«Б. Түлкиев атындағы жалпы орта мектебі» кмм



бет5/27
Дата20.04.2023
өлшемі1,06 Mb.
#84787
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27
«Талқылайық»
Ал, балалар, әрдайым мынадай жол ережелерін есімізде мұқият сақтау үшін тағы да бір талқылайық және жаттап алайық.
1. Көшеде жүру тәртібін орындамау көліктің жүріп тұруына кедергі келтіреді, жұмысшылар басқа, оқушылар сабаққа, дәрігерге, басқа да барар жерлерге дер кезінде жетпеуі мүмкін.
2.Көшеде келе жатып, қақпадан шығып жатқан машинаны көрсең, сақтанып, күте тұр. Көшеде тоқтап тұрған машинаның қасынан абайлап өт. Машина есігін ашып қалуы мүмкін.
3. Мектепке келе жатқанда өзіңе қауіпсіз болатын жолды таңдай біл. Өткел тар болса, кездескен үлкен кісіге жол бер.
Транспорттың артына жабысуға болмайды. Құлап апа тқа ұшырауы мүмкін.
4.Жүріп келе жатқан көліктің алдынан өтіп кетемін деуші болма. Ол тоқтағанша не өтіп кеткенше тоса тұр.
5. Аялдама тұрған автомобиль, автобус, троллейбустың, машинаның арт жағынан айналып өт. Сонда сен оның соңында келе жатқан машинаны дер кезінде көре аласың.
6 Көшеден өтерде әуелі сол жағына көшенің орта тұсына жеткенде, оң жағыңа көз сал. Егермашина келе жатса, өтіп кеткенше сол орныңда күте тұр.



Қорытындылау
«Қызылдар» тобы: Тоқта! Сен жолда жүру ережесін білесің бе? Бұл ережені білмесең, өміріңе қауіп төнуі мүмкін. Сондықтан да үнемі есіңде сақтап жүр, жас дос!
«Сарылар» тобы: Жол ережесін білмейтін кішкене інілерің мен қарындастарыңа ақыл-кеңес беріп, оларға жол ережесін үйретуге дайындал. Бұл сенің міндетің.
«Жасылдар» тобы: Өміріңнің қай кезеңінде де жолдарың ашық болсын!

Маркер, стикер, плакат



Соңы
5 минут

Рефлексия. «Қауіпсіз жол»
Әр оқушы бүгінгі сабақтан түйген әсерін немесе есіне ерекше сақтап қалған жол ережесін стикерге жазып, «қауіпсіз жолға» жабыстырады

Үлестірмелік қағаздар



Саралау іріктелген тапсырмалар, бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету жұмыстары.

Тапсырманы толық дұрыс орындаған оқушыларды марапаттау

Нұсқаулықпен жүргізіледі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет