Бақ материалдары негізінде стильдік ауытқулар


Мысалы,кейбір білікті журналистердің өзінен “үлкен рақмет”



Pdf көрінісі
бет2/5
Дата02.11.2022
өлшемі1,28 Mb.
#47016
1   2   3   4   5
Мысалы,кейбір білікті журналистердің өзінен “үлкен рақмет”
дегенді байқаймыз. “Большое спасибо” дегеннен
шыққан.Қазақтар үлкен рақмет айтпайды,қазақтар көп-көп
рақмет айтады. “Көп рақмет” деген таза қазақы ұғымдағы
алғыс білдіру формасы. “Кеш жарық” деген де біздің қазақи
форма.Былай қарағанда,логикаға салсаңыз, кеш жарық
болмайды ,бірақ “Кешің жарық болсын!” деп тілейді. Ал
бірақ,өкініштісі,біз кейде орыс тілінің әсерімен “Қайырлы
кеш!” деп айтып қалып жатамыз.
Көп журналистеріміз эфир алдында да, мақала жазғанда да тілдік
нормадан ауытқып түрлі стильдік қателердің орын алуына себепкер
болып жатады. 


 Үлкен кісіге қатысты, жасы үлкен адамға
қатысты, енді "жасар" деген форма әдетте
қолданылмайды қазақта. Әдетте, "жасар" деп
балалалық шақтағы, жасы кішкентай балаларға
айтылады. Мысалы, бес жасар, төрт жасар, үш
жасар, екі жасар бала деп айтып жатады. "Жасар"
деген сөзден кейін міндетті түрде "бала" деген
сөзді айтқың келіп тұрады. Ал, үлкен кісілерге
қатысты, жасы үлкен адамдарды, енді "сексен екі
жастағы", "сексен екі жасқа толған", "жасы сексен
екіге келген" деген қазақи қолданыстар бар.
Сондықтан осы "жасарды" балаға қатысты ғана
айту керек.
Жиі қолданылатын, алайда қате болып жататын тағы бір-екі мысал қарастырсақ.
Соның бірі "сексен екі жастағы" я болмаса "сексен екі жасар", "алпыс екі жастағы" -
"алпыс екі жасар" деп айтып жатамыз. 


Қазақ тілінде "отырықшылыққа" қарама-қарсы
қойылып жүрген "көшпенді мәдениеті" бар ғой
енді. Сол мәдениетті атайтын сөз сол


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет