Бақ материалдары негізінде стильдік ауытқулар


"көшпендінің" өзі ғана, "көшпелі мәдениет" деуге



Pdf көрінісі
бет3/5
Дата02.11.2022
өлшемі1,28 Mb.
#47016
1   2   3   4   5
Байланысты:
БАҚ материалдары негізінде стильдік ауытқулар (1)

"көшпендінің" өзі ғана, "көшпелі мәдениет" деуге
тіпті келмейді. "Көшпелі" деген сөз қазақ тілінің
нормасына сәйкес жасалған, нормасына сәйкес
келеді, жүйе бойынша жасалған. Алайда, тілде
қалыптасқан дәстүрдің бәрі жүйеге сәйкес келе
бермейді. Сондықтан "көшпенді", "қазақ көшпенді
халық", "көшпенді мәдениет", ал "көшпелі" болса
қазіргі кезде енді "көшпелі вагондар" деген сияқты
қолданыстарға ол сөздің де ретін тауып, оған да
белгілі бір жүк арқалатып қоюға болады. Ал енді
мәдениетімізге қатысты айтатын болсақ ол
"көшпенді", "отырықшыға" қарсы қойылатын осы
бір мәдениетті "көшпенді" дейді.
 "Отырықшы салтты ұстанған", болмаса, "көшпелі салтты ұстанған" дейді,
кейді "көшпелі" дегенді "көшпенді салтты ұстанған" деп жатады. Қайсысы
дұрыс ?


"Америкалық", "италиялық" дұрыс. Ал енді арасындағы "н"
дыбысы қосылып кеткен "американдық", "итальяндық"
деген қолданыстар бұл орыс тіліндегі сындырылған сөзді
тура қазақша алу. Орыс тілінде бұларды "интерфикс" дейді.
Яғни "аралық сынама дыбыс" дейді. Олар, мысалы,
"американский" дейді "америкаский" демейді, ол жерге
апарып "н" жалғайды. "Итальяский" демейді "итальянский"
деп "н-ды" жалғайды. "ский" деген сын есім жасайтын
жұрнақтың алдына интерфикс қолданылады. Біз соны дәл
солай аударып "американдық", "итальяндық" де айтып
жатамыз кейде, бұл қате, қате. Таза қазақша сол түбірге
апарып сын есімдік жұрнақты жалғау керек.
"Америкалық", "италиялық" деп.
"Америкалық", "американдық" деп жатамыз, я болмаса "итальяндық",
"италиялық" деп жатамыз. Қалай айтқан дұрыс ?




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет