Бабаев С. Б., Оңалбек Ж. К



Pdf көрінісі
бет16/20
Дата28.01.2017
өлшемі1,76 Mb.
#2897
түріОқулық
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20

принципі.  Озат  ойлы  педагогтар  тəрбиені  «өсиет  пен  өнеге,  сендіру 
жəне  зорлау  жəрдемімен  адамдарды  нəзік  шақтан  іс-əрекетке  қосып, 
игерілген  ережелерді  тұрмыста  қолдануға  үйретуші  қоғамдық 
құрылым» (Г.  Сент-Джон)  ретінде  таныған.  əр  дəуірде  бұл  принцип 
мəні  ауысып  барған:  бірде  жеке  тұлғалық  бағыт  басымдау  болып, 
кейде  қоғамдық,  мемлекеттік  бағыттар  жетекшілік  еткен.  Алайда, 
тəрбиенің  басты  міндеті - адамды  белсенді  қоғамдық  əрі  рахат  жеке 
өмірге дайындау - қай заманда да сақталып қала береді. 
Бұл  принцип  бойынша педагогтың барша қызметі өсіп келе жатқан 
əулет  тəрбиесін  мемлекеттің  тəрбиелік  стратегиясына  сəйкес 

орындауға жəне əлеуметтік үйлесімге келген тұлғаны қалыптастыруға 
бағытталуы тиіс. Мемлекет қызметіндегі тұлға ретінде тəрбиеші тəрбие 
саласындағы  мемлекеттік  тапсырысты  орындайды.  Егер    мемлекет 
жəне  қоғам  мүдделері  сəйкес  келсе,  азаматтардың  жеке  мүдделерімен  
үйлесімді  болса,  онда  тəрбие  принциптері  де  тəрбие  мақсаттары  мен 
міндеттерінің  саласында  өзіне  тиісті  орын  алады.  Ал  бұл  жағдай 
керісінше болса, принцип іске аспай қалады, себебі тəрбиешінің тəрбие 
істері қорына толыққанды тəрбие үшін қажет нақты деректер түспейді. 
Бұл  принципті  іске  асыру  барысында  əсіре  ұрандаудан,  желікпе 
үндеулерден,  бөспе  сөзділіктен  аулақ  болған  абзал,  себебі  тəрбие  ең 
алдымен  құнды  əрекет-қылық  жəне  қарым-қатынас  тəжірибесін 
жинақтауға  мүмкіндік  беретін  пайдалы  іс-əрекет,  қызмет  процесінде 
жүзеге келеді. Алайда, оқушы араласқан нақты іс-əрекет (ойын, еңбек, 
қоғамдық  істер,  оқу,  спорттық  жəне  т.б.)  тəрбиелік  мəнге  ие  болуы 
үшін, оның субъекті - балада сол əрекетке деген қоғамдық құнды сеп-
түрткілерді қалыптастыру қажет. Егер олар жоғары ізгілікті, қоғамдық 
мəн-мағынасымен  елеулі  болып  келсе,  əрекет-қылықтар  нəтижесінде 
орындалатын  қызмет  те  үлкен  тəрбиелік  ықпалға  ие  болады.  Əр 
тұлғаның əлеуметтік сапаларын орнықтыруда оқушылардың қоғамдық 
пайдалы  еңбегі  олардың  мақсатты  бағытталған  сана-сезімін 
қалыптастыру істерімен ұштасуы қажет. Баланы қандай да іс-
əрекетке ойыстыруға  қолданылған  сөз, ауызекі нұсқау, нақты 
тұрмыстық 
пайдалы 
қызмет 
пен 
ұнамды 
əлеуметтік 
тəжірибеде өз бекімін табуы тиіс. 
 Тəрбиенің өмір жəне еңбекпен байланыстық принципі« Мектеп 
үшін  емес - өмір  үшін» - ұранымен  күтіп  алады  екен  ежелгі  Рим 
мектептері  өз  оқушыларын.  Адамзаттың  алғашқы  қадамдарының 
өзінде  –ақ  адам  тəрбиесімен  шұғылданған  тұлғалар  өмір  мен  тұрмыс 
практикасынан  ажыралған  тəрбиенің  мағынасыз  болатынын  түсінген. 
Адам  тұлғасын  қалыптастыру  оның  іс-əрекетімен,  қоғамдық  жəне 
еңбектік қатынастарға келуімен тікелей тəуелді байланыста. Адамның 
ұнамды  сапалары  еңбекте  ғана  дамиды:  неғұрлым  ол  ауқымды, 
мақсатқа  орай  болса,  тұлғаның  дамуы  мен  əлеуметтену  деңгейі  де 
жоғары келеді. Осыдан да тəрбиеленушілерді қоғамдық өмірге, əрқилы 
пайдалы  істерге  араластырумен  оларға  болған  ұнамды  көзқарас  пен 
қарым-қатынастарын қалыптастырып бару міндетті шара. Тең құқықты 
мүше  ретінде  еңбек  процесіне  қатыса  отырып,  бала  адамгершілікке 
баулынады,  рухани  жəне  тəндік  дамуға  келеді,  еңбектің  қоғамдық 
мəнді  сеп-түрткілерін  ажырататын  болады,  өзінің  моральдық  сапа-
қасиеттерін бекітеді, одан əрі жетілдіреді. 
Тəрбиені  өмірмен  байланыстыру  принципі  педагогтардан  екі 
бағытта  белсенді  қызмет  атқаруды  талап  етеді: 1) тəрбиеленушілерді 
адамдардың  қоғамдық  өмірі  жəне  еңбегімен  қолма-қол  əрі  кең 

таныстырып,  жалпы  тұрмыста  болып  жатқан  əлеуметтік  өзгерістерді 
мезетінде  түсіндіріп  бару; 2) тəрбиеленушілерді  шынайы  өмір 
қатынастарына тартып, араластыру, қоғамдық пайдалы іс-əрекеттердің  
сан-алуан  түрлеріне  қызығулары  мен  бейімділіктеріне  сəйкес  қосып, 
оның нəтижесінен рахат сезінуге баулу. 
  Аталған  принципті  іске  асыру  барысында  педагог  орындауы  тиіс 
міндеттер төмендегідей:     
-  қоғам  мен  адам  өміріндегі  еңбектің  маңызын  əр  балаға  жете 
түсіндіру; 
-  материалды  жəне  рухани  дүние  өндіруші  еңбек  адамдарына 
болған құрметке  баулу; 
-  шаршап-жалықпай  еңбектену  қабілетін  дамыту,  қоғам  жəне  өз 
мүддесі  үшін  адал  да  шығармашылықпен  іс  қылу  ниеттерін  өрістете 
түсу; 
-  қазіргі  заман  өндірісінің  жалпы  негіздері  жөніндегі  ақпараты 
жеткізу; 
-  еңбек  аясында  өз  басы  мүдделері  мен  қоғамдық  міндеттерді 
үйлестіре  білуге,  қоғам  қажеттері  мен  өз  ниеттеріне  орай  кəсіп 
таңдауға үйрету; 
-  қоғамдық  игілік  жəне  табиғат  байлықтарына  құндылықпен 
қатынас жасауға баулу; 

қоғамдық 
мүлікке 
байланысты 
ысырапшылдыққа, 
жауапкерсіздікке,  талан-тараждыққа,  табиғат  байлықтарына  болған 
жыртқыштыққа төзбеушілік сезімін ояту. 
Тəрбиені өмір жəне еңбекпен ұтымды ұштастыру мақсатында келесі 
ережелерді ұстанған жөн: 
1.  Желең  сөз  емес,  оқушылардың  нақты  əрі  қолынан  келер  ісі 
пайдалылау.  Осыған    орай    тəрбиеші    сабақ  жəне  сыныптан  тыс 
жұмыстарға  қойылатын  талаптар  бағдарламасын  түзіп,  оларды 
бірізділік принципі негізінде іске асырып баруы шарт. 
2. Өз əрекеттерін жанұя талаптарымен үйлестіре отырып, тəрбиеші 
əр  оқушыға  оның  басты  міндеті  оқу  екенін  жете  түсіндіруі  лазым. 
Бұған қосымша –үйге жəрдемдесу, əлі жететін басқа да тапсырмаларды 
орындау. 
3.  Бала,  əдетте,  қандай  да  істі  орындауға  құштар;  енжарлық, 
селқостық, іссіздік-бала табиғатына жат құбылыстар. 
4.  Дəрістер  мен  сыныптан  тыс  тəрбие  жұмыстарында  өлкетану 
материалдарын пайдаланған өте тиімді. 
5.  Ересектермен  қатар  еңбекке  араласуынан  балалар  қолға  алған 
жұмыстарды  жауапкершілікпен  бағамдауға  үйренеді,  ал  бұл  олардың 
азаматтық сапаларының дамуына жəрдем береді. 
6.  Бала  тəрбие  процесінде  өз  еңбегінің  басқа  адамдарға,  қоғамға 
қажет əрі пайдалы екенін сезінуі тиіс. 

Тəрбиеде  өнеге-үлгіні  сүйеніш  ету  принципі.  Егер  өз 
тəрбиеленушісінде  педагог  тырнақтай да  жақсылық  нышанын  байқап, 
оны тəрбие процесінде пайдаланатын болса, оның шəкірт жанына жол 
тауып,  тезірек  табысқа  жетуі  сөзсіз.  Дана  педагогтар  тіпті  тəрбиесі 
жетімсіз  балалар  мінезінен  де  ұнамды  бітістер  тауып,  оларды  тəрбие 
мақсатына  орай  басқа  да  қасиет-сапаларды  қалыптастырып, 
тұрақтандыруға  шеберлікпен  қолдана  алған.  Ұнамды  үлгі-өнегелерді 
сүйеніш  ету  принципінің  талаптары  қарапайым:  педагог  баланың 
ұнамды  мінез  бітісін  табады,  оны  пайдаланып,  басқа,  əлі 
қалыптаспаған  не  кері  кеткен  мінез  бітістерін  дамытады,  қажетті 
деңгейге жетілдіріп, өзге əрекет-қылық сапаларымен үйлестіреді. 
 Баланың 
ұнамды 
сапалары 
(жануарларға 
мейірім, 
тума 
қайырымдылық,  ықыластылық,  жомарттық  жəне.т.б.)  келеңсіз 
қасиеттермен  (уəдесіздік,  өтірік  айту,  еріншектік  жəне  т.  б.)  бірге 
жүреді.  Бірақ  түгелдей  «бұзық»  не  тума  «сүйкімді»  бала  болмайды. 
Адамдағы  болымды  қасиеттерді  молынша  көбейтіп,  кері  сапаларды  
мүмкіндігінше азайту –тұлғаны ізгілендіру жолындағы тəрбие қолынан 
келер маңызды міндет. 
Тəрбиеші  қызметі  табысты  болып,  тез  əрі  ұнамды  нəтижеге  жетуі 
үшін, ол келесі ережелерді ұстануы қажет: 
1. Тəрбие  процесінде  дау-дамайға,  тəрбиеші  мен  тəрбиеленуші 
арасындағы қайшылыққа, күш жəне көзқарас тайталасына жол бермеу 
міндетті.  Тек  қызметтестік,  ымырашылдық  пен  шыдамдылық  жəне 
бала  тағдырына  мүсіркей  араласумен  ғана  ұнамды  нəтижелерге  жету 
мүмкін. 
2. Оқушы  қылық-əрекетіндегі  тек  олқылықтар  мен  кемшіліктерге 
ғана  назар  аудара  беру  қателік.  Əрдайым  жақсы  нышандарды  тауып, 
қолдау  шарт,  əлбетте,  келеңсіз  сапаларды  түзету  қажет.  Дегенмен, 
мүмкін  болғанша,  алдымен  ұнамды  қасиеттерді  анықтап,  қажет  болса 
қалыптастырып, одан əрі оларды жетілдіре түсу тиімді. 
3. Педагогикалық 
тұрғыдан 
тəрбиеленушілердің 
ұнамды 
қызығулары мен бейімділіктеріне (танымдақ,эстетикалық,табиғат жəне 
жануарларға  қайырымдылық  жəне  т.  б)  арқа  сүйеген  тиімділеу,  олар 
жəрдемімен      көптеген  еңбек,  имандылық,  эстетикалық  тəрбие 
міндеттерін шешуге болады. Ұнамды үлгі-өнегені пайдалану принципі 
тəрбие  процесінің  табиғатына  берілген  жетекші  өзекті  таба  білуге 
байланысты.  Əр  нақты  жағдайға  орай  осы  өзекті  табу-бала  тəрбиесі 
жолында жанпидалыққа түскен қай педагогтың да қолынан келетін іс. 
4. Ұнамды  тəрбие  аясын  (фон)  түзу-өнеге  пайдалану  принципінің 
жəне  бір  шарты.  Бұл  ая  құрамы - тəрбиеленушілердің  тіршілік,  іс-
əрекет  ауқымы  мен  тəрбиелік  қатынастар  стилі.  Байыпты,  іскерлік 
жағдай  жасалып,  əркім  өз  ісімен  шұғылданып,  басқаларға  кедергі 
болмаса,  еңбектену  мен  тынығу  жоғары  дəрежеде  ұйымдастырылса, 

«қабырға      да  көмектесіп»  дегендей  сергек  те  сенімді  алға  ілгерілеу 
болады.  Жұмыс  орнының  барша  қолайлылықтары  алдын  ала 
ойластырылып,  үйлесімді  əрекеттер  мен  бірдің  екіншіге  болған 
қамқорлығы  сезілсе,  мұның  бəрі  қызмет  бабындағы  адамға  ұнамды 
əсер етпей қоймайды. 
5. Қателіктерінен үздіксіз кері əсерге ұшыраған бала өзіне, өз күш-
қуаты  мен  мүмкіндіктеріне  сенуден  қалады.  Тəжірибелі  педагогтар 
ғұлама Гомерден қалған «Мадақ бар жерде-Жаратқан мен сəби жүреді» 
қанатты  ойды  ұстанып,  балаға  деген  жылы,  қолдау  лебізін  бір  де 
аямайды,  болашақта  қолға  кіретін  жетістіктері  үшін  де  алдын  ала 
мақтауға  жомарт  келеді.  Олар  баланың  жақсы  қылығын  күні  бұрын 
жобалап,  оның  нəтижелі  боларына  баланы  сендіреді,  өз  шəкірттерін 
қызметтес  жолдасына  айналдырып,  қателескен  жерінде  қол  ұшын  
береді. 
Тəрбиелік ықпалдар бірлігі принципіБұл принциптен туындайтын 
мақсат-бала  тəрбиесіне  қатысты  ықпалдардың  баршасын  (жанұя, 
мектеп,  мектептен  тыс  қоғамдық  мекемелер,  жалпы  қауым)  бірлікті 
іске  қосып,  тəрбиеленушілерге  өзара  үйлестіріліп,  келісілген  талаптар 
қоюды  жүйелеу.  Егер  мұндай  бірлік  пен  үйлесім  болмаса,  тəрбие 
процесінің  қатысушылары    А.И.Крыловтың  кейіпкерлері  Шаян,  Аққу 
жəне Шортан секілді əрекеттерін жан-жаққа шашыратып алмауына кім 
кепіл?  Бұдан  үлкен  зиян  көретін  алдымен  тəрбиеленуші:  кімге  сеніп, 
кімге еретінін білмей сарсаң болады, өзіне абырой тұтқан «пірлерінің» 
ішінен  жөндісін  айыра  алмай,  күйзеліске  келеді.  Ал  мұндай 
жүктемеден  белі  қатаймаған  баланы  құтқару  үшін  тəрбиелік 
ықпалдардың бəрін бір арнаға келтіріп, тұлғаға бағытталған күштердің 
ұнамды  əсерін  көтеру-тəрбиелік  ықпалдар  бірлігі  принципінің  басты 
талабы. 
Аталған  принципті  іске  асырудың    төменде  келтірілген    ережелері 
тəрбиешіге  өз  қызметінің  барша  саласында  кезігетін  жағдайларды 
ескеруге көмектеседі: 
1)  Тəрбиеленуші  тұлғасы  отбасы,  жолдас-достары,  төңірегіндегі 
ересек адамдар, қоғамдық мекемелер мен оқушылар ұжымы жəне т.б. 
ықпалында  қалыптасады.  Осы  сан  қилы  ықпалдар  арасында  біршама 
маңызды рөл сынып ұжымы мен тəрбиеші тұлғасына тиісті болатынын 
еске  ұстай  отырып,  басқа  да  тəрбиелік  əсер  көздері  болатынын 
ұмытпаған  жөн.  Сыныптағы  оқушылар  мен  тəрбиешіден  болатын 
талаптардың бір-біріне қайшы келмей бір бағытта болғаны аса қажет. 
2)  Тұлға  қалыптастырудағы  бас  жетекші – отбасы.  Өз  баласының 
даралық  ерекшеліктерін  тереңнен  сезіну,  оның  тəрбиесінде 
қайталанбас жол таба білу мен сол тəрбиеге мейір, жүрек жылуын қосу 
тек  ата-аналарға  ғана  берілген  шеберлік.  Бұл  тұрғыдан  оларды 
ешқандай тəрбиеші –педагог не оның істері ауыстыра алмайды. «Ұяда 

не  көрсең,  ұшқанда  соны  ілерсің» -деп  атам  қазақ  бекерге  айтпаған. 
Осыдан, талап – отбасымен қажет байланысты қолдап, қуаттау, бекіте 
түсу, қай тəрбиелік мəселе болса да, оны ата-аналармен бірлесе шешу. 
3) Тұрмыста осы тəрбиеге байланысты кейде табиғи тəрбиелеуші – жанұя 
ресми  тəрбиеші-  педагог  талаптарын  ұнатпай  қалатын  да  жағдайлар  
кезігіп  қалады.  Көп  жағдайда  ата-аналар  өз  балаларын  шектен  тыс 
еркелетіп,  олардың  жанаярлыққа  түсуіне  қолқа  болады  да 
педагогтардың сол бала тəрбиесіндегі барша жетістіктерін демде желге 
ұшырады.  Мұндай  келісімсіздіктерді  жоюда  бала  тəрбиесін 
оңды  жолға  қоялық  дегендердің  бəрі  ортақтастық  табуға 
ынталы болғаны жөн. 
4) Кейде тəрбиеші ұжым, қоғамдық ұйымдар пікірлерімен келіспей, 
өз əріптестерін сынға алатын жағдайлар да болып қалады. Бұл балалар 
көзқарастары мен нанымдарына əсер етпей қоймайды. Сондықтан бала 
тəрбиесі  мекемелерінің  мүшелері  өзара  келісімде,  бірлікті  қызмет 
жүргізгені жөн. 
5)  Ұштастық  пен  бірізділік  принциптері  талаптарына 
орайлас  дəрістерге  жəне  оқудан  тыс  тəрбие  жұмыстарын  бір 
жүйеде  алып  барған  орынды.  Тəрбие  жұмысында  бұрыннан 
орныққан  ұнамды  қасиет  сапаларды  ескерген  жөн.  Педагогикалық 
ықпалдар  мен  талаптар  біртіндеп  күрделеніп  баруы  керек. 
Бірлікті  талаптардың  орындалуы  жолында  отбасы  мен  ата-аналарға 
тікелей кеңесші – тəрбиеші-педагог. 
6)  Тəрбиелік  ықпалдары  үйелестіру  тəсілі – тəрбиеге  қатысты 
адамдардың, қызмет түрлері мен əлеуметтік мекемелердің басын қосып 
күш  біріктіру.  Осыдан  да  тəрбиеші  қоғамдық  мекемелер,  əлеуметтік 
қауымдастықтар  жəне  отбасымен  байланыс  түзуде  шаршап  –шалдығу 
білдірмегені жөн.  
Сонымен,  тəрбие  принциптері – тəрбие  процесінің  мазмұнына, 
əдістеріне,  ұйымдасуына  қойылатын  негізгі  талаптарды  анықтаушы 
жалпы  бастау  тұжырымдары.  Бүгінгі  таңдағы  гуманистік  педагогика 
ұстанған  принциптері:  тəрбиені  нақты  тұлғаға  бағыттау;  жеке  жəне 
қоғамдық  тəрбие  бағыттарын  үйлестіре,  байланыстыру;  тəрбиені  өмір 
жəне еңбекпен ұштастыру; тəрбиелік ұнамды үлгі - өнегені арқау ету; 
тəрбиелік ықпалдарды біріктіре, пайдалану. 
 
Сұрақтар мен тапсырмалар  
 
1.  Тəрбиенің негізгі заңдылықтарына түсінік беріңіз. 
2.  Гуманистік тəрбие принциптерін атаңыз. 
3.  Гуманистік тəрбие принциптерінің негізгі салаларын атаңыз. 
4.  Педагогикалық 
қызметтегі 
тəрбие 
принциптері 
мен 
ережелерінің маңызын ашып беріңіз. 

14-дəрісбаян. Тəрбие процесінің мазмұны
 
 
 
 
 
Жоспары 
 
1.  Жалпы  адамзаттық  құндылықтар  мен  құндылықты  бағыт-
бағдарлар  
2. Тұлғаның  базалық мəдениетін қалыптастыру 
3.  Бала  құқықтары  жөніндегі  халықаралық  құжаттар  идеяларының 
тəрбие мазмұнында ескерілуі 
 
14.1. Жалпы адамзаттық құндылықтар мен 
құндылықты бағыт-бағдарлар  
 
Тұлға  мəдениетінің  негізі  оның  жалпы  адамзаттық  құндылықтарға 
қатынасынан  көрінеді. «Құндылық»  термині  болмыстың  белгілі 
құбылыстарының  адами,  əлеуметтік  жəне  мəдени  мəн-мағынасын 
білдіру  үшін  қолданылады.  Адам  қызметіндегі  заттар,  қоғамдық 
қатынастар  жəне  олар  қамтыған  табиғат  құбылыстары  құндылықты 
қатынастар  нысандары  ретінде  танылған  бағалы  заттар  сипатында  іс-
əрекетке қосылады, яғни бұлардың бəрі де жақсылық пен жамандық , 
шындық  пен  жалғандық,  əсемдік  пен  ұсқынсыздық,  əділдік  пен 
əділетсіздік жəне т.б. тұрғысынан пайымдалады. Белгілі құбылыстарды 
бағалауға  негіз  болған  тəсілдер  мен  өлшем-шектер  субъектив  баға 
түрінде  қоғамдық  сана  мен  мəдениетте  бекиді  де  адам  əрекетін 
бағыттаушы құралдарға айналады. Қалыпты тəртіптік ұғым формасына 
енген мұндай құралдар түрі: ұстанымдар жəне бағалар, бұйрықтар мен 
шектеулер, мақсаттар мен жобалар. 
Сонымен,  заттай  жəне  субъективті  құндылықтар  адамның  өзін 
қоршаған  дүниеге  болған  құндылықты  қатынастарының  екі  қарама-
қарсы  (полярлы)  шегін  аңдатады.  Адам  іс-əрекеті  құрылымындағы 
құндылықты  тараптар  танымдық  жəне  еріктік  құндылықтармен  өзара 
тығыз байланысқан. 
Əрбір  тарихи  нақты  қоғамдық  құрылым  (формация)  өзіне  тəн 
құндылықтар  жиынтығымен  ажыралады.  Ал  одан  түзілген    жүйе  əлеуметтік 
реттеудің    аса  жоғары  деңгейі  сипатында  көрінеді.  Бұл  жүйеде  қоғам 
не  əлеуметтік  топ  мойындаған  өлшем-шек,  талаптар  (критерии) 
белгіленеді.  Тұлғалық  деңгейде  меңгерілген  бұл  талаптар  тұлға 
қалыптастырудың негізіне алынып, қоғамды қалыпты тəртіпте ұстауға 
жəрдемдеседі. 
Қоғам  өмірінің  кезеңдерінде  құндылықтар  жүйесі  өзгеріске  түсіп, 
ауысып  барады.  Құндылықтар  өзіне  тəн  ерекшеліктерге  ие.  Олардың 
кейбірі  тарихтың  қай  кезеңінде    де  өз  маңызын  жоймайды.  Мысалы, 
ежелгі  дүниенің  тарих  сахнасында  өшкенімен,  онда  мұрат  етілген 

эстетикалық құндылықтар əлі күнге дейін өз маңызын жоғалтқан жоқ. 
Ортағасырлық 
ағару 
(просвещение) 
дəуіріндегі 
гуманистік, 
демократиялық идеялар бүгінгі заман қызметіне жарауда. 
Қоғамдағы 
құндылықты 
қатынастардың 
аса 
маңызды 
элементтерінің бірі – құндылықты бағыт-бағдар. 
Құндылықты  бағыт-бағдар – бұл  стратегиялық  өмір  мұраттары 
жəне  жалпы  дүниетанымдық  алғы  шарт  ретінде  танылған 
құндылықтардың адам санасында бейнеленуі. 
Қалыптасқан,  тұрақты  құндылықтар  бағыттарының  жиынтығы 
тұлға  тұрақтылығын,  қажеттер  мен  қызығулар  бағдарында  көрінген 
əрекет-қылық  жəне  іс-əрекет  типтерінің  өзара  байланыса,  ұштасуын 
қамтамасыз  етеді.  Осыдан,  құндылықты  бағыт  тұлға  сеп-түрткілеріне 
(мотивтеріне)  себепші,  реттеуші  маңызды  жағдаят  (фактор)  ретінде 
іске  қосылады.  Құндылықты  бағыт-бағдарлардың  негізгі  мазмұны – 
адамның саяси, философиялық (дүниетанымдық), адамгершілік наным-
сенімдері,  терең  əрі  тұрақты  бейімділіктері,  қылық-əрекет,  мінез 
принциптері.  Осыдан,  қай  қоғамда  да  тұлғаның  құндылықты  бағыт-
бағдары  тəрбие  жəне  мақсатты  ықпал  жасау  нысаны  ретінде 
қарастырылады.  Олар  арқылы  еріктік  күш  салу,  зейін,  ой-өріс 
бағдарлары анықталады. 
Құндылықты  бағдардың  дамуы  –тұлға  кемелінің  белгісі, 
оның  əлеуметтенуінің көрсеткіші, құндылықты бағыттардың тұрақты 
бірлігі  тұлғаның  келесідей  сапаларының  дамып,  орнығуына  себерші 
болады:  тұлғаның  тұтастығы  мен  сенімділігі , белгілі  мұраттар  мен 
принциптерге  адалдық,  осы  мұраттар  мен  принциптерді  іске  асыру 
жолында ерік күшін аямауға  қабілеттілік, өмірлік ұстанымдарға орай 
белсенділік, мақсатқа жетуде табандылық пен өжеттік. 
Құндылықты бағыттар арасындағы қайшылықтар əрекет-қылық пен 
мінездегі  тұрақсыздықты  туындатады.  Құндылықты  бағыт-бағдардың 
мешеуленуі адамның селқостығы мен енжарлығына себепші болады.  
Бүгінгі  күнде  əлем  елдерінде  əрқилы  құндылықтар  жүйесі 
қабылданған.  Осы  заманғы  гуманистік  педагогика  олардың  арасында 
жалпы  адамзаттық  келесідей  құндылықтарды  аса  маңыздылар 
қатарында  алға  тартады:  адам  құқы,  адамды  ең  жоғары  құндылық 
ретінде  тану,  бала  тұлғасы  мен  оның  қадіріне  құрмет;  бала 
еркіндігі  мен  даму  құқын  қорғау;  білім  жəне  тəрбиедегі 
демократиялық принциптерді берік ұстану. 
Адам  құқы  жəне  еркі – жалпы  адамзаттық  құндылық,  себебі  олар 
адамзаттың жалпы мүдделерін танытады, əрқилы халықтардың , діндер 
мен  дəуірлердің  рухани  мұраттарын  жақындатады  əрі  туыстырады. 
Барша халықтар туындыларын сыйлауға, бағалау мен қорғауға үйрену 
– бұл ұлттық жəне ұлтаралық ынтымақтың белгісі ретінде қабылданған 
жалпы адамзаттық құндылықтарды сезіну жəне қабылдау нышаны. 

Бүгінгі  Қазақстандық  қоғамда  құндылықты  бағыттар  қатарында 
ұлтжандылық, отаншылдық сезімдері, яғни өз халқымызды, оның салт-
дəстүрін,  тілін,  мəдениетін,  əдеттерін,  туған  ел  табиғатын  құрметтеп 
білу- жоғары маңызға ие болып отыр. Сонымен бірге əрбір адам үшін 
жоғары құндылық – бұл өмір, тіршілікке болған қамқорлық, гуманистік 
қатынастар  негізі - əр  адамның  өз  басын  сыйлауы,  өз  адамгершілік 
сапаларына болған құндылықты қатынас; ата-ананы, туған-туысқанды, 
отбасы,  бала-шағаны  ардақ  тұту,  табиғатты  аялау  жəне  ең  жоғары 
инабатты құндылық ретінде еңбекті қадір ету. 
Жалпы 
адамзаттық 
құндылықтар 
арасында 
ұлттық 
құндылықтар 
шегерілмейді. 
Керісінше, 
осы 
ұлттық 
құндылықтар  арқылы  көрінеді.  Алғашқыда  осы  ұлттық 
формада  көзге  түскен  қайталанбас  соны  жетістіктер  уақыт 
өте  жалпы  адамзаттық  құндылыққа  өтеді  (мысалы,  жақын 
уақыттың  өзінде  қазақ  домбырасын  жетекші  күй  аспабы 
ретінде  танытқан  «Ұлытау»  триосының  Голливуд  жеңімпазы 
аталып, бүкіл əлемге танылуы). 
Қоғамдағы  азаматтық,  гуманистік  құндылықтардың  бекуі,  өз 
міндеттері  мен  құқықтарының  өзара  тəуелділігін  сезінуші  əрі 
азаматтық  ұстанымы  бар  ерікті  тұлғаны  қалыптастыру  көбіне  тəрбие 
жəне оқу жүйесіне байланысты. Заман ерекшелігін ескерумен түзілген 
құндылықты  бағыттардың  дамуынан  əр  адам  өзін  планета  азаматы, 
əлем адамы санатында сезінуге мүмкіндік алады. 
Жалпы  адамзаттық  құндылықтарды  түсіне  танудың  негізі  қоғамға 
бағытталған  идеялардың,  сезімдердің,  ұғымдардың  қалыптасуына; 
ұлттық  жəне  жалпыадамзаттық  құндылықтарды  байланыстыра  білуге; 
қоғамға  жəне  басқа  адамдарға  болған  қатынастарға  орай  құқы  мен 
міндеттерін  зерттеп  тануға;  азамат  құқы  мен  міндеттерінің  бірлігін 
түсінуге;  азаматтық  мінез-құлық  пен  сезімдерді  тəрбиелеуге;  пікір 
жүргізу  еркіндігінің  дамуы  мен  көңіл-күй  ортақтығын  сезінуге  жəне 
т.б. орайлас келеді. 
Жалпы 
адамзаттық 
құндылықтарға 
бағыт-бағдар 
тəрбие 
мазмұнының ажыралмас бір бөлігі. 
 
 
14.2. Тұлғаның базалық мəдениетін қалыптастыру 
 
Соңғы педагогикалық зерттеулерде «тұлғаның базалық мəдениеті» 
түсінігі  қабылданған.  Адамның  іс-əрекеті  барысында  жүзеге  келетін 
білімдер , ептіліктер,  дағдылар,  ой-өріс,  адамгершілік  жəне 
эстетикалық  даму  деңгейі,  ортақтасу  əдістері  мен  формалары-  бəрі 
қосылып, «тұлғаның базалық мəдениетін» құрайды. 

Тəрбие 
тұлғаның 
аталған 
мəдениетін 
дамытушы 
əрі 
қалыптастырушы бірден бір құрал. Соңғы педагогикалық əдебиеттерде 
тұлғаның  базалық  мəдениетін  түзуге  көмектесетін  бірнеше  жеке 
элементтер  аталады: 
- табиғатқа бағытталған құндылықтар (адамгершілік тəрбиесі, тұлға 
сапасы ретінде танылған дұрыс та тұрақты қатынастар жасау); 
- өмір, тіршілікке бағытталған құндылықтар (адам құқын жəне оның 
құндылық  мəнін  дəріптеу;  бақыт,  еркіндік,  ар-намыс,  əділдік-теңдік, 
туысқандық 
жəне 
т.б. 
сынды 
құндылықты 
категорияларды 
қалыптастыру); 
-  қоғамға  бағытталған  құндылықтар  (қоғамның  құқықтық  негізі 
жəне  оның  саяси  құрылымымен  танысу;  қоғамдағы  жеке  адам 
проблемасын зерттеу:  «Мен» жəне қоғам, отаншылдық тəрбиесі); 
- еңбекке бағытталған құндылықтар (еңбектік дағдыларға үйрету). 
Дəстүрлі 
педагогикада 
тұлғаның 
базалық 
мəдениетін 
қалыптастыруға орай жүргізілетін тəрбиелік іс-əрекеттердің  бірқанша 
бағыттары  аталады.  Ғалымдардың    көбі  тəрбиелік  істердің  келесідей 
бағыттарын ұстанады (Б.Лихачев, В.А.Сластенин, М.П.Подласый, т.б.): 
- ғылыми дүниетаным қалыптастыру; 
- азаматтық тəрбие; 
- еңбек тəрбиесі; 
- адамгершілік тəрбиесі; 
- эстетикалық тəрбие; 
- дене тəрбиесі. 
Тəрбиелік  істердің  кейбір  жетекші  бағыттарының  мазмұнын 
ашайық. 
Ғылыми  дүниетаным    тəрбиесі.    Дүниетаным  негізі – əлемді 
түсіну, яғни қоршаған болмыс жөніндегі білімдер тобын меңгеру. Бұл 
білімдер мен ұғымдар ертеңге де, бүгінге де, алыс болашаққа да қатысты. Олардың 
бəрі адамдардың рухани дүниесінің кəусар көзі. Дүниетаным құрамы күнделікті 
өмір  барысында,  өнерде,  əдебиетте,  ғылым  мен  дінде  қалыптасатын 
белгілі  мұраттар  мен  шындық  бейнелерінде  көрінген  болмыстық 
қабылдаулардан құралады. 
Дүниетаным 
наным, 
сеніммен 
байланысты. 
Дүниетаным 
көзқарастары  адамның  ұзақ  уақыт  айналысқан  күрделі  ақыл-ес 
жұмыстарының негізінде орнығады. Бұл көзқарастар тұлғаның рухани 
өмірінің  тұғырына,  оның  «Мен»  мəніне  айналып,  өмірлік  ұстанымын 
айқындауға негіз болады. 
Дүниетанымның 
қалыптасуы 
кездейсоқ 
жəй, 
тұрмыстық 
тəжірибеден  не  əрқилы  дүниетанымдық  ұстанымдар  тоғысынан, 
немесе  саналы,  тұғырлы  идеялар,  мұраттар  мен  принциптердің 
теориялық зерт-теулері арқасында болуы мүмкін. 

Адам  дүниетанымында  əрқашан  белгілі  уақыт,  заман  белгілері 
көрініс  береді.  Əлем    жөніндегі  бүгінгі  ұғым,  дүниетаным  бүкілдей 
ғылым жетістіктерінің негізінде қаланды. Біздің  қазіргі дəуірімізге тəн 
дүниетанымдық    көзқарастар:  демократия  құндылықтары  жəне  адам 
құқын,  оның  экономикалық  жəне  саяси  еркіндіктерін,  ар-намыс  жəне 
дүниетанымдық  еркіндікті  бүкіл  əлем  болып  қолдап-қуаттау  жəне 
қорғау. Күннен күнге білім құндылығы артуда. Қоғам болашағы да осы 
білімге  иек  артады,  стратегиялық  əлеуметтік  бағдарламалар  да  көбіне 
білімді негізге алып түзетілетін болды. 
Ғылыми  дүниетаным  қалыптастырудағы  басты  мақсат  –мына 
күрделі  де  қайшылықты  өмірде    адамға  өз  бетінше  дербес  іс-əрекет 
жасаудың бағдарын беру. 
Азаматтық  тəрбие  мəні – кемелденудегі  ұрпақты  отаншылдық, 
құқықтық,  адамгершілік  сезімдеріне  баулып,  өз  қадірін,  тұлғалық 
еркіндігін,  тəртіптілікті,  басқа  азаматтар  мен  мемлекеттік  билікті 
сыйлауды  үйрету,  сонымен  бірге  жүктелген  міндеттерді  орындау, 
отаншылдық,  ұлтжандылық  жəне  ұлтаралық  сыйластық  сезімдерін 
үйлесімді байланыстыра білу қабілетін дамыту. 
Азаматтық  тəрбие  мақсаты – əр  адамда  қоғамның  адамгершілік 
мұраттарын,  Отанға  деген  сүйіспеншілік,  бейбітшілікке  ат  салысу 
ықылас –ниеттерін қалыптастыру. Азаматтықтың негізгі элементтері – 
мемлекет  жəне  басқа  азаматтарды  құрметтеуге  байланысты  өз 
міндеттерін орындауға мүмкіндік беретін адамгершілік жəне құқықтық 
мəдениет.  Кемелденген  азаматтықтың  белгісі – сөз  бен  істің  бірлігі. 
Адам тұлғасының дамуына бағытталған гуманистік қадамдар да – осы 
азаматтық сезімдердің деңгейімен бағаланады. 
Азаматтық  тəрбиеге  байланысты  іс-əрекеттер  мазмұны:  əрекет- 
қылықтың  конституциялық  жəне  құқықтық  талаптарын  зерттеу, 
үйрену;  бейбітшілікке,  зорлау    күшін  жұмсамауға  тəрбиелеу;  қоғам 
жəне  тұлға  мүддесін  танытушы  қоғамдық  сананың  бір  формасы 
азаматтың  сезімін,  ұлтаралық  ортақтасу  жəне  құқықтық  қатынастар 
мəдениетін,  еліміздің  жетістіктері  жөніндегі  білімдер  жүйесін, 
адамның  қоғамда  өз  мүмкіндіктерін  іске  асыруға  себепші  азаматтық 
тəжірибесін қалыптастыру. 
Азаматтық  тəрбие  тиімділігін  көтерудің  арқасында  төмендегідей 
жетістіктерді  қолға түсіруіміз мүмкін: 
-  азаматшылдық  идеяларын  қабылдаудың  психологиялық  кейіп 
жағдайлары жасалады;  
- азаматтар өз араларындағы міндеттерді мойындайтын болады; 
- бірлікті өмір сүруге дағдыланады; 
-  өз  талаптарында , əрекет-қылықтарында , əдеттері  мен 
əрекеттерінде,  ниеттері  мен  қалауларында  астамдылыққа  бармауға 
үйренеді; 

- басқалар мүддесін де ескерудің қажеттігін сезінетін болады; 
-  қоғамдағы  бейбітшілік,  өзара  түсіністік,  ымырашылдық  пен 
тəртіптілік  сақтау  үшін  қажет  азаматтық  ортақтасудың  басты  шарты 
өзіндік бақылау мен қадағалау жүргізуге бейімделеді. 
Отаншылдық  тəрбиесі.  Бұл  тəрбиенің    мақсаты – оқушыда  өз 
Отанына деген сүйіспеншілік сезімін оятып, оған адал қызмет жасауға, 
оны  қорғауға  баулу;  туған  ел  тарихы  жəне  өз  халқы  мен  басқа  да 
ұлыстардың    мəдени  мұрасын,  салттары  мен  дəстүрлерін  қастерлеу 
қатынасын қалыптастыру; 
Отаншылдық тəрбиесінің мазмұны: 
-  Қазақстан  Республикасының    Мемлекеттік  рəміздерін  (Ел  таңба, 
Ту,  Əнұран)  зерттеп,  тану.  Сонымен  бірге  басқа  елдердің  де 
мемлекеттік белгілерін білу; 
-  отаншылдық  (өз  Отаныңа  болған  сүйіспеншілік)  пен 
интернационализмнің  (басқа  ұлт  адамдарына,  елдерге,  мемлекеттерге 
бағытталып  қалыптасқан  достық,  қатынастар  сезімі)  əрқилы  тұстарын 
түсініп,  қайта  қарастыруға  мүмкіндік  беретін  білімдер  шеңберін 
кеңейту; 
- туған өлке табиғаты мен тарихын зерттеу; 
-  елімізбен    байланысқан  өзге  мемлекеттер  тілін,  тарихын,  ондағы 
халықтар салты мен дəстүрлерін білу; 
-  халқымыздың  жауынгерлік  даңқы  мен  қаhармандығына 
байланысты нақты дерек көздерін іздеу жəне зерттеу. 
Құқықтық  тəрбие.  Құқықтық  тəрбие    мақсаты – оқушыларда 
құқықтық  мəдениет  пен  құқықтық  əрекет-қылық  қалыптастырып, 
оларды  құқықтық  заңдылық  талаптарын  түсінуге    əрі  мойындауға 
баулу.  Құқықтық    тəрбие  жүйесі    мемлекет  сипаты  жəне  саясатымен 
белгіленеді.  
Құқықтық  норма  адамның  қоғамдағы  талапқа  сай  əрекет-
қылығының  мұратты  (идеяльная)  моделі.  Құқық  пен  тəрбиенің  өзара 
байланысты  əрекеті  негізінен  жанама  түрде  тəрбиеге  араласқан  ата-
аналар мен ересектер арқылы іске асып барады. Азаматтық қорғанысы 
əлі жетілмеген бала заң аясында қолдау табады: оның ерекше мəртебесі 
«Адам  құқықтарының  жалпы  декларациясында»(1989ж)  жəне  «Бала 
туралы  Конвенцияда» (1989ж)  жарияланды.  Отбасы  жəне  мектеп 
жағдайларында балалар орынды əрекет-қылық əдеттерін, адамгершілік 
жəне  құқықтық  нормаларын,  əлеуметтік  іс-əрекеттердің    алғашқы 
дағдыларын меңгере бастайды. 
Құқықтық  тəрбиеге  байланысты  іс-əрекеттер  мазмұны-  құқық 
бұзушылық əрекеттерге арқау болар жағдайларды (өмір мен тəрбиедегі 
қолайсыз  жəйттерді)  жою;  оқушылардың  өмірі  мен  тəрбиесіне  орай 
жағдайлар  мен  оларды  қоршаған  ортаны  зерттеу;  тəрбиеленушінің 

жеке  ұстанымдарына  түзетулер  енгізу;  бұрын  қылмыс  жасаған 
оқушылармен жұмыс алып бару. 
Адамгершілік тəрбиесі. Бұл қоғамдық талаптар жəне əрекет-қылық 
нормаларын  ескерумен  іс  жасауға  мүмкіндік  беруші  ептіліктер  мен 
дағдыларды  қалыптастыруға  бағытталған  тəрбие  процесінің  мəнді  бір 
бөлігі. 
Мəдениет  тарихында  адамгершілік  тəрбиесі  мəнін  түсінудің  төрт 
негізгі дəстүрі қалыптасқан: 
-  патерналистік  (патер-лат. «əке»,  үлкендерге  құрмет  түріндегі 
адамгершілік тəрбиесі); 
- діни-дəстүрлік (діни наным сенімдер мəртебесін қолдау түріндегі 
адамгершілік тəрбиесі); 
-  ағартушылық  (ғылыми  білімдер  игерудің  нəтижесі  түріндегі 
адамгершілік тəрбиесі); 
-  коммунитаторлық  (коммуна-лат. «қауым», «бірлестік»; 
ұжымшылдық 
сезімін 
қалыптастыру 
сезімі 
түріндегі 
адамгершілік тəрбиесі). 
Адамгершілік тəрбиесінің мақсаты- өз іс-əрекетіне жауапкершілікті, 
адал,  намысты,  жалғандық  пен  кəззаптықтан  жаны  аулақ  адамды 
тəрбиелеу.  
Алайда  адамгершілік  тек  сырттай  форма  ретінде  игерілуі  мүмкін 
емес, ол адамның тұлғалық дербестігіне негізделіп, əр тұлғаның өзіндік 
заңы  күйінде  танылады.  Адамгершілік  қалаған  уақытта, 
қалаған  нақты  жолмен  орындалатын  жəй  мақсат  емес.  Ол 
адами  іс-əрекеттің  өз  негізінде  жатқан  мақсаттардың 
мақсаты
Адамгершілік  тəрбиесі  негізінде  қалыптасушы  сапа-қасиеттер  түрі 
келесідей:  шыдамдылық,  жомарттық,  əдептілік,  ізгіліктілік;  адамдар 
арасындағы  өзара  сыйластық,  өзара  жəрдем  жəне  жолдастық,  үлкенге 
сый, кішіге қамқорлық, əйел жəне ер арасындағы құрметтеу қатынасы; 
өзіндік  тəртіптілік,  өзіндік  қадағалау,  өзіндік  басқарым,  өзін  өзі  тану, 
өзін  өзі  реттеу  қабілеттері.  Əр  адам  өзі  қалаған  əдет-қылықтарды 
ардақтау арқылы өз адамгершілігінің дамуына ықпал жасауы мүмкін. 
Адамгершілік тəрбиесіне орай іс-əрекеттер мазмұны: 
-  ұжымдық  оқу  жəне  қоғамдық  пайдалы  іс-əрекеттерді 
ұйымдастыру арқылы тəрбиеленушілерді қамқорлыққа баулу; 
-  қайырымдылық  пен  жауыздық  проблемаларын  талдай 
білуге үйрету; 
- шынайы жəне бейнақты гуманизмді айыра білуге жаттықтыру; 
- əлеуметтік əділдік пен əділетсіздік мəнін түсінуге баулу; 
-  гуманизм  идеялары  мен  олардың  жалпы  адамзаттық  сипатын 
түсіне, бағалауға дағдыландыру. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет