Тілдің жарығы түскен сөздерден құралған сөйлем ғана тыңдаушының жүрегіне жетіп ойды қозғап, ой сезімге әсер беріп, адам баласының арманына қанат болып жалғанады
Тілдің жарығы түскен сөздерден құралған сөйлем ғана тыңдаушының жүрегіне жетіп ойды қозғап, ой сезімге әсер беріп, адам баласының арманына қанат болып жалғанады. Тілінің жарығы жоқ адам асыл сөзді де тыңдаушыға жеткізе алмайды да сосын оңай сөздерді, жаттанды атауларды қайталағыш болып, сөздің түбін білмей ойында дұрыс бейнелей алмай сонан жүрек мүлде жабылады. Тілдің құны жоғалуымен асыл сөздің де мәні жоғалып, сыңар жақ өзге тілге деген құмарлықтың, өзгенің мәдениетімен, әдебіне құштарлықтың пайда болуымен жеке пенденің діні азады - тілі құрғап, ділі қараңғыланып, қаны басына теуіп, ашу, ызақор «білдіманға» айналуы сөзсіз. Кейбір пенделердің туғаннан тілі дұрыс болып, әуезділігімен ерекшеленіп, әнші болып тілін саудаға салып, сөзді байытпаса тек елінің қуанышына ғана ортақтасатын қайғысын түсінбейтін тойшыл, сауықшыл мінез қалыптасады. Ал елінің ұлтының қуанышына да, қайғысына да ортақтасу үшін -