1.Бағаны нарық категориясы ретінде қарастыру.
Баға нарықты экономиканың шешуші элементтерінің бірі б.т.
Баға- күрделі экономикалық категория. Онда қоғамдағы бүкіл негізігі
экономикалық қарым-қатынастар айқындалады. Бұл ең бастысы тауар
өндірісі мен оны өткізуге, олардың құнын қалыптастыруға, сонымен қатар
ақша қорларының жиналуына, бөлу мен қолданылуына қатысты. Баға
барлық тауар-ақша қатынастарын айқындайды.
Баға сатушының өз тауарына сұрайтын ақша сомасы мен сатып алушының
сол тауарға төлеуге дайын ақша сомасының мөлшерін сипаттайтын
экономикалық категория. Оның классикалық анықтамасы: «Баға- тауар
құнының ақшалай формасы.
2.Баға түсінігі мен мәні.
Әдетте баға теориясын екіге бөліп қарастырады:
1-сі бойынша тауардың бағасын оның құны анықтайды. Ал 2-ші теорияны
жақтаушылардың пікірінше, тауар бағасы деп тұтынушылардың қандай да
бір игілікке қол жеткізу үшін беруге дайын сомасын айтуға болады. Олай
болса, баға- тауар құнының ақшалай формасы б.т.
3.Бағаны кәсіпорынның экономикалық мәселелерін шешудің басты құралы
ретінде қарастыру.
Кәсіпорынның баға саясатын құру процесі бірнеше кезеңнен
тұрады.
1-кезең. Туристік ұйым нақты бір қызметті ұсына отырып, қол
жеткізгісі келетін мақсаттарды анықтау. Баға саясатының келесідей
негізгі мақсаттары бар, олар ұзақ мерзімді болып табылады: өнімнің
өтуін қамтамасыз ету, пайданы максималдау, нарықтағы орнын
сақтап қалу.
2-кезең. Туристік қызметке сұранысты анықтау. Баға артқан сайын
сұраныс төмендейді және керісінше.
3-кезең. Бағаның төменгі шегін анықтайтын шығындардың деңгейі
мен құрылымын талдау және ақылға қонымды, экономикалық
тиімді аралықта ауытқуының мүмкіндіктерін талдау.
4-кезең. Бәсекелестердің бағасын талдау, бұл туристік мекемеге өз туристік
өнімдерінің бағасын, олардың тұтынушылық сипаттары мен сапалық
қасиеттерін
бәсекелестердегі
ұқсас
көрсеткіштерге
сәйкестендіруге
мүмкіндік береді.
5-кезең.
Баға стратегиясын нарықтағы қызметтер мен жағдайдың
ерекшеліктеріне сәйкестендіріп жасау.
Туристік ұйым осы мекеменің мүдделерін ескеретін қандай да бір
стратегияны таңдайды.
Көбіне таңдау ұйымның нарықта жаңа немесе дәстүрлі қызметті ұсынуынан
тәуелді болады. Жаңа туристік өнімді шығару барысында мекеме келесідей
баға стратегияларына бағыттала алады.
|