын. Бірақ, Ташкент, Ш ымкент жақтың
адамдары Төле биді бүгінгі күнге дейін «Қарлығаш би» деп атайды.
Төле бидің елшілік, достық қарым-қатынас жасағандығы жөнінде
біршама мәліметтер сақталған. Ол көршілес Бұхар, Қоқан, Жоңғар
хандықтарымен тату-достық қатынас жасауды жақтаған. 1733 жылы
¥лы жүзді қамқорлығына алуға алуды сұрап Ресей императоры Анна
Ивановнаға бір топ сұлтан-билермен бірігіп хат жазған адам.
Ауыз әдебиетінде Төле би жеке басының қасиеттерімен, әділ
билігімен, тілмар шешендігімен дәріптеледі. Халық аңыздарына
қарағанда Төле би өз заманының батырлары, билері, тіпті хандарының
да ақылшысы болған. Атоқты батыр әрі шешен Шақшақұлы Жәнібек
Төле биден ақыл сұрай келіп: «Түзу мылтық, ұшқыр құс, жүйрік ит,
мақтаншақ жігіт, ұрыншақ ат жидым. Бозбала болып ерлік қылайын
ба, үлгі алып билік құрайын ба? Еліңде кэрің болса, жазулы тұрған
хатың, жайлаған көліңнің алдында төбе болса, ерттеулі атың деуші
еді, ақыл сұрай келдім», - дейді. Сонда Төле би: «Өгізді өрге салма -
сағың сынар. Досыңа өтірік айтпа - сенімің кетер, дұшпаныңа
сырыңды айтпа - түбіңе жетер. Жал-құйрығы
қаба деп жабыдан
айғыр салма - жаугершілік болғанда, жағдайлап мінер ат тумас.
Жақыным деп жаманның малы үшін жақсының жағасынан алма -
өрісің тарылар. Қару жисаң мылтық жи: жаяу жүрсең - таяқ, қарның
ашса - тамақ. Ит жүгіртіп, құс салсаң әуейі боларсың. Әйел алсаң
көріктіге қызықпа, тектіні ал. Мақтаншақ жігіт жисаң — ұятқа
қалдырар. ¥ры нш ақ ат жаз жарға жығар, қыс қарға жығар. Тұмау түбі
құрт болар, тұман түбі жұт болар, ақылдың түбі құт болар. Елге бай
құт емес, би - құт. Қабырғадан қар жауса атан мен нарға күш, ел
шетіне жау келсе — қабырғалы биге күш. Қарап отырғанша бір нәрсеге
24
жарап отыр, кәсіп болмай нәсіп болмас. Менен ақыл сүрасаң, менің
айтарым осы» [25,23 б.] - деген екен.
Алты алаипса билік айтқан Төле би үй-іші берекесіне де мықтап
көңіл бөлген. «Келінім ақылды болса, балам дана болады. Ердің
бақыты - әйел деген. Ел сыйлайтын ерді ақылдылықпен адам етіп
тәрбиелейтін әйел, кең жайылган дастарханмен ердің атын шыгаратын
да әйел. ... Ырыс, бақыт, қызыр да әйелде» деген ұлагатты сөздері
болашақ ұрпаққа үлгі.
Би-шешендердің сөздері
көбінесе ауызекі түрде таралып
сақталганын білеміз. Сондықтан олардың зерттеушілер қолына және
оқырманга толыққанды жетуі үшін, ең алдымен оны жинау, мұқият
қагазга түсіру, содан кейін ғана баспадан басып шығаруға кірісу
міндеті жүктеледі. Міне, мұның өзі би-шешендер сөздерін жинаудың
қаншалықты жауапты, ауқымды мәнді екендігін көрсетеді және
шешендік сөздердің қаншалықты талантты, жан-жақты екендігін
діттеуге жол ашады. Осындай шешендік сөздерді ел арасынан жинап,
бізге
жеткізген
фольклортанушы
Мәшһүр
Жүсіп
Көпейұлы
жазбаларының 6 томында «Шешендік өрнектер» деген тарауында
Едіге биге арналған тараушасы «Едігенің алгашқы билігі», «Едігенің
Тоғаспен құда болуы», «Едігенің көрген түсі», «Едігенің соңгы биліп»
деген әңгімелерден тұрады. «Едігенің алғашқы билігі» деген
әңгімесінде Едіге бидің Орта жүздің Арғын руынан екендігін және
Үйсін Төле би тұсындағы Едіге би екенін: «Үлы жүз: Үйсін-Ошақты
деген ел Орта жүзден: Малайсары Жәдігер деген таптан бір Құлназар
дегенді өлтірген екен.
...Замандардан заман өткенде, осы құнды
жоқтап, 14 жасар күнінде Едіге би атқа мініпті. Арғыннан - Едігенің
соңынан ерген жүз кісі болып жүріпті» - деген үзіндісінен аңғаруға
болады. Демек, мұндағы болған жағдайды ер Едіге мен эз Едіге
заманындағы емес, «Едігенің майлы жұрты» деп атанган би Едіге
заманындагы болган оқиға деп білеміз. Едіге би Құлназардың құнын
даулай барган жиында Үйсін Төле би: « — Алты атасын арқалап
жүрген бар ма екен, жеті атасын жетелеп жүрген бар ма екен?
Алмасың болса, мойным бар, асылың болса, қойным бар. Бұ сөзімді
ойлай бер!», - деген екен. Сонда Едіге би: «Ақсақал, кішкене
мойныңызды бұрыңыз! «Кигіз кімдікі болса, білек сонікі. // Ауыз
кімдікі болса, сөз сонікі.» Кен шыққан жеріне қайтып сыймайды. Сөз
шыққан жеріне қайтып сыймайды. Жарлық өзіңізден болды, жабдық
та өзіңізден!» — дегенде, Төле би алты атаның ұлы Арғынга алты ат
бастатқан «тоғыз» жіберткізіп, төрт атаның «Төртуылға» төрт түйе
бастатқан «тогыз» жіберткізіп, соған қоса қолынан ұстап жалаңаш қыз
бергізіп, Едіге жоктап келген Құлназардың құнын қайтартқызыпты.
25
Мұнда Едігенің билік айтуын емес, құн даулай білуін аңғарамыз және
дауды әділ шешкен Төле би мен бұл жиынга катыспай, үйде жаткан
Бабыр босағасына бір тогыздан байлатқандыгы арқылы әділ билерге
деген сый-құрмет жасау жолын да көреміз. Сондай-ақ, бұл әңгімеде
Би Едіге жайында айтылып отырғанын көреміз, себебі ол жоғарыдагы
Тоқтамыс заманындағы Ер Едіге емес, Төле би заманындасы болып
отыр.
.
_ .
^
.
Ал «Едігенің Тоғаспен кұда болуы» деген әңгімеде Едіге оидің
төрелік етуін байкасақ, сондай-ақ, билердің төрелік жасаудан бас
тартуын көреміз. Себебі дауласқан екі жақ та Ұлы жүз адамдары
төрелікке жүгінген Тоғас би де осы рудың адамы болған екен. Сонда
дауласқан екі жақ та өз руластары болғандықтан, төрелік жасап
абырой алмайтынын білгендіктен, Арғынньщ Манас деген биіне
жіберген екен. Осы әңгімеде Едіге бидің Жәңгір ханға.
Ақ сұңқар ұшты ұядан,
Қол жетпейтін қиядан.
Тұяғы бүтін тұлпар жоқ,
Қияғы бүтін сұңқар жоқ.
Тұлпардың тұяғы,
Тасқа байласа, кетіледі,
Суға байласа, жетіледі.
Алтын коңырау үзіліп жерге түсті.
Құс маңдайлы, жез тандайлы
Бір тұйғыь балақ бауын үзіп, тұғырынан ұшты.
Құдайдың саған бір жабдығы түсті.
Мойының жуан, көтересің!
Көтермегенмен, амалың бар ма?!
Оны алған Құдайдың әмірі күшті!
Көтер, хан басыңды!
Босатпа беліңді,
Мұңайтпа еліңді!
«Тозбасты ұста соқпайды,
Өлместі құдай жаратпайды» [19, 124 б.], - деп айткан
жұбату сөздерімен қайғыдан сегіз күн бас көтермей жатқан Жәңгір
ханды орнынан тұрғызыпты. Қайғысынан біржолата айықтыру үшін:
«Сенің бұл қайгың
жиылған көптің тобында қалады, атылған
мылтықтың оғында қалады. Қыран құстың қияғында қалады, жүйрік
аттың тұяғында қалады. Аққан судың бойында қалады. Сұлу
катынның қойнында қалады. Өлім деген, шіркін, өрт емес пе? Оны
сөндіретін ойын- күлкі, сауық, көңіл көтеру емес пе?! «Ит құйрығын
өзі алып жүрмесе, оның кұйрығын кім көтеріп жүреді?!» [19, 125 б.], -
26
деген екен. Бұл әңгімелерде болган оқиғадан біз Төле би мен Тоғас,
Едіге билер бір-бірін жақсы білетін замандастар екенін білеміз, демек
мұндағы Едіге би Ер Едігеден кейінгі заманда ХҮІІ ғасырда Төле би
тұсында өмір сүрген және көрнекті би болған адам екенін байқаймыз.
Халықтық ақыл-ойдың ғажап үлгілерін, шешендік өнердің
керемет сөз маржанын қалдырған, халқымыздың білімдар шешені
Орта жүздің Арғын тайпасының Қаракесек руынан шыққан -
Келдібекұлы Қазыбек би (1667-1765). Қазақтың Тәуке, Әбілмэмбет,
Абылай хандары тұсында мемлекет басқару ісіне де араласқан, «Жеті
жарғы» деп аталатын заңдар кодексін шығаруға атсалысқан.
Қазыбектің анасы Тоқмейіл сөзге шешен, мақал-мәтел, аңыз-
әңгімелерді көп білетін зерек кісі болыпты. Анасынан естігенін
кішкентай күнінен жаттап өскен ол ер жете келе өзі де солай сөйлеуге
машықтана бастайды. Осы өнерінің арқасында бала биден дана биге
айналып, «қара қылды қақ жарған Қаз дауысты Қазыбек би», «алты
алаштың
ардағы»
деген
атаққа
ие
болады.
Бұл
жөнінде
Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы шығармаларының 6 томында келтірілген
«Қазыбектің алғаш көзге түсуі» деген әңгімесінде Абылай ханның
заманында қалмақтың Қоңтажы деген ханы «Абылай жорықта өлген
екен» деген өсекке сеніп, қазактың бір жағын шауып әкеткендігі
жөнінде, жорықтан оралған Абылай хан шабылған елін көріп,
намысын ақтау үшін Тайкелтір би мен Малайсары батырды жібергені
туралы баяндалады. Сонда қаракесек Келдібек би ұлы Қазыбекті қоса
жіберіпті. Тайкелтір би қалмақтың еліне таянған кезде қалмақтың
бетін біліп келуге және қазақ болып жиналып, қол келе жатқанын
хабарлауға кісі жіберіпті. Сонда Қоңтажы хан өзінің бектеріне
қонақты күтіп алу үшін мал сойып, шатыр тігіп дайындалуын
бұйырған екен. Қазақтар қалмақ ханының ауылына келіп үш күн
конақ болып жатады, төртінші күні ғана хан келіп амандасып, - Неге
келдіңдер? - депті. Сонда Тайкелтір би, - Өгізді өлеңге байладық,
өрлікті төменге байладық. Ақ десең де, қара десең де, істің шешуін
өзіңе байладық. Ендігісін өзің айт! — депті. Сонда қалмақ ханы, -
Бүрсігүнге дейін менен хабар болса, болды, егер болмаса, бастарың
аман, жандарың бейбітте елдеріңді табыңдар! - деп, орнынан
түрегеліпті. Сонда босағада отырған Қазыбек:
- Тақсыр, хан, дат! — депті. Хан : - Арызың болса, айт! - дегенде,
бала былай д е п т і:
- Сен темір болсаң, мен көмірмін,
Еріткелі келгенмін.
Екі елдің арасын
Теліткелі келгенмін!
27
Сөз бермейтін шешенді
Кеміткелі келгенмін.
Тұтқыр сары желіммін,
Жабысқалы келгенмін.
Жаңа үйреткен жас тұлпар
Жарысқалы келгенмін.
Сен қабылан болсаң, мен - арыстан,
Алысқалы келгенмін.
Шалқақтамай сөз берсең,
Табысқалы келгенмін.
Шалқақтайтын болсаңыз,
Тұрысатын жеріңді айт,
Шабысқалы келгенбіз! -д е п т і.
Баланың сөзіне риза болган хан, — Дауысың қаздың дауысы
сияқты, сенің атың : «Қаз дауысты Қазыбек» — болсын! — деп, қазақтан
алганын түгел қайтарып беріпті. Мұнда Тайкелтір бидің сөзін місе
тұтпай, шалқақтап, қазақтарды менсінбей тұрган қалмақ ханын
Қазыбек би өзінің өткір де уытты, қанды қайнатып жүректі тулататын
сөздеріне көндіріп, өздерін мойындатқанын, екі ел арасындагы даулы
мәселені шешіп, жиналган қауымды гана емес жат елдің ханын да өз
сөзіне қаратып сендіріп саясат мәселесін шешкенін көреміз.
Қазыбек бидің жогарыда келтірілген шешендік сөзінің тагы бір
нұсқасы 1993 ж. жарық көрген Н. Төреқұловтың «Қазақтың би-
шешендері» атты еңбегікен кездестіреміз. «Біз қазақ деген мал баққан
елміз, бірақ ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз. Елімізден құт-
береке қашпасын деп, жеріміздің шетін жау баспасын деп, найзага үкі
таққан елміз, ешбір дұшпан басынбаған елміз, басымыздан сөз
асырмаған елміз. Досымызды сақтай білген елміз, дәмі, іұзы н ақгай
білген елміз, асқақтаған хан болса, хан ордасын таптай білген елміз.
Атадан ұл туса, құл боламын деп тумайды, анадан қыз туса, күң
боламын деп тумайды. Үл мен қызды қаматып отыра алмайтын елміз»
- деген сөздерінен кейінгісі Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы нұсқасына
мағынасы жағынан сәйкес келсе де сөздерінде айырмашылықтар
кездеседі.
Осы
орайда
айтылган
фольклортанушы
ғалым
Н. Қ. Жүсіповтың: «...фольклортанушы ғалымдар үшін мәтіннің қалай
өмір сүретіні, қандай өзгерістерге түсетіні, ягни бірқалыпты
қозгалыста, дамуда, мейлінше жетілу немесе тоқырау, тіпті құлдырау
кезеңдерін бастан кешетіні т.б. - бәрі қамтылады. Сол себепті де
фольклорды зерттеушілер үшін, белгілі не беймәлім мәтіндердің
негұрлым көп нұсқалы болуы қажет. Себебі үлгіні терең жэне жан-
жақты түсіну, тану үшін де, зерттеуші оның негұрлым көп
28
нұсқаларымен таныс болуы керек», - деген пікірін орынды деп
білеміз.
Қазыбек би елінің бостандыгы үшін күресіп, Ресей, Бұхара, Хиуа
мемлекеттері
арасындагы
еларалық
мәселелерге
араласып,
бейбітшілік жолмен шешуді қүптағанын. Оны біз Мәшһүр Жүсіптің
«Қазыбектің екінші билігі» деп аталатын шешендік сөзінен көреміз.
Сібір бойына келе бастаған орыс шаруаларын жақтыртпай соғыс
ашпақшы болған қазақтар бір шешімге келе алмаған соң үш жүздің
билерін шақыртқан екен. Осы мәселе жөнінде билер оңаша шығып,
жұмбақтап сөйлейді. ¥ л ы жүзден Төле би, - Алар ма ед мына көлдің
қуын атып. Мұндағы көл - Сібір бойының жері болса, қуы - келе
бастаған орыс шаруалары, яғни қуын атып алу - қоныстанған
шаруаларды
қуып
жіберу,
немесе
соғысу.
Кіші
жүзден
Мама би, - Тигізе алмай жүрмесек суына атып, - деп, бұл соғыстың
нәтижелі болатындығына сенімсіздік білдіргенін көреміз. Яғни, оғы
қуына тимей, суына тиіп - күшіміз зая кетер деп күдіктенеді. Орта
жүздің Қазыбегі, - Арылмастай пәлеге қап жүрмесек, суда жүрген
перінің қызын атып, - дегендегі пері - ақ патша болса, қызы - сол
патшаның адамдары. Арылмастай пәлеге қап жүрмесек деп, бұларды
шауып алған жағдайда орыс патшалығы соғыс ашып қазақ елі үлкен
пәлеге ұшырайтынын болжап тұр. Қазыбек бидің бұл сөзіне Төле би,
- Қазыбек, сен соғыспауға байладың-ау! - депті. Сонда Қазыбек,
- Біз орыспен қалай соғысамыз? Пайғамбарымыздың ғаділшілік
орыста қалады, дегені бар емес пе? «Жер астынан жік шыгып, екі
кұлағы тік шыға қалса», қолының ұшын беретін көршіміз орыс болса,
жаман болмас! - деп ойлаймын, - деп соғыстың басталуына тоқтау
салғанын көреміз. Демек, мұндағы Қазыбек бидің сөзі екі ел
арасындағы соғыс отын өршітпеуге ықпал еткенін көреміз.
Ал «Қазыбектің үшінші билігінде» ¥лы жүз бен Кіші жүз
арасындагы даулы мәселеге билік айтуға ¥лы жүздің төбе биі Төле би
мен Кіші жүздің биі Мама таласады, сонда Қазыбек би «¥лы жүзді
қауға берде, малға қой. Кіші жүзді найза бер де, жауға қой. Орта жүзді
қамшы бер де, дауға қой» — деген аталарының өсиетін білмейтіндігін
беттеріне басып, төрелік беру жолы өзінікі екендігін айтады. Бұп сөзді
үш
жүздің
адамдары
бір
ауыздан
қабылдапты.
Сонда
Қазыбек би, - Үа, Үйсін: Төле би, сен атадан үлкен болып тудың.
Ініңнің бір еркелігін көтеретін жөнің бар. Оны ойламай, жылқысын
неге қуып аласың? Үа, жарқыным Мама би, сен атаның қара
шаңырағында қалған екенсің, ағаңның көзінің тірісінде жеңгеңді неге
зорлыкпен әкетесің? «Даугердің адалы кұстай ұшатын да, арамы
мұрттай ұшатын.» Сен, Мама би, қатыныңды қайтар, сен Төле би,
29
жылкыны қайтар. Екі жағында иесіне табыс болмаган, екі аяқты түпл,
төрт аяқты қалмасын! — деп, билік айтыпты. Қазыбек би ата-баоа
салтын, өсиетін жетік білетіндігін дәлелдеп, төрелік айтуға, даулы
мәселелерді шешуге Орта жүз билерін қою керектігін бабалары өсиет
қып кеткенін атайды.
Қазыбек бидің елшіліктегі жетістіктері туралы Ш. Уәлиханов
үлкен сүйіспеншілікпен жазған; «ХҮІІІ ғасырдын батырлары туралы
тарихи аңыздар деген» мақаласында: «Үш жүздің батырларынан сіз
кімді артық көресіз деп Абылайдан сүрағанда, ол былай деп жауап
беріпті : «Бізге дейінгі екі кісіге таң қалуға болады. Олар 90 туысын
түтқыннан құтқарған Қаракесек Қазыбек және тағы да сондай өзінің
тұтқынға кеткен адамдарын босатып алған, ал соңғысы өз ауылында
жатып дұшпанын қорқытып алдырған», - деп жазды» [8, 124 б.].
Осылайша Абылай хан соғыспай ақ сөздің құдіреті мен көркемдік
қуатының арқасында бостандыққа жетуге болатынына таң қалған. Үш
жүздің арасындағы шешуі қиын, күрделі мәселелерді шешуге қатыса
отырып, хандардың сенімді ақылшысы, халықтың дана биі болған
Қазыбек би әрқашан ел шаппай, оқ атпай ақ ақылымен жол тауып, ел
бірлігін сақтай білген.
Әдебиет,
өнер
тарихьгада
рухани
таза
болмысымен,
турашылдыгымен, даналыгымен, күйлі-қуатты сөздерімен аты аңызға
айналған, казақ халқының бірлігін нығайтуға үлкен үлес қосқан,
атақты үш бидің бірі, Әлім тайпасының төртқара руынан шықкан,
Әмір Темірдің бас кеңесшісі Ораз қажының бесінші ұрпағы Кіші
жүздің төбе биі Байбекұлы Әйтеке би (Г. Қосымова бойынша
1666-1722). Әйтеке бес жасынан сауатын ашады, Әкесі Байбек пен
Қосуак би шешендік өнерге баулып жеті жасьгаан атасының
тәрбиесіне береді. Ол алдымен Самарқандағы Үлықбек медресесінде,
кейін "Шердор" медресесінде оқып дін, құқық, тарих, математика
пәндерін меңгеріп, араб, парсы, шағатай, өзбек тіддерін үйреніп
шығады. Тәрбиеге алған аталары ел басқару, елшілік байланыстар
жасау жолдарын, әскери колбасшылық дәстүрлеріне үйретеді.
Медресені бітірісімен Әйтеке туған ауылына оралып, ел баскару
істеріне араласады. Сөйтіп жиырма бір жасында бүкіл Бұкара мен
Самаркан төңірегіндегі қазақ, өзбек, карқалпақ жұртының бас биіне
айналады. Жиырма бес жасқа келгенде Кіші жүз халқы оны бас би
етіп сайлады. 1680 ж. Салкам Жәңгірдің баласы Тәукені хан етіп
сайлауға Әнет баба, Соқыр Абыз, Едіге, М айлы, Төле, Казыбек,
карақалпақ Сасық, құрама Мұхаммед, қырғыз Қоқым билермен бірге
Әйтеке би де айрықша ат салысты. Тәуке хан тұсында заман талабына
қарай "Қасым салған қасқа жол’* "Есім салған ескі жол" дейтін зан
30
үлгілерш жаңарту қажеттігі туындап, жоғарыда аталган билердің
қатысуымен 1684 ж. "Жеті ж арга” қабылданды. Бүгінгі күнгі ата
заңымыздың негізі болып табылатын «Жеті жаргы» заңы ежелгі
Солон заңымен (б.з.б. 7-6 ғ.) терезесі тең болып, бытыраңқы елдің
басын
біріктіріп,
жұртымыздың
әл-ауқатын
жақсартып,
ата
дәстүрлеріміздің сақталуына, ұрпақ тәрбиесіне зор үлесін қосқаны
белгілі.
Осы "Жеті жарғы" заң жобасына Әйтекенің де ұсынған баптары
бар. Ол — "Сүйек құны”, "Өнер құны" деген баптар. Осындай
баптарды еңгізуге себеп болған мысалдарды ғаламтор қорынан
алынған келесі деректер арқылы көреміз. 1685 ж. Әлі сұлтан мен
қарапайым халық арасында бір жан-жал шығып үлкен дауға айнала
бастайды. Бүркіт ұстап, құс салатын аңшылығы бар Әлі сұлтанның
ұлы ауыл кедейінің сұлу, акын әрі әнші-домбырашы қызын ұнатып,
дегеніне көндіре алмаған соң қызға қастандық жасауды оилайды. Бір
күні қыз қызыл орамал тартып, үйден ұзай бергенде, бүркітін
шүйітеді. Бүркіт кыздың басын мылжалап өлтіреді. Қыздың ашынған
ағайындары төреден құн талап етеді. Әлі сұлтан оларды маңына да
жолатпайды. Ақыры, ел арасына жік түсіп "төрежақ", "қаражақ"
болып екіге жарыла бастайды. Қыз жақ соңында ел арасында беделі
жоғары Әйтеке биге келіп жүгінеді. Әйтекенің айбарынан қаймығатын
Әлі сұлтан құн төлеуге келіседі. Әйтеке би қыз құнын сондай ақ,
қыздың өнерлі болғанын алға тартып «өнер құнын», қыз жақтың
ағайындарын келеке қылып сүйек сындырғаны үшін «сүйек құнын»
төлеттіреді. Бұл екі құнның әрқайсысы негізгі құнның жартысына тең
екен. Сөйтіп Әйтекенің каһарынан қаймыққан Әлі сұптан толық екі
құн төлеуге мәжбүр болады. Бұл Әйтекенің ата дәстүр-салтына
жетіктігімен бірге өнерге, өнерлі адамға айрықша құрметін көрсетеді.
Әйтеке би қосқан «сүйек құны» мен «өнер құнының» ел арасында
кенінен таралғанын Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының «¥лбике мен
Жангел айтысы» деген әңгімесінде ¥лбикенің өлімі үшін өнер кұны
мен сүйек құнын елу жылқы алты «жақсыдан» төлеткені арқылы
көреміз. Әйтеке тілге шешен, "қара кылды қақ жарған" эділ сонымен
бірге жоңғарларға қарсы ұрыстарда қол бастаған батыр да болган.
1685 ж. Самарқан жақтағы Нұрата тауының маңына шабуыл жасаган
жонғар ханы Қалдан-Бошактының он мың жасағына Нұрата, Қыз
Бибі,
Ақтау,
Тамды,
Кенимех
төңірегіндегі
алшындар
мен
қарақалпақгардан жиналған бес мың кол әскерімен Әйтеке қарсы
аттанады
шұбар
кұл
31
артына жалтақтап үш мәрте қарағаны және жауға қарсы Калдан-
Бошакты ханның орнына қоластындагыларынан өзі суырылып
ешкімнін шықпағандығы тексіздіктің белгісі екенін айтып, шешесі
оны өз әкесінен емес есігіндегі жалшыдан туганын беп н е басып жерге
каратады. Содан кейін жан алып - жан берген соғыс басталып, келесі
күні Әйтекеге Самарқаннан, Бұкарадан қалын әскер комекке келе
жатыр деген хабар алады. Ал Қалдан-Бошақгы негізгі жасагы калған
Сайрам төңірегіне келіп Сайрамды талкандайды. Осы себептерден
жыл сайын Күлтөбеде өтіп жүрген "Хан кеңесі" болмай қалады. Бұдан
кейінгі казақ жиыны Қарақүмда жэне Тәуке хан ордасын -пккен
Түркістан манында болғаны тарнхтан мәлім. Бір жағынан Қытаи, бір
жағынан жоңғар, енді бір жағынан орыс-казак жерін торлап, шекарага
эскерлерін шоғырландырған қиын күндерде Әйтеке би Төле бимен,
Қазыбек бимен біріге отырып, елді, жерді қорғауға белсене араласады.
Қазақ сахарасына көз тіккен көрші едцерден қауіптенген Әйтеке би
1
698—99 ж. Түркістанда өткен үлкен жиында мынадай үсыныс
жасайды: «Ресеймен, Қытаймен не басқа бір елдермен одақ жасаудың
ешбір кисыны жоқ. Олардың көксегені терезесі тең одақ емес,
қазактарды кайткенде де бодан елге айналдыру. Қазақ жұрты әлі де
іргесі мықты ел бола алады. Өйткені қарамагындағы қарақалпақтар
мен күрамаларды есептемегенде, элі өз жүртынан сексен мыңдык, кол
жинай алады. Шекара аймактарында әскери соғыс эдістеріне
үйретілген жасақтар үстайық. Шекараға таяу ауылдарды ішкі бетке
көшірейік. Мал-мүлікті аямайық. Ресейден, Қытайдан, Хиуадан жэне
Бұқара мен Түріктерден қару-жарақты ептеп сатып алайык. Әскери
әдістерге әбден жетілген түрақгы жасақ үстау үшін керекті каражаггы
төрелерден, сүлтандардан, ауқатты адамдардан жинайық... Бүкіл қазак
жасағы бір қолбасшыға багынсын. Қолбасшы Ресей, Қытай, Түрік не
Еуропаның әскери өнері жетік бір елінде оқытылсын. Ол өзі шешен,
батыр, көпті көрген көсем, елшілік жүмыстарды жақсы білетін адам
болсын. Ол тек "Хан кеңесіне" гана багынатын және айрыкша кұкты
адам болсын. Қолбасшы қарадан шыккан адам болсын. Өйткені төре
арасы тату емес, қай-қайсысы да хандык жолында карабастарын
ойлаудан эрі аса алмайды» - дейді. Ел аузында Әйтеке аиткан билік,
шешендік сөздер, толгаулар, баталар көп сақталған. Ол туралы аңыз
эңгімелер мен жырлар да жеткілікті. Соның бірі авторы беймәлім,
"Әйтеке би" деген үзақ дастан. Биді халык тілінің өткірлігі үшін "айыр
тілді Әйтеке" деп атап кеткен. Әйтеке бидің Үйсін Төле би мен
Қаздауысты Қазыбек биден жасы кіші деген деректер айтылып жүр,
бірак Мэшһүр Жүсіптің «Даналар» атты өлеңінде Әйтекенің жасы
32
Төледен үлкен екендігін аңғарамыз:
Қазыбек, Әйтекедей көсем
өткен,
Әлдибек, Айтпай, Майлы шешен өткен.
Жолы үлкен, жасы кіші Төле бидің
Әйтеке, Қаздауысты Қазыбектен.
Әйтеке бидің өмірден білген-түйгені мол философ болғандығы
жөнінде шежіре дасатандарда:
Әйтеке ақылы кемел, сөзі маржан,
Қүрметпен Тәуке ханның төріне озған.
Тең тұрып Қазыбекпен, Төле бимен,
Ел тағдырын шешетін жарғы жазған, - деп
дәріптеледі [42,123 б.].
Әйтеке қайтыс болғаннан кейін Нұрата тауы маңын мекендегек
төртқара ауылдарының көпшілігі Сыр бойына көшіп кеткен.
Әйтекенің тікелей езінен тарайтын алтыншы-жетінші ұрпақтары мен
аталастары Қызылорда, Ақтөбе облыстарында, бірқатары Өзбекстан
Республикасының Науаи облысындағы Нұрата ауданында тұрады.
Ақтөбе
облысыныңның
бұрынғы
Қарабұтак
және
Комсомол
аудандары біріктіріліп, қазір Әйтеке ауданы деп аталады.
Қазақ даласында ғұмыр кешкен, артына аталы сөз қалдырған үш
бидің өмірі мен қызметін талдай отырып, зерттеушілердің пікірлеріне
жүгініп олардың шешендік сөздері тақырыбы мен мазмұнына қарай
сондай-ақ поэтикалык сипаты жағынан бір-бірімен үндесіп жатқанын
көреміз.
Болашақты айнытпай болжайтын сәуегей және ой-тұжырымын
тағьшымды поэтикалық жырға айналдыра сөйлейтін даналардың бірі -
Тілеуұлы Мөңке би. Кейбір деректерде Шекті Мөңке би деп аталады.
Сәкен Сейфуллин еңбегінде Мөңке би сөздері Байдалы, Торайғыр,
Бөлтірік, Төле т.б. билердін сөздерімен қатар берілген. Ғалым
Г. Қосымова Мөңке би тегі жөнінде : «Н. Төреқұлұлының «Қазақтың
100 би-шешені» дейтін кітабында Мөңке Аманұлы деп берілген, бұл
дұрыс емес. Мөңке Тілеуұлы - атақты Едігенің ұрпағы. Қазақстанның
батыс өлкесінде Мөңке биді білмейтін адам жоқ, оны Шекті Мөңке би
Тілеуұлы деп атайды»[12, .126 б.], — дейді. Мөңке би өз заманында
«ердің кұнын екі ауыз сөзбен шешкен сұңғыла би», оның
философиялық толғаулары, риторикалық сұрақ-жауап, болжау, билік,
кесім, шешім түріндегі мұралары өзіндік ерекшелігімен көзге түседі.
Мәселен, “Түрлі-түрлі халық болады, Күндіз-түні жарық болады...
Дүниенің жүзіне, Өре мен темірден жол тартылады... Адам ақысыз
жұмыс істемейді, Дүниені түрлеп кестелейді” - деген толғау
жолдарынан келер күнді болжаган сәуегейлік көрінеді.
33
Қ. Елеусізұлының «Адамның сұңқары» атты еңбегінде жинаған
жазбаларында Мөңке бидің ата-тегі жайлы сөздерін келтірген. Мұнда
Мөңке би Шекті руынан, аргы атасы - Айт, одан кейін Шоң болып
кете береді.
Айттан - Ш оң һәм туыпты Қабақ, Тілеу,
Туыстар бір-біріне болган сүйеу.
Қабақ, Тілеу бес-бестен бала өрбітіп,
Шектіге бес аталы болган тіреу.
Айттың бір баласы Тілеу батыр,
Қол бастап Сайрам барып, тіккен шатыр.
Шейіт кетіп Түркістан-Яссауиде,
Баласы Жолдыаяқпен сонда жатыр.
Болыпты Тілеу бидің бес баласы,
Ашылар егескенде сөз сарасы.
Жолдаяқ, Жақсымбет пен Есіркемес,
Көз тартқан пейіштегі өрік-жеміс.
Кең ойлы Әлдеберді, Мөңке әулие,
Ғ ибрат сөздер айтқан жүйе-жүйе.
Жалганга кімдер келіп, кім кетпейді,
Ойласаң, баяны жоқ бұл дүние [23, 124 б.].
Ал Мөңке бидің өмір сүрген жылдары жөнінде бірнеше нұсқа
кездесетінін көреміз. Мәселен, галым Ж. Молдабековтың «Шешендік»
атгы еңбегінде Мөңке биді 1763-1836 жылдар аралыгында өмір
сүрген деп келтірсе, Жұманазар Асанның жазуында Мөңке би
Тілеуұлы 1675-1756 жылдар деп көрсетіледі [23, 62 б.].
Мөңке бидің сәуегейлігі мен даналық қасиеттеріне байланысты
ой-тұжырым С. Негимовтың «Шешендік өнер» деген еңбегінде
келтірілген және бидің дүниетанымдық көзкарасы мен философиялық
танымының
сабақтасуы
арқылы
заман
болашагын
айнытпай
болжайтынын көреміз.
Құрамалы, қорганды үйің болады,
Айнымалы, төкпелі биің болады.
Халыққа бір тиын пайдасы жоқ
Ай сайын бас қосқан жиын болады.
Бұл жерде Мөңке би болашақ заманда адамдарды жаман,
жагымсыз, әдепсіздік пен санасыздық қасиеттер жаулайтынын тілге
тиек етіп, адамдар ішімдікке, нашақорлыққа салынып, рухы азып,
үлкендерді сыйламайтын, болашағы бұлыңгыр заманга тап болатынын
болжайды.
Ішіне шынтақ айналмайтын
Ежірей деген ұлың болады.
34
Ақыл айтсаң ауырып қалатын,
Бежірей деген қызың болады.
Алдыңнан кес-кестеп өтетін,
Кекірей деген келінің болады.
Іипсенің сары су болады,
Берсең итің ішпейді,
Бірақ адам оған кұмар болады,
Домалақ-домалақ түймедей дәрін болады,
Жастарга билігі жүрмейтін кэрің болады.
Ертеңіңе сенбейтін күнің болады.
Бетіңнен алып түсетін інің болады.
Төменде келтірілген жолдарда казіргі қазақ тілі жагдайын
сипаттап отыргандаи және оүпнп күні елімізде неше түрлі діни
ағымдар көбейіп, өз дінімізге қауіп төнген заманды алдын ала болжап
қойганын көреміз.
Алашұбар тілің болады,
Дүдәмалдау дінің болады.
Халықтың қанын сорған адамдар болады.
Қабағын түйіп хайыр тілейтін, адамдар болады.
Қиналғанда шапағаты жоқ жақының болады.
Ит пен мысықтай ырылдасқан,
Еркек пен қатының болады.
Сарылып көлік тосасың,
Құны жоқ қағазды судай шашасың.
Соның бәрін көресің,
Көріп барып өлесің [7,125 б.].
Мөңке би жайында Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының жазбаларында
да кездеседі. Мағынасы жағынан мұндағы Мөңке бидің құціретті сөзі
С. Негимов еңбегінде келтірілген шешендік сөздің бір нұсқасы немесе
соның құрамындагы шешендік сөз деуге болады. Сондай-ақ,
Қ. Елеусізұлы Мөңке бидің тегін Шекті руынан деп көрсетсе, Мәшһүр
Жүсіп жазбасында оны Ноғайлыдан шыққан деп келтіреді.
Ноғайлыдан шыққан Мөңке бидің әңгімесі:
Азарсың, жұртым, азарсың,
Азғаныңның белгісі:
Тайпақ-тайпақ көлдерден
Балық шығар деп еді.
Ол балықты аулайтын
Үшашалы шанышқы
Қайық шығар деп еді.
35
Мәшһүр Жүсіп нүсқасында да Мөңке би болашақ өмірде қыздар
мен келіндердің жаман қылыкты болатындыі ы, «құрыс жауырын, қой
бұтты» болатын еркек затын әйел билейтін заман болатынын, адамдар
ұсақтанып «құмандай», «аты қояндай» болатьінын болжайды.
... Келісімен кірпиіп (кіршиіп),
Келін шығар деп еді.
... Ағып жатқан дария су
[Бір] тартылар деп еді.
Өзі болған жігітке
Қыз артылар деп еді.
... Ендігінің қатыны
Байын билер деп еді.
... Егін егіп, тарының
Сөгін жерсің деп еді.
Жалаң аяқ шар иттерін
Бегім дерсің деп еді.
Алысқа деген қамыстан
Үй шығады деп еді.
Сол үйіңнің ішінен
Құрыс жауырын, қой бұтты,
Би шығады деп еді.
Заман ақыр болғанда,
Ат қояндай болады,
Адам құмандай болады...
(Аяғы жоқ) [19,134 б.].
Мөңке би жайлы айтқан ойларымызды түйіндей келе далалык діл
мен танымның, философиясы мен эстетикасының дүниетанымдық
көзқарасын сонау Майқы биден ХҮІІ ғасырға сабақтастырып алып
келген ірі ойшыл, әйгілі би десек те болады.
Қазақ тарихында өзінің би-шешендігімен, әрі батырлығымен,
көзге түскен көрнекті қайраткерлердің бірі Бөлтірік Әлменұлы
(1771-1854). 1994ж ғалым Ж. Дәдебаевтың «Бөлтірік Әлменұлы және
қазақ шешендік өнері» атты арнайы монографиялық зерттеу кітабы.
жарық көрді. Бұл еңбекте автор бидің сөздерін «Ділмәр сөз», «Билік
сөз», «Нақыл сөз» деп
үш топқа бөліп қарастырған. Бөлтірік
Әлменұлының шешендік сөздерінде адамдар тағдырына байланысты
көп мәселелерді даналықпен, әділдікпен шешкенін көруге болады.
Ғалым Ж. Дәдебаев Бөлтірік шешеннің шығармашылығы мен
қоғамдық-әлеуметтік қызметінің тарихи-мәдени өнегесіне баға берген:
«Жастайынан ақындық, батырлық жолын қуып, есейген шағында ел
арасындагы жер, су, еңбек, құн және жесір дауларына талай рет әділ
36
төрелік айтқан. Бөлтірік - билер дэуірі әдебиетінің ірі өкілі.
Бөлтіріктің шешендік сөздері оның заманы мен сол заман адамының
ең бір маңызды да мәнді, ең көкейтесті мәселелеріне арналған. ...
Бөлтіріктің сөздері қырғыз, өзбек халықтары арасында да кездеседі»
[24, 134 б.], - деген. Шешендік сөздер афоризмдермен, бейнелі көркем
тіркестерімен
өрнектелетіні
белгілі.
Бөлтірік
Әлменұлының
шешендік сөздері халықтық тәлім-тәрбиеге байланысты достық,
жолдастық, жомарттық, қайырымдылық, кішіпейілділік сияқты адам
қасиеттерін дәріптеумен ерекшеленеді. Сол себептен олар халық
арасында кең таралып, қолданыс аясы да кеңее бермек.
Бөлтірік бидің шешендік сөздерінен басынан сөз асырмайтын,
өткір тілді, сөз тапқыш екенін байқаймыз. Мәселен, Бір алаяқ, ешкімге
сөз
бермейтін
қырғыздың
шешенін
хан
Бөлтірікпен
сөз
қақтығыстыруға сақтап жүріпті. Бір күні Бөлтірік сөйлеп отырған
жиында қырғыздың шешені, оны мүқатпақ болып: «Ат жаманы
соқпақшыл, адам жаманы тақпақшыл», - депті. Сонда Бөлтірік:
— Сөздің көркі - мақал-ды,
Ердің көркі - сақал-ды.
Сақалы жоқ көселер
Қасабалы тоқал-ды! - дегенде, көсе ұялып қалып, түра жөнеліпті
[19,1366.].
ХҮ-ХҮІІІ ғасырларда, яғни би-шешендер тарихы дэуірлеуінің
екінші кезеңінде өмір сүрген би-шешендер жөнінде ойымызды
түйіндей келе, олар артына аталы сөз, үлгілі өсиет-өнеге қалдырып,
даналық, әділ биліктерімен, шебер көркем сөздерімен қазақ әдебиетін
дамыту ісіне үлкен үлесін қосып, шешендік дәстүрді шебер
жалғастырған, сонымен қатар мемлекет құру мәселесіне белсене
қатысып, Отанын, жер-суын қорғауға атсалысып, заң ережелеріне
жетік, төрелік айтуға жүйрік, саяси-әлеуметтік қызметке тұтастай
берілген кемеңгер, өнерпаз адамдар болғанын атап айтамыз.
1.3 Ресей патш алы ғы заманындагы би-шешендер
ХҮІІІ ғасырдың аяғы мен XIX ғасырдың алғашқы жартысында
қазақ елі Ресей бодандығына енгеннен кейін би-шешендер халық
ісінен күннен-күнге аулақтатыла бастады. Бұрынғыдай ел арасынан
шыққан халық таңдаулылары би болып сайланбай, патша ұлықтарына
жаққан адамдар ғана жоғарыдан тағайындалатын болды. Ел
арасындағы дау мәселелері, сот шешімдері тек патша шенеуніктерінің
қарауында болды. Ал хапық арасынан шыққан билердің сот
шешімдері тек ұлықтар бекіткен жағдайда ғана іске асатын болды.
Сондықтан бұл уақытгы соңгы билер кезеңі деуге әбден болады. XX
37
ғасырдын екінші жартысында патша үкіметі би-шешендер хұқдон
әбден әлсіретті. Аймақ пен болыстардағы би кызметі тек пара беруші
байлардың үлесінде болды. Ал ел арасынан шыққан әділ, би-
шешендер
тек
қазақтарға
қатысты,
діні
мен
салт-дәстүріне
байланысты мәселелерді ғана шешуге мүмкіндіктері болды.
Б. Әбілқасымовтың пікірінше: «Сонымен XIX ғасырдың екінші
жартысында қазақ билерінің екі түрі болды. Бірінші тобы - ертеден
келе жатқан дәстүрді жалғастырушы, яғни
халық таңдаулылары.
Екіншілері — патша өкіметінің қолшоқпарлары, халықка жеккөрінішті
болса да, пышағы май үстінде жүрген, ягни қызметкер би, өкіметтен
жалақы, халықтан пара алушы» [42,76 б.].
Үшінші кезеңнің билері, яғни соңгы би-шешендердің өсиет-
нақыл сөздері, шешендік өнері Мәшһүр Жүсіп жазбаларында көп
кездеседі. Солардың бірі Аргынның Айдабол руынан шыққан
Едігеұлы Торайгыр би (1772—1825). Өкесі Едіге би Тәуке хан тұсында
би болған. Торайгыр би орыс отаршылыгына қарсы шыгып, оларга
бағынудан бас тартқан. Заман қайшылықтарын терең таныған
Торайғыр бидің көркем эрі бейнелі сөзбен берілген накыл сөздерінен,
адамның қогамдагы орны жөніндегі пайымдаулары мен түсінігінен
халық философиясына тән дала даналыгын аңгарамыз. Торайғыр
бидің нақыл сөздері іерендігімен, ұлтгық көзкарасымен, өзіндік
философиялық
парасат
пайымымен
ерекшеленеді.
Орыстың
полковойы Омбыга алып барып көндіріп әкелмекші болганда,
«Орыстың дәмән татпаймын!» -деп, қасарысып, бір татардың үйіне
жатып ас істетіп ішіп, сонда жатыпты. Сонда орыстың полковойы:
«Жетпіс күнде аюды да көндіруші едік, сен аюдан да күшті екенсің.
Бар еліңе қайт.» - депті. Мэшһүр Жүсіп Торайгыр би жайында жазган
осы шешендік өрнегінде оның бойындагьі кайраттылык пен өрлік,
намысшыл
мінезін
аша
түседі.
Сондай-ақ
Торайгыр
бидің
пайғамбарлар өмірі жайлы мәліметтерді озінің нақыл сөздерінде
кеңінен қолданғанын Мәшһүр Жүсіп жазбаларындағы әңгімелерінен
көреміз. Үэлиханның асына келгенде Торайғыр би Абайділдэ ханға
көрісіп айтқан сөзінде : «Құдай тағаланьщ құдіреті хазіреті Мұса
пайгамбармен Тор тауында сөйлегенде: «Мұса, жердің тарында кім
тұр, кеңінде кім тұр?» деген екен. «Мен он сегіз мың галамды
жаратып, мені жоқтан бар қылған құдайым сен болсаң, сендей
құдайым бар екен. Мен жердің кеңінде тұрмай кім тұрады? Менің
сендей құдайым бар болғаны үшін, жердің кеңінде тұрамын. Сенің ар
жағыңда сүйенетұгын құдайың жоқ, жердің тарында тұрганың сол
емес пе» дегенде, «Рас айтасың, құлым. Сөзің - хақ сөз!» деген екен.
Сол айтқандай сендей төрем бар, не гамым бар, таксыр?!» — деген
38
сөздерімен
Абайділда
ханның
көңілін
жұбатып,
өзі
ханын
каншалыкты құрмет тұтатындыгын білдіреді. Торайгыр бидің кімге
болсын сабақ боларлықтай, шебер сезбен айтқан сөздерінің
тапқырлыгы мен ой ұшқырлығын ел аузында қапган әңгімелерден
^
.
М М
Ъ -Л
- 4*
I . .
^
тт
шт
«-)» «Г
*
«Г
-Ч
Ш +
▼
Ш
Г I Г 1
Мысалы
бапасының: «Енді қалай боласыз? - деген сұрагына « - Үай, балам-ай,
мен қалай болатұгынымды қайдан білейін? Мұнан бұрын өліп
көріппін бе?», « - Біз енді кімді әке қыламыз?» - деп жылаганда « -
жүртқа
Жаман болсаң, кім көрінген әкең болар».
Қазактың белгілі би-шешені Торайгыр бимен жолдас болган.
Шоң бидің накыл сөздерінің біршамасы Мәшһүр Жүсіп жазбаларында
жинақталган. Мысалы, Мәшһүр Жүсіп 37 жасында Ташкент қаласына
барганда Шоң би жөнінде естігенін жазган: «Құдай рахмат қылсын:
«Шоң би айтады екен: «Берген аста береке бар». «Береке» - деген
періштенің аты. Берген үйдің асына періштесі береке береді.
«Бермеген аста біте бар». «Біте» деген - шайтанның аты. «Бермеген
үйдің асын Біте деген шайтан сорып құртады» - дейді» [19, 161 б.].
Достарыңызбен бөлісу: |