төрт топқа бөлінуі де осы тілдің негізі төрттен пайда болып; от, су, жер, жел ерекшеліктері артық кемдігін айқындамақ. Бұл тілдің негізгі адамзатқа ортақ бірінші қасиеті болып табылады. Бұл қасиет негізінен көріп шешім қабылдауға тиісті болып, көріп жауап беретін жан иелеріне ортақ қасиеттің негізі және ақылды қалыптастыратын алғашқы сатысы.
Екінші қасиеті; Тілдегі сөздер белгілі затарды атап қана қоймастан, олардың мәнді қасиеттерін нақты танып, қабылдаушы затты тиісті сипатына жатқызуға көмек береді. Осыдан тілге байланысты дерексіздену мен қортындылау жүйесі қамтамасыз етіліп, сөз тек тілдесу құралы ғана емес, бейнелеудің сезімдік дүниелден ақыл-сана әлеміне қатысты ойлаудың да жабдығына айналады. Осы екінші қасиетпен адам баласының әртүрлі сипаттары, саналық деңгейі және ұлттық, түрлік, түстік ерекшеліктері қалыптасады. Бұл негізінен адамзаттың біліміне тәіуелді түрде қан өзгерістерін қалыптастырады.
Үшінші қасиеті; Тіл адамзаттың қоғамдық тарихында жинақтаған ақпаратын жеткізудің бірден-бір құралы. Ғасырлар өтуімен қоғамдық тарихи тәжірибедегі күрделенген ақпараты ұрпақтан ұрпаққа жеткізумен тіл адамға сол тәжірибені игеріп, жеке басының қолынан келмейтін білім, ептілік әрекет тәсілдерін үйреніп алуына жолдар іздеп, өзге тілді елдермен, мәдени, шаруашылық қатыстарының үлгілерін үйрену-үйрету арқылы тілдің өрісін, қуатын кеңейту арқылы жүзеге асып отырады. Осы үш қасиетті меңгеруден енді тіл еңбегі пайда болады.
Тіл еңбегі.
Адам бойында қалыптасқан әртүрлі қимыл іс әрекетер саналы түрдегі қозғалысқа әдетке айналдыру үшін басқа қауымдастықтан көрген, естіген, қозғалыс әрекетердің қайталап оны сөз арқылы бейнелеп қанға айналдыру тіл еңбегінің жемісі болып, кемелденеді. Еңбек пен тіл қатынасына келуімен адам өз істерін бақалардан күтілген бағамен салыстырып, тексеріп бағалайды. Сонымен бірге табиғи қажеттіліктерін қанағаттандырумен бірге, өз мүдесіне қарай орындағанның бәрін, тіптен қара басының қамы үшін жасалған қарапайым заттың өзін адам тіл арқылы басқаларға арнайды. Адамның тілі өзіне сай қалыптасқан еңбек құралдарын таба біліп, сол құралдарды қолдану тәсілдерін үйретеді. Адам баласы дүние есігін ашқанда маңдайы (еңбегі) бос болып неге келеді? Сонан кейін қоршаған ортаны танып ата-анасының тілін, ымын түсіну арқылы және сол көру, есту, тілі және дауыс беру, тіл еңбегінің нәтижесінде, тіршілік тіліне деген құштарлықтың арқасында еңбегі сүйекке айналады. Сондықтанда тіл тек дыбыс түрінде ғана емес әртүрлі қимыл, ым, т.б әрекеттер арқылы да, адамдар арасындағы қуат алмасу (ақша, қаражат) өтемі түрінде де пайдаланады. Тілді меңгеру жолындағы еңбек заңдылығы бұрын мешіттерден басталатын болса, бұл заманда балалардың намаз оқуы мектептерден басталады. Мектеп мешіттің ірге тасы. Мектебі дұрыс елдің мешіті де елдің тұтқасы, тіл байлығының қазынасы болар. Мектеп тіл, мешіт сөз болып, тіл үнемі сөзге жарығында көлеңкесін де түсіріп тұрады.
Достарыңызбен бөлісу: |