Б.Т. МАХМЕТОВА
ҚазҰПУ-нің профессоры
АБАЙ ӨЛЕҢДЕРІНІҢ ТӘРБИЕЛІК МӘНІ
Аннотация
Мақалада қазақтың ұлы ақыны Абай өлеңдеріндегі табиғаттың көріністері, адамдар мен
жануарлардың іс-әрекеттері, балалардың қиялына қанат бітіріп эстетикалық тұрғыда
қабылдай білуге үйретеді. Сондықтан да ақынның өй-пікірі мен ақыл-өсиеті әрқашан да
өміршеі, мәңгілік.
Тірек сөздер: эстетикалық тәрбие, дүниетанымдық, көзқарас, ой-пікір, сұлулық,
адамгершілік.
Ключевые слова: эстетическое воспитание, мировоззрение, воззрение, красота,
гуманность.
Қазақ ағартушылары — Шоқан Уәлихановтың, Ыбырай Алтынсариннің, Абай
Құнанбаевтың эстетикалык тәрбие саласында арнайы еңбектер жазып калдырмағаны
белгілі. Алайда, олар өздерінің саяси-қоғамдык, ғылыми және әдеби еңбектерінде қазақ
халқының эстетикалық мәдениетінің, өнерінің даму барысына аса көңіл бөлді.Халық
шығармашылығын жинап зерттеу-арқылы қазақтардың эстетикалык талғам деңгейін,
болмысқа деген эстетикалык көзқарасын көрсете білді, эстетикалық тәрбиеге байланысты
көптеген кұнды пікірлер айтты.
Қазақ ағартушыларының эстетикалық көзқарастары мен орнықты пікірлері халықтың
дүниетанымдық көзқарастарымен тығыз байланыстылығы сол өздері өмір сүрген
дәуірдегі тарихи жағдайлардан туындап отыр. Ол — заңды құбылыс. Бұл жердегі басты
мәселе ағартушылардың эстетикалық тәрбиені жан-жақты, жүйелі талдап зерттеуінде
емес, керісінше, мүмкіндігінше сол проблемалар жайлы сөз қозғап, өз көзқарастары мен
пікірлерін айтып тұжырымдауында жатыр .
Ұлы Абай балалар мен жеткіншектерге эстетикалық тәрбие беруде халық мұрасының
тәрбиелік күшін-жоғары бағалаған. Ол эстетикалық тәрбие саласында арнайы еңбек
қалдырмағанымен,. өзінің өлеңдері мен қара сөздеріне халықтың мақал-мәтелдерін,
нақыл сөздерін салт-дәстүрлерін орынды пайдалану арқылы балалар мен
жеткіншектердің болмысқа деген эстетикалық- көзқарасының, талғамының, сезімінің
қалыптасуына ықпал етті.
Абайда Шоқан, Ыбырай сияқты халықтық педагогика бұлағына, әжесі Зере мен анасы
Ұлжаннан, ауыл адамдарынан дастан, аңыз-ертегілерді, өлең-жырларды, мақал-мәтелдер
мен жұмбақ-жаңылтпаштарды естіп, бойына сіңіріп, атақты әнші-күйшілердің, жыршы-
термешілердің өнерін, ақындар айтысын қызықтап өсті.
Абайдың осылай ауыз-әдебиеті үлгілерін жақсы меңгеруі оның дүниетанымдық
көзқарасының қалыптасуына, ақындық өнермен айналысуына үлкен септігін тигізгені
белгілі. Сондықтанда Абайды « жұмбақ жан» деп атап, оның шығармашылығына құнды
еңбек арнаған Т.Әлімқұловтың: « Өзінің кім екенін білген Абай тоғыз жолдың торабында
өнерді, оның ішінде поэзияны таңдады. Поэзияның табиғатын жітік білген ақын
жомарттық жасайтын жерде жомарт та, сараңдық жас айтын жерде сараң. Ол кейде төкпе,
кейде бүкпе. Кейде сыршыл, кейде суретшіл. Кейде іңкәр, кейде торыққыш . Кейде
әсершіл, кейде байқампаз. Кейде ойшыл, кейде ақылгөй. Осының бәрі оның байырғы
болмысының, табиғи,дарынының үстіне оның мұратының мақсатының, мүддесінің
кеңдігінен туған қасиеттер еді» - деуін нағыз әділ баға деп білуіміз керек. Сондай-ақ
Абай халық мұрасының тәрбиелік мәнін жақсы түсініп, оны жинауға да аянбай ат
салысқан. Мәселен, ол ел ішінен қол өнер бұйымдарын жинастырып Семей музейіне
тапсыртады, маңайындағы ақын – жыршыларға халық арасына кең тараған жырларды
қайта жырлауды, оларды хатқа түсіруді жүктейді».
Халықтың ауызекі шығармашылығын Абай өзінің педагогикалық идеяларын таратуда
әсіресе, адамгершілік –эстетикалық тәрбиесін жүзеге асыруда қажетті құрал ретінде
пайдаланады.
Балалар мен жастардың әсемдікке, сұлулыққа деген көзқарасын қалыптастыруда Абай
өлеңдерінің рөлі ерекше. «Қуатты ойдан бас кұрап, еркеленіп шығар сөз» деп ұлы
ақынның өзі айтқанындай, оның өлеңдері туғаи жердің сұлу табиғаты, қазақ ауылының
көріністері, адамдардың көңіл-күйі сан алуан сезімдерімен ұласып музыка үніндей
естіледі. Мұндай суреттемелер «Жаз», «Күз», «Жазғытұрым», «Желсіз түнде жарық ай» т.
б; өлендеріпдс ерекше әсерлі көрсетілген. Абай қазақ аулының көшіп қонған көрінісін
«Жаз» деген өлеңінде былай деп шебер суреттейді.
Жаздыкүн шілде болғанда, Көкорай шалғыр, бәйшешек ¥зарып өсіп толғанда; Күркіреп
жатқан өзенге Көшім ауыл қонғанда; Шұрқырап жатқан жылқының Шалғыннан жоны
қылтылдап, Ат, айғырлар, биелер Бүйірі шығып ыңқылдап. Суда тұрып шыбындап,
Кұйрығымен шылпылдап,
Арасында кұлын, тай
Айнала шауып бұлтылдап;
Жоғары-төмен үйрек, қаз
Ұшып тұрса, сымпылдап.
Кыз, келіншек үй тігер,
Бұрала басып былқылдап,
Ақ білегін сыбанып,
Әзілдесіп сыққылдап '.
Өлеңдегі табиғаттың әсем көрінісі, күн шұғыласы, адамдардың, жан-жануарлардың іс-
әрекеттері — бәрі де балалардың қиялына қанат бітіріп, күнделікті тыныс-тіршіліктегі
көріністерге көңіл тоқтатып, ны эстетикалық тұрғыда қабылдай білуге үйретеді.
Абай өлеңдерінің әрбір жолынан балаларға үлгі — өнеге аларлық насихат белгілері көп
табылады. Мәселен, жыл мезгілдері: «Қыс», «Күз», «Жазғытұрым» өлеңдерінде табиғат
көріністерін суреттеуде қолданған Абайдың шешен тілі, сөздік кұрамы, әсем теңеулері
балалардың дүниетанымын кеңейте түседі. Абай табиғаттың қай көрінісінен болмасын
әдемілікті, сұлулықты көре білуге . шақырады. Табиғаттағы 'жан-жануарлар-дын өмір-
тіршілігіне зер салуға, құстардын әсем дауыстарын тыңдап, бір-бірінен айыра білуге, кең
байтақ өлкенің, орман-тоғайлар мен миуалы бақтардың, тау қойнауларының көріністерін
қызықтай білуге үйретеді. Бұл өлендердің балалар үшін танымдық құндылығы осында.
Мысалға «Желсіз түнде жарық ай» деген өлеңін алайық:
Желсіз түнде жарық ай,
Сәулесі суда дірілдеп.
Ауылдың жаны — терең сай,
Тасыған өзен гүрілдеп.
Калың ағаш жапырағы
Сыбырласып өзді-өзі,
Көрінбей жердің топырағы,
Құлпырған жасыл жер жүзі.
Мұндағы табиғат көрінісі суреттемесінің нақтылығы, мәселен, Абайдың түн
мезгіліндегі көл бетіне түскен ай сәулесінің дірілдеп көрінуін, ағаш жапырағының өзді-
өзімен сыбырласуын сипаттауы, жастарға ерекше бір әсер беріп, лирикалық сезімге
бөлейді, туған жер табиғатына деген мақтаныш сезімін тудырады.
Абай қазақ қыздарының нәзік жанын, ибалы қасиеттерін, мінез-құлқын, жүріс-
тұрысын, сұлу мүсінін, адамгершілік ар-ождан тазалығын, бүкіл болмысын тамаша бір
теңеулермен әсерлі жырлап,олардың мәртебесін көтеріп, жүрек сезімін өлеңге қосты.
Қақталған ақ күмістей кең маңдайлы,
Аласы аз қара көзден нұр жайнайды.
Жіңішке қара қасы сызып қойған
Бір жаңа ұқсатамын туған айды
Маңдайдан тура түскен қырлы мұрын,
Ақша жүз, ал қызыл бет тіл байлайды...
Осылайша әдемі кейіптеумен бірге :
Бұлардың кейбірінің мінездері,
Ешнәрсе көрмегенсіп бұртақтаған.
Кейбірі жайдары ашық боламын деп,
Орынсыз адамдармен жыртақтаған — -
Деп , қыз-келіншектерге мұндай одағай мінездің әркімге ұнай бермейтінін
ескертуді әсте ұмытпайды.
Абай өз өлеңдерінде халыктың дәстүрін еркін арқау етеді. Мысалы- «Жігіт сөзі» мен
«Қыз. сөзі» деген айтыс өлендерінде акын небір «шебер теңеулерді табады және тапқанда
қазақ „халқынын өз тірлігіндегі, өз табиғатындағы болмыстан мысалдар алады» . Жоқтау
өлеңдерінде де ескі халық поэзиясындағы жоқтауларды үлгі тұтса, ауыз әдебиетінде
ертеден жырланып келген жорық пен ғашықтық тақырыбына қатысты екі сюжетті
пайдаланады. Әрі оған жана сипаттама беріп,гуманистік, ағартушылық көзқараста
баяндайды. Сөйтіп жастарды өз елінің бай мұрасын танып-білуге көмектеседі.
«Сөз өнері - дертпен тең» деп кесек түйін жасаған сөз, тіл өнерін жоғары бағалаған
Абай жастарға жыршылық, ақындық табиғи дарын, таланттың ісі, тапқырлықтың белгісі
деп, өлеңге талап, талғам қажет екенін атап айтады.
Өлең — сөздің патшасы, сөз — сарасы,
Киыннан қиыстырар ер данасы.
Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп,
Теп-тегіс жұмыр келсін айналасы.
Бөтен сөзбен былғанса сөз арасы,
Ол — ақынның білімсіз бейшарасы '.
'Сөйтіп ол өз халқының өмірін, тұрмыс-тіршілігін, тілек-арманын өлеңмен өрнектеп
қана қоймай, әнге қосты, музыка тілімен ескілікті, кертартпа көзкарасты сынап, жақсыны
дәріптеді, жастарды өнер-білімді меңгеруге шақырды.
Мен жазбаймьш өлеңді ермек үшін,
Жоқ-барды, ертегіні термек үшін.
Көкірегі сезімді, тілі орамды,
Жаздым үлгі жастарға бермек үшін...
Мақсатым — тіл ұстартып, өнер шашпақ,
Наданның көзін жойып, көңілін ашпақ...
Үлгі алсын дсймін ойлы жас жігіттер,
Думан-сауық ойда жоқ әуел баста-ақ, — деп, Абай өзінің мақсатын, ішкі-жан сырын,
ешбір бүкпесіз жайып салады.
Абай эстетикалық тәрбиенің құралы ретінде халық музыкасының маңызына да
тоқталады. Қазақтардың жарық дүниеге келгеннеи өмірінің соңына дейінгі әнге, өлеңге,
музыкаға деген көзқарасын, солардың ықпалы-мен қалыптасатын эстетикалық сезімін
былай деп көрсетеді.
Біреудің кісісі өлсе, қаралы — ол,
Қаза көрген жүрегі жаралы — ол,
Көзінің жасын тыймай жылап жүріп,
Зарланып неге әнге салады ол?
Абай осылайша әнші жастардың эстетикалық көз-қарасы мен талғамының
қалыптасуына ықпал етумен бірге, олардың көмегімен қазақ даласына өзінің өлеңдерін де
қолма-қол таратып отырған. Тамылжытып салған ән ұйықтап жатқан жүректі тербетіп
оятады, көнілдегі мұңды таратып, жас балаша уатады- керемет бір ләззатка бөлейді,
дегенмен:
Адам аз мұны біліп ән саларлық, Тыңдаушы да аз, ол әннен бәһра аларлық.
немесе, Әнңің де естісі бар, есері бар, Тыңдаушының құлағын кесері бар ,- деп әннің
мақамын асқан бір әсерлілікпен қабылдай білу тындаушының музыкалық қабілеттілігіне,,
дарындылығына, сондай-ақ әннің мазмұнына байланысты екенін ескертеді.
Абайдың қара сөздері, өлеңдері мен әндері балалар мен жастарды «Өткірдің жүзі,
кестеніп бізі» салған ою-өрнектер тәрізді өзінің көркемдігімен, бояуының
қанықтылығымен қызықтырады, әрқилы ойға жетелейді, әсемдік сезімге бөлейді, көңілін
сергітеді. Өлендегі, қара сөздерге эпитеттер, теңеулер, әсірелеулер, көріктеулер, мақал-
мәтелдер, соны тіркестер өзіне тәнті етеді, дүниетанымдық, адамгершілік, эстетикалық
көз-қарастың дұрыс калыптасуына бағыт- бағдар береді. Халықтың ауызекі
шығармашылығын күнделікті өмір тәжірибесінде орынды пайдалану, оның мазмұнына
бойлап қарау қажеттігін еске салады.
Абайдың музыкасын терең түсіну талғамды — музыканың көркемдік қуатын түсіну
қабілетін қалыптастырып, оның музыкалық шығармаларындағы айтылған ойлар мен
сезімді, .«Әннің де естісі бар, есері бар» деп, ұлы ақынның өзі айтқандай, музыканы
жүрекпен сезіне қабылдай білуге дағдыландырады.
Түптеп келгенде, Абай шығармалары заман өзгерістерінің қай кезеңдерінде болмасын
өзінің кұндылығын, тәрбиелік мәнін жойған емес және жоймайды да.
Осы жоғарыда айтылғандардың бәрі ғұлама ағартушы идеясының, ой-пікірі мен ақыл-
өсиетінің өміршеңдігін, жаңашылдығын көрсетеді. Олар әсіресе бүгінгі таңда, қоғамның
жаңаруы, демократиялануы процесінде, еліміздің егемендік алып, тарих қайта кұралып.
жатқан кезде жеткінішек ұрпақтың адамгершілік касиеттерін, эстетикалық талғамын
қалыптастыруда маңызды рөл атқара түсуге тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |