Б з. д 5 мың жылдыққа тән


Ежелгі адамдардың қоршаған орта туралы түсінігі



бет2/4
Дата26.12.2022
өлшемі488,33 Kb.
#59797
1   2   3   4
Ежелгі адамдардың қоршаған орта туралы түсінігі. Білімнің дамуы.
Адамдар өз білімдерін суретті хат- пиктография (тасқа түсірілген хат суреттер) арқылы хабарлаған.Өнердің шығуы.Өнердің пайда болуы адамдардың рухани мәдениетінің дамуы туралы мағлұмат береді.Адамдар мен жануарлардың ойма суреттері (гавюра) үңгірдің қабырғасында бейнеленген.Сәндік заттардың көбі сүйектен жасалды. Сүйек пен мүйізден жасалған мүсіндерде аналық рудың белгісі ретінде әйелдердің бейнесі көп кездеседі. Қаратаудағы Қараүңгір мекенінен табылған қыш ыдыстардың дөңгелек түптері қызыл бояумен боялған.Қарағанды облысынан табылған қыш ыдыстар геометриялық өрнектерммен әшекейленген.
Алғашқы діни түсініктер

  1. Анемизм- жан мен рухтың барлығына сену

  2. Тотемизм- шығу тегін жануарлармен байланыстыру

  3. Магия -табиғаттың тылсым әрекетіне сиынып құлшылық ету.

  4. Зоопатрия -аң –құстарға табыну

  5. Фетишизм -жансыз затқа сену

8-нұсқа

1.Алғашқы адамдардың ерекше қасиетті деп бір затқа табынуы:
А) Фетишизм
В) Тотемизм
С) Анимизм
Д) Магия
Е) Зоопатрия
2.Қаратаудағы Қараүңгір мекенінен
табылған қыш ыдыстардың түптері
боялды:
А) Ақ бояумен
В) Сары бояумен
С) Жасыл бояумен
Д) Қызыл бояумен
Е) Қара бояумен
3.Еуразия даласындағы ең алғашқы жылқы өсірген бақташы тайпалар:
А) Сақтар
В) Ботайлықтар
С) Андрондықтар
Д) Тасмолалықтар
Е) Сарматтар
4.Шебірден табылған бұйым:
А) Алтыннан жасалған тәж
В) Ұлу қабығынан жасалған мошақ
С) Орақ тәрізді қапсырма
Д) Салпыншақ әшекейлер
Е) Шиыршықталып оралған білезік
5. Мысты-тас дәуірінде қоғамда пайда болған ірі өзгеріс:
А) Аталық ру толық орнықты
В) Өнім өндіріп, еңбек құралын жасау жетілдірді
С) Адамдар үнемі жайылымдарын ауыстырып отырды
Д) Туысқандық негізде құрылған аналық ру шықты
Е) Еңбек бөлінісі қалыптасып,аталық ру орнай бастады
6.Шебір тұрағы жататын дәуір:
А) Неолит
В) Темір дәуірі
С) Мезолит
Д) Энеолит
Е) Мустье
7.Энеолит кезеңіне тән оқиға:
А) Жануарларды қолға үйрету басталды
В) Қыш құмыра жасауды үйренді
С) Алып мұздықтар ери бастады
Д) Аталық ру орнай бастады
Е) Неандерталь адамы қалыптасты
8.Ежелгі шебір тұрғындары ыдысты әшекей ету үшін пайдаланды:
А) Арқан таңбасы сияқты өрнекті
Е) Геометриялық өрнекті
С) Тарақ тісі сияқты өрнекті
Д) Төрт бұрышты өрнекті
Е) Күннің суретін салды
9.Энеолиттік Ботай тұрағының мерзімі:
А) Б.з.б.3-2 мыңжылдықтар аралығы
В) Б.з.б.4-5 мыңжылдықтар аралығы
С) Б.з.б.5-6 мыңжылдықтар аралығы
Д) Б.з.б.6-7 мыңжылдықтар аралығы
Е) Б.з.б.7-8 мыңжылдықтар аралығы
10.Қазақстан террриториясындағы Маңғыстау өңіріндегі энеолит
тұрағының атауы:
А) Ботай
В) Шебір
С) Шақпақата
Д) Шабақты
Е)Арыстанды
11.Тас,жартас бетіне қашау арқылы сызып немесе ойып салынған ежелгі
сурет атауы:
А) Полихром
В) Фреска
С) Стиль
Д) Петроглиф
Е) Гравюра
12.Мысты-тас дәуірінің Солтүстік Қазақстан аумағынан табылған қонысы:
А) Ботай
В) Пеньки
С) Мұзбел
Д) Шебір
Е) Алексеев
13.Қазақстан территориясында энеолит тұрақтары:
А) Арыстанды,Пеньки
В) Шебір,Ботай
С) Зеленая Балка,Нұра
Д) Шақпақата,Шабақты
Е) Пеньки,Секскуіл
14.Энеолиттік Шебір мекені орналасқан өңір:
А) Маңғыстау
В) Қаратау
С) Солтүстік Қазақстан
Д) Жетісу
Е) Сарыарқа
15.Ботай мәдениетінің қамтыған уақыты:
А) б.з.б. ХХV- ХХІІ ғасырлар
В) б.з.б. ХХІІІ- ХХІ ғасырлар
С) б.з.б. ХХІV- ХХІІ ғасырлар
Д) б.з.б. ХХ- ХІХ ғасырлар
Е) б.з.б. ХХVІІ- ХХІ ғасырлар
16.Ер адамдардың үстемдігі қалыптасты
А) Мезолит дәуірінде
В) Қола дәуірінде
С) Мыс-тас дәуірінде
Д) Неолит дәуірінде
Е) Темір дәуірінде
17.Аталық рулық қоғам қалыптасқан
дәуір:
А) қола
В) мысты-тас
С) орта тас
Д) жаңа тас
Е) ежелгі тас
18.б.з.б.3000-1800 мың жылдартарихта аталды:
А) Орта палеолит дәуірі
В) Кейінгі палеолит дәуірі
С) Мезолит дәуірі
Д) Неолит дәуірі
Е) Мыс-тас дәуірі
19.Алғаш рет металл қолданылған дәуір:
А) Мезолит
В) Темір
С) Қола
Д) Энеолит
Е) Неолит
20. Адамдар мыс өңдеуді үйренген мерзім:
А) 5 мың жыл бұрын
В) 4 мың жыл бұрын
С) 3мың жыл бұрын
Д) 2 мың жыл бұрын
Е) 1 мың жыл бұрын



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет