Баға және бағА ҚҰру түсінігі. Туризмдегі шығындардың есептеуі 1 тақырыбы: Туризмдегі бағаның және баға құру ерекшіліктері Қарастырылатын сұрақтар



Pdf көрінісі
бет5/11
Дата31.03.2023
өлшемі1,06 Mb.
#77966
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
Туризмдегі баға және баға құру түсінігі.

Баға саясатының мақсаты:
Фирманың әрі қарай өмір сүруі. Мұндай мақсат нарықтың өткір
бәсекелестік жағдайында пайда болады, өндірушілер өте көп, ал
кәсіпорынның
тауары
(қызметі)
ешқандай
айрықшылықпен
сипатталмайды.
Пайда максимизациясы. Бұл мақсат келесі шарттарда қалыптасады:
-кәсіпорын бәсекелестерде жоқ, ерекше тауарларды ұсынады;
-тауарға сұраныс ұсыныстан жоғарғы деңгейде болады.
Өткізуді максималды түрде ұлғайту. Осы мақсатты ұстанушы
фирмалар, шығынды төмендету есебіне пайданы ұлғайтуға тырысады.
Сападағы лидерлік. Фирма бұйымның сапалы сипаттамаларын
максималды түрде жоғарлату жолымен бәсекелестерден алға шығуға
ұмтылады. Тауар сапасының жоғарлауы оларға деген, бағаның
көтерілуін білдіреді.
Жаңа нарықтарға шығу. Кәсіпорындарды тұтынушыларға қатты
ықпал беретін бағаны қолдануға мәжбүр етеді, олар өз кезегінде
тұтынушылар көңілін аударады және нарыққа енуге мүмкіншілік
береді.
Инвестициядан қажетті қайтарылымдыққа бағытталған бағаны
бекіту.




Бағаның өзгеруі факторлар әсер ететін уақыттың ұзақтығына қарай үш
кезеңге бөлінеді:
– баға қозғалысының ұзақ мерзімдік тенденциясы ғылыми-техникалық
жетістіктердің,
мемлекеттік
және
монополиялық
саясаттың,
табиғи
құбылыстардың әсері нәтижесінде тауардың және ақша құнының өзгеруін
көрсетеді;
– орта мерзімдік циклдік бағаның ауытқуы сұраным мен ұсынымның
салыстырмалы қалпының түрлі кезең циклдары бойынша өзгеруі нәтижесінде
пайда болады;
– қысқа мерзімдік бағаның өзгеруі әр түрлі маусымдық және кездейсоқ
факторлардың өсерінен туындайды.


«Нарыққа ену» стратегиясында мекеме (фирма) бәсекелестердің ұқсас 
қызметтерінің бағасына қарағанда барынша төмен бағаны бекітеді. 
Бұл сатып алушылардың барынша көп санын тарту үшін және нарықтың 
мүмкіндігінше үлкен үлесін алу үшін жасалады. 
Мұндай стратегия жекелеген туристік қызметтерді сатудағы шығындарды 
жалпы табыстың есебінен жабуға мүмкіндік беретін көлемдерде 
қолданылады. 
Бұл, өз кезегінде, елеулі қаржылық шығындарды талап етеді, нәтижесінде 
«нарыққа енудің» бағасы шағын және орта мекемелерде (фирмаларда) 
қолдануға мүлде жарамсыз болады. 
Аталған стратегия икемді сұраныс кезінде, сонымен қатар, ұсынылатын 
туристік қызметтердің көлемінің артуы шығындардың төмендеуін 
қамтамасыз еткен кезде өз әсерін береді. 


Бағаны реттеу жөніндегі мемлекеттік әкімшілік шаралар:
1. Бағаны белгілі бір деңгейде ұстап түру. Бұл сирек кездесетін және қысқа
мерзімдік шара.
2. Тауар сатушы мекеменің пайда деңгейі тауар өндірушінің орташа пайда
көрсеткішінен жоғары болмауын қадағалау және реттеп отыру.
3. Монополистер қойған бағаларды бақылау.
4. Бағаны реттеу міндеті жүктелген үкімет мекемелері мен монополиялар
арасындағы келісімдерге жете мән беру.
5. Баға өзгерісінің шегін белгілеу.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет