Бабаев С. Б., Оңалбек Ж. К



Pdf көрінісі
бет17/20
Дата28.01.2017
өлшемі1,76 Mb.
#2897
түріОқулық
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20

Экологиялық 
тəрбие. 
Бұл 
тəрбиенің 
мақсаттары- 
тəрбиеленушілерде  қоршаған  ортаға  деген  жауапкершілік;  табиғатты 
ұлттық  жəне  жалпы  адамзаттық  құндылық  ретінде  тану  мен  оған 
жауапкершілікті  қатынастар  жасау  жөніндегі  білімдер  қалыптастыру; 
нақты  тіршілік  аймағы  табиғатын  зерттеп,  мүмкін  болар  экологиялық 
жағдайлардың  ауысуынан    туындайтын  зардаптардың  алдын  алуға 
үйрету;  сонымен  бірге  қоршаған  ортадан  лəззат  (халықаралық 
экологиялық 
қауымдастықтың 
ұраны) 
алу 
арқылы 
табиғат 
субъекттерінің баршасына қатысты  қайырымдылық сезімін тəрбиелеу. 
Экологиялық тəрбиеге байланысты іс-əрекеттер мазмұны: 
- тəрбиеленушілердің  қоршаған табиғатты зерттеп, тануы; 
- табиғаттың экологиялық қалпына талдау жүргізу; 
-  əлем,  ел,  оқушы  жасап  жатқан  ортаның  экологиялық  жүйесі 
проблемаларымен танысу
-  адам  əрекет-қылығын  зерттеп,  нақты  аймақ  пен  бүкіл  əлемдік 
экологиялық жағдай, одан болар ықпалдарды (ұнамды не кері) зерттеп, 
білу. 
Эстетикалық  тəрбие.  Бұл  тұлғаның  эстетикалық  көңіл-күй  –
сезімдік жəне   тұлғалық сана  мен оған сəйкес іс-əрекет қалыптастыру 
жəне дамыту.   
Бұл  тəрбие  түрі  тұлғаның  өзіндік  білім  игеруі  мен  өзіндік  дамуы 
барысында  іске  асады  əрі  құндылық  мəнін  иелейді.  Эстетикалық 
тəрбие  өз  ішіне  эстетикалық  көңіл  шарпулары  (эмоция)  мен 
бағамдарын  туындататын  болмыстың  əсем  нысандары  мен  олардың 
қасиеттеріне  бағытталған  тəрбие  жұмыстарының  формалары  жəне 
əдістемелік жұмыстар түрлерін қамтиды. 
Эстетикалық  тəрбие  жəне  білім  алудағы  мақсаттар:  тұлғаның  өнер 
мен  қоршаған  болмыс  нысандарын  қабылдау,  игеру  жəне  бағалау 
дайындығын  дамыту;  көркем  өнер,  рухани  жəне  дене  шынықтыру 
мəдениеті саласында шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру. 
Эстетикалық тəрбие тұлғаның əсемдікті тануға орайласқан санасын 
(сезімі, бағамы, талғамдары, ұғымдары, мұраттары, құндылықтары мен 
көзқарастары), оның қасиеттерін, бағалау - эстетикалық қатынастарын 
жəне  олардың  əрекет-қылық  пен  мінезде,  өз  қалаулары  мен  іс-
əрекеттеріндегі 
(қабылдауында, 
бағалауында, 
шығармашылық 
қызметтестік  пен  өзіндік  жасампаздық,  сезіне  жауапқа  келуінде, 
талдауда) көрінісін ашуға, анықтауға бағытталған. 
Қазіргі  заман  жағдайларына  орай  аса  маңыздылары  ретінде 
эстетикалық  тəрбиенің  келесі  бағыттары  алға  тартылуда:  көркем 
өнерлік  білімді  үздіксіз  дамыту;  оқушылардың  əн-күй  мəдениетін 
қалыптастыру,  театрға  байланысты  тəрбие  мен  білім  беру,  көркем 
əдебиеттік қабілеттер дарыту жəне дамыту, т.с.с. 

Əсемдікке 
тəрбиелеудің 
нəтижелік 
көрсеткіштері: 
тəрбиеленушілердің  эстетикалық  санасының  даму  деңгейі;  олардың 
эстетикалық  құнды  заттар,  құбылыстар,  көркем  шығармалар  əлемінен 
игерілген қорға шығармашылдықпен қатысы. 
Эстетикалық тəрбие бойынша қызметтер мазмұны: мұражайлар мен 
көрмелерге  саяхаттар  ұйымдастыру,  көркем  əдебиет  туындылары 
бойынша  конференциялар  өткізу;  дөңгелек  үстел  төңірегінде 
кездесулер  ұйымдастыру;  əйгілі  орындаушылар  (жеке  əншілер,  хор, 
оркестрлер) күйтабақтарын жинақтау; тірі табиғат бұрышын жəне т.б. 
жасау. 
Дене тəрбиесі – тəн - денелік бой тіктеу үшін қажетті білімдер мен 
əдістерді  ұрпақтан  ұрпаққа  ауыстыра  жеткізуге  бағытталған 
педагогикалық ұйымдасқан процесс. Дене тəрбиесінің мақсаты – адам 
тұлғасының,  оның  дене  қасиеттері  мен  қабілеттерінің  жан-жақты 
жетілуі,  қозғалысты  дағдылары  мен  ептіліктерінің  қалыптасуы,  тəн 
саулығын көтеру. 
Дене  тəрбиесінің  негізгі  құрал-жабдықтары – дене  шынықтыру 
жаттығулары,  табиғаттың  тума  күш  көздерін  пайдалану  (күн 
энергиясы, ауа мен су ортасы жəне т.б.) гигиена ережелерін ұстану (əр 
адамның  жеке  басына,  еңбегіне,  тұрмысына  жəне  т.б.  байланысты). 
Дене  шынықтыруға  арналған  жаттығулар  тəн-дене  қабілеттерінің 
дамуына  əртараптан  əсер  етеді.  Олардың  адам  ағзасына  ықпал  жасау 
заңдылықтарын  тану  жəне  оларды  орынды  қолдана  білуден  əрбір 
оқушы  не  ересек  дене  шынықтыру  мəдениетін,  дене  тəрбиесі 
мақсаттарын іске асыруға пайдалана алады. Бұл тəрбие түрі үш негізгі 
бағытта  орындалып  жатады:  жалпы  дене  дайындығы,  кəсіби  дене 
дайындығы, спорттық дайындық. 
Дене  тəрбиесіне  орай  іс  əрекеттер  мазмұны    өз  ішіне  таңғы 
гимнастиканы,  таза  ауада  жүріп-тұруды,  кешкі  серуенді,  салауаттық 
күндерін, əрқилы спорттық бөлімдерге қатысуды, туристік саяхаттарды 
жəне т.б. қамтиды. 
Еңбек  тəрбиесі.  Бұл  тəрбие  түрінің  мақсаты-  тəрбиеленушіде  осы 
заманғы  техника,  технология  жəне  өндірісті  ұйымдастыру,  жалпы 
еңбектік  ептіліктер  мен  дағдылар,  еңбекке  деген  жауапкерлі  қатынас 
пен  психологиялық    дайындық,  еңбектенуге  болған  ықылас-ниет, 
еңбеккерге сый-құрмет сезімін қалыптастыру. 
Еңбек тəрбиесінің мазмұндық негізін оқу еңбегі (ақыл-ес жəне тəн-
денелік),  өзіндік  қызмет  еңбегі  (мектепте  жəне  үйде),  қоғамдық 
пайдалы  еңбек  (демалыс  кезіндегі  тəжірибелік  еңбек,  құрылыс 
отрядтарындағы жұмыстар, орман қорғау, тимур қозғалысы жəне т.б.) 
құрайды. 
Экономикалық  тəрбие  тəрбиеленушілердің    мүмкіндіктеріне  орай 
өндіріс,  заттасқан  жəне  рухани  игіліктерді  бөлісу,  алмасу  мен 

қажеттікке  жарату  жөніндегі  біртұтас  түсініктерді  меңгертуге 
бағытталады. 
Экономикалық  тəрбиенің  негізгі  мақсаты-  нарықтық  заман 
аймағында  бағыт-бағдар  алып  жүруге  қабілетті  əрі  өз  іс-əрекеті  мен 
қызметін экономикалық тұрғыдан  үнемді де тиімді іске асыра білетін 
тұлға қалыптастыру. 
Бұл  мақсаттың  жүзеге  келуі  ұланғайыр  міндеттер  кешенін  шеше 
білуге байланысты. Атап айтсақ, олар: 
- тəрбиеленушілерде экономикалық білімдер мен экономикалық іс-
əрекеттерге деген қажетсіну сезімін қалыптастыру; 
-  негізгі  экономикалық  ұғымдарды,  категорияларды , заңдар  мен 
процестерді меңгеру; 
- табыскерлікті , жауапкершілікті, өзіндік дербестікті дамыту; 
- табыскерлік іс-əрекетке қажет дағдыларды игеру; 
-  мүмкін  болар  қиыншылықтарға  психологиялық  дайындық 
қалыптастыру. 
Экономикалық тəрбие мазмұны  тəрбиеленушілердің экономикалық 
білімдерді  меңгеруі  үшін  қажет  əрқилы  құрал-жабдықтарды  
пайдалануына,  экономика  бастауларын  оқу  барысында , сондай-ақ 
сабақтан тыс (бизнес –клуб, менеджерлер клубы, маркетинг-клуб жəне 
т.б.)  үйренуіне;  кəсіби  оқуына  жол  ашады.  Экономикалық  тəрбие 
формалары  мен  əдістері  оқушылардың  экономикалық  білімдерді 
қажетсінуінен  өз  бетінше  игеру  жəне  оларды  қалыптан  тыс 
жағдайларда пайдалана білу ептіліктерін орнықтыруға бағытталған. 
Кəсіби  бағдарлау  –  отбасы,  оқу  орны,  мемлекет,  қоғам  жəне 
коммерциялық  мекемелердің  ел  тұрғындарына  кəсіп  таңдау,  іріктеу 
жəне ауыстыру жолында жəрдем беруді қамтамасыз етуші ақпараттық 
əрі  ұйымдастыру – тəжірибелік  іс-əрекеті.  Бұл  қызмет  əр  тұлғаның 
жеке мүддесін, сонымен бірге еңбек рыногінің қажетін ескеру негізінде 
жүргізілуі тиіс. Кəсіби бағдарлау ісі – əр адамның өз жеке басына сай 
кəсіпті 
өзінше 
айқындап, 
таңдауына 
жəрдем 
ретінде 
ұйымдастырылатын 
əлеуметтік-экономикалық, 
психологиялық-
педагогикалық, 
медициналық-биологиялық, 
өндіріс-техникалық 
шаралардың ғылыми негізделген жүйесі. 
Кəсіби  бағдарлау  жүйесі  өз  аймағында  келесідей  кəсіптік 
қызметтерді қамтиды: 
-  ағарту – тəрбиеленушілерді  əрқандай  кəсіптердің  əлеуметтік  –
экономикалық, 
психологиялық 
–физиологиялық 
ерекшеліктері 
жөніндегі білімдермен таныстыру; 
-  диагностикалау – кəсіп  таңдауға  байланысты  адам  жүйке 
жүйесінің  ерекшеліктерін,  оның  денсаулығын,  қызығулары  мен 
ынтасын,  құндылықты  бағыт-бағдарын,  ұстаным-көзқарастарын 
зерттеп, анықтау; 

-  кеңес  беру – кəсіпке  қойылатын  талаптар  мен  нақты  тұлғаның 
жеке-дара  психологиялық  ерекшеліктері  арасындағы  сəйкестікті  
айқындау; 
-  кəсіптік  іріктеу – адамды  қызметке  қабылдаушы  мекемелер 
тарапынан жүргізілетін іс; 
-  бейімделу – адамның  кəсібі  іс-əрекетке  кірісу  процесі,  өндіріс 
жүйесі мен мамандық ерекшеліктеріне икемдесу процесі. 
 
14.3. Бала құқықтары жөніндегі халықаралық құжаттар  
идеяларының тəрбие мазмұнында ескерілуі 
 
Бала құқықтары, оның өміріне, дамуына, білімденуі мен  тəрбиесіне 
қамқорлық  қашанда  бүкілəлемдік  проблема  болған.  Қабылданған 
халықаралық құжаттарда (Бала құқықтары Декларациясы, 1959ж.; Бала 
құқықтары  жөніндегі  Конвенция, 1989ж.;  Балалар  тіршілігін  сақтау, 
қорғау  жəне  оларды  дамыту  Декларациясы, 1990ж.;  Ымырашылдық 
принциптері  Декларациясы 1995ж.;  Əлем  мəдениеті  жөніндегі 
Декларация, 1998ж. жəне т.б.) қоғамда бала құқықтарының үстемдігін, 
оларда  ымырашылдық,  басқыншылыққа  бармау  сезімдерін  оятып, 
тыңдай  білу  мен  зер  салуға  үйрету  қажеттігі  жария  етілді.  Бұл 
құжаттарда  хатталған  бағдарламалар  барша  аймақтардағы  барлық 
халықтар  үшін теңдей маңызды да олар тарапынан бірдей орындалуы 
міндетті. 
Адам  құқықтары  мен  негізгі  еркіндіктері  рухындағы  тəрбие 
мақсаттары , принциптері  жəне  мазмұны  БҰҰ  білім,  ғылым  жəне 
мəдениет бойынша Бас конференциясының «Халықаралық қатынастар, 
өзара  түсіністік  жəне  бейбітшілік  рухындағы  тəрбие  жəне  адам 
құқықтары  мен  негізгі  еркіндіктерін  құрметтеу  рухындағы  тəрбие 
жөніндегі»  ұсыныстарында  (Париж,  қараша, 1974ж.)  жарияланды. 
Сонымен  бірге  бұл  шешім  Еуропалық  Кеңес  мүшелері – 
мемлекеттерінің Министрлері Комитетінің № Р (85)7 адам құқықтарын 
мектепте оқыту туралы жарлығымен (14 мамыр, 1985ж.) бекіген. БҰҰ 
Бас  Конференциясының  Ұсыныстарында  тəрбиеге  былайша  анықтама 
берілген:  «тəрбие-  ұлттар  мен  халықаралық  қауымдастық 
шеңберінде  жəне  олар  игілігі  үшін    жеке  тұлғалар  мен  əлеуметтік 
топтардың өз дарынын, қабілеттерін жəне білімдерін саналы түрде 
дамытуға  мүмкіндік  беретін  бүкіл  қоғамдық  өмір  процесін 
аңдатады».  Бұл  процесс  қандай  да  нақты  шарамен  шектеліп,  тоқтап 
қалмайды.  
Бұл құжаттың III бап (4-б.) тəрбие мазмұнының негізгі принциптері 
жəне аса маңызды мəселелері нақты көрсетілген: 

-  барша  халықтарды,  олар  мəдениетін,  өркениетін,  құндылықтары 
мен  өмір  салтын  ұлыстың  мəдениетімен  бірге  жəне  өзге  адамдар 
мəдениетін түсіну, құрметтеу; 
-  халықтар    мен  ұлттар  арасындағы  күннен  күнге  ұлғайып  бара 
жатқан ғаламдық өзара тəуелділікті сезіну; 
- өзгелермен ортақтасу, қарым-қатынас жасауға қабілеттілік;  
- жеке тұлғалар, əлеуметтік топтар мен халықтардың өз құқықтарын 
ғана емес, сонымен қатар бір-біріне жүктейтін міндеттерін де аңдау; 
-  халықаралық  ынтымақтастық  жəне  қызметтестіктің  қажеттігін 
түсіну жəне т.б. 
Аталған құжат адам, азаматтар құқықтары сарынындағы тəрбиенің 
адамгершілік 
рухындағы 
тəрбиемен (10-16б.), 
бейбітшілік 
бағытындағы  тəрбиемен    (6  б.),  мəдени  аралық  тəрбиемен  өзара 
байланысты  болатынын  əрі  бұлардың  бəрі  отандық  жəне  əлемдік  ұлыстар 
мəдениетін меңгеру негізінде орындалатынын баса насихаттайды (17,21,22,23 б.б.). 
Аса  жоғары  педагогикалық  маңызға  ие  болған  құжат – бұл  Бала 
құқықтары  жөніндегі  Конвенция.  Қазақстан  Республикасында  бұл 
Конвенция ресми түрде  бекіп, қабылданды. Оның тұжырымдары төрт 
негізгі  талаптарға  саяды:  баланың  тіршілік  ету,  даму,  қорғану  жəне 
қоғам  өміріне  белсенді  араласу  құқықтарын  қамтамасыз  ету. 
Конвенцияда    ересектердің  балалармен  қарым-қатынас  жасаудың 
жалпы  адамзаттық мəдениет идеяларының негізіне арқау адамгершілік 
– инабаттық қағидалары айқындалған. Мұнда барша жұртшылыққа өз 
арақатынастарын  гуманистік  негізде  құрып,  бала  тұлғасын  құрметтеу 
жəне  əлпештеу,  оның  ой-пікірлері  мен  көзқарастарын  қолдап-қуаттау 
жəне  осылардың  бəрін  ізгілік  тəрбиесінің  негізіне  қалау  қажеттігі 
жөнінде ұран тасталды. 
Бала құқықтары жөніндегі БҰҰ Конвенциясы тұжырымдарын, Бала 
тіршілігін,  қорғанысы  мен  дамуын  қамтамасыз  ету  туралы  дүниежүзілік 
Декларациясы  жəне  оны  іске  асыру  əрекеттерінің  Жоспарын  орындау 
мақсатында  ҚР  үкіметі  өз  Қаулысын    қабылдады.  Осыған  сəйкес 
Республикалық  бағдарлама  түзіліп,  С.Назарбаева  бастаған  «Бөбек» 
қоры жəне балалар қамқорлығын өз міндетіне алған басқа да қоғамдық 
мекемелер іске қосылды. 
Бала  құқықтары  жөніндегі  Конвенция  жəне  БҰҰ-ның  басқа  да 
тұғырлы  құжаттарында  жарияланған  Ережелердің  түпкі  мəні – білім 
жəне  тəрбие  толығымен  тұлға  дамуына,  сонымен  бірге  адамның 
құқықтарын жəне негізгі еркіндіктерін құрмет тұтуға  бағышталуы. 
 
Сұрақтар мен тапсырмалар 
 
1.  Тəрбиеленушілердің  дүниетанымын  қалыптастыруда  ғылыми 
білімдердің маңызы қаншалықты? 

2.  Тұлға сапасы ретінде азаматтық белгілері қандай? 
3.  Кəсіп  таңдауға  дайындық  барысында  тəрбиеленушілерде 
қалыптасуы тиіс сапа-қасиеттер түрі қандай болмақ? 
4.  Қай жағдайларда адамгершілік талаптары мен ережелері терең 
мəнді де тиянақты болуы мүмкін? 
5.  Қандай  құндылықтар  жалпы  адамзаттық  мəнге  ие?  Өз 
ойыңызды дəйектеңіз. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

15-дəрісбаян. Тəрбие əдістері
 
 
Жоспары 
 
1. Тəрбие əдістері мен тəсілдері жөнінде түсінік 
2. Сана қалыптастыру əдістері 
3. Іс-əрекет ұйымдастыру əдістері 
4. Ынталандыру əдістері 
5. Педагогикалық қолдау, оның мəні жəне ұйымдастыру жолдары 
 
 
15.1. Тəрбие əдістері мен тəсілдері жөнінде түсінік. 
 
Тəрбие  əдістері  –бұл  тəрбие  көздеген  мақсатқа  жетудің 
жолдары,  тəсілдері.  Мектеп  тəжірибесіне орай  əдістердің  жəне  бір 
анықтамасы – қажетті  сапаларды  қалыптастыру  мақсатымен 
тəрбиеленушілердің  санасына, еркіне, сезіміне жəне қылық-əрекетіне 
ықпал жасау тəсілдері.  
Əдістер  түрі  сан-алуан  да  шексіз  көп.  Ал  оның  нақты  көрінуі  өз 
шəкірттерінің  білімдік  күш-қуаты  мен  жалпы  мүмкіндіктерін  жете 
танып, оларды өтілетін материал сипатына байланыстырып жəне басқа да көп оқу 
жағдаяттарын  зерделі  саралай  білген  педагог  əрекетіне  тəуелді.  Қай 
тұлға, қанша тұлға араласса, əдіс формасы да сондай əрі сонша  – бұл 
заңдылық.  Əлбетте,  əдістердің  бəрі  бірдей  тиімді  деп  айту  қиын.  Ол 
үшін  сол  əдістің  түзілу,  қолдану  жағдайларын  білу  қажет.  Нақты 
мақсатқа  байланысты  дайындалған  көп  əдістердің  ішінен  біреуі  ғана 
тиімді болуы мүмкін. Тəрбие тəжірибесі алдымен ежелден келе жатқан 
дəстүрлі  əдістерге  арқа  сүйегенді  тəуір  көреді.  Алайда,  көптеген 
жағдайларда  олардың  да  тиімсіз  болып  қалатыны  бар,  сондықтан  да 
тəрбиеші  əрдайым  тəрбиенің  нақты  шарттарына  сай  келер  көздеген 
мақсатқа  үлкен  үнем  жəне  мол  табыспен , жылдам  жеткізетін  жаңа 
əдістерді іздестіруге мəжбүр. Тəрбие əдістерін құрастыру, таңдау жəне 
дұрыс қолдану – педагогикалық шеберлік шыңы. 
Тəрбие тəсілі – жалпы əдіс бөлігі, нақты жақсаруға жеткізетін жеке 
əрекет.  Көркемдеп  айтатын  болсақ,  тəсіл-  тəрбиешінің  өз 
шəкірттерімен бірге мақсатқа тезірек жету үшін таптап өткен соқпағы. 
Егер  осы  тəсілмен  басқа  да  тəрбиешілер  пайдалана  бастаса,  тəсілдер 
уақыт  озуымен  даңғыл  жолға - əдістерге  айналады.  Əдістер  мен 
тəсілдер байланысының тығыз екені осыдан көрінеді.  
Тəрбие  құрал-жабдықтары.  Тəрбие  жеке  ықпалдарды  байқатса, 
құрал-жабдықтар тəсілдердің жиынтығынан құралады. Мысалы, еңбек 
–тəрбие құралы, ал көрсету, еңбекті бағалау, жұмыс қателігін білдіру –
тəсілдер.  Сөз  (кең  мағынада) –  тəрбие  жабдығы,  ал  ілікпе  сөз,  əзіл 
ескертпе,  ескертпе  теңеу – осы  жабдық  құрамындағы  тəсіл.  Бұл 

тұрғыдан  кейде  тəрбие  əдісін  көзделген  мақсат  үшін  қолданылатын 
тəсілдер мен құрал-жабдықтар жүйесі деп те атайды. 
Əдіс  баламалары  өте  көп.  Олар  арасынан  мақсаттар  мен  нақты 
жағдайларға  сай  келетіндерін  таңдап  алу  үшін  оларды  қандай  да  бір 
ретке  келтіріп,  топтастыру,  яғни  классификациялау    қажет.  Əдістер 
классификациясы  дегеніміз  қандай  да  белгісі  бойынша  бір  топқа 
келтірілген əдістер жүйесі. Осы классификацияға арқа сүйеп, педагог 
барша  жүйені  анық  білуімен  бірге  оның  қажеті  мен  өзіне  тəн 
сипаттарын тереңірек түсінеді. 
Тəрбие əдісі- көп өлшемді құбылыс, оның жүйелесуіне негіз болар 
белгілер  сан-алуан.  Солар  арасында  аса  танымал  болғандарын  атап 
өтейік.  Сипаты  бойынша  əдістер – сендіру,  жаттықтыру,  мадақтау 
жəне  жазалау.  Мұндағы  «сипат»  мəні – əдістің  бағыт-бағдарын, 
қолдану аймағын, ерекшеліктерін жəне т.б. білдіреді.  
 
 
15.2. Сана қалыптастыру əдістері 
 
Тəрбие  процесінің  жалпы  құрылымынан  байқағанымыздай,  дұрыс 
ұйымдастырылған  тəрбиенің  бірінші  сатысы-  оқушылардың  өздерінде 
қалыптасуы  қажет  əрекет-қылық  нормалары  мен  ережелерін  білу 
(түсіну).  Ең  алдымен  қандай  да  сапаны  туындатып,  орнықтыру  үшін, 
сол  сапаның  мəн-мағынасын  жете  түсініп  алу  міндетті.  Адамның 
көзқарастарын,  ұғымдарын,  наным-сенімдерін    кемелдендіруге  
бағытталған əдістер тұлға санасын қалыптастыру əдістері атамасын 
алған.  Бұл  топ  əдістері  екінші  кезеңде  іске  қосылатын – сезім,  көңіл-
күй  толғаныстарын  қалыптастыруда  аса  қажет.  Егер  оқушы 
педагогикалық ықпалға бейтараптылық пен немқұрайлылық танытатын 
болса,  тəрбие  процесі  шабандайды,  мақсатқа  жете  алмайды.  Егер 
оқушы  қабылдаған  идеясын  өзін  толғантқан  жарқын  бейнеге 
айналдыра  алса  ғана,  оның  бойында  ізгі  де  жарқын  сезімдер  туады. 
Өткен  жылдар  оқулықтарында  бұл  əдістер  тобы  сендіру  əдістері  деп 
аталған,  себебі    олардың  міндеті – тұрақты  наным-сенімдер 
қалыптастыру  болған.  Оқушы  əрекет-қылығына  дем  беретін  оның 
білімі  мен  білігі  емес,  ең  алдымен  ол  көзделген  адами  сапаның 
қоғамдық  қажеттігі  мен  өзіне  пайдалылығын  танып,  оны  өз  нанымы 
негізінде  əрекет-қылыққа  айналдыруы,  ал  бұл  сана  қалыптасуымен 
бірге  жүретін  психикалық  құбылыс.  Тəрбие  мазмұнымен  белгіленген 
іс-əрекетке  бала  белсенді  араласуға  дайын  болған  жағдайда  ғана 
қолданылатын əдіс өз нəтижесін береді.  
Наным-сенімге оқушыны əрқилы əдістермен жеткізу мүмкін. Өткен 
ғасыр  басындағы    мектептерде  бұл  үшін  тағылым-тарихи  өсиеттер, 
хадистер  мен  мысалдар  кең  қолданылған.  Ал  қорытынды  шығару 
баланың  өз  еркіне  берілді.  Өкініштісі,  бүгінде  біз  мұндай  аса  құнды 

əдістерді  пайдаланудан  мүлде  қалғанбыз,  олардың  орнына  тура, 
қарабайыр,  ойға  жетелемейтін  уағыздау  əдісіне  көшкенбіз.  Құрғақ 
уағыз  айтып,  шексіз  бір  жақсы  көрсетпе-нұсқау  беруден  түскен  өнім 
шамалы. Сондықтан, ұмыт болған əдістерді жаңғыртып, мұғалімдер өз 
сабақтарында  ислам  хадистерін,  ақын-жыраулар  тағылымдарын, 
шешен билердің ұлағатты кеңестерін, ғұлама Абайдың «Қара сөздерін» 
жəне  т.б.  тағылым-тəрбие  көздерін  молынша  пайдалануда.  Сондай-ақ 
əдептілік-имандылық 
тақырыбындағы 
əңгімелер, 
ұғындыру, 
түсіндіру, əдептілік сұхбаттары, насихаттау, сендіру, көрсетпе беру 
əдістері  де  өз  қолданымын  табуда.  Сендірудің  аса  маңызды  əдісі - 
өнеге-үлгі. Əдістердің əрқайсысы өз ерекшелігі мен қолданымына ие. 
Сырт көзге қарапайым көрінгенмен, бұл топ əдістерінің бəрі де жоғары 
педагогикалық  бірлікті  қажет  етеді  əрі  жүйелі  түрде  басқа  əдістермен 
бірге қолданылады. 
Этикалық  тақырыптағы  əңгіме – инабаттық  мазмұнға 
негізделген  деректер  мен  оқиғалардың  үлкен  көңіл  көтеріңкілігімен 
əсерлі  баяндау  əдісі.  Сезімге  ықпал  ете  отырып,  əңгіме  моральдық 
бағамдар  мен  əрекет-қылық  нормаларының  мəнін  түсініп,  ұғуға 
жəрдемдеседі.  Ол  адамгершілік  ұғым,  түсініктерінің  мазмұнын  ашып 
қоймастан,  оқушылардың  инабаттылық  талаптарына  сəйкес  болымды 
тұлғалық əрекеттеріне деген ұнамды қатынас өрбітіп, мінез-құлықтың  
оңды  өзгерісіне  ықпал  жасайды.  əдептілік  əңгімелері  бірнеше  қызмет 
жасайды: 1) білім  көзі; 2) тұлғаның  адамгершілік  сапаларын 
басқалардың  имандылық  қасиеттерімен  толықтырады; 3) тəрбиелік 
ұнамды үлгі-өнегені өрнек ретінде ұсынады. 
Əдептілік əңгіме тиімділігі келесі шарттарға байланысты: 
-  əңгіме  оқушылардың  əлеуметтік  тəжірибесіне  сəйкес  болу  қажет. 
Ол – қысқа, түсінікті, балалар толғаныстарына орай; 
-  əңгіме  көрнекілік  əдісін  бірге  қолдану  арқылы  жүргізіледі 
(көркемөнер  туындылары,  көркем  фотосуреттер,  халық  қолөнер 
бұйымдары), əңгіме мазмұнын қабылдауға əн-күй үлкен жəрдем береді. 
- əдептілік əңгіме өткізу үшін қолайлы үй-жай, жағдай қажет. 
Қоршаған жай-жағдайлардың əсемдігі мен ондағы дүние заттары, 
олардың  адам  көңіліне    көтеріңкі  əсері  əңгіме  тақырыбы  мен 
мазмұнына сəйкес болуы қажет шарт. Педагогикалық құрал-жабдықтар 
қорында  қай  жағдайда  да  жарасымды  əңгімелер  молшылық  (шеру 
алаулары  төңірегі,  автокөлікті  саяхат  барысында,  кең  дала  төсінде  не 
жайлы бөлмеде, үлкен қала алаңында немесе көктем бағында). 
-  əңгіменің  əсері  кəсіптік  дайындыққа  байланысты.  Ебедейсіз, 
дөрекі  тілді  адамнан  шешен  əңгімеші  шықпайды,  ондайдан  бала 
құлағы тынып, қашуға мəжбүр болады.  
- əңгіме мазмұны тыңдаушыларды еліктіруі шарт. Одан алған əсер 
көп уақытқа дейін ұмытылмауы тиіс. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет